Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ тақырыбы: «Сиқырлы суреттер». бала бақша

Ашық сабақ тақырыбы: «Сиқырлы суреттер». бала бақша

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Шу ауданы

Белбасар ауылы, «Балдырған» бала бақшасы Тәрбиеші : Салыхова Э.О.


Мекеменің аты: «Балдырған» балалар бақшасы

Мекен- жайы: Белбасар ауылы. Жамбыл облысы

Тәрбиешінің аты-жөні: Салыхова Э.О.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Көркем әдебиет. Сурет.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Сиқырлы суреттер».

Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармалары арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.

Көрнекілігі: Торғай:, атрибуттар, ертегі суреттері, ақ қағаз, боялар.

Билингвизм:Қоян-заяц, тышқан-мышь, мысық-кот



Оқу іс-әрекет түрі



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті






Мотивациялық- қозғаушылық














Шаттық шеңбері

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.

Иіләп сәлем береміз

Біз ерекше баламыз!

«Ертегілер әлемінде» тақырыбында буклетпен жұмыс (әңгімелеу)

Есік қағылып, топқа достарымен бірге Қызыл телпек жылап кіреді.

  • Қызыл телпек неге жылап жүрсің? Не болды?


Қызыл телпек:

  • Менің апама апара жатырған суреттерім көрінбей, жоқ болып кетті. Енді қайттым?

  • Уайымдама! Біз балалармен бірге бір амалын табамыз. Балалар біз Қызыл телпекке көмектесеміз ғой, иә?




Қимылмен жасайды



Суреттерді әңгімелейді







Иә







Ұйымдастырушылық

-ізденістік

Топқа аузында хаты бар бір торғай ұшып келеді.

- Балалар қараңдаршы, бізге хат келіпті. Бұл хатты сиқыршы жіберіпті.

Хатты алып оқиды

« Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы суреттерді тапсырмаларды орындау арқылы аша аласыңдар. Мен сендерге сенемін. Сендер барлықтарың ақылдысыңдар.Қызыл телпекке көмектерің тиер деп сенемін.»

Кубизм статегиясы арқылы тапсырмаларды орындату (жұмбақ шешу)

1)Диқанның тұқымын

Шашпай тек кетпейді

Қарны тоқ, қайғысы жоқ

Мысық қоса жетпейді.

2)Таңдайлары тақылдап

Шулайтын кім бақылдап

Бірін-бірі мақұлдап.

3)Орғыған қорқақ

Көзі қыли

Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.


4)Ит сияқты пішіні

Ұнатпайды ол кісіні

5)Тауықтар қорқып жасқанған

Қулығы артық басқа аңнан

6)Орманнан жалпақ даладан

Бал іздеп бірақ жортады

Кіп-кішкентай арадан

Үп-үлкен боп қорқады.


Сиқырлы суреттер ашылып, әңгіме жүргізіледі.

-Суретте қандай ертегілер бейнеленген?

-Қызыл телпектің достары кімдер, қай ертегінің кейіпкерлері?

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, Қызыл телпек міне сенің сиқырлы суретің де ашылды. Достарыңмен апаңа апарып бер. Бізден үлкен сәлем айта бар. Сау болыңдар!

Қызыл телпек:

-Үлкен рахмет сендерге. Мен қуана-қуана сәлемдеріңді жеткіземін.Сау болыңдар балалар!






Мұқият тыңдайды









Тышқан



Бақа



Қоян




Қасқыр


Түлкі




Аю




Шұбар тауық, Бауырсақ, Үйшік..







Сау болыңыз!.





Рефлексиялық-түзетушілік


-Ал, балалар осы Қызыл телпектің достары жайында өлең-шумақтар білесіңдер ме? Олар жағымсыз кейіпкер ме, жоқ жағымды кейіпкер ме? Кәне, айта қойыңдаршы.


Елдос: Керілді мысық

Бізге көзін қысып.

Жүгіреді жылдам

Көрінсе оған тышқан.


Нұрай: Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Шығармашылық жұмыс:

«Үйшік» ертегіндегі үйшікті салып бояту.


Психожаттығу: «Үш аю»

Үш аю тұрды орманда

Үш аю тұрды орманда

Таңғы мезгіл болғанда

Жаттығады екен сол маңда.

Кішкентай аю момақай

Құлағы ұзын балақай

Бәрі суға шомылды

Болды бәрі көңілді.

Әкесі де биледі

Анасы да биледі

Екеуіне қосылып

Баласы да биледі.


Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтап оқу іс-әрекетін бекіту.


Сұрақтарға жауап береді





Тақпақтар айтады









Сурет салады



Қосыла отырып, қимылмен жасайды


Күтілетін нәтиже

Біледі: Ертегінің атауларын

Игереді: Қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін Меңгереді: Жақсы қасиеттерді

















































Шу ауданы. Белбасар ауылы

Э.О. Салыхова «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері


Тақырыбы: «Қай топ жүйрік? »


Мақсаты: Спорттық ойындарды ойната отырып, ұжым арасында бір-біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастыру.Спорттық ойындар арқылы көңіл-күйлерін көтеріп, топтасып жұмыс істеу жүйесін жетілдіру. Салауатты өмір салтын ұстану.


Түрі: Эстафеталық ойын.


Көрнекілігі: шарлар, кедергілер, скакалка, т.б.


Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, балалар бүгінгі өзара ұжым арасында өткізгелі отырған «Қай топ жүйрік?» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер!


Әр таңды бақытпен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Қатысушы топтарды шақырамыз.

(әр топ орындарына келіп тұрып, ұрандарын айтады).


1. «Болашақ» тобы

2. «Бәйтерек» тобы


Жүргізуші: Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер.


Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық. 5 адамнан тұрады.

(Әділқазылар мектептен, басқа балабақшадын шақырылды).


Жарысымыздың кезеңдерімен танысайық:


1.Таныстыру. (Екі топ өз командаларын таныстырып, қорғайды).

2. «Ергежейлі» (аяқты жартылай бүгіп жүру).

3. «Кім жылдам?» (скакалкамен секіру).

4. «Жүйрік ат» (шарды екі аяғына қосып секіру).

5. «Шапшаңдық» (доты қолмен соға отырып жүгіру).


Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.


Сайыс кезеңдері ретімен өтіледі. Әр кезеңнен соң ұпайлар есептелінеді.





Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады


-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

(әділқазылардың ұпайларын тыңдау).



Автор
Дата добавления 21.09.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров695
Номер материала ДВ-000432
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх