Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ тақырыбы: «Сөйлем. Геолог»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ тақырыбы: «Сөйлем. Геолог»

библиотека
материалов



2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Геолог

Сабақтың мақсаты:

а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау. Геолог –ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен таныстыру.

ә) Оқушыларды Әбубәкір Қайрановтың өлеңімен таныстыру, түсінік беру, өлеңнің мазмұнын ашып, талдау жұмыстарын жүргізу.

б) Оқу дағдысын дамыта отырып, қазба байлықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Қаныш Сатпаев суреті,

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындау.

Түстер арқылы топқа бөлу. Темір. Алтын. Тұз. Көмір.(оқушылар осы пайдалы қазбалар жайлы білетінін айтып өтеді)

Психологиялық дайындық: Дайынбыз біз бәріне,

Үйренеміз әлі де.

II. Үй тапсырмасын сұрау: «Суретші аға Қастеев» жатқа сұрау.

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: 

  1. Сөйлем неден құралады?

  2. Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

  3. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

ІV. Жаңа сабақ:

Сөзжұмбақ шешу.

Ж

А

Б

А

Е

В

О


Н

К

Ү

Л


Ә

Ш

Ш


О

Қ

А

Н

Д

Ә

Р

І

Г


Е

Р

  1. Бейбітшілік құсы.

  2. Жыр алыбы, жүз жасаған ақынның тегі кім?

  3. Ең кіші екі таңбалы сан.

  4. «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші кім?

  5. «Бала Шоқан» әңгімесінің басты кейіпкерін айт.

  6. Ауырғанда емдейтін маман.

Балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма? Ол қандай

мамандық иесі?

Геолог- қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.

Бүгінгі сабағымызда біз геолог ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевпен танысамыз. (видеоролик көрсету)

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (12 сәуір 1899 жылыБаянауыл ауданы, Павлодар облысында дүниеге келген -1964 жылы, 31 қаңтар Мәскеу қаласында дүниеден озған) - геолог ғалым, профессор, академик.

Қаныш Сәтбаев атында

  • Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты,

  • Сәтбаев қаласы

  • Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

  • Сәтбаевтың мұздығы

  • Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы,

  • «Алатау» шыңы

  • Сәтбаев көшесі (Алматы)

  • Сәтбаев көшесі (Астана)

Геология  жер құрылысы мен қабатын, оның тарихын зерттейтін және ондағы пайдалы кендерді табудың әдісі туралы ғылым.

Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады. (алтын, мұнай, газ, тас көмір, мыс, темір, тұз)

- Қазба байлықтар не үшін қажет?

Пайдалы қазбаның түрлері:
1. Газ 2. Қатты 3. Сұйық
Пайдалы қазбаның қасиеттері:
Жанғыш - Жылу бөледі; Отын ретінде пайдаланылады;
Оларға: Көмір, мұнай, газ (жанармай, жағармай, жермай)
 
Кенсіз - Құрамында металл болады; Қатты;
Оларға: Темір, алюминий, мыс, қорғасын, т. б.
Кенді - Құрамында металл болмайды;
Оларға: Тұздар, мәрмәр, гранит, әктас, құм, саз, т. б.


Оқулықпен жұмыс.

Сабағымызда біз Әбубәкір Қайнаровтың «Геолог» деген өлеңімен танысамыз. (Мұғалім мәнерлеп оқып береді. Сөздік жұмысын жүргізеді)

Геолог

Біздің Отан жеріндей

Жер жоқ, кеннің бәрі бар,

Іздеп соны ерінбей,

Геологтер сабылар.

Асыл іздеу – азап бұл,

Шарлап тау мен даланы.

Ақырында ғажап бір

Кеннің көзін табады.

Түлетеді жондарды,

Жаңартады дала үстін.

Біз білеміз оларды

Ұрпағы деп Қаныштың.

(Оқушыларға тізбектей оқыту)

Сергіту сәті.

Доп лақтыру арқылы сұрақтар кою. (Оқушы сұрақ жауабын білмеген жағдайда келесі топтың оқушысына допты лақтырады).

Дәптермен жұмыс.

Сәуірдің он сегізі

Сынып жұмысы

Көркем жазу

Ққ

157-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдер.

Дала қандай тамаша! Гүлдер неткен әсем. Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе? Біз мектепке бардық.

Шығармашылық тапсырма.

1-тапсырма. (Адасқан сөздер. Мұнда сөздердің орны ауыстырылған, оқушылар орнына қойып сөйлем құрайды)

1-топ

  1. Қыз, Айман, сұлу.

  2. Мектепке, кеше, бардым, мен.

2-топ:

1. Сүйікті, ана, тілі, пәнім, менің.

2. Көктем, көңілді, қандай.

3-топ:

  1. Жауды, қалың, қар, ма.

  2. Мезгілі, маған, жаз, ұнайды.

4-топ:

  1. Үздік, мен, оқушымын.

  2. Тамаша, айтқан, ән.

2-тапсырма.

(Мұғалім, дәрігер, тәртіп сақшысы, аспазшы суреттері беріледі. Ауызша сөйлем құрау.)

V. Қорытынды: Қандай маман иесі болғыларың келеді?

VI. Үйге тапсырма : «Геолог» өлеңін мәнерлеп оқу

VII. Бағалау.

Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров49
Номер материала ДБ-073957
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх