Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Темірбетон бұйымдарының өндірісі"

Ашық сабақ "Темірбетон бұйымдарының өндірісі"

Скачать материал

Сабақ жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: Темірбетон бұйымдарының өндірісі

 

Сабақтың мақсаты:  

 

Білім беру:               Ұғымды көзқарасты қалыптастыру. Темірбетон бұйымдарының өндірісі туралы жалпы түсінік. Ғылыми тілде  белгілерді қолдана білу. Құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдарының дайындау әдістерін түсіндіру. Өз пәніне болашақ мамандығына деген ынтасын арттыру.

 

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылығын, қабілеттерін, жігерін, ынтасын, танымдық қабілеттерін дамыту. Темірбетон бұйымдары өндірісінің, оның технологиясын жетілдіру бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылық ойларын дамыту.

 

Тәрбиелік:               Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін ояту. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу, адамгершілік рухани байлығын дамыту.

 

Сабақтың түрі:      Жаңа сабақ   

 

Сабақтың типі:     Жаңа материалды меңгерту

 

Сабақтың әдісі:     Түсіндірме- көрнекілік әдіс. баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс.  

                                  

Сабақтың көрнекілігі:   Интерактивті тақтаны қолдану арқылы электронды оқулық, презентация (слайд), бейнероликтер, оқу көрнеліктері.

 

 

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі :

                                   

                                    А) Оқытушының оқущылармен сәлемдесуі;

                                    Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

                                    Б) Дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушыларды топқа бөлу.

І-топ. Бетон

І І -топ.  Темірбетон

І І І -топ. Арматура

 

Үй тапсырмасын  сұрау:

Әр топқа өз аттары бойынша сұрақтар қою.

I-топ «Бетон» - Бетонның құрамын ата, анықтамаларын бер.

II-топ  «Темірбетон» - Цемент туралы түсінік бер.

 

III-топ «Арматура» - Арматура дегеніміз не, оның түрлерін ата.

 

Оқушылар бетон коспасын  дайындауды зертханалық жұмыс түрінде көрсету.

Үй тапсырмасын житон беру арқылы бағалау.

5 - «Қызыл түс»

4 - «Жасыл түс»

3 - «Сары түс»

           

Қызығушылығын ояту. (Видеофильм)

 

 

3. Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен, қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Сабақ жоспары:

 

А) Темірбетон туралы түсінік

Б) Құрама төмірбетон бұйымдарын өндірудің  негізгі схемалары мен әдістері

В) Темірбетон бұйымдарының түрлері

 

      Жаңа сабақтың жоспарына сәйкес мәтінді бөлшектерге бөліп  үлестірмелі материал ретінде таратып беремін. Мәтінді үш бөлікке бөліп оқушылар бөлімдерді оқып, зерттеу барысында белсенді әрекеттер атқарады. Оқушылар мәтіннің бір бөлімін оқып болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып өз түсініктерімен туындаған ойларымен бөліседі. Олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады. Әрбір топтан бір оқушы жауап беруін сұраймын, қалғандары толықтыруына болады.

 

Жаңа сабақтың тақырыбы: Темірбетон бұйымдарының өндірісі

І -топ

Темірбетон туралы түсінік

Бетон маркалары оның үлгілерін престе сығу арқылы анықталынады. Бетон маркаларының жоғарғы шегі - 60 МПа дейін. Бірақ бетонның созу күшіне беріктігі өте төмен: сығу кұшіне беріктігінен 10-17 рет аз; ұзындығы бір метр бетон 1- 2 мм-ге ғана созылады, яғни бетонның созылғыштығы өте төмен. Сондықтан кәдімгі бетон ию, осы арқылы созу күштері әсеріне тап болатын бұйымдар, конструкциялар жасау үшін әдетте қолданылмайды.

Болат керісінше, ию, созу күштеріне өте берік, Осыны ескере, бетонға болатты арматура түрінде ендіріп, екеуі бірге пайдаланылса, мүндай бұйымдардың, конструкцияларды түсетін түрлі күштерге кедергісі көпке артады, Темірбетонды әсіресе ию кернеуіне қарсы қолданылатын конструкцияларда, мысалы, этаждар арасына орнатылатын панельдер пайдаланған тиімді. Күш түскенде мұндай конструкцияда біріне-бірі қарсы сығу және созу кернеулері пайда болады: панельдің нейтрал осьтен жоғары бөлімі сығылады, ал төменгі бөлімі созылады. Сондықтан арматура этажаралық панельдің нейтрал осінен төменірек орнатылады.

Сонымен, бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды: екеуінің температура әсерінен кеңею коэффициенті бірдей десе де болады. Бірак мұндай темірбетонда нейтрал осьтен төмен бөлімінде созу күшінің әсөрінен бетон шытшауы мүмкін, өйткені бетон созу күшіне болатпен салыстырғанда 5-6 рет аз қарсыласады. Бұған қарсы, яғни темірбетонда созу күштерінен бетон шытынамауы үшін оны ²алдын ала кернелген² - деп аталатын арматурамен сығады (нығыздайды, кернейді)

Кернелген арматуралы темірбетон бұйымдарын жасау үшін көбінесе бір үшы бекітілген болат арматураны біраз созып» екінші үшын бекітеді де оның үстіне араласпасын салады (құяды). Бөтон қатайғаннан кейін арматура бекітілуден босатылады. Босатылған арматура өзінің бұрынғы созылмаған қалпына келуге тырысып қысқара-ды, ал оны қоршаған бетон сығылады, нығыздалынады, Осының салдарынан темірбетонды созу күштері кернегенде бетон шытынамайды.

Алдын ала кернелген арматуралы бетонда бетон мен арматураны бірігіп жұмыс істеуі жақсарады, конструкцияның ию күшіне кедергісі өседі,, бұйым жасауға қажетті арматура шығыны азаяды да, конструкцияның салмағы жеңілдейді.

Бетонды арматуралау  темірбетон өндіру технологиясының алғашқы операцияларының бірі. Өйткені төмірбетон конструкцияларын жасау үшін алдымен бетон араласпасын қалыпта орнатылған арматура үстіне құяды салады. Арматура дара (жеке), торлы және қаңқа түрінде қолданылады. Оны сымнан не стерженен жасайды, Стерженьді арматурада пайдаланалатын болаттың кластары (маркалары) А-II-ден -VII-ге дейінгі аралықта. Класс  белгісіндегі рим цифры өскен сайын болат стерженнің беріктігі жоғары –болады.

Арматуралық стерженьдер мөн сымдар қолдану алдында тазаланады, түзетіледі, конструкциялардың өлшеміне сай иіледі, көсіледі, қажет болса салқын кұйінде созылғыш беріктелінеді. Одан әрі жеке (дара) стерженьдерден, сымдардан темірбетон бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес торлы немесе қаңқалы арматура кұрастырылады. Стерженьдердің. сымдардың қиылысқан және жалғасқан жерлері арнаулы машинамен немесе электр доғасымен* балқытып беріктіріледі. Қалыпқа арматура белгіленген жобаға сай орнатылады, Бетон араласпасының өтуіне кедергі болмау үшін тордағы және қаңқадағы стерженьдер ара-сының қашыктағы ірі толтырғыштың диаметрінен кем (кіші) болмауы керек,

Стержень және сым ауыспалы профильді көлденең қимасы екі өлшемді жіңішке, жуан болп ауысып тұрады және тегіс бетті (диаметрі біркелкі) етіп өндіріледі. Ауыспалы профильді стерженьнен  сымнан істелінген арматуралардың бетонмен ұстасуы берік болады. Арматуралар жұмыстық (негізгі) және монтаждық (жәрдемші) депайырылады. Жұмыстық арматура конструкцияға түсетін созу күшіне кедергі көрсететін жөрге орнатылады. Монтаждың арматураға бұйымдарды көтергенде, орнатқанда және өзара беріктігінде қажет ілгектер және фиксаторлар (бекіткіштер) пісіру әдісімен бекітіледі.

 ІІ -топ

Құрама төмірбетон бұйымдарын өндірудің  негізгі схемалары мен әдістері

Темірбетон бұйымдар өндірісінің төхнологиясы мынандай кезек пен жұретін негізгі операциялардын түрады; бетон араласпасын және арматураны дайындау, арматураны  қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау, ыстық бумен өңдөу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау және майлау. Сыртқы қабырға панелі нығыздау операциясы кезіндө, қажетті жағдайда, жылу өткізбейтін қабатпен (материалмен) толықтырылады да беті декоративті өңделеді. Жоғарыда көрсетілген технологиялық операциялардың қандай жағдайда өткізілетініне байланысты құрама төмірбетон бұйымдары мынандай үш схема: 1) әр операцияны сәйкесінше постан постқа жылжитын қалыпта орындау. 2) барлық операцияларды бірінен соң бірін жерде жылжымайтын қалыпта орындау. 3) бұйымдарды лентада (қалыпсыз) үзіліссіз дірілдетіп прокаттау сығыздау) арқылы өндіріледі.

Бірінші схема бойынша бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру  үшін пайдаланылады. Бұл төхнология мүмкіншілігінше көп операцияларға постарға бөлінген, Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постында бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң. келесі постқа жылжиды. Бірінші поста қалып тазаланады. екінші поста қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста қалыпқа бетон араласпасы салынады. Келесі поста араласпа дірілдеткіштер (1- сурет) нығыздалынады, Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң оператор кнопкіні басып, бұкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты келесі постқа. жылжытады.

Егер әр түрлі бұйымдар аз мөлшерде өндірілетін болса, онда ағымды-агрегатты технологияны қолданған тиімді. Бұл жағдайда технологиялық операциялар негізінде үзіліссіз, бірінен сон бірі орындалатын жұмыс постарында жүргізіледі. Мұның конвейерлік әдістен айырмашылығы - көйбір операциялар: арматураны орналастыру. бетон араласпасын салу (құю), оны нығыздау бір поста.  мысалы центрифугада  орындалуы мүмкін, ал қалып бір постан келесі посқа көпір кранмен, тельферамен* т.б. жеткізіледі; бұйымның (бетонның) қатаюын тездету келесі поста-мерзімді (оқтын -оқтын) жұмыс істейтін бу камерасында өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

1 - сурет. Дірілдеткіш І-қалып 2-дірілдеткіш рама; 3-сөріппе; 4- білік; 5-дебаланс (эксцентрик-айналу өсі өз цөнтрінен өтпейтін диск);   6-подшипник   (біліктің тірегі);   7-ілінісу  муфтасы; 8-электромотор.

Екінші схема бойынша темірбетон бұйымдары стендте не кассетада барлық технологиялық операцияларды бір жерде орындау арқылы өндіріледі. Стенд тәсілі бойынша қалып горизонтальді (көлденең), ал кассета әдісі бойынша - вертикальді (тік) орналасады. Бетон араласпасын нығыздау үшін қалыпқа орнатылатын немесе араласпаға батырылатын дірілдеткіштер қолданылады. ал тығыздалған қоспаны тез қатайту үшін қалыптардың "көйлегі" араласпасына ыстық бу өндіріледі» Бұйымдарды тік түрінде қалыптау аз орын алады бұл  кассета әдісінің негізгі артықшылығы.

Үшінші схема бойынша төмір бетон бұйымдарын дірілдетіп прокаттау үшін толық автоматтайдырылған стан қолданылады (конструкциясы Н.Я.Козловтікі). Станда бетон  қоспасы  айналмалы біліктөр арасныда кысым   мен дірілдің бір мөзгілде тигізетін әсерінен сағатына 25 м жылдамдықпен үзіліссіз жылжитын металдан жасалған лөнтада нығыздалынады. Стан өте өнімді сасатына 80 м2 дейін панельдер шығарады. Станда тек бір түрлі бұйым шығарылады: басқа түрлі бұйым өндіруге ауысу үшін станды қайта құру қажет.

