Инфоурок Другое Рабочие программыАшық сабақ: "Табиғат және мен"

Ашық сабақ: "Табиғат және мен"

Скачать материал

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Табиғат және мен»

Мақсаты: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру

Білімділік: Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне  байланыстылығы, оның ішінде бііз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысқа дағдылануға, өзін-өзі тануға, тіл мәнерін, ой-өрісін дамытуға бейімдеу.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу

Көрнекілігі: Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Бәрі хормен:

Амансын ба, Алтын күн!

Күннің көзі ашылсын,       

Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал, қанікей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Кіріспе сөз:

Табиғат  - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.

Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.

Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ер

 

 

Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік  таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.

 

Кезекті оқушылардың табиғат туралы тақпағына берейік:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе!

Су жоқ  жерде  өмір  жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе!

 

Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

 

Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт — ақ,

Ізгілік жатыр бойында.

 

Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің  күн бетінде.

 

Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан

 

 

 

шығарсыңдар.

Сөздік жұмыс

Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. Ал енді, біз табиғаттың бөлшектерін қарастырып шығайық. Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан ба-лаларды көрді-де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай  бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік  достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа  келді. Ол бұлақтың көзінің  қалдық  шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті  қанда болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі  деп ойлайсыңдар?

 

Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қызығушылықты ояту.

 — Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен.

Сөзжұмбақ сұрақтары.

 1. Аң патшасы.

 2. Қазақстанның әсем қаласы.

 3. Қазақтың қарт, ақыны.

 4. Қазақтың батыр қызы.

 5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

 6. Ай аты.

 

 Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып: 7 «А»

Күні: 26.11.2015

Тәрбие сағат

Тәрбиеші: Абитаева Л.Т

 

                                                  Өзіндік талдау

 

Тақырыбы: Экология жолдары

Пайдаланылған құралдар: Табиғаттың суреттері, видеофильм.

Мақсаты:Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.

 

Ашық тәрбие сағаты:

1.     Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу

2.     Сөздік жұмыс: «Экология - «эйкос» - үй, «логос» - білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді.»

3.     Әдеби монтаж

4.     Сергіту сәті

5.     Сутетпен жұмыс

6.     Жағдаяттарды талдау

7.     Сөзжұмбақ шешу

8.     Қорытынды.

 

 Тәрбие сағатында психологиялық дайындық арқылы оқушылар көңіл – күйін сабаққа аударды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Табиғаттың төрт құдіретіне ерекше түсінік берді.Табиғаттың адамға тигізер пайдасы мен адамның табиғатқа тигізер зиянын ашып айтты. Табиғатқа байланысты жағдаяттарды қызығушылықпен талқылады. Тәрбие сағатында өз мақсатыма жеттім. Берілген тапсырмаларды оқушылар толық меңгерді.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 283 640 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.06.2016 2775
    • DOCX 4 мбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канапиянова Гульнур Бегалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110574
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой