Инфоурок Технология Другие методич. материалыАшық сабақ . "Технология изготовления совка".

Ашық сабақ . "Технология изготовления совка".

Скачать материал

4 сыныптағы «Ою-өрнек құрастыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары

 

Сабақ тақырыбы:Ою-өрнек құрастыру

 

Сабақтың мақсаты:

 

1. Білімділігі: оқушыларға ою-өрнек,оның түрлері,жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.Оюдың мағынасын түсініп,жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту;шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін,сабаққа қызуғышылығын арттыру;

3. Тәрбиелігі: ою-өрнек ая отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру;қолөнерге,еңбекке баулу.

 

Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру.

 

Көрнекілігі: «Ою-өрнек түрлері» буклетті, «ою-өрнектің қолданылуы» суретті плакат,сөзжұмбақ- «Қолөнер»,тест сұрақтары.

 

Пәнаралық байланыс: еңбек.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

 Оқушыларды сабаққа дайындау.Жұмыс орынын ұйымдастыру. Құрал-    жабдықтардын түгендеу.

 

2.Жаңа сабақ.

 Сабақ тақырыбын хабарлап,ою-өрнек туралы баяндау.

 

Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою,кесу,тілу,қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған,кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

 

Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем,сандық, кебеже,жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергелік бұйымдарды безендіруде қолданылады.

 

Ою-өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою-өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

 

Оюдың әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мағына бар. Ою - өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б қолданылады.

Қабырға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенін байқаймыз. Ою – өрнектің мағынасы жайында мынадай аңыз әңгіме бар екен.

Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жіберді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнелепті. Мұны көрген ата-анасы:

-Е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз болысады.

Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкелді. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:

-Қызымыз бұрынғы сауық-сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен  ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.

Міне, ою-өрнектерді
«сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.

Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымызды дайындаймыз.

Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.

Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалану ескеру.

   3. Тапсырма

Түрлі-түсті қағаздан өз қиялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету, іліп қою.


 

    4. Топпен жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөлу. Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді.

                                                    1 – топ


1.  Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
     а. 5
     ә. 3
     б. 4

2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады?
      а. Қошқармүйіз

      ә. Тұмарша

      б. Бүршік

3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?
     
      а. Торсық

      ә. Ожау

      б. Саба

                                                     2 – топ

1. Жануар тектес ою-өрнек?

      а. Ирек

      ә. Айша бибі

      б. Сынық мүйіз
 2. Ыдыс-аяқ салатын тұрмыстық бұйым?

      а. Аяққап

      ә. Абдыра

      б. Адалбақан
3. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?

       а. Шұғыла

       ә. Жіліншілік

       б. Өркеш

 

                                                     3- топ

 

1.Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?

 

а. Айшық

 

ә. Балдақ

 

б. Бүршік

2.Қыздарға арналған ұлттық бас киім?

 

         а. Сәукеле

 

         ә. Кимешек

 

         б. Тақия

 3.”Ою-өрнек” тауы қай сөзден шыққан?

 

         а. Живопись

 

         ә. Орнамент

 

         б. Натюрморт

     

Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдерін сөздердің орнын тауып жалғастыру.

     1.  Үйренгеннің өзіне құт,
          Істегенің еліңе құт.
     2.  Үлгісі көптің өрнегі көп,
          Өрнегі көптің ермегі көп.
     3.  Асыл қайшы пішуге сән,
          Күміс қасық ішуге сән.

5.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағұлмат  алып, оны қиып үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына арналған.

 

6.Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

7.Үйге тапсырма беру.

 

Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ . "Технология изготовления совка"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2016 475
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акашева Лариса Юсуповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акашева Лариса Юсуповна
    Акашева Лариса Юсуповна
    • На сайте: 4 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4457
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе