Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Ашық сабақ "Тілашар" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ "Тілашар" (1 сынып)

библиотека
материалов
hello_html_356da237.gif

3 АОМ







DSC_0331







Өткізген:Абдрахманова Г.А.

«Тілашар» мерекесі.

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Қонақтарды қарсы алып, отырғызу.

2.Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлау.

2.Кіріспе сөз.

-Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Міне, сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, сәт-сапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!

Кешегі сәбі балаңыз,

Жарады міне қараңыз!

Ғалым, білім жолына

Енді күшін салады.

Анау балалар, қай балалар,

Сірә емес, жай балалар.

Мектепке келді

Аружан мен Дархан,

Томирис пен Арыстан

Жақсы оқушылар боламыз деп.

Мадияр мен Мөлдір

Құшақ жаяр білімге.

Айгерім мен Асанали

Жақсы оқымақ мектепте.

Айсұлу мен Нұрсұлу

Зәулім мектепке келіпті.

Алан мен Әділ

Еркелікті қойыпты

Балалар, балалар,

Ешкімнің жоқ алалар.

Шәкірт болу үлкен сын

Слава,Жанар, Санжар

Оны түсінеді әрқашан.

Бәрін қабыл алайық,

Көңілдерін табайық.

Әсем мен Азамат

Шәкіртікке ылайық.

Ерсұлтан жақсы білім алар,

Қабылда мектеп оқушыларды

Мира мен Миратты.

3.Негізгі бөлім.

«Балдырғандар» әні

1-оқушы:Сап түзедік бәріміз,

11 ұл мен 9 қыз.

Бүгінгі бұл бір сын ғой,

Алдағы өмір жолында.

2-оқушы:Сағат жеті болды

Жуу керек бетті-қолды.

Айнаға қарау керек

Шашты тарау керек.

Ұйқыны қою керек

Таң ата тұру керек.

Тісті де қайта-қайта

Щеткамен жуу керек.

3-оқушы:Көңілі ақ көбелек

Қояды баққа бөлеп.

Әлпештеп әтір майды

Сабынды сақта бөлек.

Тамақ іш жөндеп әлден

Кіргізсін бойға дәрмен.

Мектепке бару үшін

Дайындық керек әбден.

Көрініс «Салат»(ұлдар)

1-ші:Балалар бізде бүгін мереке ғой?(балалар-Ия-деп жауап береді).

Ал, мереке болғанда, үйде мамам салат жасайды. Біз де салат жасайықшы.(балалар-Жасайық,жасайық-деп жауап береді)

Кезекпен:1-мен картоппын, 2-мен сәбізбін,3-мен пиязбын,4-мен қызылшамын,5-мен жүгерімін, 6-мен қиярмын,7- мен қызанақпын,8-мен тұзбын,9-мен бұрышпын,10-мен бұршақпын,11- ал мен... мен-Майонезбын седерді жауып, үстінде боламын.

4-оқушы:Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

5-оқушы:Міне сынып, мектебім

Құралдарым бар менің.

Партаға тұнғыш отырдым

Қалам алып қолыма.

Сызықтарға толтырдым

Қалдырмай дәптер жолын да.

Тісім кетік болғанмен

Білетін көп менің.

6-оқушы:Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

«Мысық» әні

7-оқушы:Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ ойынға.

Әріптерден құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Тапсырма: 1.балалар үшін – буындардан сөз құрастыру

2.ата-аналар үшін - сөздегі әріптерден басқа

сөздер құрастыру.

8-оқушы:Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

«Қара жорға»биі.

9-оқушы:Өсірді ой сананы

Тіл дамыту сабағы.

Жаңылмай айтып үйрендік

Жаңылтпаш, жұмбак, мақалды.

Балалар кезекпен айтып шығады.(жаңылтпаштарды ата-аналар

қайталап айтады)

Жаңылтпаштар:1.Шора ора алар 2.Есет атам ет асатар

Шора орса Ет асатса бес асатар.

Орал да ора алар.

3.Топ бала, топ бала, 4.Шілікті шаптым,

Ойнап жүр топтала. Жілікті астым.

Зымырап допты ала, Шілікті жақтым,

Қуады көп бала. Жілікті шақтым.

Жұмбақтар:1.Қуып едім, мойын бұрмады,

Ұстайын деп едім, қолға тұрмады.(көлеңке)

2.Тілі бар, үні жоқ, 3.Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Өзін адам түсінген. Теңселіп, тербеледі адам соқса..

Жүрегі бар да, қаны жоқ, Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Сөйлеп тұрған ішінен.(кітап) Не пайда, үндемейді адам жоқта.

(домбыра)

4.Аяғы жоқ, қолы жоқ, 5.Күннен көзін алмайды,

Көйлегі жоқ, қарны тоқ. Мойны бірақ талмайды.(күнбағыс)

(жастық)

Мақал-мәтелдер:1.Оқу – білім бұлағы, 2.Оқу – білім азығы,

Білім - өмір шырағы. Білім – ырыс қазығы.

3.Оқу – инемен құдық қазғандай. 4.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Ата-аналарға тапсырма:керекті сөзді айту.

1.Ата балаға ...кім? (сыншы) 2.Ата – бәйтерек, бала - ...не?(жапырақ)

3.Ата-ананың қадірін ...қай кезде білесің?(балалы болғанда)

4.Ерке баладан қандай бала жаман?(есер)

Қойылым: «Әже мен немере»

10-оқушы:Әже, маған мектепте, 11-оқушы:Әже, мені мұғалім,

Ұрыспай ма мұғалім? Сіздей жақсы көре ме?

Мен білетін ертекті, Орындалып сұрағым,

Дұрыс, -дей ме,- шырағым! Көтере ме төбеге?

12-оқушы:Еркелегім келсе егер, 13-оқушы:Әжә, сізсіз мектепке,

Көтерем бе қолымды? Тіпті барғым келмейді.

Ерелікке, көнсе егер, Ертіп баршы мектепке,

Күнде етем бе сонымды? Сонда ешкім жеңбейді?

Ата-аналармен ойындар.

Ойын күлкі қызуда,

Кезек келді ойынға.

1.Баланың сөмкесін жинап беру.

(үстелде әр-түрлі заттардың ішінен оқу құралдарын жинап сөмкеге салу)

2. «Әртіс болсаңыз ойнап көріңіз»

(қағаздан сөздерді қимылмен келтіру)

14-оқушы:Іске десе, қыры жоқ,

Үйренетін түрі жоқ.

Ара дейтін орақты,

Күрек дейтін қалақты

Дәл осындай баланы

Білесіңдер ме достарым?

Осындай бала туралы өлең тыңдайық. «Жалқаубек» әні.

15-оқушы:Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Кәне ортаға салайық.

16-оқушы:Достым сенде үш алма

Апаң саған әкелді

Жей ғой балам екі алма

Кәне қосып жіберші

Болды бәрі неше алма?

Көрініс математика сабағынан.

Мұғалім:3+3 қанша болады?

Оқушы:үндемейді ....иығын көтереді.

Мұғалім:Мына жақтан үш ат шауып келеді. Мына жақтан тағы үш ат шауып келеді.Барлығы қанша ат шауып келеді?

Оқушы:Уф-ф-ф, мұғалім,Шаңнан түк көрінбейді ғой.

«Баға»

Әкесі:Балам сабағынан не алдың?

Баласы:күнделігін көрсетіп-Міне, бес алдым!

Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .Бес алдым деп,сен неге айтасың өтірік?

Баласы:Ой, папатай, есепті,

Білмеуіңді қарашы

Үшті қоссаң екіге

Бес болмай ма, санашы.

17-оқушы:Жуытар бойға жамандық

Біз емес нашар балақан

Өнермен жастай атандық

Әнші де, биші балапан.

«Әнші балапан» әні.

18-оқушы:Тану үшін бабаңды

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға!

19-оқушы:Тану үшін ғаламды

Тану үшін жаманды

Тану үшін заманды

Мектеп керек адамға!

Замануи би.

20-оқушы:Мен намысшыл баламын,

Тек үлгілі боламын,

Білім іздеп жалықпай,

Кең дүниені шоламын.

21-оқушы:Пайдаң тиіп Отанға

Риза болсын халқымыз

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз.

«Айгөлек» әні

Барына риза болсын көрермендер,

Байқадық білгенді де, білмегенін.

Осымен «Тілашарды» тамамдасақ,

Тағы үйренеміз аман болсақ.

Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.

( Ата – аналардың атынан оқушыларға сыйлықтар беріледі.)







Изображение 258Изображение 201Изображение 215Изображение 261Изображение 219


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров247
Номер материала ДВ-346220
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх