Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Ашық сабақ Тұмаудан сақтанайық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Ашық сабақ Тұмаудан сақтанайық

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудан сақтанайық».

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (флипчартта)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн шапағы» шеңбері
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. Денсаулық туралы мақал-мәтел сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
4. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне сөз кезегін беру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және келген қонақтар бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты өтпекші. Бұл сабақтың ерекшелігі - 2, 4 класс оқушылары және Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлері бірлесе отырып тұмаудан сақтану жолдарын іздестіретін боламыз.
Бүгін бізде қонақта Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкері – Саткулова Жанна Жанболатовна. Біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіз.
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не? (Флипчарт арқылы түсіндіру)

Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндауы)


ТҰМАУДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

Күн суып, қыс айлары жақындап келеді. Қазір тұмау деген сөзді жиі естиміз. Жыл сайын Жер шарын мекендейтін ересек тұрғындардың 10 пайызы тұмаумен ауырады екен. Жалпы осы ауруды жұқтырмаудың немесе одан емделудің тәсілдері қандай? Біз халық еміне жүгініп көрейік…

Тұмауратқан кезде ауырған адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тезірек шығып кетуіне көмектеседі. Сондай-ақ, тұмау эпидемиясы басталған кезде қолды тәулігіне сабындап 5-6 рет жуу керек. Бұл тұмаудың жұғуын 2 есеге төмендетеді.

Тұмаудың тағы бір емі – балды сүт. Антибиотиктер алынатын ең соңғы шара десек, тұмауға қарсы ең жақсы ем – бал қосылған сүтті шай немесе кішкентайымызда ішуден қашатын – сары май қосылған сүт! Ыстықтай ішілуі керек. Бір стакан ыстық сүтке бір шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жоюға көмектеседі.

Бұл дертке қарсы сонымен қатар үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өңделген өсімдік майын қосып, мұрынға тамызған жөн. Егер алоэ табылмаса орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз.

Мұрныңыз бітіп қалса, шикі қылшаның шырынын тамызуға болады. Пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минөт мұрын қуысына салып қою керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (екі-үш бөлігін) пен орташа көлемдегі бас пияздың төрттен бір бөлігін майдалап турап, араластырып бір түн қойып қою керек. Ертесіне оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызасыз.

5 ас қасық суға шыланған 1 грамм мумие ерітіндісін күніне бірнеше рет мұрынға тамызу керек. Кеңсірік қабынғанда күніне бір рет ертеңгісін ашқарынға 0.2 грамнан ішуге де болады. Бес күн үзіліс. Ем 3-4 рет қайталанады.

3. Денсаулық туралы бірер сөз.
- «Денсаулық» туралы бірер сөз айтуға 2 «А» класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
М: - Құрметті оқушылар, қонақтар! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ.
4-оқушы: Денсаулық.
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық – «5» сабақ «5»
Деп рапорт береміз!
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.

а) «Күн шапағы» шеңбері. Оқушылар адам денсаулығы жөнінде шеңберге бейнелейді






Т - тазалық – денсаулық кепілі
А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы – шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.

ҚОРЫТЫНДЫ. Қорыта келе, бұл дертке қарсы сонымен қатар үйде өсетін өсімдіктерді де пайдалануға болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өңделген өсімдік майын қосып, мұрынға тамызған жөн. Егер алоэ табылмаса орнына сәбіз шырынын да пайдалануға болады. Тек оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз.

Мұрныңыз бітіп қалса, шикі қылшаның шырынын тамызуға болады. Пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минөт мұрын қуысына салып қою керек. Оны күніне 4-5 рет қайталау қажет.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (екі-үш бөлігін) пен орташа көлемдегі бас пияздың төрттен бір бөлігін майдалап турап, араластырып бір түн қойып қою керек. Ертесіне оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызасыз.

5 ас қасық суға шыланған 1 грамм мумие ерітіндісін күніне бірнеше рет мұрынға тамызу керек. Кеңсірік қабынғанда күніне бір рет ертеңгісін ашқарынға 0.2 грамнан ішуге де болады. Бес күн үзіліс. Ем 3-4 рет қайталанады.



Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров108
Номер материала ДВ-534659
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх