Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Ашық сабақ тақырыбы: Л-Р дыбыстарын ажырату.

Ашық сабақ тақырыбы: Л-Р дыбыстарын ажырату.


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

1 А.С Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы











Ашық сабақ



Тақырыбы: [Л-Р] дыбыстарын ажырату

Сабақ түрі: Топтық сабақ.







Логопед: Ілияс Айдана















Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: [Л - Р] дыбыстарының айтылуын және артикуляциялық қалпын дамыту. [Л - Р] дыбыстарын дұрыс айтуға, бір – бірінен ажыратуға үйрету.

Түзетушілік: Оқушыларға «Л», «Р» дыбыстарын жеке буында, сөзде дұрыс айтуын бекіту. Оқушының фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін дамыту, сөздік қорын көбейту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды үйрету.

Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: [Л - Р] әріптері, жеміс – жидектер суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсің бе!

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?

- Бүгінгі сабағымыз қызықты өткелі отыр, балалар қандай жеміс – жидектерді білесіңдер?

- Қане, өзіміз жақсы көретін жеміс – жидектерді атап айтайықшы:

ІІ. Жаңа сабақ:

  • Бүгінгі сабағымызда біз [Л - Р] дыбыстарын дұрыс, анық, әдемі айта отырып, жеке буында, сөзде ажыратуды үйренеміз. Сонымен қатар жеміс – жидектер еліне сапар шегейік, иә балалар, бәріміз жеміс – жидекті жақсы көремізғой солайма?

  • Сабақ барысында сендерді бағалауға жақсы қатысқан оқушыларға 5ке жауап берген оқушыға күліп тұрған смайлик, 4 ке жауап берген оқушыға жай жымиып тұрған смайлик, ал 3 ке жауап берген оқушыға мұңайып тұрған смайлик беремін.

ІІІ. [Л - Р] дыбысының кескінін, артикуляциясын көрсетіп, жеке айтылуын сипаттау.

  • [Л - Р] әріптерін көрсетемін.

  • Дыбыстарды жеке айтқызамын:

Л дыбысы:

Ерін – іргелес дыбысқа байланысты

Тіл – тіліміз жоғары қызыл иекке тиеді

Жел – суық жел

Р дыбысы:

Ерін - іргелес дыбысқа байланысты

Тіл – қасық пішіндес болады

Жел – суық жел

Діріл – діріл пайда болады.

ІV. Ұсақ моторикасын дамыту.

- Оқушылардың алдарына таяқшалар таратып беремін.

- Таяқшалармен «л – р» дыбыстарын құрастырып жасауды тапсырамын

V. Фонематикалық қабылдауын дамыту.

- Оқушыларға қызыл және көк жалауша таратып беремін.

- Мен бірнеше дыбыстарды айтамын сол дыбыстардың ішінен [Л] дыбысын естігендеріңде қызыл жалаушаны , ал [Р] дыбысын естігендеріңде көк жалаушаны көтересіңдер. Мұқият тыңдап отырыңдар. (аузымды қағазбен басып, оқушыларға дыбыстарды атаймын).

VІ. [Л -Р] дыбыстарының таңбалануы .

- Балалар біз дыбысты естиміз, енді осы дыбыстардың таңбалануы болады, оны біз әріп деп атаймыз. Ал, әріпті біз не істейміз? (көреміз, жазамыз, оқимыз).

- Міне бұл Л және Р

- Л және Р әріптерін енді тақтада жазып көрсетейікші.

VІІ. Сергіту сәті.

VІІІ. [Л -Р] дыбыстарын буында, сөзде ажырату.

Буында ажыратуға буындарды айтқызып, одан сөз құрау.

Л дыбысына: Ла – ла –ла (гүл суреті)

Ыла – ыла – ыла (жылан суреті)

Ол – ол – ол (қол суреті)

Р дыбысына: ра – ра –ра (радио суреті)

Ара – ара – ара (тарақ)

Ар – ар – ар (шалбар)

Ойын: «Дүкенші»

Мақсаты: [Л - Р] дыбыстарын ажырату.

Ойын барысы: Мен дүкенші (мұғалім) боламын, ал сендер сатып алушы боласыңдар. Менен келіп өздерің ұнаған жеміс-жидек сатып алуларыңа болады. Тақтада плакатта «жеміс – жидектер дүкені» жазылған және [Л - Р] дыбыстары бар жеміс – жидектер жапсырылған.

- берілген жеміс – жидектерден алғанын (алма, лимон, анар, гранат, алмұрт, шабдалы, құлпынай) атап, дәмін, түрін сипаттап, «л» дыбысы немесе «р» дыбысы барма жоқпа соны анықтап айтқызу, сөзді талдату.

- алма – 4 әріптен, 2 буыннан, л дыбысы екінші буында, ортасында естіліп тұр.

Жұмбақты шеш:

1. Шаңқ – шұңқ еткен үні жоқ, сусыз оның күні жоқ, Жүріп кетсе соңында, қалып жатқан ізі жоқ. Бұл не? (Балық)

2. Екі езуі құлағына жетеді, Тамақ жесе ызың – ызың етеді. Бұл не? (Ара)

Қорытынды.

- Бүгін біз қандай дыбысты ажыратып үйрендік?

- [л] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?

- [р] дыбысын қатыстырып буынның басында, ортасында, соңында буындар құрап айтшы?

- [Л - Р] дыбыстары бар қандай жеміс - жидектер білесің?

VІІ. Үйге тапсырма

[Л - Р] дыбыстары бар өзіңе ұнаған жеміс – жидек суретін дәптеріңе салып кел.

VІІІ. Бағалау.


Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров44
Номер материала ДБ-397967
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх