Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық сабақ тақырыбы "Кун сәулелі Қазақстан"

Ашық сабақ тақырыбы "Кун сәулелі Қазақстан"

Скачать материал

Күн сәулелі Қазақстан

         Мақсаты: Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, Қазақстан Республикасы туралы білімін арттыру, сөздік қорларын молайтып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, тіл мәдениетін дамыту.

         Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Балалар отырады

         Тәрбиеші:

Бейбіт таңдар арайлап атады,

Туған жерді аймалайды шапағы

Байтақ елім - Ұлы Қазақстаным

Ең бақытты балалардың отаны.

 

-         Балалар, өлең не туралы айтылған?

-         Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-         Отан туған жер, туған отбасымыз, халқымыз.

-         Сендер отандарыңды білесіңдер ме?

-         Біз қай елде тұрамыз?

-         Қазақстан Республикасында

-         Елордамыз қай қала?

-         Астана қаласы.

 - Еліміздің елбасы кім?

 - Н.Ә. Назарбаев.

 - Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

-         Өте жақсы, балалар.

-         Балалар, біздің отанымыз кең байтақ, түрлі қазба байлықтарға өте бай. Елімізде егін шаруашылығы, мал шаруашылығы өте жақсы дамыған.

-         Отан туралы тақпақтар

-         Еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?

-         Әнұран, Ту, Елтаңба

-         Балалар, Әнұранды бәріміз білеміз ба?

Әнұран айтылады

-         Туымыздың түсі қандай?

-         Көгілдір түс ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.Туымыздың ортасындағы алтын күн елімізге нұр сәулесін шашып тұр. Ортасында қалықтаған қыран құс және қазақ халқының ою өрнегі бейнеленген.

-         Ал, балалар, елтаңбада не бейнеленген?

-         Елтаңбада шаңырақ, арғымақ аттар бар.

-         Шаңырақ - үлкен ортақ үй дегенді білдіреді. Шаңырақтың уықтары халықтардың бірлігін көрсетеді. Бидай сабақтары - тоқшылықты, молшылықты білдіреді.

-         Балалар рәміздер туралы кім тақпақ біледі?

 

Бақыт бірлігі - күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны.

 

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда бар ерлігім

Халқымыздың бірлігі.

 

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халқым қашан да

Биікке іліп қояды.

 

Тәрбиеші: Ал, балалар, Елордамыз Астана қаласына барып көрдіңдер ме?

Ендеше Астана қаласы алыс, сондықтан бәріміз Астанаға ұшақпен барайық. Ол үшін көзімізді жұмып, қанатымызды жайып, ұшақпен ұшамыз. Міне, Астана қаласына да келіп жеттік.

Слайдтан Астана қаласының көрінісі көрсетіледі.

Астананың символы- Бәйтерек. Елбасымыз біздің еліміз осы Бәйтерек сияқты биіктен көрініп, күні алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату- тәтті өмір сүрсін деген ой білдірген.

Енді балалар, қазір біз екі топқа бөлініп, жарысамыз.

Бірінші топ - Астанамыздың символы Бәйтеректі құрастырады.

Екінші топ  -Жапсыру. Қазақстанның байлығын көрсету.

 

Ел ордасы Астанам,

Саған айтам асқақ ән

Әрқашанда қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.

 

Астана арман қала,

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

 

-         Балалар, айтыңдаршы біздің еліміз қандай ел?

-         Әрине, тәуелсіз ел.

1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін алды. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болып жарияланды. Қазақ халқы тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиын -қыстау кезеңді басынан кешірді. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, біздің елімізде бәрі ынтымақта, достықта, бірлікте өмір сүреді.

 

-         Ал, сендер, айтыңдаршы, тәуелсіздік алған еліміздің осындай жетістіктерге жетуі кімнің арқасы?

-         Бәрекелді, балалар, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың

-         Ал, Н.Ә. Назарбаев отанымыз үшін қандай жұмыстар жасады?

Дұрыс, балалар. Елбасымыз Қазақстан деген мемлекет барын әлемге танытты. Сарыарқаның төріне Астананы орнатып, оның гүлденуіне барлық жағдайды жасады. Қазақ халқының жағдайын жақсартты, білім алуға, балабақшаға көңіл бөлінді. Елбасы еліміздің тірегі.

 

Сергіту сәті:

Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп

Шаңырақ болып киіліп

Достық үйін құрап біз

Ұлттық биін билейік

Қаражорға биі

-         Балалар Отанымызға, елімізге қандай тілек айтасыңдар?

Тілектерін айтып ағашқа түрлі – түсті лента іледі

 

Ән «Жаса Қазақстан»

-         Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

-         Сабақта не туралы айттық?

«Күннің жылуы» сурет

Қорытынды: Балалар, бүгін біз туған жеріміз, еліміз Қазақстан туралы әңгімеледік. Әлемде Қазақстаннан басқа да талай жақсы жерлер мен мемлекеттер бар, бірақ адамға ең ыстық – Отаны. Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да мына өздерің, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, өз тілдеріңді құрметтеңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз

Үлкен  -кіші, жасымыз да кәріміз

Мерекесін Отанымның бүгін біз

Есік ашып, шашу шашып,

Қарсы алайық бәріміз.

 

Бақыт бірлігі - күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады

Республика Әнұраны.

 

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

Мұнда бар ерлігім

Халқымыздың бірлігі.

 

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халқым қашан да

Биікке іліп қояды.

 

Ел ордасы Астанам,

Сағам айтам асқақ ән

Әрқашанда қазақ боп,

Туғаныма мақтанам.

 

Астана арман қала,

Бағы бар жанған қала

Тұрады ол жап жасыл боп,

Мен үлкен болғанда да.

 

Тәуелсіз ерікті ел болдың,

Сүйікті Отаным ардақты

Бақытты балдәурен баламыз

Мың алғым өзіңе, Отаным.

 

Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем

­Өйткені, мен тәуелсізбін, азатпын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ тақырыбы "Кун сәулелі Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2016 905
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескеалмасова Айгерим Дулатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8655
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе