Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ашық сабақ "Төрт түлікті біліп ал!."

Ашық сабақ "Төрт түлікті біліп ал!."

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас.

Кіші сала: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Төрт түлікті біліп ал!.

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Төрт түлік малдың әрқайсысының пайдасы, төлі, ерекшеліктері туралы айтып түсіндіру.

Міндеті: Үй жануарларының төлдерін білуге, оларды бір-бірінен ажыратуға, үй жануарларына байланысты тақпақтар айтуға үйрету.  

Балалардың өз ойларын ашық жеткізе білуге, ой-өрісін, сөздік қорын, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.

Төрт түліктің пайдасын айта отырып, балаларды еңбексүйгіштікке, төрт түлікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: Үй жануарларының және төлдерінің  суреттері.

Іс -әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

1 кезең Мотивациялық- қозғаушы


Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері»

(Балалар шеңбер бойында тұрады.)


Біз -қазақтың баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәрінеде ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

 

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

-Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір бейбіт күн ыстық.

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

2 кезең Ұйымдастырушылық ізденушілік












































-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Көктем айларын атаңдар?

-Дұрыс айтасыңдар. Қазір қай мезгіл екенін біледі екенсіңдер.

-Алдымен тілімізге жаттығу жасап алайық.


Ыс-ыс-ыс- келіп қалды қыс.


Ой-ой-ой- қорада тұр қой.


Ай-ай-ай-  жайылып жұр тай.


Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ.

Зы-зы-зы- секеңдейді қозы.




-Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?


-Біз бүгін үй жануарларына тоқталамыз.

-Үй жануарларын атайық?


Сергіту сәті.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау- менің оң қолым,

Мынау- менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


-Балалар енді үй жануарларына тоқталайық.

-Балалар мынау ненің суреті? (суретін көрсету)


hello_html_3f5b2be5.jpg

-Дұрыс айтасыңдар, ал сиырдың төлін қалай атаймыз?


hello_html_m2619f9b1.jpg

-Дұрыс, сиыр мен бұзау қалай дыбыс шығарады?

-Сиырдың адамға пайдасы көп екен, сүтін ішеміз, етін жейміз, сиырдың сүтінен қаймақ, май, құрт-ірімшік жасаймыз, терісінен киім тігеміз, сондықтында сиырды күтіп бағуымыз қажет. Сиырға жем-шөп, су беріп бағуымыз керек. Сиырды жем-шөп берерде, суарарда қалай шақыратынын білесіңдер ме?

-«Аухау-аухау» деп шақырады екен.

-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)


hello_html_m3c45adc5.jpgДұрыс, жылқы төлін  не деп атаймыз?


hello_html_654f376c.jpg

-Жылқы мен құлын қалай дыбыстайды?

-Жылқы малын өте бағалаған, себебі мінсе-көлік, жесе еті тамақ, сүтін қымыз дейміз. Денсаулыққа пайдалы емдік қасиеті бар.

-Жылқыны қалай шақырамыз?


-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)

hello_html_m6df5927c.jpg

-Дұрыс, түйенің төлін  не деп атаймыз?

hello_html_m336a2ddb.jpg

-Түйенің дене құрылысы ерекше. Түйенің өркеші болады. Түйелер қос өркешті және бір өркешті болып келеді. Түйенің бір өркештісін нар деп атайды. Түйенің жүні пайдалы, түйенің жүнін шуда деп атайды. Түйенің жүнінен көрпе жасайды, тоқыма заттарға да пайдаланады. Түйенің сүтін шұбат дейміз.

- Шұбат ішіп көргендерің бар ма?

-Түйені қалай шақыратынын білесіндер ме?

-Балалар түйені «көс-көс» деп шақырады екен.

-Жарайсыңдар, мен сендерге қазір Воскобовичтің дамыту ойыны «Чудо соты» ойынымен түйе жасаймыз.


-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)


hello_html_7b27b98.jpg

-Дұрыс қойдың төлін не деп атаймыз?


hello_html_m4a721405.jpg

-Қой бұлда төрт түліктің бірі. Қойдың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен әртүрлі киімдер тоқылады. Әжеміз көрпе жасайды.

-Қой мен қозы қалай дыбыстайды?


-Қойды жем-шөп бергенде қалай шақырамыз?

-Бұл қай жануар? (суреті көрсетіледі)


hello_html_428f31b9.jpg

-Ешкінің төлін не деп атаймыз?



hello_html_68ada33e.jpg

-Ешкі мен лақ қалай дыбыстайды?

-Ешкіде төрт түліктің бірі. Ешкіні де біз қолға ұстап пайдаланамыз. Ешкінің етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінін пайдаланамыз. Ешкінің жүнін түбіт дейміз. Ешкінің түбітінен шарқат тоқиды.

-Ешкіні қалай шақыратынын білесіндер ме?

-Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырамыз.

- Өте жақсы, сендер үй жануарлары жайында көп біледі екенсіңдер. Осы үй жануарларын күтіп-бағуымыз керек, сол кезде өнімі де мол болады екен.

-Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен мал деп айтамыз.

Сергіту сәті.

Төлдер туралы тақпақ.

-Балалар төлдер туралы тақпақ білесіндер ме?












Дидактикалық ойын: «Төлін тап» ойыны.

Мақсаты: балалардың үй жануарларына деген қызығушылығын арттырып, оларды ажырата білуге үйрету.

 -Көктем мезгілі

-3 ай бар


-Наурыз, сәуір, мамыр





Балалар қайталап айтады.


Ыс-ыс-ыс- келіп қалды қыс.

Ой-ой-ой- қорада тұр қой.

Ай-ай-ай- жайылып жұр тай.

Ақ-ақ-ақ- ойнақтайды лақ.

Зы-зы-зы- секеңдейді қозы.



-Жабайы және үй жануарлары болып екіге бөлінеді.



-Сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп жасайды.













-Сиыр.













-Бұзау.



-«Мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады.

Балалар сиыр туралы айтылған мәліметті мұқият тыңдайды.

 

 

 



«Ахау-ахау» деп қайталайды.






-Жылқы, ат.












-Құлын







-Кісінейді.

 

 

 

«Құрау-құрау» деп шақырамыз.







-Түйе.












-Бота.











Түйе туралы айтылған мағлұматтарды зейін қойып, мұқият тыңдайды.

 

 

 Балалар өздерінің ішіп-ішпегендері туралы айтады.

Балалар өз ойларындағысын  айтады.


Балалар ойынға қызығушылығын танытады.






-Қой.













-Қозы.

 

 

 









-«Мә-мә-мә» деп дыбыстап маңырайды

-«пұшайт-пұшайт» деп шақырамыз.









-Ешкі.








-Лақ.






-Қойға ұқсап маңырайды.

 

 

 

 

 

Балалар өздерінің білетіндерін айтады.

 

 

 

 

 

 



-Білеміз.

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды,шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секектеме,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам,көз тоймайды.


 Балалар енелері мен төлдерін табады.

3 кезең Рефлексивті-түзетуші


ҰОІӘ қорытындылау.

-БүгінгіҰОІӘ не жайында болды?

- Үй жануарларын атаңдар?


- Сиырдың төлін не деп атаймыз?



Үй жануарлары туралы болды.

- Сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі


- Бұзау деп атаймыз

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Үй жануарларының аттарын пайдасын, төлдерін ажырату, малдарды бір-бірінен ажыратуы

Түсінеді: Мәнерлеп тақпақтар айту, жаттығуды іс-қимыл арқылы көрсету түсініктерін игерді, жануарлардың қалай қоректенетінін

Қолданады: Үй жануарларының қалай  дыбыстайтынын салды, сұраққа толық жауап бере отырып ойлау қабілеттері артады. Жануарларға қамқор болу




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров106
Номер материала ДВ-362124
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх