Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Тақырыбы: "Аустралияның географиялық орны, жер бедері және пайдалы қазбалары" 7 сынып

Ашық сабақ Тақырыбы: "Аустралияның географиялық орны, жер бедері және пайдалы қазбалары" 7 сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушалардың Оңтүстік Америка материгі бойынша алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:  Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың
көрнекілігі:  Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
. Ой шақыру.

Ой шақыру.

1.Оңтүстік жарты шар материктерін атаңдар? 2. Не себепті бұл материктерді оңтүстік жарты шар материктері деп атаймыз?
3. Бұл материктер ежелгі қандай платформада пайда болған?

Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 топ Оңтүстік Америка
2 топ Африка
3 топ Антрактида
4 топ Аустаралия Әр топтың топ басшысы сайланады.
1- кезең 1- топ 1.Ливия мемлекеті қай құрлықта орналасқан? (Африка) 2.Ең құрғақ материк (Аустралия) 3. Ең суық материк (Антарктида) 4.Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка) 5.Қай материк басқа материктерден кейін ашылған? (Антарктида) 2-топ 1.Ең ұзын өзен (Ніл) 2. Ең суы мол өзен (Амазонка) 3. Африканың оңтүстік бөлігін кім бірінші айналып өтті? (Васко да Гама) 4. Ең биік тау көлі (Титикака) 5.Ең биік сарқырама (Анхель) 3- топ 1.Ең ірі түбек (Арабия) 2.Ең ұзын тау жүйесі (Анд) 3. Қандай мемлекет түгелдей бір құрлықты алып жатыр? (Австралия) 4.Ең ыстық материк (Африка) 5.Мулаттар деген кімдер? (Еуропалықтар мен негр ұрпақтары) 4- топ 1.Австралия елтаңбасында қандай жануар бейнеленген? (Кенгуру) 2. Антарктиданы кім ашты? (Беллинсгаузен және Лазарев) 3.Африканың ең үлкен түбегі. (Сомали) 4.Сахараның дәл ортасында қандай көл орналасқан? (Чад) 5.Аргентина мемлекеті қай құрлықта орналасқан? (Оңтүстік Америка) ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
Әр топқа материктерге байланысты тапсырма беріледі. Орындауға 3 минут беріледі. І топ: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 3 орын алады. Христофор Колумб  Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. XIV-XV ғасырларды жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары Америго Веспуччи Оңтүстік Американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Магеллан Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. 1799 – 1804 жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары ботанигі Вавилов Н.И. Оңтүстік американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
ІІ топ: Африка материгінің жалпы ауданы 18,9 млн км2.Бұл материкті экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтеді.Бұл материкте жер шарындағы ең ұзын өзен жүйесі-Ніл өзені орналасқан. Оның ұзындығы 3213м. Солтүстік Африканың саванналарында ең бойшаң адамдар тутси мен хамилер тұрады. Ал солтүстік аймағында терісі қалың жануар- қойөгіз мекен етеді. ІІІ топ: Антарктида Антарктида жер шарындағы ең соңғы ашылған материк. Онда ең ыстық температура +58 градус тіркелген. Бұл материкте Парана өзені ағып жатыр. Бұл материкті бейбітшілік материгі деп атаған. Материкте ең қалың мұз жамылғысы Шмидт жазығы орналасқан. Оның қалыңдығы-2100м. Ірі жанартаулары бар, оның бірі- Ключи шоқысы. Бұл аймақта Адели және Император пингвигі тіршілік етеді. ІY- топ Аустралия Аустралия жер шарындағы ең суық материк. Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі -Муррей. Ауданы аралдарымен қоса есептегенде 18,3 мың 2 кв. Бұл материкті бірнеше Одақ алып жатыр. Материктердің байырғы халқы үндістер. ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
Бұл кезеңде әр топқа бір-бір мәтін оқылады, сол мәтінді тыңдай отырып не туралы айтылып жатырғанын табуы керек. І топ: ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған?(Фернан Магеллан)
Қосымша көмек: Бұғазға сол саяхатшының есімі берілген. 
ІІ топ: Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр. Бұл белдеуде температура жыл маусымдары бойынша өзегіп отырады, жазда орташа температура +28С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғарғы температура +47С байқалған. Бұл қай климаттық белдеу? (Тропиктік климаттық белдеу.)
Қосымша көмек: Негізгі климаттық белдеуге жатады.
ІІІ топ: Топырақ жамылғысы фералитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.  Көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктері: акация, мимоза, кактус. Жануарлары: пекари, тапир, құмырсқа жегіш және т.б. Бұл қандай табиғат зонасы? (Саванналар және Сирек ормандар)
Қосымша көмек: кампос, льянос.
ІV топ: Бұл ел Инктер мәдениетінің ескерткіштері "ежелгі өркениет елі, ОА-ның археологиялық мұражайы" деп атайды. Мұнда биік таулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% ормандар алып жатыр. Елді ата. (Перу)
Қосымша көмек: Анд елдері тобына кіреді.
ІV кезең: "География тілі - Карта"
Бұл кезеңде оқушылар кескін картамен жұмыс жасайды. І топ: Астаналары. ІІ топ: Өзендері. ІІІ топ-Қазіргі жұмыс жасап жатқан стансалар. ІV топ- Жануарлары 1 топтан тек 2 оқушы шығуға ғана рұқсат етіледі. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі.
V кезең: Венн диаграммасы

Ұқсастығы

Айырмашылығы

1.Табиғат жағдайлары ұқсас.
2.Оңтүстік Америка, Аустралияда жыл бойы жоғары температура. 3.Материктердің ең енді бөліктері субэкваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан. 
4.Осы аталған үш материкті де тропиктік шеңбер кесіп өтеді.
5.Жер бедерінде жазықтар басым. 6.Ірі тау жүйелері материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.
7.Экваторлық және тропиктік белдеу аралығындағы орнына байланысты табиғат зоналары бірдей.Аз тілімделген.

1.Географиялық орны бойынша айырмашылық бар. 2.Африка материгінің тең ортасынан экватор қиып өтеді. 
3.
Аустралия материгінің тең ортасынан тропиктік белдеу қиып өтеді.
4. Антарктида болса, оңтүстік поляр шеңберінің аумағында жатыр.
5.
Бір ғана Африка материгінің климаттық белдеулері екі рет қайталанады. 
6.
Солтүстік Африка Оңтүстікке қарағанда климаттық жағдайында айырмашылық бар.
7.
Африка материгінде мәңгі жаз болса, Антарктидада мәңгі қыс. 


Қорытынды: Балалар, өз ойымызша, қиялдайық. «Менің Оңтүстік жарты шардағы күндерім ...»- тақырыбында (эссе)

Бағалау. Әр топқа берілген бағалау қағазы бойынша бағалаймын. 

Үйге тапсырма: Тарауды қорытындылау, қайталау.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-514381
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>