Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ашық сабақ тақырыбы: " Тың игеру"

Ашық сабақ тақырыбы: " Тың игеру"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_1663f9b3.gifСабақтың тақырыбы: Тың игеру

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасай отырып, « тың игеру» тақырыбын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың алған білімін одан әрі жетілдіре отырып, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып еңбек адамдарының ерлік істерін дәріптей отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап

Көрнекілік: Тың және тыңайған жер туралы слайд,кластер

І. Ұйымдастыру

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Тақырыпты ашу.Қызығушылықты  ояту.

С. Мәуленовтың  «Дала  дәптерінен»  үзінді  оқылады.

Көнбей  адам  ырқына

Жаңа  атқан  тың  дала

Жаңа  совхоз  жұртында

Жалғыз  шатыр

Бір  қада.

Боран

Боран

Бұрқыраған

Бастырмайды бір қадам.

Қарды аспан диірмені

Бұрқыратып ұнтаған

Күресіңді күрт бұзып,

Жел күреді сапырып

Көкте ойнады бұлт жүзіп

Найзағайы атылып.

Жалғыз шатыр

Бір қада-

Кіші-гірім бір қала



2.Бағалау парағы

3.Кластер.Тың және тыңайған жерлер.(3 топқа беріледі.)

4. «Түртіп алу» стратегиясы

Осы сабақ барысында кездескен, бірақ сіз түсінбеген жаңа сөздерді, ұғымдарды өзіңіз белгілеп отырыңыз, «білемін», яғни +; «білмеймін», яғни -; қойып. Кейін сіздер бір-бірлеріңізге бұл сөздерді түсіндіресіздер, егер ешқайсыларыңыз білмеген жағдайда мен түсіндіремін.

-Мысалы: сабағымыздың тақырыбы сіздерге түсінікті ме?

-Тың жерлер деп ғасырлар бойы жыртылмаған, ал тыңайған жер деп жыртылған, бірақ, бірнеше жылдар бойы пайдаланбай жатқан жерлерді айтамыз.



б)Экология–табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы. 

в)Демография- халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді.

г)Эрозия- қандай да бір нәрсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үрдісі.

5.Мәтін оқу.(5 минут)

6. Мұғалімнің сөзі.(5 минут) Тың трагедиясын ешқашан ұмытуға болмайды.  Өйткені далам жыртылды, тілім қырқылды!

Бұған себеп болған не? Айталық: 1950-ші жылдардың басында 10 миллион адам Кеңестің түрмесінен босап шықты. Оларды жұмыспен қамту аса қиындық туғызды. Оның үстіне көбі басбұзар, қылмыскер болатын. Осыларды «Тың игеру» деген желеумен қазақ жеріне түгелдей аттандырды. Аз уақыттың ішінде 1,5 миллион адамды қаңбақша айдап әкелді. Соның салдарынан 1959 жылы халқымыз қарашаңырақ, атамекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай қалды.
Сол жылдары Қазақстанға келген Бас хатшы Н.Хрущев Жалтыр стансасында күллі тыңгерлер алдында сөз сөйлеп былай деген: «…жергілікті халықтан үміт күтпеңдер. Қазақтар жаратылысында тоғышар, жалқау халық. Мына жердің иесі олар емес, сендерсіңдер. Өз жерлеріңе ие болыңдар!» деп тыңгерлерді еліртті.Ондай қорлыққа шыдай алмаған ағаларымыз жер-жерлерде қарсы шығып, бой көрсеткендерін, мәселен Ақмола базарыньң ішінде үлкен ақсақалдарымыз шананың жетегін қару қылып сілтей жапырғандығы туралы айтылады.
Қысқасы декабристердің өкілі П.И.Пестель «Русская правда» басылымында: «…барша бұратана халықтардың басын құрап, бір ғана орыс тілді халық жасап, барлық елді мекендердің аты орысша қойылуы керек» деп жазғанын тың игеру кезінде солтүстік қазақтары бастан кешірді.
Бірнеше жылдың ішінде – Минский, Московский, Одесский, Шуйский, Сочинский, Армавирский, Киевский, Самарский… дейтін жаңа ауылдар саңырауқұлақтай қаптап кетті. Тек Ақмола маңындағы елді мекендер: Көктал – Киров, Қостомар — Херсон, Нұралы — Павловкаға айналды. Бұрыннан келе жатқан Ерейментау өңіріндегі қазақ ауылдар – Бұжық, Кіші Майлан, Жаңауыл, Ортақшыл т.б-дың ойран-топыры шығып, жермен-жексен болды. Бұл жерде қазақ ауылдары жойылумен тынған жоқ, қазақ орта мектептері қоса жабылды. Мысалы, Астрахан ауданының Қоскөл, Шілікті, Қаратүбек ауылдарындағы қазақ орта мектептері «жергілікті халықтардың өтініші бойынша» деген желеумен орыс орта мектебіне айналды. Шалғай ауылдардағы қазақ балалары орыс орта мектептерінің интернатында жатып оқып, ұлттық салты мен дәстүрінен ажырай бастады.Келімсек тыңгерлер ішіндегі шовинист шенеуніктердің қысастығының өзі мың батпан жүк. Олар ұлтының қамын ойлап, жоғын жоқтаған Ғарифолла Амансүгіров, Хамида Тұрысбеков сияқты азаматтардың басына әңгір таяқ ойнатып, жұмыстан қуып, ұлтшыл деген айдар тақты. Қызметке орналаса алмайтындай дәрежеге жеткізді.
Тың игерудің қазаққа әкелген зардабын айтып тауысу мүмкін емес. Қаншама миллиондаған гектар алқап әумесерлікпен жыртылып, шаңы аспанға шығарылды. Осынау берекесіздіктің кесірінен жеріміздің құнарлығы 20-25 пайызға дейін құлдырап кетті. Қаншама гектар жер жарамсыз болып, арам шөп басты. Арқаның байырғы бозы мен бидайығын қалпына келтіру үшін алда 30-40 жылдай уақыт керек. Бақытымызға қарай егемен ел болдық. Тәуелсіздіктің арқасында енді тездетіп етек-жеңімізді жиып алуымыз керек. Заман бір орнында тұрмайды.  Аждаһадай жылжып жаһандану келеді. Оның соңынан құр далақтап, еріп  бермей, ел болып, халық болып ұлттық бейнемізді сақтап қалудың қамына кірісуіміз шарт. Әрбір қазақстандықты қазақ тілінде сөйлетуіміз керек. Б
ұл іс қазақпын деп туған, жер басып жүрген әрбір азаматқа парыз.







7«Редакторлық өңдеу» стратегиясы.

Керекті әріптермен толықтырып жаз.


р



и


Эрозия - қандай да бір нәрсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үрдісі.

Д


м







я

Демография- халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді.


к

о



г



Экология–табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы. 

8Математикалық ойын.


І топ.

1. 400х4+347=1947 (карточкалық жүй жойылды)

2. 800х2+339=1939(екінші дүниежүзілік соғыс)

3. 3800/2+91= 1991 (Тәуелсіздік жылдары)

ІІ топ.

500х3+454=1954 (тың игеру жыл)

1016х2-100=1932 ( ашаршылық басталды

500х3+445=1945 ( Ұлы Отан соғысы аяқталды)

ІІІ топ.

400х4+337=1937 (репрессия жылдары)

2882/2+500=1941 ( Ұлы Отан соғысы басталды )

980х2+1=1961 (Ю.Гагарин ғарышқа ұшты)

9.Ақылдының алты қақпағы.1топ-Сары қалпақ жағымды жағын айтады.

2 топ- Қара қалпақ жағымсыз жағын айтады.

3 топ-Көк қалпақ қорытындылайды.

10. «Топтастыру» стратегиясы.

Тақырыптық сөздік қор Жалпы сөздік қор

Колхоздар мен совхоздар құру.

1954 жыл.

Ұлы Отан соғысы

1991жыл.

Тың игеру

Әскери коммунизм

Топырақ эрозиясы

Н.С.Хрущев








11.Бағалау.

12.Рефлексия, «Екі жұлдыз бір тілек»

13.Үйге тапсырма.эссе жазу.





Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДВ-276153
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх