Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ тақырыбы "Мамандықтар"

Ашық сабақ тақырыбы "Мамандықтар"

Скачать материал

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған
ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мамандықтар»


Мақсаты: а)Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру;
ә) Ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
б) Еңбекқор болуға, ұқыптылыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.
Керекті құрал-жабдықтар: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар,
Сөздік жұмыс:  дәрігер, аспазшы,
өрт сөндіруші, шашатаразшы, құрылысшы, т.б.

Барысы:
І.Кіріспе.
-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық.

Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме!

- Жақсы балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс мезгілінің айларын ата?

-Қазір қыстың қай айы?

ІІ. Негізгі бөлім. Тосын сәт.
-Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті, ашып көрелік. (пошташы-хат тасушы маман иесі). Бұл хат бізге Жұмбақбай атайдан келіпті. Мен хатты ашып, оқып берейін. «Құрметті балалар, мына жұмбақтардың жауабын шешіп, бір сөзбен қалай атауға болатынын айтыңдар!» деп жазыпты. Жұмбақ шешкенді жақсы көреміз бе? Олай болса, атайық, жұмбақтарын шешімін табайық.

Жұмбақ жасыру
1) Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім?
Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)

2) Шәкірттердің тірегі,
Мектептердің жүрегі. (Мұғалім)
- Мұғалім – балаларды оқытып, тәрбиелейтін маман иесі.
Азизаның анасы мұғалім.

3)Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы)

4) Тұлғалы кең иығы,
Мұнара оның тұрағы,
Жер астынан сұйығы
Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)

- Оқушылар, бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
- Бүгінгі сабағымызда осы «Мамандықтар» туралы әңгімелейміз.

Дидактикалық ойын: «Кім болам?»
Шарты: Балаларға болашақта қандай мамандық иелері болғысы келетіндігін және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету.

Суретпен  жұмыс.

3) Суреттен қандай мамандық иесін көріп тұрсың?Тағы қандай мамандық түрлерін білесің?Сен қандай мамандық ұнатасың?Себебін айт.

-(суретте бейнеленгендер: альпинист-биікке өрмелеуші-денсаулыққа пайдалы, металлург-темірді балқытып, заттар жасайды. Ал ғарышкер-аспанды бақылаушы, көлік жөндеуші, мұнайшы-мұнайдан жанармай алады, көліктер жүреді, жол жөндеуші-жолды тегістейді, тез жетеміз).

4) Сурет бойынша құрылысшылардың еңбегі туралы әңгімеле. Құрылыста қандай мамандық иелері еңбек етеді?

-Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сәулетші, тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын- дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, краншы, шатырлаушы еңбек етеді.

-Сендердің үйлеріңде осындай жұмыс жасайтын адамдар бар ма?
(ата-анасы, ата-әжесі қандай жұмыс жасайтындары туралы әңгімелеп айтады).

Сергіту сәті:
Ғарышкер зымыранмен
Зу-зу-зу ұшады,
Оңға қарай ұшады,
Солға қарай ұшады.
Алақанды жаямыз,
Зымыранды қондырамыз,
Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз.

Дидактикалық ойын: «Әр маман иесінің тиісті көлігін тап!»
Шарты: полиция, өрт сөндіруші, жүргізуші және дәрігердің көліктері шатастырылып берілген. Әр мамандық иесінің сәйкес келетін өз көліктерін тиісінше орындарына дұрыс қойып, табады және атайды.

Дидактикалық ойын: «Мамандыққа керек заттарын тап!»(тақтамен жұмыс)
Шарты:мамандық иелерінің қолданатын құралдарын табу.
Дәрігер – шприц(укол)
Мұғалім – кітап
Пошташы(хат тасушы) – хат
Аспаз – тағам ыдысы


-Жарайсыңдар, ақылды балалар екенсіңдер!Дәл таптыңдар!(Мамандық иелерінің көліктері мен құралдарын да таптық). Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Балалар, осы жақсы мамандық иесі болу үшін көп білім алып, еңбек етуіміз керек. Ал, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
(Балалар еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады).

ІІІ. Қорытынды. Мадақтау.
-Балалар, біз бүгін көптеген мамандық иелері туралы білдік. Біздің еліміз өркениетті дамыған елдер қатарына қосылуы үшін әр мамандық иесі өз мамандығын жақсы білуі керек. Сонда ғана еліміз дамып, көркейеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл дамыту сабағы.

Тақырыбы: «Құстарды аялайық»

Мақсаты:

Білімділік: балаға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру; құстарға қамқорлықпен қарауға уйрету.

Дамытушылық: құстардың дауыстарын сала отырып, тілдік қорын жетілдіру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айту арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: құстардың бейнесі, дала құстары мен үй құстарына арналған тапсырмаға сәйкес суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Ал,балалар, қанеки алдымен сәлемдесіп алайық...

Тан сәріден тұрып-ап

Сәлем, бердік сіздерге.

Сәлем, саған туған жер,

Сәлем, саған туған ел.

Қайырлы таң, қайырлы күн.

Қош келіпсіз апайлар,

Сәлеметсіздерме?

Балалар біз бүгін келген қонақтарымызбен амандастық, енді алақандарымызбен бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық...

Бақшамыз гүлдене берсін...

 Нанымыз көп болсын...

 Ата-анамыз ауырмасын...

 Қаламыз көркейе берсін...

 Ешқашан ауырмайық...

 Жарайсыңдар!

 

Негізгі бөлім:

- Балалар мен сендерге Айсұлудың оқиғасын айтып берейін. Барлығымыз мұқият тыңдаймыз.

 

Ертеде Айсұлу деген қыз болған екен. Ол қыз бір күні анасынан рұқсат сұрамай үйден шығып кетеді. Келе жатып орманның ішіне кіріп кетеді. Балалар айтыңдаршы, орманда нелер тіршілік етеді?

Балалардың жауабы.

- Дұрыс айтасындар. Балалар сендер орманда жабайы андар, құстар, жәндіктер өмір сүретінін білесіңдер. Айсұлу орман ішінде аяндап келе жатып, құстардын дауысын естиді. Ол құстардың даусын айыру үшін, олардың үніне құлақ түріп тыңдайды. Ол құстар мына жұмбақта жасырылған. Егер сендер сол жұмбақты шешсеңдер, Айсұлудың естіген құстарының үнімен таныс боласыңдар. Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер жауабын тауып, сол құстың даусын салып бересіңдер.

 

Қонып алып талға

Қарқылдайды ...қарға.( қарқ-қарқ-қарқ)

Өзінің атын төтеп,

Шақырады ....көкек. (кук-кук-кук)

Отыра алмай тыншып,

Шиқылдайды ...шымшық. (шиқ-шиқ-шиқ)

Бұл Айсұлудың естіген құстарының даусы болатын. Айсұлу одан әрі жүріп келе жатып, қалың шөптің арасынан ысылдаған жыланның даусын естиді. Қыз жыланды көріп кері шегінеді. Балалар жылан қалай дауыс шығарады?

- Ыссс-ыссс-ыссс...

- жылан Айсұлуға меннен құтылғың келсе, менің тапсырмамды орында дейді. Балалар Айсұлу сендерден көмек сұрап жатыр, көмектесеміз бе?

- Ендеше жыланның мына тапсырмасын орындайық. Сендер мына жерден үй құстары мен дала құстарын айырып екі бөлек топтастырып, олардың аттарын атап берулерің керек.

- Жарайсыңдар, енді әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз. Айсұлу сендердің көмектеріңнің арқасында жыланнан құтылды. Ол құтылғанына қуанып, ағаштың түбіне келіп аздап тынығып алайын деп отырады. Осы кезде құлағының түбінен ызыңдаған дыбысты естиді. Балалар бұл ызыңдаған ненің даусы деп ойлайсыңдар? Әрине бұл масаның даусы. Қане, бәріміз масаның даусын салайық.

-Ыз-ыз-ыз-ыз...

- Айсұлу әбден шаршап, қайтар жолды таба алмай орман ішімен келе жатады. Кенет алуан түрге енген гүлдерді көріп қуанып кетеді. Олардың жанына келіп, гүлдердің хош иісін иіскеп тұрғанда, гүлдердің шырынын жинап жүрген араларды көреді. Енді бәріміз сол аралардың дауысын салайық?

- Ыжж-ыжж-ыжж...

- Мен сендерге қазір «З, Ж» дыбысына арналған жаңылтпаш айтам, ал сендер соны қайталайсыңдар.

Жағажай, жағажай,

Жағажайда Қамажай.

Зу-зу зулап,

Зымырайды ұшақ. (3- түрлі айту, баяу, орташа, тез)

- Жарайсыңдар, балалар, қазір бір орнымыздан тұрып сергіп алайық.

 

Орнымыздан тұрайық,

Шапалақты соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Қане, қолды жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

- Біраз сергіп алдық. Айсұлудың әңгімесіне оралайық. Айсұлу орман ішінде келе жатыр еді, күннің кқзщін бұлт басып, қатты жел соғады. Қане, бәріміз жел сияқты дыбыс шығарайық?

- Ууу-ууу-ууу...

- Сол қатты желден ағаштардың жапырақтары шулай бастайды. Жапырақтар жел соққанда қандай дыбыс шығарады?

- Шшш-шшш-шшш...

- Айсұлу бұл дауыстан қатты қорқып, үйіне барғысы келеді. Бірақ ол үйіне барар жолды білмейді. Сөйтіп, ағаштың түбіне ықтап отырып, жылайды. Сол кезде ағаштан-ағашқа секіріп жүрген тиін Айсұлуды көріп:

- Сен кімсің? Неге жылап отырсың дейді?

- Айсұлу өзінің үйінен рұқсатсыз шығып кетіп, адасып қалғанын айтады. Тиін Айсұлуға тапсырманы орындаса, оған үйіне барар жолды көрсетемін дейді. Балалар сендер Айсұлуға тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?

- Ендеше тиіннің тапсырмасы бұл «логикалық тапсырма». Мұнда мен сендерге тиіннің тапсырмасын оқимын, ал сендер жауап дұрыс беруге тырысыңдар.

1) ҚР мемлекеттік Туында қандай құс бейнеленген? (бүркіт)

2) Әнші құс қалай аталады? (бұлбұл)

3) Каспий теңізінде қыста қандай құс ұшып келеді? (аққу)

Енді осы құстарға байланысты жұмбақ жасырғым келіп тұр, шешуін табайық.

1.  Жайнаған бақтың әншісі,

Тамсанған оған сән кісі. (бұлбұл)

2.  Су бетін сызып,

Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)

3. Бес қаруы белінде,

Самғап жүрер көгімде. (бүркіт)

 

Балалар сендер барлығыңда сондай тапқыр балалар екенсіңдер. Сендердің сондай тапқырлықтарыңнан Айсұлу үйіне аман-есен оралды. Сендер осы тиіннің тапсырмасын орындаған соң, тиін оған үйіне барар жолды көрсеткен болатын. Сол себепті де, Айсұлу сендерге рахметін айтып жатыр. Енді мен қазір сендермен бірге шеңбер жасай отырып, ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Не жақсы? Не жаман?» деп аталады.

Ойын: «Не жақсы? Не жаман?»

Мақсаты: бір-біріне қарама-қарсы сөздерді ажыратуға және олардың мағынасын түсіне білуге үйрету.

Жақсы-жаман

Ақылды-ақылсыз

Мейірімді-мейірімсіз

Еңбекқор-жалқау

Қайырымды-қайырымсыз

Тілалғыш-тілазар

Батыр-қорқақ

Бауырмал-қатігез

Мақал-мәтел, тыйым сөз

Досыңды сатпа, аққуды атпа.

Құстар біздің досымыз.

Құсқа қамқор бол.

Қорытынды бөлім: әңгіме желісін, ондағы әр жәндіктің дауысын балалардан қайталап сұрау, білімдерін бекіту.

 Тосын сый: балаларға хат және сыйлық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ тақырыбы "Мамандықтар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 087 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 4481
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Авиты Женекуль Ауетайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Авиты Женекуль Ауетайқызы
    Авиты Женекуль Ауетайқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13734
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дошкольное образование в условиях модернизации и требований ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 194 человека из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 859 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с расстройствами аутистического спектра

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Воспитательный потенциал методики Никитиных на основе идеи необратимого угасания возможностей эффективного развития способностей детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе