Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / Ашық сабақ «Табиғат зоналары»

Ашық сабақ «Табиғат зоналары»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты

Ашық сабақ

«Табиғат зоналары»

География- биология пәні мұғалімі Турашева О.

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Аустралия материгінің табиғат зоналары,

олардың орналасу ретімен, басқа материктің табиғат зоналарынан

басты айырмашылықтары туралы таныстыру.

Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу,

логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру. Асықпай, анық

сөйлеуге, дәптерлеріне де ұқыпты, таза жазуға дағдыландыру.

Оқушылардың өзара сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдысын

жетілдіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру,

негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа,

адамгершілікке, тәрбиелеу, рухани байлығын қалыптастыру,

ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру, қоршаған

ортаға құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа баулу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Мәтінмен, көрнектіліктермен, сұрақ-жауап, өткенді еске түсіру, картамен,

слайдпен, өз бетімен, шығармашылық жұмыстар.

Көрнектілігі: Табиғат зоналары картасы, оқулық, қосымша материалдар, көрнекті

Аустралия материгінде кездесетін жануарлардың суреттері, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- оқушыларды түгендеу

- оқу құралдарын түгел шығарып, ынталарын сабаққа аударуын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

  3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

  4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Үй тапсырмасын қорытындылау: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Сергіту. Көзге және тыныс алу жаттығуларын жасау.

Оралған қағаздағы тәттіні үрлеп ашып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Табиғат зоналарының орналасуы. 
2. Өсімдігінің ерекшелігі. 

3. Жануарлар дүниесінің ерекшеліктері, оның өзгеше болуының себептері.

4. Аустралия материгінен қызықты жайттарды тамашалау.


  • Алдымен оқушыларды тақырыпты өз беттерімен оқытып, содан соң топтастыру әдісі арқылы түсінгендерін яғни «Табиғат зонасы» туралы естеріне қалғанын қағаз бетіне түсіреді.

Аустралия материгінің табиғат зоналарының орналасуы жағынан Оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер – эвкалипт, казуарина, жануарлар – кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы, жануарлардың - 90%-ы тек қана Аустралия материгіне тән. Сонымен қатар Гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер – бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр. Астық тұқымдастардан- флиндерс, митчелл шөптері, ксерофиттер өседі. Солтүстік шығысында бөтелке ағашы өседі. 1841 ж саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады. Латын тілінен аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді. «Көгілдір бұталар» - құрғақшылыққа төзімді, ылғалды бойына жинайтын – суккулентті өсімдіктер. Материктің ОБ-да діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді – маргината эвкалиптерінен тұратын қатты жапырақты ормандар – «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталады. Эйр көлінің айналасында 100 мм- дейін төмендейді, бірнеше жыл бойы мүлде жаумайды. Мұнда «вилли-вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады.

Африка шөлдерінен айырмашылығы – шұраттардың болмауында. Сұр кенгуру, вомбат, жабайы ит – динго, эму түйе құсы мекендейді.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.

Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін ылғалды тропиктік ормандар мен ылғалды субторпиктік ормандар алып жатыр.

Сөздікпен жұмыс:

  1. Эндемик өсімдіктер Аустралия материгінен басқа ешбір табиғат зонасында кездеспейтін өсімдіктерденэвкалипт, казуарина, жануарлардан кенгуру, үйректұмсық, эхидна тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің - 75%-ы, жануарлардың - 90%-ы тек қана Аустралия материгіне тән.

  2. Ксерофиттер – суы аз, ауасы құрғақ жерлерде астық тұқымдастардан – флиндерс, митчелл шөптері өседі.

  3. Скрэб дегеніміз – тікенекті акация мен аласа эвкалипттен құралған ну бұта.

  4. Налларбор – латын тілінен аударғанда «ағашсыз» дегенді білдіреді.

  5. Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген – эму түйеқұсы мен кенгуру.

  6. Аустралияның күміс ақшасында – ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық бейнеленген.

  7. 1841 ж - саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп аталады.

  8. Шаңды дауылдар мен құйындар «вилли-вилли» деп аталады.

  9. Эвкалипт ағашының жапырағында тез тұтанатын эфир майы көп болады.

  10. Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін ылғалды тропиктік ормандар мен ылғалды субторпиктік ормандар алып жатыр.


IV. Бекіту.

1.Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

2.Аустралия материгіне ғана тән қандай өсімдіктерді және жануарларды білесіңдер?

3. Аустралияның мемлекеттік елтаңбасында қандай құстар бейнеленген?

4. Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?

5.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

V. Дәптерлеріне «Аустралия» материгінде кездесетін табиғат зоналарын жазу. Тек қана Аустралия материгінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың аттарын дәптерлеріңе жазып, естеріңе сақтаңдар.

«Кім жылдам?» ойыны

Тақтаға Аустралия материгінде кездесетін табиғат зоналарының аты жазылған қағаз ілінеді. 4 оқушы шығып, шашылып жатқан жануарлардың қай табиғат зонасына тән екенін анықтайды.

VІ. Өз бетімен жұмыс:

1.Кескін картаға Аустралия материгінің табиғат зоналарын түсіру.

2.Карта б/ша, Африканың табиғат зонасын Аустралияның табиғат зонасымен салыстыр.

3.Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесің?

Қосымшадағы №6-кестемен «Жер шарындағы ірі шөлдермен» танысу.

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Бағалау.

VІІI. Үйге тапсырма: §55. 204-207 бет оқу. Қосымша материалдар жинау.














57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров163
Номер материала ДВ-356165
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх