Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ . Тақырыбы: Сын есім

Ашық сабақ . Тақырыбы: Сын есім


библиотека
материалов

Аркалық қаласы.

Целинный негізгі мектебі

Хамзина Айман Кубландиновна

бастауыш сынып мұғалімі

aiman_khamzina@bk.ru



Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Білімділік: Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөз таптарын атаңдар. Ережелеріне тоқталу, мысал келтіру.






ІІІ. Жаңа сабақ

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді

сын есім дейміз.

Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: әсем, жұмсақ, қызыл, қою, ащы, үлкен

1. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу

2. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Сұрақ бойынша қоянды сипатта

Қоян қайда жүреді? -Қоянның түсі қандай? -Қоянның құлағы қандай? -Қоянның терісі қандай? -Ол неден қорқады?

-Сын есімнің сұрақтарын тап. Ол сұрақтарға жауап беру үшін қандай сын есімдерді қолдандың?

ІV. Сергіту сәті

Шаршадым “Ух” деп,

Ренжідім “Туф” деп,

Қорықтым “Ай” деп

Қуандым “Ха-ха” деп

3. Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу
Тіркескен екі сөзді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

Көгілдір аспан, ашық күн, қызыл гүл, жібек көйлек, асыл тас.

Бұл тіркескен сөздердегі заттың атын және сынын білдіріп тұрған сөздерді ата.



4. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, көшіріп жаз.

Арша ағаштың бір түріне жатады.

Ол ... жерде өседі. Бойы ... болады.

Оның өзіне тән .... иісі бар.

Аршаның ..... қасиеті бар.

Керекті сөздер: емдік, таулы, хош, аласа.

5. 4-жаттығу

Әр зат есімге бірнеше сын есім жаз.

оқушы бөлме мал



ІҮ. Ребус шешуіндегі сөздің сын есім екенін дәлелде.



V. Бекіту .





ҮІ. Үйге тапсырма: Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бастауыш туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

5 – жаттығу. 177 бет

ҮІІ. Бағалау.

Жұлдызшалар арқылы бағалау



Аркалық қаласы.

Целинный негізгі мектебі

Хамзина Айман Кубландиновна

бастауыш сынып мұғалімі

aiman_khamzina@bk.ru



Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер.

Мақсаты: Білу керек: Жануарлардың топтарға бөлінуін;

Істей білу: Жануарлардың бір тобы - бунақденелілерді ажырата білуге үйрену.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткенді пысықтау.

Берілген сөздерді топтарға бөл:

Қасқыр, бақа, тырна, құмырсқа ,түлкі, аққу, жылан,аю, дуадақ,маса, тауық, ара,кесіртке.

Сүтқоректілер:

Қосмекенділер:

Жорғалаушылар

Жәндіктер:

аққу

қасқыр

бақа

жылан

құмырсқа

дуадақ

түлкі



маса

тырна

аю



ара

Түсіндіру. 6 мин.

  1. Жаңа сабақ.

Жер бетінде жануарлар түрі өте көп.Ғалымдардың есептеуі бойынша олардың  2-миллиондай түрі бар. Жануарлар пішініне қарай әр түрлі.Бірі өте үлкен  (піл,кит) болса,енді біреулері(амеба) өте кішкентай.Оны тіпті микроскоппен ғана  көруге болады. Енді біз жануарлардың қандай топтарға бөлінетінін сызба арқылы танысып көрейік.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Жануарлар

Бунақденелілер
Қосмекенділер
Сүтқоректілер
Жорғалаушылар
Құстар
Балықтар.

4. Жұмбақтар шешу.

Ұшқанда өлең айтады,

Қонғанда жер қазады.

Мұны да ойлап көрейік,

Шешуін кім табады? (Қоңыз)

Басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

Жәндіктер. Қалай ойлайсыңдар неліктен оларды «жәндіктер» деп атайды?

Есіңде сақта! Бунақденелілер де жануарларға жатады. Өте ұсақ болғандықтан кейде оларды «жәндіктер» деп атайды.

  1. Жұппен жұмыс: Оқулықтағы кестені толықтыр.

6.Талдаңдар. Бунақденелілердің аяқтарының санап, анықта.Жұппен жұмыс.

Бал арасының аяқ саны –

Құмырсқаның аяқ саны –

Тұжырым жаса:

Бунақденелілердің - ... аяғы болады.

1-нұсқа. Араның денесі неше бөліктен тұратынын анықта: Құрастыру.

2- нұсқа. Құмырсқаның денесі неше бөліктен тұратынын анықта.

Тұжырым жаса: Олардың денесі - ... бөліктен тұрады.

Есіңде сақта!

3 бөліктен тұрады.

Басы, көкірек, құрсақ бөліктен тұрады.

  1. Мәтінмен жұмыс.

Қандай жәндіктерді «еңбекқор» жәндіктер дейміз? Дәлелдеу.

Жәндіктер қайда тіршілік етеді?

Сен аулаңнан қандай бунақденелілерді көрдің?

  1. Кестені толтыр және көршіне дәлелде: Жұппен жұмыс.

Зиянды жәндіктер:



9.Оқы және есіңде сақта:

1. Көбелек гүл шырынымен қоректенеді. Ал оның дернәсәлі - жұлдызқұрт. Ол орамжапырақ, шалқан сияқты өсімдіктердің жапырағымен қоректенеді. Сондықтан олар көкөністерге зиян келтіріп, өнімін азайтады.

2.Бал арасы топтасып тіршілік етеді. Отбасында бір ана – ара, мыңдаған жұмысшы аралар болады. Жаздың аяғында жұмысшы аралар қысқа арнап бал жинайды. Бал арасы денесінің арт жағында шаншары бар.

10.Ой толғаныс.
Семантикалық картамен жұмыс.
Жануарлар

Шыбын, маса--- Бунақденелілер
Бүркіт, түйеқұс-- Құстар
Сазан, шортан--- Балықтар
Бақа, жылан--- Қосмекенділер
Сиыр, түй--- Сүтқоректілер
Жылан, кесіртке—Жорғалаушылар

11. Қорытынды:

  • балалар, біз «әліппе» оқулығынан жақында «Бір уыс мақта» мәтінімен таныстық. Бұл мәтіннің авторы кім еді?

  • Осы мәтінде қыздың анасы қызына қандай ақыл айтады?

«Дүниедегі жаратылған жанды – жансыздардың ешқайсысының да, керексіз болып қалатыны болмайды» - дейді. Бірақ біз зиянды деп барлық жәндіктерді құртуға бола ма?
«Кір жаятын жіп» ойыны арқылы сабақты қорыту. Оқушылар бүгінгі сабақта есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.
12.Топты бағалау, жеке оқушыны бағалау. Үйге тапсырмаберу.











































Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру.

б) Эстетикалық,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі:жыл мезгілдері, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, жеке сюжетті сурет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада,

Ойымызды жинақтап

Отырайық партада.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. (Жыл мезгілінің суретін көрсету)

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Жыл мезгілі.

-Біз қазір қай мезгілді өткізіп жатырмыз?

-Көктем.

-Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгіліне байланысты болады. «Көктем сәні» ертегісін өтеміз.

2. Оқушыларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды.

Енді осы ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы.

-Қандай желек?,-деді Ақбөкен. Жасыл желек.

-Қандай иіс?,-деді Ит. Хош иіс.

-Қандай су?,-деді Қоян. Мөлдір су.

-Қандай аспан?,-деді Түлкі. Ашық аспан.

-Қандай самал?,-деді Бұғы. Салқын самал.

-Біз қандай сөздерге сұрақ қойдық.

-Жасыл, хош, ашық, салқын, мөлдір.

Бұл сөздер көктемнің түрін,иісін,сапасын білдіріп тұрған сөздер.Ендеше бізде мынадай ереже шығады.



3.Сендердің түсінген,түсінбегендеріңді білу үшін мына жаттығуды орындайық.

262-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?

Сарғыш түсті,дөңгелек,

Ортасында дәні бар.

Көрсең егер оны жеп,

Балдай тәтті дәмі бар.

-Мұндағы сөздер сарғыш, дөңгелек, балдай тәтті.

Сарғыш- түрі

Дөңгелек-көлемі

Балдай тәтті-дәмі

4. Сергіту сәті

5. Ойынның аты: «Сиқырлы зат».

  1. .....-аппақ,суық(қар)

  2. .....-түзу,ұзын (ағаш)

  3. .....-жыртқыш, қорқау (қасқыр)

  4. .....-домалақ,тәтті (алма)

6.Шығармашылық диктант

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Айнұр,қызыл,алды,көйлек.

7.Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей

Білімсіз,өнерсіз

Болады ақыл тұл.

Сын есімнің астын сыз, сұрақ қой.

2-деңгей

Төмендегі берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін тап.

Ыстық қар

Тәтті тау

Биік алма

Ақ жаз

3-деңгей

Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз.



ІІІ. Сабақты қорыту. Үйге тапсырма.

Бүгінгі сабақ бойынша оқушыларды бағалау.







Целинный негізгі мектебі

Әдебиеттік оқу

«Бозторғай – дала сәні»

3 сынып



























Өткізген: Хамзина Айман Кубландиновна













Сабақтың тақырыбы: «Бозторғай-дала сәні»

Сабақ мақсаты: Білімдік: мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылықтарын арттыру; Дамутышылық: өз бетімен ізденуге, ойлауға мүмкіндік беру. Тәрбиелік: құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, кіріспе сөз.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  • Психологиялық дайындық:

- Балалар, қазір бізде әдебиет сабағы. Біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Бозторғай-дала сәні».

- Балалар, бүгін біз мәтінмен жұмыс жасаймыз, сұрақтарға жауап береміз, жазбаша жұмыстар жасаймыз.

ІІ.Жаңа сабақ:

1.- Балалар, құстардың қандай түрлері болады? Иә, ендеше солардың ішінде Бозторғай туралы өтеміз.

2. Кіріспе әңгіме: Бозторғай суреті (мұғалім сөзі)

Құс-табиғат, өмір көркі. ...Ертеде байлар мен патшалар, хандар бағында бұлбұл сайратып, үйінде тоты ұстаған, көлінде аққу жүздіртіп, қолына сұңқар қондырған. Боз даланың бозала таңынан шырылдап әнге басар құсы – бозторғай. Бозторғай өзі кішкене ғана, бір-ақ уыс. Салмағы болса 15-тен 70 граммға дейін болады екен. Олардың көптеген түрлері бар, жоқ дегенде 70 тен аса түрі бар. Ал біздің Қазақстанымызда 13 түрі бар. Қазір балалар, оқулықтың 65 бетін ашыңыздар. Мәтінмен жұмыс жасаймыз.

3.Абзацтарға бөліп оқу.

Мәтін бойынша сұрақтар қою: (2-3 сұрақ)

1. Бозторғай үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

2. Бозторғайдың қанша түрі бар?

3. Бозторғайдың қанша түрі Қазақстанда мекендейді?

- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.


- Балалар, бозторғай дала құсы. Құстар тағы қандай топтарға бөлінеді? (үй құстары және дала құстары)

- Қандай үй құстарын білесіңдер?

- Қандай дала құстарын білесіңдер?


- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.


4.Сергіту.

Қане қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып, ұшып алған соң

Орнымызға қонайық.


5.- Енді балалар, Вен диаграммасын толтырып көрейік.

Үй құстары Дала құстары

Адамдар тамақтандырады құс Өздері тамақтанады

Етін жейді ұшады Етін жемейді

Қыстайды жұмыртқа Жылы жаққа кетеді

балапан




- Жарайсыңдар балалар, міне бізде Вен диаграммасы шықты. Өте жақсы.

6. Жұмбақтарды шешейік.

1ші жұмбақ- аққу

2ші жмбақт- үкі

- Жарайсыңдар, өте жақсы. Осы құстар туралы не білесіңдер?

(сипаттама беру, тақпақ, жұмбақ айту)

7.- Балалар, мына жазуларды бәріміз бірге оқып шығайық.





Неге құстардың ұясын бұзуға болмайды?

Неге құстарды біздің досымыз деп айтамыз?

Неліктен құстарды орман дәрігерлері деп айтамыз?

-Жарайсыңдар балалар. Өте жақсы.





  1. Мәтін бойынша класстер құрастыру.











  1. Қорытынды: Міне балалар, бүгін біз сабақта бозторғай туралы мәліметтер алдық. Бозторғайлардың көптеген түрлері бар екен, олар өздері кішкентай ғана болады.

Құстар біздің досымыз, біз құстарға қамқор боламыз, ұяларын бұзбаймыз. Осы нақыл сөздерді әрқашанда ұстанып жүреміз, солай ма? Жарайсыңдар!

  1. Үйге тапсырма: Тағы қандай құстарды білесіңдер, солар туралы мәліметтер жинап, дәптерлеріңе жазып келесіңдер. Сондай-ақ, әркім құстар туралы бір жұмбақ жазып келіңдер. Келесі сабақта құстар туралы оқып, жұмбақтарды бірге шешеміз.

  2. Бағалау.




























Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-029211

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG