Инфоурок Начальные классы ПрезентацииАшық сабақ. Такырыбы: "Ауа-райы"

Ашық сабақ. Такырыбы: "Ауа-райы"

Скачать материал


Сабақтың тақырыбы: Ауа –райы


Сабақтың мақсаты:

1.Ауа-райын болжайтын орталықтармен таныса отырып, бақылай

білуге үйрету.

2.Табиғатты тани білуге, табиғатты сүюге бағалай білуге тәрбиелеу.

3.Ойлау қабілеттерін, оқушылардың мәнерлі әңгімелеу дағдыларын

арттыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, шартты белгілер, жұмбақтар.


Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, еңбекке баулу, музыка


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды түгелдеу)

ІІ. Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Құрматпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн.

Күліп шықты күн бүгін.

Мерекелі осы күн.

(қолдарына жапырақ ұстап бір-біріне тілек айту)

  • Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп қатысқалы отыр. Сабаққа қатысымызды білгісі келеді.


Ойын: «Жапырақ теру»


Жаңа сабақ: Ауа-райы.

(компьютер арқылы ауа-райы турыла айтып, көрсетілді)

Сонымен ауа-райы дегеніміз- жердің белгілі бір уақыттағы ауа температурасы, бұлттылық, жел, жауын-шашынның жай-күйі.

Біз ауа-райы туралы мәліметтерді қайдан аламыз? (теледидар, радио)

Ал теледидар мен радио қайдан алады?

  • Балалар, ауа-райын болжайтын станциялар болады. Оны метеорологиялық станциялар деп атайды.

Метеорологиялық станциялар мәліметтерді аспандағы жер серіктері (спутниктерден алады)

Ауа-райын алдын -ала болжау ұшқыштарға, теңізшілерге, көлік жүргізушілерге және жалпы адамдарға қажет. Ауа температурасы термометрмен өлшенеді. Термометр грекше термо –«жылу» метр – «өлшеймін» деген сөзден шыққан. Термометрдің ішіне боялған сұйықтық құйылған түтікше орнатылған. Ол жоғары-төмен жылжи отырып, ауа температурасын көрсетеді. Салқын мен жылының шекарасы термометрдің ішінде 0 градуспен белгіленген. (компьютермен жұмыс)

Ауа-райын табиғатымыздағы жан-жануар, құстар арқылы да білуге болады.

Мыс:

1) Қарлығаш жер бауырлап ұшса ,жаңбыр болады.

2) Қоян жатар орнын жоғары салса, ауа-райы бұзылады.

3) Қарға тұмсығының астына жасырса, күн суытады.

4) Мысық қаьырғаны тырналаса, ауа-райы бұзылады,

бұйығып жатса, аяз болады.

5) Аспанда жұлдыздар жиі болса, жазда ыстық, қыста аяз болады.

6) Егер қыста жел болмаса да түтін жер бауырлап шықса, қар жауады,

ал түтін тік шықса, аяз түседі.


Сергіту жаттығулары.


Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.


Жұмбақтар.

1. Түсі бар көрінбейтін,

Біртұтас көрінбейтін.

Тынысы ол тіршіліктің,

Ешқашан көрінбейтін. (ауа)

2.Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады. (қар)

3.Төгілген жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта –ақ. (бұршақ)

4.Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. (ай мен жұлдыздар)

5.Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып. (бұлт)


Сабақты қорытындылау.


«Құс керуені» ойыны.

(құстар суреттерінің артына сұрақтар жазылады)

1.Ауа-райы дегеніміз не?


2.Ауа-райын қандай құралмен өлшейді?


3.Халықтық болжамдар туралы айту.


4.Тіршілікке қажетті 5 жағдайды ата.


5. +10º, - 15º нені білдіреді?



Оқушыларды бағалау.


Сабақ аяқталды.













































Аты – жөні : Ергалиева Батима Каленовна


Туған күні, айы,жылы: 27.01.1962


Жұмыс орны: Еңбекші НЖББМ


Атқаратын қызметі: бастауыш сынып мұғалімі


Білімі: арнаулы орта


Еңбек өтілі: 33 жыл


Санаты: І


Әдістемелік тақырыбы: Жаңа технологиялар негізінде әр пәнді

халықтық педагогикаға байланыстыра

ұйымдастыру.






















2015 жыл Ақжайық аудандық білім бөлімі әдістеме кабинетінің сараптама комиссиясы кеңесінде қаралды.



Хаттама №


« « қыркүйек 2015 ж


Батыс Қазақстан аудандық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.












Құрастырушы: Ергалиева Батима Каленовна


Пікір жазған: Кубашева К.З. Жаңабұлақ ЖОББМ.

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі


Математика пәнінен танымдық есептер жинағы (қазақ халқының есептері, экологиялық мазмұнды есептер) аудан көлемінде бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақта пайдалануға көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

Шығарылымға жауапты:

Ақжайық аудандық білім бөлімі әдістеме кабинет

меңгерушісі Сапаргалиева А.К.




Еңбекші негізгі жалпы білім беретін мектебі

2015ж. қазан


Хаттама №2 (суырма)

Қатысуға тиіс: 5

Қатысқаны: 5

Күн тәртібінде:

4.Бастауыш сынып мұғалімдері Б.Ергалиеваның математика пәнінен танымдық есептер жинағы талданып, аудан көлеміне таратуға ұсыну.

Тыңдалды:

Сөйлеушілер:

Досмуханова К.- бастауыш сынып мұғалімі.

Бастауыш сынып мұғалімі Б.Ергалиеваның бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал танымдық есептер жинағын талдай отырып, аудан көлеміне таратуға ұсынуды қолдаймын.


Туякова Г.И. - бастауыш сынып мұғалімі.

Бастауыш сынып мұғалімі Б.Ергалиеваның аудан көлеміне ұсынып отырған танымдық есептер жинағы мұғалімдерге сабақ барысында қолдануға қажет және көмекші болады . Аудан көлемінде таратуға қарсылығым жоқ.


Аязбаева Б.С. - Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып мұғалімі Б.Ергалиеваның танымдық есептер жинағы , соның ішінде қазақ халқының есептері, экологиялық мазмұнды есептер сабақ барысында қолдануға тиімді әрі оқушылар үшін қызықты болады. Аудан көлемінде таратуға ұсынамын.












Қаулы:


Бастауыш сынып әдістемелік пәндер бірлестігінің мүшелері математика пәнінен 1-4 сыныптарға арналған танымдық есептер жинағын

мұғалімдерге көмекші ретінде пайдалануға аудан көлемінде таратуға аудандық білім бөліміне ұсынылсын.





Әдістеме бірлестік төрайымы: К.Досмуханова

Хатшы: Б.Аязбаева














Қазақ халқының есептері



  • Жыл қайыру.

  • Нешедесің! – деді ақсақалға жігіт ағасы.

  • 4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші.

Тәттімбет нешеде?

Дананың сөзі –асыл тас.

  • Шынжыр.

Шынжырдың алты буыны бар. Иесі оны күніне бір-бір буын қосып басқаға беретін болып шешім қабылдады. Шынжырдың қай буынынан кессе, осылай істей алады?

  • Ғалымның хаты қалар.

Әл – Құсшы да көкке көз тігіп, көңілдегісін ақ қағазға қауырсын қаламмен түсірген ұлы аталарымыздың бірі.

Бірде оған шәкірт келіп:

  • Ғұлама! Есепші де ел көркі. Ақылды жылдығын, ақылсыз күндігін ойлайды.

Ертеңгісін жаңбыр жауса, онда кешкісін ашық, ал кешкісін жаңбыр жауса, онда ертеңгісін ашық болатынын біраз уақыттан бері байқадым. Небәрі 9 жаңбырлы күнде 6 рет ашық кешті және 7 рет ертеңгілікті есепке алдым. Ол туралы не айтасың? – деді.

- Ғұлама:

- Уақыттың осы мезгілі неше күнді қамтиды дейсің ғой? Өрімтал ұл – қызым:

Ай қорланса – арбаңды сайла,

Күн қорланса – күркеңді сайла.

  • Мұра бөлісу.

Әл – Жауһари әкесінен мынадай есеп естіпті.

19 түйені үш ұлына әкесі мұраға қалдырыпты. Әке өсиеті бойынша үлкені -оның жартысын, ортаншысы – ширегін, ал кенжесі – барлық түйенің бестен бірін алуы тиіс. Әкесі дүние салған соң ұлдары мұны бөлісе алмай әуре – сарсаңға түсті. Ақыл сұрап көпті көрген қартқа барды. Сәл ойланған соң, ол ағайындыларға көмектесті. Түйені қалай бөлісуге болады?

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


  • Еншілес жігіттер ешкілері.

Ағайынды үш жігіттің он – оннан 30 ешкісі бар. Кенжесінің 10 ешкісі 10 лақ, ортаншысының 10 ешкісі екі еннен 20 лақ, ал үлкенінің 10 ешкісі үш еннен 30 лақ туады.Үш жігіт ешкілер мен лақтарды тең етіп бөліп алуды ұйғарды. Лақтарды енесінен айыруға болмайтын болса, қалай бөлеміз?

Бірлік, бірлік түбі -тірлік.


  • Енші беру.

Бірінші әке баласына 150 қой, екінші әке баласына 100 қой бөліп берді. Сонда екі баланың өз әкелерінен алған барлық қойларының саны – 150. Қалай-қалай өзі, басым қатып кетті ғой.

Аптықпаңыз, сабыр түбі – сары алтын.

Ой ойласаң, кең ойла.

Екі жағын тең ойла.

  • Қораға қамалған қой.

99 қой 15 қораға қамалды. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады?

Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

  • Балық есебі.

Балықтың ұзындығы 30 қарыс. Басының тұрқы құйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының ұзындығының қосындысы қара кесек етінің ұзындығына тең болар еді. Балық басының, құйрығының және қара етінің ұзындығын табу керек.

Балық жеген тоқ болар, әл – дәрмені жоқ болар.

Балық торсылдағы не үшін керек?

  • Отау шығару.

ХІХ ғасырдың басында Шымкент облысында жерді пайдалануда оған деген иеліктің екі түрі болды. Бұлар жеке иеліктегі және қауымдық жерлер. Соның бірі тек суармалы жерлердегі мұрагерлік , яғни жерді жек шыққан отау иесіне бөліп беру. Межесін белгілемей 20 батпан жерге бес аула орналасқан. Осы бес үй біріге отырып, жеке отау болып шыққан жастарға жер бөліп беруі керек. Олар жерді қалай кесіп береді?

Бұл есепті бізге Болаттемір Әмірұлы 1993 жылы жеткізді.

  • Қосақташы абайлап.

Сары бала ұрыншақ,

Қозы, қоймен құлыншақ.

Ажыратып түлікті,

Ата-бабаң біліпті.

Бота, інген,тарпақтар,

Үлек, мая, қоспақ,нар.

Бұзау, сиыр,тай,тайлақ,

Қосақташы абайлап.

  • Торғай нешеу?

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді.

Үшеуі қатар жарысқан,

Тізіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер?

  • Жүз қаз есебі.

Келеді ұшып бір топ қаз,

Суалып көлі болып саз.

Ескі жерге оралмақ,

Мұны білмей жалғыз қаз.

-Есенсіз бе, жүз қаз,

Деді келіп бір қаз.

Мойнын бұрып бастаушы,

Білдірді оған былай наз:

  • Топқа тағы осындай

Жетпей тұр ғой қосылмай.

Оның және ширегі,

Болсын жарты керегі.

Өзің жалғыз кезіккен,

Қосыларын сезіп пе ем?!

Бәрін бірге жинайық,

«Жүз» атауын сайлайық,

Қанша едік баста біз?

Деп сізді де қинайық.



  • Атасы мен немерелері.

Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бөліп бергісі келді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу?

Ағаш жапырағымен сәнді.

Жауаптары:

  • Жыл қайыру.

Тәттімбет күйші төрт жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни 49+2=51-ге қарап тұр.

  • Шынжыр.

Үшінші буыннан кессе жетеді.

Шынжыр туралы мына есептерді Жұбанияз ұста ұсынады:

Әрқайсысы екі буыннан тұратын шынжырдың бес бөлігі бар. Олар өте жуан темірден соғылған. Әрбір буынды кесу үшін 1 сағат уақыт кетсе, оны қайтадан пісіріп біріктіру үшін 1 сағат уақыт кетеді. Барлық буынды біріктіріп бір ұзын шынжыр жасау үшін, қалай 8 сағаттан аз уақыт жұмсауға болады?

  • Ғалымның хаты қалар.

11 күнді қамтиды.

  • Мұра бөлісу.

Үлкеніне 10, ортаншысына 5, ал кенжесіне 4 түйе берді.

Шешуі: Әл –Жауһари есепті былай шығарады. Барлық түйе айтқандай бөлінбейтіндігін түсінген ол, өзінің бір түйесін қосты да барлығын 20 жасады. Сөйтті де 20-ның жартысын 10 түйені үлкеніне, 20-ның ширегі 5 түйені ортаншысына, 20-ның 5 –тен бірі 4 түйені кенжесіне берді. Қалған бір түйені өзі қайтарып алды.

Әрине математикалық дәлдігі жағынан қате, өйткені 10+5+4=19 19=20

  • Еншілес жігіттер ешкілері.

Кішісі – жалқы лақта 2 ешкі, үш енді 2 ешкі, ортаншысы мен үлкені – жалқы лақты 4 ешкі, қос лақты қос ешкі, үш лақты 4 ешкіден алды.

Енді «Ешкілі жігіт» есебін шығарып көрші.

Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп, ірілі-уақыт біраз ешкі жинап алыпты. Бұлардың үлкен ешкілерінен тушасы 2 есе, ал шыбыштары 3 есе көп болыпты. Жігіт




қыс бойы осы ешкілерін көзінің қарашығындай бағып шығады. Көктемде шыбыштары – жалқы, тушалары –егізден, ал сақа ешкілері –үш еннен лақтайды. Сөйтіп жігіттің ешкісінің ұзын саны -64-ке жетеді. Баста қанша шыбыш, қанша тушы, қанша сақа ешкілері болды?

  • Енші беру.

Енші беру ата-абал және немере арасында өткен.

Әке баласына 150 қой, ал баласы өз баласына алған қойының 100-ін бергендіктен, өзінде 50 қой қалды.

Бала мен немере қойларын қоссақ, 150 болды.

  • Қораға қамалған қой.

Егер әрбір қорада жұптан қой қамалса, онда олардың қосындысы жұп сан болады.

Ал 99-тақ сан. Демек, ең болмағанда қораның 1-не тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан 99 шығады.

  • Балық есебі.

6 қарыс.

Шешуі:

Балық басының ұзындығын құйрығына тең деп, екеуінің қосындысын 2х десек, есептің бірінші шарты бойынша, балықтың қара кесек еті

30 – 2х болады.

Есептің кейінгі шарты бойынша

2х+х

Демек, 30-2х=2х+х

Бұдан, х=6 (қарыс)

  • Қарыс –бас бармақ пен шынашақтың керіп ұстаған арасы.

  • Отау шығару.

Әрбір үй 3/2 батпан жер кесіп береді.

Шешуі:

5 үйдің 20 батпан жері болғандықтан, әрқайсысында 4 батпан жері бар.

Енді осы 20 батпан жерді 6 үйге бөлсек, әрқайсында 3 батпан жері болуы тиіс.

Демек, әрбір үй 4-3 / 3/1=3/2 батпан жер бөліп беруі керек.

Жер қатарласа орналасқандықтан, соңғы үй көршісіне 3/2 батпан жерін береді.

Ол оған өз үлесін қосып беріп отырады. Сөйтіп, екінші үй өз көршісіне 1 3/1 батпан жер берсе, 3 –ші үй бұған өз үлесін қосып, 2 батпан жер кесіп береді.

Ал, 2 батпан жер алған төртінші үй 3/2 батпан жер қосып, 2 3/2 батпан жерді бесінші көршіге береді.

5 –ші үй 2 3/2 батпан жерге өзі беруге тиіс 3/2 батпан жерді қосып, 3 3/1 батпан жерді жаңа шыққан отауға береді.

  • Қосақташы абайлап.

Жауабы әртүрлі болуы мүмкін.

Малды ірілі-уақтығы бойынша топтайық;

1. Лақ- ешкі 2.Лақ - қозы

Қозы-қой құлыншақ – тай

Құлыншақ-бие бота-інген

Үлек-мая қоспақ - тайлақ

Бота-інген бұзау-сиыр

3.Лақ – қозы, құлыншақ, бұзау, тай, тайлақ – ұсақ малдар.

Інген –үлек, мая-қоспақ, нар-сиыр – ірі малдар.

  • Торғай нешеу? 5 торғай.

  • Жүз қаз есебі.

36 қаз. Есепті ауызша теңдеумен және кесіндіні пайдаланып шығаруға болады.

  • Атасы мен немерелері.

Атаның үш немересі, 23 асығы бар.

Шешуі: х- деп бүкіл асық санын белгілесек,

теңдеу шешуге келеді. Мұны шешсек, х= 23 Енді

23 : 7 = 3( бала) және 2 асық алады.

23 : 8 = 3 (бала) және 1 асық жетпейді.



















Экологиялық мазмұнды есептер.



1.Тәулігіне бір ағаш бір адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне байланысты бұл оттегінің бөлінуі 10 есе кемісе, бір жарым миллион халқы бар Алматы қаласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?


2.Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?

1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады?


3.Үкі 1 жылда 1000 дала тышқанын жейді. Жылына 1 дала тышқаны 1 кг бидай жейтін болса, үкі 1 жылда неше кг бидайды сақтайды?


4.Құмырсқа 1 минутта ұясына 2 ондық жәндік тасып әкелсе, ол 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?


5.Бір кішкене балыққа 3 литр су керек болса, 50 литр су сиятын акваримуға қанша балық салуға болады?


6.Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30 см-ге өседі. 12 сағаттан кейін оның биіктігі қандай болады?


7.Жердің айдан қашықтығы 384000 км. Ал Жер мен Күннің арасы 149500000 км болса, Ай күнге қарағанда Жерге жуық шамамен неше есе жақын?


8.60 кг макулатура бір ағаштың өмірін қорғаса, оқушылар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды?


9.Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стақан су ағады. Осындай краннан бір сағатта (1 тәулікте) неше литр су ағады?


10.Жұлдыз құрт бір тәулікте 30 жапырақты жесе, осындай 10; 50 жұлдық құрты бір тәулікте қанша жапырақ жейді?


11. 1 га орман ағаштары 1 жылда 28 тонна оттегі бөліп шығарады.

Ал бір жылда 12 млн.га орман ағаштары кесілсе, біз қанша оттегі жоғалтамыз?


12.1 үйеңкі ағашы 1 жылда 2 кг 100 г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегі бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңкі және шегіршін ағаштары қанша кг оттегі бөліп шығарады?


13.Жөке ағашы 500 жыл, ал емен ағашы 2000 жыл өмір сүретін болса, жөке ағашы еменнен неше есе кем өмір сүреді?


14.Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланып жұмыс істейді. Сенің жанұяңа қанша ағаштан жасалған қағаз керек? (бір жылда)


15.Жер бетіндегі 250 мың түрлі өсімдіктердің 1/10 бөлігі құрып кету қаупінде болса, қанша түрлі өсімдіктер құрып кету қаупінде?



16.Бір шегіршін ағашы мамыр айынан қазан айына дейін 120 грамм улы газды тазартады. Егер шегіршін ағашы 400 жыл өмір сүрсе, ол өз өмірінде қанша улы газды тазартады?


17.Емен орманы бір жылда 830 кг, ал қайың орманы 540 кг оттегі бөліп шығарса, емен орманы қанша кг артық оттегі бөліп шығарады?


18.Көк шегіртке 1 айда 42 өсімдік битін, одан 3 есе аз кішкене шіркей, ал шіркейлерге қарағанда шыбындарды 6 есе көп жесе, ол бір айда (3 айда) қанша жәндіктерді жейді?


19.Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда 16 миллиард сомға залал келеді, ал 10,20,50,100 жылда қанша зиян шегеміз?


20.Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 мтер куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас зат құйылады?


21.Үйрек 70 күнде 4 кг-ға дейін салмақ қосса, 35 күнде ол қанша салмақ қосады?


22.1 га орман ағашы сағатына 200 адамнан бөлініп шығатын көмір қышқыл газын бойына сіңіретін болса, тәулігіне орман ағашы қанша адамнан бөлініп шыққан көмір қышқыл газын бойына сіңіреді?


23.Бамбук ағашы тәулігіне 30 см өседі, ал терек ағашы тәулігіне 2 см өссе, бамбук ағашы тәулігіне неше есе артық өседі?


24.Мектеп оқушылары 56 кг 400г қағаз қалдығынан жинады, осы қағаздың қалдығынан өңдегенде, оның массасының 3/5 бөлігіне тең жазатын қағаз алынады. Егер бір дәптердің массасы 30 гр десек, осы қағаздан қанша дәптер шығады? Егер бір оқушыға бір жылға 12 дәптер керек болса, осы дәптерлер қанша оқушыға жетеді?

Мынадай мазмұндағы танымдық талдау есептерін ұсынуға болады.

Есеп: Бұтақта 5 қарға, 8 торғай отыр еді. Олардың 6-уы ұшып кетті. Қалай ойлайсың, ең болмағанда бір торғай ұшып кетті ме, жоқ па? (иә)


Есеп: Бір қайың ағашы тәулігіне 40 литр су ішсе, осындай екі қайың ағашы 80 литр суды қанша уақытта ішеді? (1 тәулікте)


Есеп: Ағашта 2 қарға қонып отыр, біреуі –оңтүстікке, екіншісі-солтүстікке қарап отыр. Біреуі екіншісіне сенің табаның кір дейді, ал екіншісі біріншісіне сенің тұмсығың неге жерге қарайды дейді.

Олар бірін бірі қалай көріп отыр? (олар бір-біріне қарап отыр)

Есеп: Егер түнгі 12 сағатта жаңбыр жауса, онда 548 сағаттан кейін күн шығады деп күтуге бола ма? (күн шықпайды, себебі 48 сағ өткенде түн болады)


Есеп: Егер тауық бір аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг болса, екі аяғымен тұрғанда салмағы қанша? (3кг)


Есеп: Шаянның өрмекшіден екі аяғы көп, ал араның шаяннан 4 аяғы кем болса, бұлардың әрқайсының аяқтары нешеу? (8)









Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Бастауыш мектеп» 1996ж.

С.Елубаев


2. «Бастауыш мектеп» 1996ж

А.Заманбекова, С.Габдуллина.


3. «Ұлан» газеті. 2005 ж



Пайдаланылатын әдебиеттер:




1.Ерешова К,Райымбекова Қ, Аманова А.

Логика әлемі. 1–сынып. Алматы: «Өлке», 2010ж.

2. Ерешова К,Искакова Ұ. Логика әлемі. 1- сынып. Әдістемелік құрал.

3.Шаханов Е .«Логикалық жаттығулар жинағы» Астана 1999ж 






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Такырыбы: "Ауа-райы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 1852
    • DOCX 35.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Батима Каленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ергалиева Батима Каленовна
    Ергалиева Батима Каленовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8018
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов