Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ. Тұрақты электр тогы. Ток күші.

Ашық сабақ. Тұрақты электр тогы. Ток күші.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін

директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______Кенжебаева Э.А.


Сабақтың технологиялық картасы

Пән Физика

Мерзімі 23.02.2016ж Топ 13

Сабақтың № 42

Тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың тұрақты электр тогы тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық білімін практикамен ұштастыру.

  • Дамытушық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

  1. Тәрбиелік Оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, уақытын үнемді пайдалануға үйретіп, жан – жақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру

Сайыстың формасы: Сайыс сабақ.

Сабақты қамтамасыздандырылуы:

а)оқу – көрнекілік құралдар тірек сызбалар, компьютер, интерактивті тақта, кітап.

б)үлестірмелі материалдар деңгейлік тапсырмалар.

в)ТОҚ

Пәнаралық байланыс математика, информатика, электротехника.

Өз бетінше жұмыс : кестемен жұмыс, карточка, деңгейлік тапсырма.


Сабақтың өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу болып өткелі отыр. Бүгінгі физика сабағы ойындар, жарыс түрінде өтеді. Тарау бойынша алған білімдеріңіздің деңгейін көрсетейік, сарапқа салайық.

Біздің сабағымыз келесі кезеңдерден тұрады.

1 - кезең. «Теориялық сұрақтар

2- кезең. Сәйкесін тап. Формулалар сайысы.

3-кезең Алтын сандық

4- кезең «Теориялық тест» Білім сайысы.

5 - кезең. «Деңгейлік тапсырма»

6- кезең. Электр тогына сипаттама

Сабақты қорытындылау.


Оқушыларды 3 топқа бөліп, басшысын анықтау.

Топтың атын таңдау үшін, алдарыңызда тұрған сұрақтарға кім бірінші болып, әрі дұрыс жауап берген топ. Сол заңмен атымен топ аталады.

(I топ Ток күші, II топ Кернеу. III топ Кедергі).

Бір бірімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық.


1 - кезең. «Теориялық сұрақтар (7 минут) ( әр топ кезек кезегімен өздеріне таңдаған ұяшықты таңдап, ішінен шыққан сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауапқа 1,2,3,4,5,6,7,8,9 ұпай сандары беріледі)

hello_html_58e35353.png











2- кезең. Сәйкесін тап. (5 минут) Формулалар сайысы.( әр топқа формулалар жазылған парақ беріледі. Әр топ өзінің жауабын белгілейді, жауаптары жазылған парақшаны қарсылас топқа береді. Қарсылас топ қатесін тақтада берілген жауаптары арқылы тексереді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

hello_html_m796b198b.png











3 - кезең. Алтын сандық ( 5 минут) ( Оқушылардың алдына физикалық шамалар салынған сандық қойылады, әр топтан бір оқушы шығып сандықтың ішіндегі құралды алады, сол құралға сипаттама береді.)

hello_html_e2d35ba.png











4- кезең «Теориялық тест» ( 3 минут) Білім сайысы. (Қай топ бірінші болып қол көтерсе сол топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 1 ұпай.)

hello_html_594e2686.png











1. Электр шамының қыл сымның ұштарындағы кернеу 2 В, тоқ күші 0,8 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

 А) 2,5 Ом

Ә) 1,6 Ом

Б) 2,8 Ом


2)Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қай шама бірдей болады:

  А)Тоқ күші

Ә) Меншікті кедергі

Б)Кернеу

В)Кедергі


3)Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?

  А)Тоқ күші   

Ә)Кернеу   

Б)Кедергі    

В)Ішкі кедергі


4) Кернеуді өлшейтін құрал

А) Вольтметр

В) Ваттметр

С) Омметр


5. Параллель жалғанған кедергінің формуласы

А) R=U/I

В)1/R=1/R+1/R

С) R=R+R


5 - кезең. «Деңгейлік тапсырма» (8 минут)( Ортаға әр топтан бір оқушы шығып конверттерді деңгей бойынша таңдайды.

hello_html_54bdad53.png








Қызғылт- 1 деңгей (1 ұпай)

Жасыл- 2 деңгей (2 ұпай)

Көк- 3 деңгей (3 ұпай)

Таңдалынған есепті топпен бірге шығарады, жауабы тақтаға жазылады.)


I деңгей Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, кедергі 2 Ом. Ток күші неге тең?

II деңгей Электр тізбегі ішкі кедергісі 20 Ом-ға тең тоқ көзінен және кедергісі 1 Ом-ға тең өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші 6 А. ЭҚК неге тең?

III деңгей Егер 10 с ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3 Кл заряд өтетін болса, жалпы кернеуді тап.


6- кезең. Электр тогына сипаттама ( 5 минут) (Әр топтың оқушылары тізбекте ток пайда болуы үшін қандай шамалар қажет екенін тақтаға жазады, әр дұрыс жазылған шамаға 1 ұпай)

hello_html_m699d0330.png











Сабақты қорытындылау. (2 минут) Сабақты қорытындылай келе әр топқа конверт беріледі, конверт ішінде 3 пән жазылған, оқушылар таңдалған конверттегі пәнге электр тогының пайдасы мен зиянын тақтаға жазады.

VІ. Рефлексия ( 4 минут)

Нені үйрендім?

Нені білдім?

Не білгім келеді?

VІІ. Бағалау ( 2 минут) Оқушылардың сайыс бойынша ұпай сандары есептелініп, бағаланады.

VІІІ. Үй тапсырмасы ( 1 минут) «Электр энергиясын қайда өндіреді?» тақырыбына баяндама жасау.

Сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Оқытушының аты-жөні: Алимкулова Г.М________________________

(қолы/ подпись)



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.10.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров14
Номер материала ДБ-264596
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх