Мұғалім сыйы. .Әңгiмелеу
Екі қасқыр (аңыз)
Қасқыр дегенде көз алдарыңа
не елестеді?/көрнекілік пайд/
Қасқыр қандай, тек жаман жағын айтамыз
ба?Әлде жақсы жағы да бар ма?
Өзімнің мәліметім: Қасқыр — қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қасқыр
әдетте ін қазбайды, бірақ таса жерлерге күшіктейді.Қасқыр мал шаруашылығына
үлкен зиянын тигізеді, бұл зияны болса,санитар ретінде даланы өлекседен
тазартады,өз ортасында әділдігі мен ел аузына ілінген,сондықтан,адамдарды
тәрбиелеу ретінде қасқырларды аңыз, мысал ретінде алып қазақтар қасқырға тән қасиеттерді өзіне үлгі еткен.
Мұны айтқаным: қасқыр, көкжал, бөрі деген
сөздер қазақта жігітке мақтау ретінде де айтылады. Ол бекерден-бекер емес.
Қасқырдың іш майын,
бүйрегін, азулы тісін емге пайдаланған екен.
Екі қасқыр (аңыз)
Баяғының қарттары
енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді
ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре
береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп
айшықтап айтып жатыр екен:
-Әр адамның
көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның
бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді
бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық,сүйіспеншілік,махаббат мейірім, адалдық
секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын
айқасып, өмір бойы күресумен болады ...
Сонда зерделі
немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:
-Ал ең соңында қай
қасқыр жеңеді?
Атасы сәл ойланып,
немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті:
-Сен қайсысын көбірек қоректендірсең,
сонысы жеңеді.
1. Сұрақ
қою: 1.Аңыз
әңгіме ұнады ма? Неге?
2. Неге екі
қасқыр қарастырған, неге біреу емес?
3. Аңызды
тыңдай отырып нені білдіңдер? айтар ойы
неде деп ойлайсыңдар?
4. Өміріңнің
әрбір күні сәтті,жақсы өту үшін сенің бойыңда қандай жалпыадамзаттық
құндылықтар болу керек?
5. Баланың мінез-құлқы, табиғатқа қатынасы
айналадағы басқа адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады дегенге
келісесің бе?
6. Өміріңе
сабақ болар не түйдің?
Отбасында адам бойындағы
асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім -
жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.Н.Ә.Назарбаев. Адамдар осы өмірден
қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде
жасырынып жатқан өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі, яғни
уақытша екенін, сезіне бермейді. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс
әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың орнайды. Шынайы жан
тыныштығы жүректің нұрымен келеді. өмір сырын айшықтаған қарияның Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас
тартыс жүріп жатады. Оның бірі
күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе,
екіншісі – сенім, шындық,сүйіспеншілік,махаббат мейірім, адалдық секілді
жақсы қасиеттерді бейнелейді Сондықтан тек бойымызда барша тіршілікке деген сүйіспеншілік болып,басқан
қадамымызға есеп беріп дұрыс әрекет жасап,ақиқат пен өмір сүріп ,қиянат
жасамағанда ғана жан дүниемізде тыныштық орнайтынына Қарияның: «Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы
жеңеді»деген аңыз
әңгімесі дәлел екен.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.