Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ. Тақырыбы:Абай Құнанбаев."Сабырсыз,арсыз, еріншек" (4 сынып)

Ашық сабақ. Тақырыбы:Абай Құнанбаев."Сабырсыз,арсыз, еріншек" (4 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев « Сабырсыз, арсыз, еріншек»
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу

Білімділік:Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясына ашуға үйрету.
Дамытушылық: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
Тәрбиелілік:Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, қима қағаздар, плакат,ақын портреті,кітаптар

Пән-аралық байланысы: қазақ тілі,математика,музыка, дүниетану


Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру

-Шаттық шеңберін құру.

Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)
-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық:
Жүрекше соңында мұғалімнің қолына қайтып келеді.
- Осындай жүрекке жылы тиер жұмсақ сөздермен өз - өзімізге деген сүйіспеншілігіміз бен сенімімізді арттыра отырып сабағымызды бастайық.

II.Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік?
- Әңгіме кім туралы?
- Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік.Ол үшін «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексерейік.

«Ыстық орындық әдісі»

1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?
5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?
6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
Қызығушылығын ояту:

Үнтаспадан Абайдың әнін тыңдату
- Балалар мынау қандай ән? Кімнің әні?

Топ аттарын табу

-Балалар ілініп тұрған дөңгелекшенің біреуін таңдап,онда жасырылған сөзді тауып көрелік. Сызық бағытымен 2 әріп тастап отырып оқысақ, бір сөз шығады,сол сөз тобымыздың атын құруға негіз болады.
-Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»- деген үзінді аталарыңның қай өлеңінен алынған?
- Осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі кімнің есінде? Кім жатқа оқып бере алады?
ІІI.Жаңа сабақ
1. Абай әлеміне саяхат
- Енді Абай әлеміне аздап саяхат жасап көрейік. Әуелі электронды кітапханаға құлақ түрейік.
Электронды оқулықтан Абай туралы мәлімет тыңдату.
- Өткен сабақта Гүлназға Абай өмірінен ізденіс жұмысын тапсырған болатынмын. Қане, назар аударайық(Гүлназ слайдпен айтып шығады.)
2. Жаңа тақырыпты хабарлау, мақсатын қою.
- Жарайсың,Гүлназ! Олай болса, бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз.
3. Мәтінді таныстыру «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім тақтадан оқып беремін.
- Балалар, енді тақтаға көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр?
Оқушылардың атаған сөздерін мұқият тыңдап, «алтын сандықты» ортаға шығарамын:
- Бұл сөздердің мағынасын алтын сандықтан іздеп көрейік.
4. Сөздік жұмысы
Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз.
Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан.
Мысалы: Тышқан мен мысық қашаннан алауыз болатын.
Күндейді – қызғанады.
Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді.
Мысалы: – Бірге жүрген достарын күндеген, көпшіліктен шеткері қалады.
Мертігеді - бір жері шығады, сынады
Мысалы: Өзі оңбай мертікті.
Міндейді - мін тағады, жамандайды
Мысалы: Тәрбиесіз жан досын да міндейді.
5. Оқулықпен жұмыс
Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту
6. Өлеңнің идеясын ашу
- Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті,
ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
- Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез құлықтары
- Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?

 

- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
- Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы.
7. Топтық жұмыс

- Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - тапсырма
І - топ: - Абай атаның осы екі шығармасынан адам бойындағы жағымды және жағымсыз мінез - құлықтарды жіктеп жазып, кестеге түсіріңдер(ватманға орындайды):
АДАМНЫҢ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТАРЫ
Жағымды
Жағымсыз
ІІ - топ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» шығармасына кешенді - сатылай талдау жасаңдар (ватманға орындайды):
Шығарманың авторы:
Шығарманың тақырыбы:
Жанры:
Негізгі идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
ІІІ - топ: Абай кім? деген сұрақ аясында Абай атамызды топтастырайық.

IV-топ:Абай ата, оның біз білетін шығармалары туралы келесі топтарға сұрақ дайындаңдар.
Екі топ жұмыстарын қорғайды, үшінші топ оларға сұрақ қояды.

Сергіту сәтін өткізу. (Желсіз түнде жарық ай әнін орындайды)
2 - тапсырма
- Міне, сендер мәтінмен жұмыс жасап болдыңдар, енді түйгендеріңнен ой қорытындысын жасау үшін шағын пікірталас жасап көрейік:
Пікірталас деген – берілген тақырып бойынша өз пікірімізді ортаға салу және сол пікірін өзгелерге дәлелдеу. Қанша адам қатысса, сонша пікір болуы мүмкін.
Пікірталастың тәртібі:
Кезектесіп сөйлеу.
Бірін - бірі тыңдай білу.
Сөйлеушінің сөзін бөлмеу.
Бірін - бірі сыйлау.(арына, намысына тиетін артық сөз қолданбау).
Пікірталас сұрақтары:
- Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?
- Адамгершіліктің өлшемі бола ма? Қандай адамды адамгершілігі мол адам дей аламыз?
- Адамгершілік қайдан «пайда болады»?
- Өз достарыңның бойынан адамгершілікке тән қандай белгілерді байқап жүрсің? Әлде керісінше қылықтар байқағандарың бар ма?
ІV. Сабақты бекіту.
- Абай рухы - туған тілдің тірегі.
Абай рухы - қазағымның жүрегі.
Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,
Намысыңды қамшыласын үнемі.- деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе «Мен бүгінгі сабақта нені үйрендім?» "Не қызық болды?»»сұрақтарына жауап берейік.(стикерлерге жазып,алма ағашына жапсырады)

V.Үйге тапсырма:

-3-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығынан Абай өлеңдерінің аттарын тауып жазу.

-Өлеңді жаттау

VI.Бағалау.

-Сабаққа белсене араласқан балаларды бағалау

VII.Мадақтау

Сабаққа белсене араласқан балаларды мадақтау.

 - Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Тақырыбы:Абай Құнанбаев."Сабырсыз,арсыз, еріншек" (4 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2016 4318
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Давлетова Нурайна Жакеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Давлетова Нурайна Жакеновна
    Давлетова Нурайна Жакеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 54551
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов