1414484
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ: "Сөз және оның мағынасы" 4 -сынып

Ашық сабақ: "Сөз және оның мағынасы" 4 -сынып

библиотека
материалов

Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодонов орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты: Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың міндеттері:Білімділік - қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы мағлұмат беру, алған білімдерін пысықтай түсу ;

Дамытушылық сөйлем ішінен қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу

қабілеттерін арттыра отырып, сөздік қорларын дамыту;

Тәрбиелік бала бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін

қалыптастыру жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға

бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар,сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң алтын күн!

Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достым!
Қайырлы таң қонақтар!

Жақсы балалар біз бүгін сендермен екі орталықта жұмыс жасаймыз.

Бірінші орталық қызықты грамматика орталығы.

Екінші орталық шығармашылық орталығы

  • Оқушыларды смайликтер арқылы екі топқа бөлу. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.

  • Топ ережесімен таныстыру

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.-дей отырып бүгін біз білімдерімізді сарапқа саламыз.

Балалар орталықтағы тапсырмаларды орындау алдында біз аздап ой ұштап алайық.ендіше экранға қараймыз.(сынып ережесін еске салу)

Бірінші слайд

1.Сөз дегеніміз не? (Сөз дегеніміз қандайда бір заттың атауы)

2.Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстан құралады)

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( Дыбыстар 2-ге бөлінеді)

4.Сөз нені білдіреді? (Сөз мағынаны білдіреді)

5.Сөз мағынасының қандай түрлерін білесіңдер? (сөз мағынасына қарай бір-біріне жуық,бір-біріне қарама-қарсы сөздер,айтылуы да,жазылуы да,бірдей бірақ мағынасы әр түрлі сөздер)

6.-Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер (антонимдер)

Мысалы: ақ-қара,кең-тар,биік-аласа,үлкен-кіші.

7- Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)

Мысалы:сұлу,көркем,әдемі,келбетті,ару.

8-Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)

Тал түс,түс көрдім.

Ендіше балалар қалай ойлайсындар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Дәптермен жұмыс.
1). Көркем жазу сәті

Барлығымыз дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.

  • Енді, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

  • Енді біз топпен жұмыс жасаймыз

1-тапсырма. «Сиқырлы қорапша» ойыны

(қорапшаның ішінен сөздерді алып, мағынасы қарама – қарсы сөзді табады)

Ересек-естияр алыс – жақын

Биік – аласа бастау – аяқтау

Жақсылық-жамандық жерлес – ауылдас

Күн-түн достық – татулық

Таза-лас қиын – ауыр

Жағымды-ұнамды шапшаң – тез

2-тапсырма. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.

Жарық – қараңғы жоғары-төмен

алыс –жақын жасару – қартаю

қисық –түзу ұйықтау –ояну

қалың – жұқа пайда-зиян

ауыр-жеңіл таза-лас

жас-кәрі кету-келу

арық-семіз қону-ұшу

Өзің таңдаған үш сөзбен сөйлем құрастыр.

3-тапсырма. «Жұбын тап» ойыны. (Сәйкестендір).

қатты түзету

зиянды ояну

ұйықтау жұмсақ

қараңғы пайдалы

бүлдіру жарық

4- тапсырма. «Мақалды жалғастыр?» ойыны

Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді жалғастыр.

1-топ

1. Ақыл – дос, ашу - ...............

2. Көп сөз – күміс, .............. сөз-алтын.

3. Дос жылатып айтар, ............ күлдіріп айтар. 

4. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

2-топ

1. Жақсы – жаныңа жолдас,

Жаман – малыңа жолдас.

2. Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.

3. Көз қорқақ, қол батыр.

4. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

2)Сергіту сәті:
Жұмыр қылыш
ІV.Оқулықпен жұмыс

4 - жаттығу

1-топ. Мәндес сөздерді бір бөлек жаз.

2- топ. Қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.

5-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны (ауызша)

(сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу)

Жақсы - ... Ұзын - ...

Үлкен - ... Арық - ...

Биік - ... Қара - ...

Дос - ... Ерте - ...

Жоғары - ... Қуану - ...

Асты - ... Жылдам -...

Көп - ... Кедей - ...

6-тапсырма. Берілген сөзге сәйкес сөздерді тап:


Мәндес сөздер


Жылдам

Тез

Алыс

Қашық

Көп

Мол

Пайда

Олжа

Лас

Кір

Ауыр

Қиын


V. Жаңа сабақты бекіту:

Семантикалық картаны толтыру

VІ. Үйге тапсырма

3-жаттығу 92 бет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді сөз таптарына бөліп жаз.

VII. Бағалау.

Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.

VIII.Сабақты қорытындылау. «Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.









































Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.