Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / Ашық сабақ "Тоғызқұмалақ.Ойын негіздері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

Ашық сабақ "Тоғызқұмалақ.Ойын негіздері"

библиотека
материалов

Тоғызқұмалақ сабағының күнделік жоспары № 74

Тақырыбы: Ойын негіздерін үйрету. Ойын-тәжірибе сабақтарын жетілдіру. Жүрістердің санын

есептеу жолдарын тапсыру. Жаттығу ойыны

Тақырыбы: Ойын негіздері. Отаудағы құмалақтарды өрістете білу.

Мақсаты: Оқушыларды ойын негіздерін сақтай отырып ойнауға бейімдеу.

Керекті құрал: Ойын тақтасы, шебер ойыншылар ойындарынан көрініс – көрнекіліктер.

Мәтіні: Ойын кезінде тартыс алғашқы жүрістерден-ақ шиеленісе түседі. Дойбы, шахмат ойындарындағы сияқты тастарды жинақтап, шабуыл, қорғанысқа даярлау деген сирек жағдай. Өйткені ақ жағының алғашқы жүрісі-ақ бірнеше құмалақтарды ұтып алуға (жеуге) жеткізеді ғой. Сондықтан ойыншы бірден ойланады. «Қай отаудан жүрсем екен?», «ойынды қалай бастасам екен?», «Құмалақтарды отауларда қалай орналастырсам екен», «ойынның басында ғана ма, әлде ойынның соңына дейін үздіксіз есептеп отыру қажет пе?». Міне осындай сұрақтардың тууы да заңды.Әрине, бұл жерде айтылған сөздерді қатып қалған ереже деп ұғу қате. Кез-келген өте табысты жүріс деп танылған жүрісті де жеті рет өлшеп барып қана жүру қажет. Сондықтан біздің ұсынбақ негіздеріміз ойынды үйренуші талапкерге тек жол-жоба ғана болмақ.

Бұл негіздер мыналар:

1) отауларға құмалақтарды өрістете білу немесе оң жақ отаулардан бастап ойнау;

2) тақта үстіндегі ойын күштеріне (отаудағы құмалақтарға) жауапкершілікпен қарау;

3) жүрістерді есептеу.

«Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі мақсат бірінші жүрістен бастап-ақ қарсы жақтың жүрістерін тарылтып, дұрыс позицияға ие болу. Бұған жетудің басты шарттарының бірі – тақта үстінен жақсы орындар «жаулап» алу, яғни құмалақтардың ойнау күшін дұрыс өрістете білу немесе оң жақтан бастап ойнау.

Бұл негіз бойынша ойынды оң жақтағы отаулардан (6, 7, 8, 9) бастап жүріп өрістету қажет те, сол жақтағы отауларға жиналған құмалақтармен қолайлы бір шабуыл жасау сәтін күту керек. Бұл әдіс әрі сол жақ отаулардағы құмалақтардың күшін сақтайды. Осы айтылғандарды төмендегі кестеден анық аңғаруға болады:



Отаулардың рет саны

Сәтті шабуыл үшін тиімді құмалақтардың саны

Құмалақтардың мұндай саны тиімсіз болып табылады.

Бірінші

10-нан 19-ға дейін

28-ден 37-ге дейін

1-ден 10-ға дейін

19-дан 28-ге дейін

Екінші

9-дан 18-ге дейін

27-ден 36-ға дейін

1-ден 9-ға дейін

18-ден 27-ге дейін

Үшінші

8-ден 17-ге дейін

26-дан 35-ке дейін

1-ден 8-ге дейін

17-ден 26-ға дейін

Төртінші

7-ден 16-ға дейін

25-тен 34-ке дейін

1-ден 7-ге дейін

16-ден 25-ге дейін

Бесінші

6-дан 15-ке дейін

24-тен 33-ке дейін

1-ден 5-ге дейін

15-тен 24-ге дейін

Алтыншы

5-тен 14-ке дейін

23-тен 32-ге дейін

1-ден 4-ке дейін

14-тен 23-ке дейін

Жетінші

4-тен 13-ке дейін

22-ден 31-ге дейін

1-ден 3-ке дейін

13-тен 22-ге дейін

Сегізінші

3-тен 12-ге дейін

21-ден 30-ға дейін

1-ден 2-ге дейін

12-ден 21-ге дейін

Тоғызыншы

2-ден 11-ге дейін

20-дан 29-ға дейін

11-ден 20-ға дейін

29-дан 38-ге дейін

Жамбыл облысының біріншілігінде ойналған мына бір кездесуді талдағанда жоғарыда айтылған негіздің бұзылғанын, оның қандай нәтижеге жеткізгенін көреміз.

Ақ жағы: Қара жағы

1. 29:110 79-611

2. 311:410 910:912

3. 32-414 91:112

4. 414-811? 811:92

Төрт жүрістен кейін тақта үстінде мынадай позиция көреміз (№25 – диаграмма):



9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

2

10

10

1

11

11

2


26

1

4

2

2

15

15

15

14


20

1 2 3 4 5 6 7 8 9

25 диаграмма

Мұндай позицияны отауларда жатқан құмалақтардың шабуылға ыңғайлы тарамдалуы яғни өрістеу қарқыны жағынан алып қарасақ, қара жағының позициялық артықшылығы бар да, ақ жағының позициясы өте қысылшаң жағдайда. Себебі, қара жағының 2, 3, 5, 6 және 9-отауларындағы құмалақтары түгелдей дерлік ақ жағының отауларына шабуыл жасап тұр да, ақ жағының сол жағындағы отауларында (1,2 3, 4) құмалақтар тым аз, ал керісінше оң жақ отауларына (5, 6, 7, 8) құмалақтар көп шоғырланып, қара жағының бірді-бір отауына шабуыл жасай алмай тұр. Әрі ақ жағының бар отауларының қорғанысы нашар. Келесі жүріс ақ жақтан болғандықтан ол өзінің 4-отауынан «тұздық» бергісі келмей, амалсыздан 5. 32-43 жүрісін жүреді. Қара жағы болса 5. ...610:616 жүрісін жасап, қазанына 16 құмалақ салып алады да, қарсыласының

1-ші отауына тағы да «тұздық» алу қаупін төндірді. 6. 814-33 83:14, 7. 91:14 94:34, 8. 11-28 81-92,

9. 81-91. бұл мәжбүр болған жүріс. Егер 9. 714-29 (516-29) жүрсе, 9. ...75:210 (93:210), 9. ... 62-75,

10. 91-11 11-213. Оныншы жүрістен соң (10. 91-11 11-213) жағыдай мынадай болып шығады

(№26 – диаграмма):

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2


5

1

11

2

12

13



50


8


4

16


14



24

1 2 3 4 5 6 7 8 9

26 диаграмма

Жүріс ақ жағынан. Бір қызығы ақ жағының бірді-бір қанағаттанарлық жүрісі жоқ. Ол 11. 714-29 жүрісін жүруге мәжбүр болады. 11. ... 93:210, 12. 12-21 313-61!, 13. 12-23 77:46, 14. 12-25 мәжбүр болған жүріс. 14. 517-33 жүрісін жүруге болмайды. Жүрсе 14. ... 93:29, 15. 12-21 513:82, 16. 518-42 65:14, 17. 42-52 215:74. Қара жағы ұтады.

Сонымен, ойынды қай отаулардан бастап жүру, оң жақ, сол жақ отаулардағы құмалақтардың орналасуын бақылап отыру ойын нәтижесіне тікелей қатысы бар.

Бұл негіз бойынша – ешбір мақсатсыз, жоспарсыз, ойламай, өз жағындағы отаудағы құмалақтарды қарсыласына ұтқыза беруге және отаудағы құмалақтар санын азайтуға болмайды. Өз отауларындағы құмалақтар санын кеміту және ұтқыза беру оның күшін әлсіретеді, көбіне ол ойыншыны ұтылысқа әкеліп соқтырады. Сондықтан отаудағы құмалақтар санына ойынның басынан жауапты қарау керек.

Көбінесе кейбір тәжірибелі ойыншылар да кездесудің басынан-ақ құмалақтарды көп ұтуға тырысып, немесе «тұздық» алу үшін өз құмалақтарын оңды-солды шашып (ұтқызып) ойнайды. Бұл өте қате. Егер оның қарсыласы күшті ойыншы болса, алғашқы ойыншы жеңілді дей беріңіз. Мысалы төменде1974 жылы республикалық біріншілікте ойнаған жамбылдық Р.Ақпанбетов пен торғайлық Б.Қылышбековтың партиясының басталуын, әрі өрбуін, аяқталуын ұсынып отырмыз.

Ақ жағы: Қара жағы:

  1. 79:610 79:610

  2. 910-911 911-912

  3. 311:412 511-63Х

  4. 413:74 92-113

  5. 94:314 115-6Х

  6. 114:54 813-217??

  7. 93:218 32:44

  8. 215:72 15-52

Сегіз жүрістен кейін, тақта үстінде №27 – диаграммадағыдай позиция пайда болады.

Қара жағы «тұздық» алып алғаннан кейін қарсыласына «тұздық» бермеу мақсатын көздеп, дұрыс қорғаныс жүрістерін жасамай, 64 құмалағын ұтқызып қойыпты да, өзі қазанына не бары 18 құмалақ жинап алады. Енді ақ жағына, «тұздық» алмаған күнде де, тақта үстінде қалған құмалақтардан 18 құмалақ алу қиынға соқпайды, яғни ойынды өз пайдасына шешуге толық мүмкіншілігі бар.



9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

1


5

2

6

3

2

1


18

2

1

6

5

18

Х

7

16

2

64

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 27 диаграмма

Тағы бір мысал. 1975 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының ашық біріншілігінде ойналған қырғызстандық Ө. Асанов пен шымкенттік С. Қаратевтың ойынын алып қарайық:

Ақ жағы: Қара жағы:

1. 79: 610 79:610

2. 910-911 911-112

3. 61-73 91:112

4. 211:312 61-73

5. 74:114 511:62

6. 71-814! 212:414?

7. 513:814! 92:13Х??

8. 95:414!! 76-315

Сегіз жүрістен кейін, тақта үстінде төмендегідей позиция (№28 – диаграмма) жасалды:

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2

1

1

3

3


3

3

2


42

Х

4

15


1

1

1

15

1

64

1 2 3 4 5 6 7 8 9

28 диаграмма

Мұндай позициядан кейін, ақ жағына 16 құмалақ ұтып алу қиынға соқпайды. Яғни ол ойынды өз пайдасына шешеді.

Ойын негіздері. Есептеп отырып ойнау. «Тоғызқұмалақ» ойынында жүрісті есептеу жолы өте көп. Тек өз жүрісінің ғана мақсатын белгілеу, есептеу керек емес, қарсы жақтың да мақсатын біліп, жүрісін мұқият есептеп отыру керек. Бұл принципті сақтамаған жағдайда, яғни есептен жаңылу, жалығу және есептеуде қателер жіберу ұтылысқа әкеліп соқтырады. Мысал ретінде мына төмендегі позицияны (№29 – диаграмма) алып қарайық:



9 8 7 6 5 4 3 2 1


Х

2

2

3

1


2




2

3

Х


1

2

1

1



1 2 3 4 5 6 7 8 9

29 диаграмма

Екі жақтың отауларында он-оннан құмалақтары бар. Жүріс қара жағынан.

Қара жағына ойынды өз пайдасына шешу үшін отаудағы құмалақтардан 6 құмалақ, тең аяқтау үшін 5 құмалақ ұтып алса болғаны. Мұндай позициядан кейін ақ жағы қара жағын тек атсыратып қана, яғни қалған құмалақтарын 9-отауға жинаған жағдайда ғана ұта алады. Басқа ешқандай амалы жоқ. Ал егер қара жағы да құмалақтарын 9-отауға жинамақшы болып, төмендегі жүрістерді жасаса:

Ақ жағы: Қара жағы:

1. .... 62-73

2. 12-24!! 73-91

3. 11-25! 61-72

4. 62-72 53-73

5. 52-62 73-92

6. т. с. с.



9 8 7 6 5 4 3 2 1

4

Х









78



Х


1




7

72

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 30 диаграмма

Ондай жағдайда 25 жүрістен кейін, 6 құмалағын қарсыласының «тұздығына» салып, №30 – диаграммадай позиция жасай алады. Диаграммадан көрініп тұрғандай, қара жағы атсырап, өз «тұздығына» не бары 3 құмалақ қана жинап, ұтылып қалады. Бұл жерде талапкер ойлануға тиіс. Жүрістің тиімді басқа жолын іздестіреді. Қара жағы енді барлық құмалақтарын қарсыласының «тұздығына» салып отырып, жүрісті ұзартпақ болады да төмендегіше жүрістер жасайды.

Ақ жағы: Қара жағы:

1. ... 72-8Х

2. 12-24!! 71-8Х

3. 11-25! 62-71

4. 62-72! 71-8Х

5. 25-62 61-71

6. т. с. с.

Бұл жолы да қара жағы 29 жүріс жасап, бір жүрісі ғана жетпей, атсырап, қазанына не бары екі құмалақ қосып, тағы да ұтылады. Сонымен мұндай позициядан (№30 – диаграмма) кейін қара жағының ойынды өз пайдасына шешетін ешбір мардымды варианты жоқ екен. Енді ол ойынды тең аяқтау мүмкіншілігін іздестіруі керек. Егер тереңірек,табанды ойланса мұндай жол бар екен, ол құмалақтарын 7-отауға жинап, үнемі қарсыласының отауларына шабуыл жасап отырса, мынадай жүрістер жүріліп, қара жағы қазанына 5 құмалақ қосады да, ойынды тең аяқтайды:

Ақ жағы: Қара жағы:

1. ... 62-73

2. 12-24!! 61-74!!

3. 11-25! 53-75!

4. 25-63 75:22

5. 11-21 61-72

6. ... ...

19. ... 62-75

20. 21-3Х 61-76

21. 00 76-3Х



Ал ақ жағының 12-24 жүрісі өте күшті жүріс, 11-25 жүрісін күшті жүріс деп есептеуіміздің себебі онда «тұздықтың» артындағы 1-ші және 2-ші отаулардағы құмалақтарды дер кезінде дұрыс пайдаланып, барлық мүмкін болатын тиісті (29) жүрістердің санын азайтқан жоқ. Ал егер қара жағының 72-8Х жүрісінен кейін мына төмендегідей жүрістер жасалса:

Ақ жағы: Қара жағы:

1. ... 72-8Х

2. 23-41? 71-8Х

3. 11-22 62-71

4. 11-23 71-8Х

5. 23-42 61-71

6. т. с. с.

Ақ жағы бір жүріс жетпей «атсырап», қара жағынан ұтылып қалуы ықтимал. Тіпті төмендегі жүрістерді жүргенде де, ақ жағы ұтылысқа душар болады.

Ақ жағы: Қара жағы:

1. ... 62-73

2. 81-91? 73-91!

3. 71-81 71-8Х

4. т. с. с.

Ақ жағы: Қара жағы:

1. ... 72-8Х

2. 12-24!! 71-8Х

3. 11-25! 62-71

4. 25-63? 71-8Х

5. т. с. с.

Сонымен бұл келтірілген мысалдардан көрінгеніндей, ойынды тең аяқтаудың бір ғана жолы (оны білесіздер) бар екен. Яғни көптеген жүрістің ішінен екі ойыншы да сол жолды тауып жүрулері керек болды. Олар солай істеді де.





















































Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров368
Номер материала ДВ-530333
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх