Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Ашық сабақ: «Тарих толқынындағы кемеңгер тұлға»

Ашық сабақ: «Тарих толқынындағы кемеңгер тұлға»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, № 1 СЕРВИСТІК- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Тарих толқынындағы кемеңгер тұлға»










Тарих пәнінің оқытушысы:

Бектенова А.Ш



Көкшетау


Тарих толқынындағы кемеңгер тұлға.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Тәуелсіздіктің аса маңызды жан-жақты екенін таныстыру;

  • Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің құндылығын, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

  • Отанды сүюге құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР Президентінің суреті, нақыл сөздер, слайдтар,карточкалар,интерактивті тақта.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті, оқушылар ұстаздар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Тарих толқынындағы кемеңгер тұлға» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! (Мемлекеттік гимн ойнайды)

Нұржан:

Мен Қазақпын мың өліп,мың тірілген

Жүргегімде таныстым,мың тіліммен

Жылағанда жүрегім мұң тұтылып

Қуанғанда қүлқіңнен мың тігілген

Мұғалім:  «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз!

Біздің еліміз Еуразия континентінің жүрегі болып табылады. Қазақ елінде барлық дүние жүзінің тағдыры шешілентіндей мәселелер қаралды. Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достық – Қазақ халқымен бірге ежелден келе жатыр деуге болады.

Мұғалім: Ендігі кезек оқушылардың өздері шығарған өлең шумактары.

Дархан

Қазақ деген елденбіз,

Ғажап кенен жерденбіз.

жБодандықтан босанып,

Еркіндікке енгенбіз.

Сан азапты көргенбіз,

Мың тіріліп, өлгенбіз.

Атой салып дұшпанға,

Айқастырда женгенбіз.


Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Мұғалім: Қазақстан – өз ұлтты, халқы, діні, мәдениеті, тарихы, салт – дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата – бабаларымыздан қалған ар – намыс, қайрат – жігер мұра ретінде келешек ұрпаққа қалса, еліміз аман, туы биіктен желбірей береді. Аз уақыт ішінде талай белестерден өтіп. Қазір дамыған 50 ел қатарында болу біздің ел үшін үлкен бақыт! Осының бәрі әрине Елбасымыздың арқасында! Өз еліне бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Тұңғыш Президент күні – 1 желтоқсан Парламент 1991 жылдың 1 – ші желтоқсанында өткен тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Президент таңдауда біздің ойымыз оңынан туды. Біз Елбасымызға сенеміз, өйткені оның бойында көшбасшылық қабілет туа бітті. Халық алдындағы жауапкершілік сезімі қалыптасқан есімі де жиі «тұңғыш», «алғашқы» сөзімен қоса аталады.

Сара:

«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы - Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі», - деді Елбасы.

Меруерт:

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.

Егемендік. Президент

Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.

Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Ғылыми еңбектері

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Өлеңдері

Дәйексөздері

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.”

Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”

Жаннұр:

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.


Қорытынды«Тәуелсіздік» - деген тарихи ұғым. Ол жеке адамның, не жеке мемлекеттің тәуелсіздігі. Оның заман деңгейіне қарай ішкі мазмұны өзгеріп отырады. Біздің осы күнге қол жеткізген табыстарымыздың бәрі ең алдымен жеріміздегі тыныштықтың, еліміздегі келісімнің арқасы. Президентіміздің халық алдындағы игі істері орасан зор.

Сағымданған тарихқа үңілетін болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, тәуелсіз Қазақстанның негізгі қалаушысы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. 1990 жылдардың басынан бері Н.Ә.Назарбаев еліміздің шекарасын белгілеп, іргетасын қалап, Конституция мен мемлекеттік рәміздерді жариялап, әлемге қазақ деген мемлекеттің бар екенің паш етіп жатырмыз.

Іс-шара соңында: Диана «Балбырауын» күйін ойнайды.

Тарих пәнінің оқытушысы,әдіскер:Үміт Амиржановна сөз сейлейді іс-шараға қатысқан оқушыларға ізгі тілектерін білдірді


Тарих пәнінің оқытушысы : Бектенова Аяжан Шотпаевна.







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров166
Номер материала ДВ-390925
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх