Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Презентации / Ашық сабақ: "Тілім-менің тірегім" сабақ жоспары /5 сынып/

Ашық сабақ: "Тілім-менің тірегім" сабақ жоспары /5 сынып/


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары (4 сынып)

Тақырыбы: Тілім - менің тірегім
Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.-
Міндеттері:
- ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;
ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәті. Баяу әуен тыңдай отырып жасау. «Күннің нұры»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз:
«Мен нұрлымын...
Нұр менің ішімде...
Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау Сахналау Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.
Үнтаспадан С. Тұрысбектовтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.
Тақтадан сәнді безендірілген сарайдың үш қақпасының көрінісі көрінеді.
Бірінші қақпаға «Таным», екіншісіне «Ғұламалар», үшіншісіне «Қазына» деп жазылған.
Ортаға патша рөліндегі бала шығады. Қасында уәзірлері бар. (Мұғалім кейіпкерлерді алдын - ала дайындап қояды).
Патша: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. \Уәзәрлері иіліп, қақпаның есігін ашады.\
Сабина: - Сонау бесінші, алтыншы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.
Зарина: Қазақ тілі халқымыздың тарихы,, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, өмір үні.
Айтегін: Ана тіліміз арқылы біз Отанымызды, халқымызды танып білеміз.
Жанель: Ел жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен, көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз арқылы қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліарқылы жеткіземіз.
Томирис: Ана тілі ата баба мұрасы. тіл ата баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы.
Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» қақпасына келеді. Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі.
Мұғалім: - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, А. Байтұрсынов, м. Жұмабаев, С. Сейфуллин, М. Әуезов сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Б. Момышұлындай атақты батырлардың тілі. Қазақ тілі – қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұлбековтай арыстың тілі.
Патша: - Туған тілім, туралы өлең тыңдасам деймін.
Мұғалім оқулықтағы өлеңді мәнерлетіп оқытады.
Үш бақытым
М. Мақатаев
• «Бірінші бақыт»не? Екінші бақыт не? Үшінші бақыт не?
• Алтыннан қымбат не екен?
Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды.
Патша: - Бұл қандай керемет болды екен, а?!
Нөкерлері қақпаны итереді. Қақпа ашылмайды.
Патша (ашуланып) – Менің кім екенімді білмейді - ау шамасы – деп, қақпаны өзі
итереді.
Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағып - қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:
Дүниеде не тәтті?
Дүниеде не ащы?
Патша: - Мұның мәнісі неде? – деп, оқушылардан сұрайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Әбілхайыр: О, хан ием!
Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл – тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы.
Бақ дегеніміз не?
Байлық дегеніміз не?
Бақыт дегеніміз не?
Айбар:
Төле би:
Бақ ұзатылған қыз,
Байлық еритін мұз
Бала артта қалған із
Өмірдің адамға ең жақын сыйы
Сыйласқан сіз бенен біз.
Ерназар Әйтеке би:
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ
Тамыры суда тұрса да,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Уақтысы жеткенде,
Тек жақсыдан өлмейтін сөз.
Сол уақытта қақпа ашылады. Жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бақтағы бұлақ басынан «Ана тілім - қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алады, парақтап қарай бастайды.
Патша: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелдерді аяқтау керек. Патша мақал - мәтелді оқиды, балалар әрі қарай жалғастырады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен болмаса,....
Өнер алды -...
Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы.
Піл күшті,
Піл күшті емес,... күшті.
Отыз тістен шыққан тіс,
Отыз рулы... тарайды.
Жүйелі сөз – жүйесін табар,
Жүйесіз сөз -...
Патша: - Ойпырмай - а! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сендерге үлкен рахмет. Сау болыңдар!
Патша нөкерлерімен шығып кетеді.
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
- Балалар, сахналандыру арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтінен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді


Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Презентации
Просмотров317
Номер материала ДВ-365137
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх