Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Толағай" ертегісі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "Толағай" ертегісі

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Әбділдә Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Әбділдә Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет бере отырып, жазушының «Толағай» ертегісін оқыту, әдеби талдау жасауға қалыптастыру.Әдеби ертегінің басқа ертегілерден өзгешелігін түсіндіру.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

а) білімділік: оқушыларға Әбділдә Тәжібаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Толағай» ертегісі жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың әдеби және көркем ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.

б) тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушының сабаққа қатысын, даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әдеби ертегі туралы түсінік.

Ертегі дегеніміз не? Ауыз әдебиетінде ертегінің неше түрі бар еді? 1. Қиял-ғажайып ертегі «Ер Төстік»

  1. Шыншыл ертегі «Қырық өтірік»

  2. Хайуанаттар туралы ертегі «Жеті лақ»

  3. Әдеби ертегі

Әдебиетіміздегі ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің авторы болғандықтан оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме, аңыздардың негізінде туады.Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді. Әдеби ертегілерде туған елін сүюді, еңбек адамын қадірлеуді, адамгершілікті, шыншыл, әділетті болуға уағыздайды.

Балалар, біз бұдан бұрын қандай көлемді тақырыптармен таныстық?

  • Осы тақырыптарды қаншалықты тереңірек меңгергенімізді тексеру үшін сөзжұмбақ шешіп көрелік.

Сөзжұмбақ шешу.




Т








О











Л










А












Ғ










А









Й






  1. Перінің қызының аты (Бекторы)

  2. Қойдың пірі қалай аталады? (Шопаната)

  3. Ер Төстіктің мінген тұлпары (Шалқұйрық)

  4. «Аяз би» ертегісінде уәзірлеріне бұйрық берген хан (Мадан)

  5. Жерұйықты іздеген кім? (Асанқайғы)

  6. Алланың елшісі, ең соңғы пайғамбар кім? (Мұхаммед)

  7. Сырым кімнен бата алды? (Малайсары)

Ортадан қандай сөз пайда болды? Толағай. Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Әбділда Тәжібаевтің «Толағай» әдеби ертегісі. Суретін көрсету

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Эпиграф «Әбділда Тәжібаев – қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын» Мұхтар Әуезов.

Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған. Толағай тауы- Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы.. Қалбатауының бір бөлігі. Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шелек өзеніне қосылады.

Әбділда Тәжібаевтың өміріне шолу.

  • 1909 жылы 4 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

- 1998 жылы 23 қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

- Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

- Республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

- «Толағай» әдеби ертегісін1978 жылы жазған.

Енді «Толағай» ертегісінің желісімен таныс болайық.

1-бөлім. Толағайдың дүниеге келуі

Осыдан 500 жыл бұрын, Ертіс жағасында Саржан мерген мен жұбайы Айсұлу өмір сүреді.
Анасы Айсұлу – ақ маралдай сұлу, ақылды, көрген адамдар қылығына тамсанады, айы, күні жетіп «ұл туады». Отыз күн тойлатады.
-1-ге толған Толағай сипатын оқы.
Балғын бөбек жетті бірге,
Ілінбесін көз бен тілге.
Кереметтен туған жандай:
Кере қарыс, ақша маңдай,
Күн нұрынан жаралғандай,
Көзі түскен таңғалғандай.
-3-4 жастағы Толағай сипатын оқы
Үштен төртке жетті жасы,
Туған айдай екі қасы,
Ақ тістері ақ меруерттей.
Қос жұлдыздай көз жанары,
Қос бетінің тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей.
-7 жастағы Толағай
Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты,
Жай отынан кейін емес.
Темірден де өткізеді,
Түндік жерге жеткізеді.
Ел осыны етті кеңес.
2-бөлім. Толағайдың алғашқы ерлігі
Толағай мергендер мен әкесіне еріп аң аулауға барады. Атқан аңы құтылмайды. Қашқан құланның өзін дәлдеп атады.
 Толағай ұйықтап алайын дегенде әкесі Саржан ұйықта қозым деді. Сол уақытта әкесі жем іздеп жүрген жолбарысты көреді. Жолбарыспен айқасады.
-Жолбарыспен айқасын тауып оқы.
«Өлдім, балам, Толағайжан!»
Деген дауыс шықты жаман,
 
Атып сонда тұрды бала.
Тырнақтарын арандатқан,
 
Аждаһадай аузын ашқан,
Жолбарысты көрді бала.
Әкесінен әл кетіпті,
Қояр емес, жауы мықты,
Меңдеп барад, күші басым.
Тал шыбықтай майыстырып,
Теңбіл шұбар алған мініп,
Күйрететін қабырғасын.
3-бөлім. Толағайдың күйзелісі
ТОЛАҒАЙ:
- Ел басына ауыр күн туды. Маған еліме көмек беру керек.
- Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын
Адал ақыл айтар кімдер?
АНАСЫ:
-Балам, Толағайжан! Мына жерде жалғыз өзің не істеп жүрсің? Тыныштық па?
 
ТОЛАҒАЙ:
-Уа, Анашым! Жаным күйзелді. Мынау бір тамшы жауын жаумай, елім күйзелуде.
Не істесем болады?
АНАСЫ:
-Е, балам! Бұған сен не істей аласың? Бұл Алланың әмірі.
ТОЛАҒАЙ:
-Білсең, апа, айтшы!
Көп жауатын қайда жауын?
ТОЛАҒАЙ:
-Толағайжан, менің білуімше,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Тауда тандыр
Үзілмейді жылда жаңбыр,-дейді.
ТОЛАҒАЙ:
-Иә, Анашым! Мен онда сонда барамын. Сол жаңбырды еліме алып келемін.
Бұл жерде бір сәтке де кідірмеймін.

АНАСЫ:
-Толағайым, жалғызым! Көзімнің қарашығы, жұбанышым! 
Қайда, қайда кеттің бізді тастап!

Толағайға мінездеме беру. Топтастыру

Скругленный прямоугольник 3


Овал 1Скругленный прямоугольник 2Скругленный прямоугольник 4Скругленный прямоугольник 5Скругленный прямоугольник 6Скругленный прямоугольник 7Прямая со стрелкой 8Прямая со стрелкой 9Прямая со стрелкой 10Прямая со стрелкой 11Прямая со стрелкой 13

hello_html_455efcd8.gif









Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға – кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

ІҮ. Сергіту сәті. Автор орындығы

Мұғалім сөзі: Оқушылар, ортадағы мына отырғыш автор орындығы деп аталады. Бұнда Толағай бейнесіне еніп, оқырмандар қойған сұраққа Толағай болып жауап беруіміз керек. Қане, кім Толағай болғысы келеді.

(Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады. )

1. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?

2. Алда-жалда жұрт қиналса сен не істер едің?

3. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

4. Отаның үшін қызмет етесің бе?

«Сезім сыры» кестені толтыру

Ренжідім


Қуандым


Қорықтым


Өкіндім


Таң қалдым


Жек көрдім




Ү. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары:


Сәйкестендіру.


«Алып болар»


hello_html_m7ebb6e1c.gifhello_html_m705d28a7.gifhello_html_4da52b1e.gifhello_html_49debbe0.gifhello_html_6536fc0c.gif

деді Саржан

Толағайдың анасы

Айсұлу

Жеті жаста


деді үлкендер

Ұйқыдағы


Толағайды

«Ұйықта, қозым»


садақ тартты

Осы шығарманы қалай топтастырар едіңдер?

I бөлім.

Ерекше болып өскен Толағай.

II бөлім.

Ел үшін құрбан болған Толағай.

ҮІ. Сабақтың қорытындысы:

Шығарманы талдап көрейік:

Ертегінің тақырыбы: Ерлік туралы.

Ертегінің идеясы: Отан үшін,ел үшін Толағайдай ерлер туса екен деген тілек,ниет.

Ертегінің композициялық құрылымы:

Басталуы: Саржан атты мергеннің ұлды болуы.

Дамуы: Толағайдың ер жетуі.

Шиеленісуі: Толағайдың халқын ойлап күйзелуі.

Шарықтау шегі: Толағайдың еліне тауды көтеріп әкеліп, жаңбыр жауғызуы.

Шешімі: Толағай-елі үшін құрбан болды.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. «Толағай» әдеби ертегісін түсініп оқу.

2. «Толағайға хат» оқушылар жырдың бас кейіпкері өз тілектерін, ойларын хат арқылы жеткізеді.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-446507

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"