 

ІІІ –топ

Темірбетон бұйымдарының түрлері

Құрама темірбетон бұйымдары таситын транспорт пен көтеретін крандардың мүмкіншілігіне байланысты үй салатын комбинаттарда темірбетон бұйымдарын өндірілетін заводтарда негізінде 25 м-ден, ені (көлденеңі) 3 м-ден, салмағы 25 т-дан аспайтын болып жасалынады. Бұйымдар өлшемнің дәлдігі ±5-10 мм. Құрама темірбетон бұйымдары негізгі өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар, формалар, қадалар, ригельдер), жалпақ жабындық және этажаралық плиталар, қабырғалық панельдер), қалын (массивті құрама фундамент және цоколь блоктары) және көлемді (санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары) болып өндіріледі.

Азаматтық құрылыста қолданылатын бұйымдар. Бұйымдардың түрлері көп, негізгі номенклатурасын қарайық.

Үйдің және басқа да азаматтық ғимараттардың фундаменті ретінде фундаменттік блоктар және қадалар пайдаланылады, Ленталы фундамент ұзындығы 0,6-2,4 м, ені 0,6-3,2 м, биіктігі 0,3-0,5 м, маркасы М150- М300 ауыр бетоннан жасалған блоктардан құрастырылады„ Бағана (еден астына төселетін фундамент трапеция пішінді; оның төменгі ауданы жалпақ, ал жоғары жағында бағананы орнату үшін істелінетін үясы бар. Қадалар үзындығы 20 м-ге дейін, ал қимасы 900 шаршы см-ге дейін болып жасалынады.

Түрғын үйдің сыртқы кабырға панельдері жеңіл болуы үшін олар үш қабатты болып өндіріледі екі темірбетон қабаты арасына жылу өткізбейтін матөриал (көбік построл, минералды мақта, газ немесе көбік бетон, т.б.) салынады. Панельдің сыртқы жағы заводта керамикалық плиткалармен я басқа декоративтік материалдармен шыны не пластмасса плиткаларымен) тысталынады немесе атмосфераға төзімді бояулармен сырланады. Мұндай панельдердің қалыңдығы 25-30 см - ге дейін, ал салмағы 50% - ке азаяды.

Сытқы қабырғаларық бір қабатты панельдер текше метрінің тығыздығы 700-1000 кг, маркасы М50-М100 көуек толтырғышты жеңіл бөтондардан және тығыздығы 300-700 маркалары М35, М50 ұялы бетондардан өндіріледі. Үй құрылысында көп пайдаланылатын сыртқы қабырға панельдерінің өлшемі бөлме өлшеміне сәйкес ұзындығы 3,6 м, биіктігі 2,9 м; қалыңдығы 40 см, салмағы 4 т-ға дейін, ал екі бөлме өлшеміне сәйкес панельдөрдің үзын -дығы 6... 6,6 м, салмағы 8 т - ға дейін, бұл панельдер түтас не терезе, есік блоктарын қоятын қуыс қалдырып жасалынады.

Ішкі кабырғалық панельдер бір қабатты етіліп маркасы М150-М300 ауыр бетоннан я маркасы М150, М200 конструкциялық жеңіл бетоннан өндіріледі (1, ә-сурет), Панельдер тұтас немесе есік орнататын қуыс қалдыра жасалынады„ Олардың үзындығы 6 метрге. биіктігі 2 метрге, қалыңдығы 20 см-ге дейін.

Өндіріс ғимараттарының төбесін жабу үшін жабындық тақталармен қатар қалыңдығы 3-4 см темірбетоннан істелінген қабық  түрлі бұйымдар қолданылады. Олардың мөлшері үлкен (10х10 м). Мұндай конструкциялар ауданы үлкен (100 м2) және материал шығыны аз болғандықтан басқа жабындық бұйымдардан тиімдірек.

Инженерлік ғимараттар құрылысына түрлері көп. Олар жолдық, аэродромдық, көпірлік, тунельдік бұйыдар, трубалар, т.б. Мысалы темір жол құрылысында көп тараған бұйымдарға алдын ала кернелген маркасы М500 бетоннан өндірілген шпалдар және электрлендірілген темір жолдардың сымын ілу үшін маркасы М400 бетоннан істелінген бағаналар жатады. Соңғы көрсетілген бұйымдардың бетонның аязға төзімділігі Г100-Г200 аралығында болуы тиіс. Бағаналар көбінесе құмыра қималы, екі товар жәнө швеллер нұсқалы (типті) қабырғасы торланып төсілген түрінде жасалынады.

 

Жаңа сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың жауаптарын толықтыру.

Темірбетон дегенімізбетон мен арматураны біртұтас етіп біріктіруді айтады. Темірбетонның негізгі артықшылығы оның беріктігі, тозбайтындығы, қалаған формада құюға болатындығы. Бетон сығу күшіне қарсыласады, ал бетон созу күшіне бетоннан әлдеқайда артық кедергі көрсетеді. Бетон болатпен жақсы ұстасады және оны коррозиядан сақтайды.

Қолданылуы: көпір салуда, гидротехникалық құрылыста, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттарды салуда т.б. құрылыстарда кеңінен қолданылады.

Темірбетон бұйымдарын өндірудің негізгі схемалары. Темірбетон бұйымдар өндірісінің төхнологиясы мынандай кезек пен жұретін негізгі операциялардын түрады; бетон араласпасын және арматураны дайындау, арматураны  қалыпқа орнату және оған бетон араласпасын салып (құйып) нығыздау, ыстық бумен өңдөу, бұйымдарды қалыптан босату, қалыптарды тазалау және майлау.

Темірбетон бұйымдарын өндіру әдістері.

Конвейерлі әдіс. ( Конвейерлі әдіске байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Бұйымдар конвейерде не ағымды агрегатты тізбекте жасалынады. Конвейер типтері аз бұйымдарды көп дана етіп өндіру  үшін пайдаланылады. Бұл төхнология мүмкіншілігінше көп операцияларға постарға бөлінген. Мұнда конвейердің қажетті аспаптармен, машиналармен, т.б. жабдықталған әр постында бір ғана операция орындалады. Сондықтан болашақ темірбетон бұйымының өлшемдеріне сай қалып конвейердің әр постына тоқталып, операция біткен соң. келесі постқа жылжиды. Бірінші поста қалып тазаланады. екінші поста қалыпта арматура орнатылады, үшінші поста қалыпқа бетон араласпасы салынады. Келесі поста араласпа дірілдеткіштер (1- сурет) нығыздалынады. Конвейерді басқару пультінде әр поста операциялар орындалып болғанын көрсететін лампалар жағылғаннан соң оператор кнопкіні басып, бүкіл конвейерді бір ағымды, яғни әр постыдағы қалыпты келесі постқа. жылжытады.

Ағымды-агрегатты әдіс. ( Ағымды-агрегатты әдіске байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Бұл жағдайда технологиялық операциялар негізінде үзіліссіз, бірінен сон бірі орындалатын жұмыс постарында жүргізіледі. Мұның конвейерлік әдістен айырмашылығы - көйбір операциялар: арматураны орналастыру. бетон араласпасын салу (құю), оны нығыздау бір поста.  мысалы центрифугада  орындалуы мүмкін, ал қалып бір постан келесі посқа көпір кранмен, тельферамен* т.б. жеткізіледі; бұйымның (бетонның) қатаюын тездету келесі поста-мерзімді (оқтын -оқтын) жұмыс істейтін бу камерасында өткізіледі.

Стенд әдісі. ( Стенд әдісіне байланысты видеоролик көрсете отырып түсіндіру)

Темірбетон бұйымдары стендте барлық технологиялық операцияларды бір жерде орындау арқылы өндіріледі. Стенд тәсілі бойынша қалып горизонтальді (көлденең) орналасады. Бетон араласпасын нығыздау үшін қалыпқа орнатылатын немесе араласпаға батырылатын дірілдеткіштер қолданылады. ал тығыздалған қоспаны тез қатайту үшін қалыптардың "көйлегі" араласпасына ыстық бу өндіріледі»

Темірбетон бұйымдарының түрлерімен таныстыру.

Темірбетон бұйымдары негізгі өлшеміне қарай ұзын (бағаналар, арқалықтар, формалар, қадалар, ригельдер), жалпақ жабындық және этажаралық плиталар, қабырғалық панельдер), қалын (массивті құрама фундамент және цоколь блоктары) және көлемді (санитарлық техника бөлмелері, лифті шахтасының көлемді элементтері, блок-бөлмелер, құдық сақиналары) болып өндіріледі.

 

4. Жаңа сабақты қорытындылау .

Құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдары неше әдіспен дайындалады?

Темірбетон бұйымдары тағайындалу және толтырғыш түріне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Темірбетон бұйымдары стенд әдісі бойынша қалай өндіріледі?

Темірбетон бұйымдары конвейерлі, ағымды – агрегатты әдісі бойынша қалай өндіріледі?

Темірбетон бұйымдарының түрлерін ата?

 

5. Жаңа сабақты бекіту.

«Бәрін білгім келеді» ойыны арқылы бекіту.

 

1.Темірбетон бұйымдары неше әдіспен өндіріледі

3+

5

2

2. Темірбетоннан жасалған аражабын арқалықтарын қандай кластық бетоннан жобалайды.

В 30- В 35 және одан жоғары +

В 7,5- В 15

В 15- В 25

3. Темірбетонды конструкцияларды дайындау үшін қандай бетон қолданылады

Ауыр бетон+

Жеңіл бетон

Ірі кеуекті бетон

4. Бетон қоспаларын тасымалдау үшін пайдалынылатын көлік түрі

Автобетон тасығыштар+

Автоцемент тасығыштар

Автогудранаторлар

5.Темірбетон ростверк қандай болуы мүмкін

Құрама, монолитті+

Құрама

Монолитті

6.Мұздатқан кездегі бетонның аса беріктігі неге байланысты

Бетон класына+

Бетон температурасына

Бетонды жылыту

7. Бетон жақсы жұмыс істейді

Қысқанға+

Игенге

Созғанға

8. Темірбетон арақабырғаның қалыңдығы нешеге тең

120мм+

160мм

80мм

9. Бетонның сығуға беріктігін анықтау үшін не қолданылады

Қошқаров балғасын+

Кашкин балғасын

Каспаров балғасын

10. Арматураның класы жоғары болған сайын

Айырылуға беріктігі жоғары+

Иілімділігі жоғары

Жақсы пісіріледі

11. Бетон қоспаларын дірілдету ұзақтылығының жетіспеуі неге әкеліп соқтырады

Бетонның тығыз төселмеуіне+

Бетонның отыруына

Оның қабатталуына

12. Бетон қоспаларын тасымалдаған кездегі негізгі технологиялық шарты

Оның біртектілігін сақтау+

Күн сәулесінен сақтандыру

Атмосфералық жауын - шашыннан қорғау

 

6. Оқушылардың сабаққа белсенділігін бағалау.

Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды орындаған оқушыларды жауап берген деңгейлеріне қарап житон беру арқылы бағалау.

 

7. Үй тапсырмасын беру

Тест сұрақтарын құрастырып келу.

Құрылыста қолданылатын темірбетон бұйымдарына мәлімет жинақтау.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

С.С Үдербаев «Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі», «Тұмар»,2007ж

С.Қ. Хамзин., Ф.Б. Әбдішүкір «Құрылыс материалдары», Астана, 2007ж

К.А Бисенов, С.С Үдербаев., Г.С.Абиева «Құрылыс материалдары», Алматы 2008ж

А.Кулибаев, У.Бишимбаев «Саулеттік материалтану», Алматы. 2006ж.  

 

 

                   Оқытушы                              Сарсенбаев Б.А.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Темірбетон бұйымдарының өндірісі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 125 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 6338
    • DOCX 127.8 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбаев Бахытбек Абаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенбаев Бахытбек Абаевич
    Сарсенбаев Бахытбек Абаевич
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22258
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе