Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Тақырыбы: «Натрий және маңызды қосылыстары»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

Ашық сабақ Тақырыбы: «Натрий және маңызды қосылыстары»

библиотека
материалов

Химия 8-сынып

Мұнайлы ауданы, №12 жалпы білім беру орта мектебінің

Химия пәні мұғалімі Үсенбаева Қарлығаш жолжігітқызы


Сабақ тақырыбы: Қайталау, білімді жүйелеу.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алғашқы химиялық түсініктер тарауы бойынша откендерін естеріне түсіріп, бақылау сабағына дайындау.

Дамытушылық: Алғашқы химиялық түсініктер бойынша сұрақтар мен есептер бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, техникалық құралдар арқылы тақырыпты қабылдауларын жеңілдете отырып , өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: слайд, үлестірме материалдар, периодтық кесте.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың ұстанымы : “Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын,

ақыл - оймен істегенімді түсінемін”

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Мектептерге саяхаттау

3. Берілген тапсырмаларды орындау

4.Қорытындылау

5. Бағалау

6. Үйге тапсырма

Мұнайлы ауданындағы елді мекендердегі мектептерге саяхатымызды бастаймыз. Әр мектеп сіздерге арнап әр түрлі тапсырмалар дайындап қойған. Сол тапсырмалардан сүрінбей өтіп, саяхатымызды жалғастыруымыз керек. Бізге аз уақыт берілген, сондықтан тапқырлық пен жылдамдық керек.

Ендеше саяхатымызды бастаймыз. Бірінші аялдама Маңғышлақ станциясындағы ең алғашқы ашылған № 1 орта мектепке жол тартайық.

Міне № 1 орта мектепке келіп жеттік. Қандай тапсырма дайындағанын қарайық:

1 жалпы білім беру орта мектебіне қош келіпсіздер!

Алдарыңыздағы тұрған тәттілерден дәм татыңыздар:

Келесі аялдама Қызыл төбе елді мекеніндегі № 2 жалпы білім беру орта мектебі.

2 жалпы білім беру орта мектебіне қош келіпсіздер!

Тапсырма:

Қолыңыздағы тәттілер бойынша бірдей конфет алған оқушылар бір топқа бірігіңіздер. Сонымен үш топқа бөлініп Баянды селосындағы № 3 мектепке жол жүріңіздер.

3 жалпы білім беру орта мектебіне келіп жеттік.

Тапсырма:

Әр топқа алғашқы химиялық түсініктер жайлы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап бергенге қызыл жетон 5 балл, жасыл жетон 4 балл, сары жетон 3 балл.

  1. Химия пәні нені зерттейді?

  2. Мына суретте қандай қауіпсіздік ережесі көрсетілген?

  3. Заттар нешеге бөлінеді және олардың айрмашылығы?

Келесі аялдама Жаңадәулет елді мекеніндегі №4 жалпы білім беру орта мектебі.

4 жалпы білім беру орта мектебіне қош келіпсіздер!

Тапсырма: « Химиялық формулалар» қобдишасы

Қобдишада әр топқа химиялық қосылыстар беріледі. Солардың химиялық формулаларын жазып, салыстырмалы молекулалық массаларын есептеу керек

  1. Алюминий мен хлор, натрий мен оттек

  2. Кальций мен хлор, мыс (І) және оттек

  3. Темір (ІІІ) мен оттек, күміс пен хлор

Тапсырманы аяқтасақ,енді Маңғышлақ станциясындағы № 5 жалпы білім беру орта мектебіне жол тартайық.

Мінекей, мектебімізге де келіп жеттік. Қандай тапсырма дайындағанын көрейік:

Тапсырма : «Сөзден іске!»

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, қай типке жататынын анықтау керек.

І топ KCIO3 → KCI + O2 CaO + HCI → CaCI2 + H2O

II топ P + H2 PH3 CaCI2 + Na2CO3 CaCO3 + NaCI

III топ Сa + O2 CaO AI2O3 + H2SO4 AI2(SO4)3 + H2O

Келесі тапсырманы алу үшін Қызыл Төбе 2 селосындағы № 6 орта мектебіне саяхатымызды бұрайық:

6 жалпы білім беру орта мектебіне қош келіпсіздер!

Жолдан шаршап келген шығарсындар. Ендеше бір серігіп алыңыздар.

Келесі аялдама Атамекен селосындағы № 7 орта мектебі.

Тапсырма: «Аяқталмаған тезис» ойыны.

Әр топқа сөйлемдер жазылған үлестірме қағаздарын береміз. Сол сөйлемдердегі қалып кеткен сөздерді тауып сөйлемді толықтыру керек.

І топ

  1. Қоспалар агрегаттық күйіне байланысты екіге бөлінеді. Олар ___________________ қоспалар.

  2. Химиялық элемент ұғымын ғылымға алғаш енгізген ағылшын ғалымы ________________.

ІІ топ

  1. Зат массасының сақталу заңы - химиялық реакцияға қатысқан заттардың массалары ______________түзілген заттың массасына тең.

  2. Біртекті қоспаны бөлудің ________ және _________ әдістері бар.

ІІІ топ

  1. Периодтық жүйедегі элементтер ________ және _______болып екіге бөлінеді.

  2. Заттың ___________ массасы молярлық масса деп аталады, ол г/мольмен өлшенеді.

Келесі аялдама Маңғыстау 5 елді мекеніндегі № 8 жалпы білім беру орта мектебі.

Тапсырма: Химиялық эстафета «Кім жылдам»

Экранда бір есеп беріледі. Сол есепті бірінші болып дұрыс шығарған топқа 5 балл беріледі.

Есеп. Ас үйде тамақ пісіргенде газ балонынан 440 г пропан С3Н8 жағылды:

С3Н8 + 5О2 = 3СО2 + 4Н2О

Бұл химиялық реакция нәтижесінде көмірқышқыл газының СО2 қандай массасы түзілгенін есепеңдер.

Есебімізді аяқтасақ көлігіміз одан әрі жүріп Батыр ауылындағы №10 жалпы білім беру орта мектебіне тоқтайды.

Тапсырма : Қорытындылау сұрақтары:

  • Химия ғылымының міндеттері қандай?

  • Қоспаларды бөлудің неше әдісі бар?

  • Құбылыстар нешеге жіктеледі?

  • Химиялық элементтерге жалпылама сипаттама беріңіздер.

  • Валенттік дегеніміз не?

  • Химиялық реакция теңдеулері дегеніміз не, оның неше типі бар?

Барлық мектептердегі қойған кедергілерден өтіп болсақ, енді өзіміздің мектебімізге барып саяхатымызды аяқтайық.

Мінекей келіп жеттік. Ендеше барлық ұпай санын санап жеңімпаз топты анықтайық.

Бағалау : Сабаққа әр топтан белсене қатысқан оқушыларды бағалаймыз.

Үйге тапсырма: Қайталау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.05.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров102
Номер материала ДБ-069292
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх