Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Конспекты / Ашық сабақ тақырыбы: Батыс өркениеті

Ашық сабақ тақырыбы: Батыс өркениеті



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §23 Батыс өркениеттері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Батыс адамының дүниетанымындағы қол жетімділігі,еркіндігі,Ежелгі Грек өркениетіндегі ғылым,философия,мәдениет,спорт әлеміндегі жетістіктері,эллин өркениетінің әлемге әйгілі туындыларымен таныстырып,оқушылардың білімділігін арттыру..

Дамытушылық: Батыс өркениетінШығыс өркениетімен салыстыра отырып,айырмашылығын,жетістіктерін өз бетімен тауып,сол ерекшеліктерін өз сөздерімен түсіндіре білуге, ойын жеткізіп айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Батыс және Шығыс адамдарының бойындағы қасиеттерін,ғылымдағы,өнердегі табыстарын көрсете отырып,оқушыларды адамгершілікке,инабаттылыққа,ізденгіштікке,жаңашылдыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу,сұрақ-жауап, тест, кесте толтыру,термин сөздер

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Грекия картасы, тірек кестелер, суреттер,портреттер,Шығыстық үлгідегі және Батыстық үлгідегі киімдер

Пәнаралық байланыс: қоғамтану, ежелгі дүние тарихы,өнер, география,.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» әдісі

1.Өркениет деген не деп ойлайсыңдар?

2.Шығыс адамын қандай деуге болады?

3.Шығыс өркениетінің жетістігі неде?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.

  1. Батыс адамының дүниетанымы.

  2. Ежелгі Грек өркениеті.

  3. Эллин мәдениетінің таралуы,маңызы.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Батыс адамының дүниетанымы-қоғамға көзқарасын айтсақ,ол өз мүддесі қоғам мүддесінен жоғары тұратын,қоғамға бағынбайтын,тәуелсіз адам деп есептейміз .Ал осы Батыс адамының табиғатқа көзқарасын алсақ,ол табиғаттың бар байлығына қожасы ретінде қарайды.Осы айтылған тақырыпты түсінуіміз үшін арамызда Шығыс адамы мен Батыс адамының бір-бірінен айырмашылығын көрсету үшін көрініс дайындады.Соны тамашалайық.

2 оқушы шығып көрініс көрсетуі.

Мұғалімнің сөзі: Енді оқушылар екі өркениеттің бір бірінен айрмашылығын түсінген

шығарсыздар?

«Адам адамға-қасқыр»деген ұстанымды қай өркениетке бағыштап айтуға болады? Оқушылар пікірін тыңдау.

Батыс өркениетінде елеулі тарихи құндылығы бар Ежелгі Грекия еліне тоқталайық.







hello_html_e09c0ab.gif







Мұғалім сөзі: бдб 8-6 ғғ Грекияда полистер қалыптасты. Полис деген не ? өз ойларыңды

айтыңдаршы.

Полис-ақша айналым жүйесі,нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасын айтамыз.

Осы полистерде, қала-мемлекеттерде антикалық мәдениеттің жаңалықтары шықты.Олар:ғылым,философия,әдебиет,театр,сәулет өнері,спорт дүниеге келсе ,бзд 776 жылы Олимп ойындары өткізіліп,ауыл шаруашылығында еңбек бөлінісі қолөнершілер қатарын көбейтіп,саудада металл теңгелердің шығуы орын алды.

Суретте көріп тұрғандарыңыз, бұл грек әліпбиі.Соның көмегімен полистегі бүкіл халықты сауаттандыру жұмысы жүргізілді.Әдебиетшілер мен ғалымдардың еңбегімен таныса алды.



Грек өркениетінің классикалық кезеңінде әр азамат-меншік иесі,полисті,өз меншігін қорғайтын жауынгер болды.Полистің құндылық жүйесі-қоғамды демократиялық жолмен басқару.



Картамен жұмыс: Ежелгі Грекия картасын пайдаланып,Жерорта теңізіне жапсарлас жатқан үш құрлықтың халықтарының бірігіп,бір ел болуына, Ескендір Зұлқарнайынның шығысқа жорығының әсері тиді.

Шығысқа қоныс аудара бастаған эллиндіктерде өз патшасы,әскері,кәсібі,шаруашылығы болды және ешбір елде жоқ ғылым мен өнер туындыларын,мәдени жетістігін бүкіл адамзатқа таратты.



IV. Сабақты бекіту. Тест.

  1. Батыс адамы қандай?

А) сабырсыз; Ә) күшті; Б) билікке құмар;

  1. Архаикалық кезеңде бзд 776 жылы не болды?.

А) Е.Зұлқарнайын Шығысқа жорық бастады ;

Ә) Олимпиадалық ойындар басталды;

Б) металл теңгелер шықты;

  1. Классикалық кезеңде полисті кім басқарды?

А) халық ; Ә) патша ; Б) басшы болған жоқ;

  1. Е.Зұлқарнайын бастаған жорығының әсері қандай болды?

А) халық сергелдеңде болды ;

Ә) эллиндіктер шығысқа қоныстанды;

Б) көтеріліске ұласты;

  1. Гректерде жазудың шығуы қандай жаңалық әкелді? .

А) халық сауаттанды;

Ә) мектептерде білім алды;

Б) әртүрлі шығармалармен танысты;

В) жауаптың бәрі дұрыс



БББ- әдісімен жұмыстану:

  1. Білемін

Білдім

Білгім келеді



V. Қорытынды. Ежелгі Грекияның тарихы кезеңдеріне қарай әртүрлі даму сатысынан өтті.Архаикалық кезеңін алар болсақ,жаңадан полистердің пайда болып,өз өркениетін даму жолдарын іздеуі басқа елдер тарихи дамуымен тең келмейді.Классикалық кезеңінде өз ерекшелігін көрсете білді.Өйткені бұл кезде әр азамат өз меншігін қорғаушы болып саналды.Эллиндік өркениет те өз мәдени,ғылыми жетістіктерімен соның ішінде құдайларға арналған ғибадатханаларыменмүсіндік өнердегі табыстарымен ерекшеленді





VI Үй тапсырмасы: 23-ші параграф(оқу, қосымша материалдарды БАҚ жинақтау).

VII Бағалау





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Конспекты
Просмотров277
Номер материала ДВ-130128
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх