Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Тақырыбы Кәсіпкерлік тәуекелділік және банкроттық қаупі.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ Тақырыбы Кәсіпкерлік тәуекелділік және банкроттық қаупі.

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі




«Келісілді» «Бекітемін»

Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі ________Ұ.М Альмердинова жөніндегі орынбасары

«____» ______2016 жыл ________Рахымжан А.Б

«___»______ 2016жыл




Ашық сабақ



Тақырыбы: Кәсіпкерлік тәуекелділік және банкроттық қаупі.



Пәні: «Кәсіпорын экономикасы»

Тобы: М-21

Оқытушы: Шильдебаева Ж.Ж










Қаралды

«Экономикалық-техникалық және

арнайы» пәндер бірлестігінде

Хаттама № «____»_____2016ж

________ Әбдімомынова М.Ш










Қызылорда 2016жыл


Сабақ жоспары№



Пәні: «Кәсіпорын экономикасы»

Өткізілген күні: 07.04.2016ж.

Мамандығы: «Маркетинг»

Оқу тобы: М-21

Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерлік тәуекелділік және банкроттық қаупі

Сабақтың мақсаты:


Білімділік мақсаты: Білім алушыларға кәсіпорынның өндірістік , шаруашылық, коммерциялық және басқада қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл біріншіден. Екіншіден, қызмет барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырсуды, жұмыстың түпкі қорытындыларын бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді таңдап алу қажет.

Дамытушылық маұсаты: Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Оның негізгі бағыттары жөнінде мыналарды көрсетуге болады:

Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарлы өнімді жеткізіп берушілердің, несиегер, банк, өнімді тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс козқарастарын мезгілінде сезінуі және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту


Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тиянақтылыққа баулып,ой-қабілетін дамыту


Сабақ түрі: Аралас сабақ


Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгергеріп, өткенді қайталау


Сабақтың өту әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап және өздігінше жұмысты орындап топпен жұмыс

жасау, әр түрлі ойын, есептер шығару, баяндау, талқылау, сұрақ-жауап


Сабақтың көрнекілігі: жұмыс дәптері,теориялық материалдар, крассворд, криптограмма, карточкалар.


Пән аралық байланыс: Ұйым экономикасы, қаржы, экономикалық ақпаратты автоматты

өңдеу, басқару есебі.


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі: (2-3 мин)

А) оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.

Б) дәрісхана тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару

В) оқушылардың сабаққа дайындығыны бақылау жасау

Үй тапсырмасын қайталау: (10-15 мин)

Өткен тақырыптарға шолу жасап,өткенді қайталау үшін тест сұрақтарына жауап беру


2. Таныстыру кезеңі: (5-10 мин)

Жаңа тақырыптың қаралатын сұрақтарымен таныстырып,жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіру.Нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелділік жүйесін құру және оны нактылы іске асырудың түпкі мақсаты - тауар өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын кұрылымдық жағынан қайта кұру. Бұған әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда гана кол жеткізеді :

* кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялык жүйесін, құқыктары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты жэне сенімді орналастыру;

* борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндікберу;

* банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;

* бизнесті кайта түлетудің жүйесін жасап шыгару;

*борышкер кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай тұрып-ақ жақсарту;

* адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;

* қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны қалыптастыру;

* банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезіндебанкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;

* борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.


Жаңа сабақты хабарлау: (20-25мин)

Сұрақ-жауап, баяндау, түртіп алу әдістері бойынша.


Тақырып: Кәсіпкерлік тәуекелділік және банкроттық қаупі

1) Тәуекелділікті анықтау әдістері

2) Тәуекелділік критерийлері мен бағасы

Өндірістік , шаруашылық, коммерциялық және басқада қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл біріншіден. Екіншіден, қызмет барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырсуды, жұмыстың түпкі қорытындыларын бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді таңдап алу қажет.

Көрсеткіштер:

- жекелеген;

- топтық;

- жалпы болып бөлінеді.

Талдау мақсаттарына байланысты көрсеткіштердің :

- абсолютті;

- салыстырмалы;

- орташа шама нысандары қолданылады.

Әрбір нақты экономикалық көрсеткіштің «сапалық анықтылыққа» ие болуы шарт, егер онда екі жақты анықтылық болса, онда ол объективті көрсеткіш болып табылмайды.

Көрсеткіш – бұл да белгі, яғни белгілі бір міндеттердің орындалу деңгейін, қызметтер мен құбылыстардың сандық және сапалық жағын сипаттайды.

Нарықтық қатынастар талабына байланысты барлық көрсеткіштерді:

- бағалық;

- шығындық деп топтастыруға болады.

Бағалылық көрсеткіштер осы немесе басқа да қызметтің нәтижелі даму деңгейінің мүмкіндіктерін немесе мақсатқа жетуін сипаттайды.

Шығындық көрсеткіштер - әр түрлі қызметтерді жүзеге асыруда шығын деңгейіне әсер ететін көрсеткіштер.

Практикада бағалық көрсеткіштер кең түрде қолданылады.

Мәселен:

- сатылған өнімнің жалпы көлемі;

- жиынтық пайда;

- шартты таза пайда,

- шартты таза өнім;

-несиені жэне қарыз проценттерін төлегеннен кейінгі пайда;

-салықтарды төлегеннен кейінгі пайда;

-барлық қосымша төлемдерді өтегеннен кейінгі пайда;

- өндірісті дамытуда жаңа капитал салымдарын жүзеге асырудан келтірілген соңғы өтімділік:

-дивиденттерді төлегеннен кейінгі пайда.

Тауар сатудың жалпы колемі.

Сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің құнын былайша анықтайды:

Q=P х N

Q - тауар сатудың оісалпы көлемі, тг:

Р - тауар бірліктерінің бағасы, тг;

Nсатылган тауардың саны, дана.

Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкротқа ұшырау)

Банкроттық - борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі. Борышқордың мүлкін басқару сот қаулысы бойынша несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Ерікті банкроттық несие берушілердің сотка арыздануына байланысты пайда болады. Банкроттык туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолданылу мерзімі біткен облигацияларды сатып алуға қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгертуіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және карызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік дотация (жәрдемақы) есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынга ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.

Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:

* банкроттық - шаруашылық өмірінің обьективтік не-месе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылыска айналып келеді;

* мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, бага неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ көрсетуде. Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның баикротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеттік орган куэландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша каражат табу үшіи басқа кэсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік мен-шіккеөткізілуі мүмкін.

Банкрот жүйесінің мақсаты мен приициптері Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің осу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін.

Американдық зерттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгілі заңдылықтарын анықтап берді:

біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатысында кезендік дагдарыстың пайда болуы;

екіншіден, шағын жэне орта бизнес фирмаларына тән құлдырау немесе өрлеу циклдарының математикалық әдіспен анықталған ұзақтылығы.

Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылға (1 жылдан 7,7 жылға дейін), ал құлау фазасы - 2,8 жылға (1 жылдан 4 жылға дейін) созылады.

Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне қарай толығымен ойсыраудан қоргау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субьектілеріне көмектесу жүйесін жасап шығарады.

Бұл жуйенің негізгі мәні - өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын канағаттандыруға бейімдеу қажетгілігі.

Банкрот жүйесін құру және оны нактылы іске асырудыц түпкі мақсаты - тауар өндіруші және қызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын кұрылымдық жағынан қайта кұру. Бұған әлемдік экономиканың жетістіктері көрсеткендей, келесі принциптерді сақтағанда гана кол жеткізеді :

* кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялык жүйесін, құқыктары мен міндеттерін бірыңғай тұрақты жэне сенімді орналастыру;

* борышқорға өзінің қызметін жаңадан бастау міндеттерін орындап шығуына мүмкіндікберу;

* банкрот және экономикалық құлдырау кезінде қауіпсіздік шараларын ойластыру;

* бизнесті кайта түлетудің жүйесін жасап шыгару;

*борышқор кәсіпорынға өзінің міндеттерін орындауда қаржылық реттеу тетігін ұсыну, оларды бизнесті тоқтатпай тұрып-ақ жақсарту;

* адал және сенімді әріптестердің (серік) жұмыстарын ынталандыру үшін коммерциялық және құқықтық жүйелер құру;

*қаржыға байланысты дауларды шешуде әдістемелік процедураны қалыптастыру;

* банкротқа ұшыраған кәсіпорынды тарату кезінде банкрот жүйесіне қатысушылардың барлығының (несие беруші, қызметкерлер) мүддесін сенімді қорғау;

* борышқордың активтерін әділетті түрде бөлуге жағдай жасау.

Міне, осы айтылғандар банкрот жүйесінің келесі жылдары тұрақтанып, борышқор кәсіпорын нарық талаптарына бейімделіп кетулері мүмкін. Демек, кәсіпорындарды сақтап қалуға бағытталған атқарымдық принциптерінің қысқаша мазмұны осындай болып табылады..

Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуда. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шыгаруға тырысады. Алайда, банкротқа ұшыраудың жоғарыда көрсетілген максаттары мен принциптері банкроттық жүйені обьективті позиция тұргысынан бағалауға мүмкіндік береді. Бұлай деуімізге мына төмендегі себептер дәлел бола алады:

басым көпшілігі мемлекеттің колдауында болды, дотациямен күй кешті.

екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен токтатады, оны қайта бастамайды.

Міне, осындай жағдайда банкрот жүйесін пайдалану тиімсіз де емес, өйткені банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытталған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшін болмаса да, олардың көпшілігі үшін тиімді.

Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағанына орай жетекшілікті өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:

•оңды техникалық;

•маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;

өндірісті дамытуга қажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай туғызады.

Несие беруші болса, ол өзіиің ақшаеын сақтап калуға, ал қоғам - экономиканың нарыққа бейімделген кұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе, бизнес өкілдері тиімді және керекті істермен шұғылданады.

Әлеуметтік қоргау жүйесі:

- жұмыстан босап қалған еңбекке жарамды адамдарға тиісті жағдай жасау кажеттілігін;

- жұмыссыздығы бойынша жэрдемақымен қамтамасыз етуге;

- олардың біліктілігін кетеру үшін кайта окыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын ала ескерулері қажет.

Банкротжүйесінің құрамды бөлігі:

•кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау:

•дағдарыстың алдын алу және бақылау.
Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезеңдерден

тұрады:

•кэсіпорынның қаржылық жагдайын талдау;

- нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;

- дағдарыстың себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу.

Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:

- сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;

-ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.

Сыртқы (әлеуметтік) жэне ішкі (технологиялық) фак-торлардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шебер-лікпен ұштастыра жүргізіп отыру кэсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі.

Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы фактор-оларға мыналар жатады:

- халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;

- халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі. ягни оның сатып алу қабілеттілігі (бұган баға деңгейі және тұтыну несиесін алу мүмкіндіктері де кіреді);

- саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;

- ғылым мен техниканың тауар ендіру процесі мен оның бәскеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;

- мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;

- халыкаралық бә секе, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары жетілген технология негізінде.

Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылык жағдайына:

•ел экономикасының даму барысы;

•инфляция;

•кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;

•мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;

•мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де эсер ететінін үнемі ескеріп отырулары қажет.

Кәсіпорынның дамуын аныктайтын және қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай:

- кәсіпорынның негізгі мақсаты;

- оның қызметінің негізгі принциптері;

- ресурстар жэне оны пайдалану;

- маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі жәие
оның сапасы.

Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуга болады. Мәселен, американдык кәсіпорындардың 9 0%-ға дейінгісініңжұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:

- тәжірибесіз менеджерлерге;

- істі жете білмейтін басшылыққа;

- олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.

Кәсіпорын дағдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар. Олар:

-жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандык, осыған байланысты кәсіпорынның көптеген орынсыз шығынға ұшырауы;

- өндірілген тауардың бәсекеге қабілеттілігіпің төмендеп кетуі;

- тауарлы өнім түрінің дер кезінде жаңартылмауы;

- басқару құрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мең дайын тауарды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;

Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалык нарықтық экономикада, банкротқа ұшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сыртқы факторлары үштен бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен.Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Оның негізгі бағыттары жөнінде мыналарды көрсетуге болады:

Кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарлы өнімді жеткізіп берушілердің, несиегер, банк, өнімді тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс козқарастарын мезгілінде сезіну;

қайта ұйымдастыруға байланысты барлык өзгерістер (мәселен: ұйымдық, кәсіпорынның жабық және ашық бөлімшелері, филиалдары, еншілес бөлімшелері,
олардың бірігулері);

- тауарды жеткізіп берушілердің жиі және негізсіз алмасулары;

- нарыктың жаңа түрлеріне шығу;

- материалдар мен шикізатгарды көтере сатып алу;

- басқа да кәсіпорынның стратегиясындағы кұбылыстарды зерделей қадағалап, олардан жедел де тиісті қорытынды шығару.

Кәсіпорынның ойсырауы кейде оның жоғарғы деңгейдегі басшылары арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктеріне де байланысты.

-бухгалтерлік есеп беруді кешіктіріп ұсыну және оның сапасын өзгерту, саналы (әдейі) әрекеттерге, неқұрамның төменгі деңгейіне немен куәлік беру; осы және
басқа да белгілер қаржылық басқарудың болымсыздығына әкеліп соғады;

- бухгалтерлік баланс статьяларын пассив жәие актив жағынан өзгерту және олардың анықталған сәйкестігін бұзу;

- кәсіпорынның жеткізілім бойыыша өзінің міндеттерін орындаудағы не қызығушылықтарын, не болуы мүмкін кабілетсіздіктері жөнінде немен түсіндіре алады, материалдық запастардың артуы және кемуі;

- жеткізушілер және несие беруде кәсіпюрын қарыздарының артуы;

- кәсіпорынның табысын төмендету, кәсіпорындағы акция құнының кемуі, кәсіпорында өз өніміне өзгермелі (жоғары немесе төмен) бағаның белгіленуі.

Үнемі есепке алып отыратын, былайша айтқанда, әрдайым сақ болатын жәйттер:

- кәсіпорынның кезектен тыс тексерілуі;

- коммерциялық қызметтердің орынсыз шектелуі;

- лицензиялардың алынып тасталуы немесе тоқтатылуы жэне т.б.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын камтамасыз ету, дағдарыстың алдын алуды ұйымдастыру - өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі.

Тактикапың екі түрі бар:

Қоргану тактикасы яғни жиынтықты шараларды ұқыпты жүргізу. Олай болса, оныңтиісті стра-тегиясы мен тактикасын қолдану кэсіпорынның бір қалып-ты жұмыс істеп, тиімділігін арттырудың кепілі болып та-былады. Өнім өндіру, дайын тауарларды сату процесіндегі барлық шығындарды мейлінше қыскартуға негізделген.

Бастырмалату тактикасы яғни бірінші кезекте стратегиялық мәні бар шараларды іске асыру.

Мұндағы негізгі бағыттар:

•нарықтардың жаңа түрлерін зерттеу жэне оларды игеру;

•тиімді баға белгілеу;

•өндірісті жетілдіру есебінен шығындарды азайту;

•негізгі қорларды жаңарту;

•жаңа технологияны енгізу жэне т.б. жүргізіледі.

Осы кезеңде кәсіпорын басшылығын кайта бекіту немесе алмастыру калыптасқан жағдайды кешенді талдау және бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

Өндірістік бағдарламаның кайта қаралуына сәйкес:

Кәсіпорынды дамытудың стратегиясы да өзгереді;

- нарықта кәсіпорынның тыңғылықты позициясын рәсімдеу;

- шығарылатын өнім атауларын жаңарту;

- жаңа нарық сегменттерін игеруді қарастырады.

-қаржылык нәтиже туралы есепте және баланс құрылымындағы кенеттен пайда болған өзгерістер, әсіресе:

- есеп шоттардағы ақшаның кенеттен азайып кетуі (ол екінші жағынан, есеп шоттағы ақшаның көбеюі келешекте күрделі қаржының мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізудің айғағы);

- дебиторлық қарыздардың көбеюі (бұлардың күрт азайып кетуі де тиімсіз, өйткені қоймадағы дайын өнімдердің тым көбеюі оларды сату процесін қиындатып жібереді);

- дебиторлық шоттардың ескіре бастауы;

- дебиторлық және кредиторлық қарыздар балансының бұзылуы;

- кредиторлық қарыздардың өсуі (сонымен қатар есеп шоттарда қолма-қол ақша тұрғанда кредиторлық қарыздардың күрт азайғаны өндіріс көлемінің тарыла бастағанының айғағы);

- сатылатын тауар көлемінің азаюы;

- кәсіпорындағы жанжалдар, әлдекімді басшылық қызметтен босату, қабылданған шешімдердің сан жағынан бірден артуы және т.б.

Мұнымен қатар сатылатын тауар көлемінің шектеп тыс көбейіп кетуі де пайдалы болмауы мүмкін. Өйткені жан-жақты,тереңойластырылмай сатып алынған шикізат-тардыңжәне күрделі қаржы шығындарының көбейіп кетуі келешекте кәсіпорын балансының бұзылуына әкеледі, ал бұл банкротқа ерте ұшырау деген сөз. Бұдан басқа сатылатын өнімдердің ретсіз көбейіп кетуі өнім өндіру мөлшерінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау алдындағы құлдырауын көрсетеді.

Кәсіпорынның банкротқа ұшырауының мынандай

кезеңдері бар.

Жасырын кезең. Бұл кезең кәсіпорынның, оның тапқан пайдасының капиталдандырылуымен анықталатын "бағасының" төмен түсіп кетуі:

Р - салықтарды, сонымен қатар қарыздармен және дивидендтердіц процентіне байланысты төлемдерді төлегенге дейінгі күтілген пайда;

К - кәсіпорынның барлық пассивтерінің (міндеттемелерінің) құнының орташа өлшемі;

V - күтілген "кәсіпорын багасы ".

"Кәсіпорын бағасының" төмендеуі оның пайдалық деңгейініңтөмендегені деген сөз.

Бұл бірінші жағынан. Ал екінші жагынан, бұл жақын арада қабылдауға мәжбүр болатын міндеттемелердің орташа құнының артқанын көрсетеді. Олай болса, жақын және ұзақ мерзімді келешектегі "кәсіпорын бағасын" есептеп отыру қажет және тиімді.

Екінші кезеңі - қаржы ұүрақсыздыгы, қолда бармен есептесуде қиындықтардың пайда болуы, ягни банкроттың ертерек нысандарының сезіле бастауы.

Бұл кезде басшылыктар "косметикалык" шараларға жиі жүгіне бастайды, мәселен:

•салым иелері мен банктердің күдіктерін туғызбау қамында активтердің бір бөлігін сату арқылы қарыз капи-талдарын арттырады;

акциоыерлерге жоғарғы дивидендтер төлей бастайды.

Практикада кейде мынандай жәйттер де кездеседі:

кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлаған кезде кайсібір басшылар ақша табуда "авантюралық" әдістерді де қолданады;

•тіпті кейде алаяқтық жолдан да тайынбайды.

Үшінші кезең - банкроттың айқын, заң жүзінде пайда болуы, ғгни кәсіпорын дер кезінде қарыздарды төлей алмайды.

Банкротқа байланысты істі сотта қарауды мына жағдйларда бастауга болады:

-борышқор өзінің дер кезінде қарыздарды төлей алмайтынын ресми түрде мойындаса;

-несие берушінің төлемдерді орындау мерзімінің 3 айдан асып кеткені туралы арызы бойынша;

-прокурордың жалған банкрот туралы нақты күдіктері бойынша.


Тақырыпты бекіту. (10-15мин)

Проблемалық ситуацияларды шешу.

1. Топ оқушыларын 3топқа бөлеміз:

- «Бал дәурен» тобы

- «Ақ қайың» тобы

- «Алтын кілт» тобы

2. Топ басшылары топтарды таныстыру

3. Топ жарысы

4. Криптограмма

5. Топ басшыларының сайысы

6. Ситуациялық проблемадан шығу жолдары


Сабақты қорытындылау. (5-10мин)

Жаңа тақырып бойынша қарастырылған сұрақтар толығымен ашылып, баяндалып, түсіндіріліп, талқыланды. Үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар,сонымен қатар жаңа тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап, карточка, тест сұрақтары бойынша жауап берген оқушылар тиесілі бағаланды.


Үйге тапсырма: (1-2мин)

1. Аудиторияда өткен сабақтарды үйде қортындылап келу.

2. Тәуекелділік факторлары.


Қолданылған әдебиеттер:

1.А.Қ Мейірбеков Н.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы,экономика 2005ж.

2. Горфинкель В.Я «Кәсіпорын экономикасы»,М.,2001ж

3. Савицкая Г.В «Кәсіпорынның шаруашылық іс әрекетін талдау»,Минск,2000ж




Оқытушы: Ж.Ж.Шильдебаева









«Экономикалық пәндер» циклының мәжілісінің

хаттамасынан көшірме № 3



Өткізілген күні: 20.11.2009

Қатысқаны: «Экономикалық пәндер»

цикл оқытушылары


Күн тәртібінде:


20.11.09ж күні өтетін Д.А.Бекешеваның «Тәуекелділік ұғымы мен түрлері» тақырыбында өтетін ашық сабақ жоспарын қарау, бекіту.


Тыңдалды:


Бекешева Д.А.: Мен бұл тақырыпты таңдау себебім: Қазіргі нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның банкротқа ұшырамауы үшін алдын ала жоспар жасап, кәсіпорындағы қаржылық тәуекелділік критерийлері мен бағасын анықтау. "Кәсіпорын бағасының" төмендеуі оның пайдалық деңгейінің төмендегені деген сөз. Бұл бірінші жағынан. Ал екінші жағынан, бұл жақын арада қабылдауға мәжбүр болатын міндеттемелердің орташа құнының артқанын көрсетеді. Олай болса, жақын және ұзақ мерзімді келешектегі "кәсіпорын бағасын" есептеп отыру қажет және тиімді. Кәсіпорынның ойсырауы кейде оның жоғарғы деңгейдегі басшылары арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктеріне де байланысты. Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше.

Цикл жетекшісі: тақырыптың таңдалуы жақсы. Мамандығына сай жақсы таңдалған.

Цикл оқытушысы ШайхисламоваГ: Тақырыптың өзектілігі бар мәселені көтеретіндігінен сабақ жоспары жақсы дайындалған деп ойлаймын.

Цикл оқытушылары бір ауыздан сабақтың өткізілуін мақұлдады.



Қаулы етілді:

05.12.09ж күні ЭБУиА-08-3 оқу тобында «Тәуекелділік ұғымы мен түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізілсін.





Цикл жетекшісі: Талапбаева Г.Е.

Хатшы: Шайхисламова Г.
























«Экономикалық пәндер» цикылының мәжілісінің

хаттамасынан көшірме №

Өткізілген күні: 13.11.09

Қатысқаны: «Экономикалық пәндер»

цикл оқытушылары


Күн тәртібінде:

13.11.09ж күні Ф-08-1 оқу тобында өткен Таубаев Нұрланның «Кәсіпорынның жоспарының жеке көрсеткіші. Кәсіпорынның бизнес жоспары» тақырыбында өтетін ашық сабақ жоспарын қарау, бекіту, талқылау



Тыңдалды:

Таубаев Н: Сабықтың тақырыбына, жоспарға сай және тақырыптың мәнін ашып, мақсатын толық жеткіздім деп айта аламын.

Бөлім меңгерушісі Бекешева Д: сабақ жоспарға сай өткізілді. «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тақырып толық ашылды, оқушыларға кәсіпорынның бизнес жоспары туралы, оның түрлері және оны құру жолдары жан-жақты түсіндірілді. Ашық сабақ өз деңгейінде жақсы өткізілді.

Цикл оқытушысы Искакова Г: Сабақта қолданылған әдістер ішінде карточкалар, сөз жұмбақ толтыру ойыны дұрыс қолданылды деп айта аламын. Оқытушы ашық сабақты жақсы өткізді.

Цикл оқытушысы: Машрапова А: Жалпы тақырып мазмұны бойынша түсіндіріп өтті. Сонымен қатар оқушыларға қосымша талдау сұрақтары қойылды. Оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында іскерлік ойын өткізілді.Оқушылар барлығы сабаққа белсене қатысып, сұрақтар қойып отырды. Өздернің ойлау қабілеттілігінің жоғарылылығын көрсетті.Оқытушы сабаққа белсене қатысқан 9 оқушыны «өте жақсы» бағасымен бағалап, 3 оқушыға «жақсы» бағасын қойды.



Қаулы етілді:

Тақырыпқа сай оқытушының сабақ жүргізу деңгейін қарастыра отырып сабақтың жүргізілуіне «жақсы» деген баға берілсін.



Қатысқан оқытушылар:

Бекешева Д.

Бұқарбаева А.

Машрапова А.

hello_html_m18865e73.gifhello_html_6103fa0a.gifhello_html_m3919b0cc.gif



























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-056416

Похожие материалы