Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Тәуке ханның Жеті жарғы заңы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ Тәуке ханның Жеті жарғы заңы

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Тәуке х.7жарғы заңы ашық сабақ.docx

библиотека
материалов

Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Сыныбы:7 Пәні:Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы. Сабақтың мақсаты:

  • Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы, Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдары және жасауға қатысқан қазақтың ұлы билері туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту; мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «жеті жарғы» заңының негізін меңгерту.

  • Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:СТО, проблемалық сұрақтар әдісі, тірек сигналдар арқылы оқыту Сабақтың әдісі:Білімді бақылау , тұлғаларды және білімді бағалау әдістері т.б Оқыту құралдары: Карта ,тірек –схема , хандар мен билердің портреттері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу; Оқушылар қимылмен команданы орындайды Сәлем достым! \ қол алысады\ Сен қалайсың? \арқа қағады\ Қайда болдың? \алақан жаяды\ Мен сені сағындым!\жүрегін ұстайды\ Сен келдің. \құшағын жаяды\ Жақсы болды! \құшақ жаяды\

Мұғалім өлең жолдары арқылы даярлықтарын тексереді. Дайынсың ба сабаққа? Қарап алшы жан-жаққа Бәрі бар ма орнында? Қалам, дәптер, кітап та.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Тәуке хан болу қарсаңында Қазақ хандығының саяси жағдайы тақырыбы бойынша

Үлгі: «Детальдарын қосу» әдісімен мұғалімнің сұрағы. 1.Бастапқы сөйлемнің мысалы:1643жылы Жоңғарлар қазақ жеріне басып кірді. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:\ Оқушы жауабы:\ХУІ ғасырдың ортасында Батыр қоңтайшының билікке келуімен Жоңғар мемлекетінің күш- қуаты артты.Оның тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635,1643,1652 жылдары қарулы шайқастар болды.

«Детальдарын қосу» әдісімен оқушылардың сұрақтарды жалғастыруы. 2.Бастапқы сөйлемнің мысалы:1628-1652жылдары Жәңгір ханның таққа отырды \Есім ханның баласы\ Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:Жәңігр ханның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті.Оның билігі тұсында Жоңғарлардың күшейген кезі болатын.Жоңғарларға қарсы күрестегі ерлігі үшін Салқам Жәңгір атанған болатын.1643ж.жоңғарларға қарсы күресте Орбұлаққа бекінген Жәңгір хан 600 жауынгерімен 50мыңдық жау әскеріне қарсы шығады.Жаушының сәлемі арқылы Жалаңтөс батырдың көмегімен жоңғарлардың шегінуіне мәжбүр етеді.Жәңгірдің жаужүректілігі,көрегендігі халықтың мерейін үстем етті.Орбұлақ шайқасы тарихымыздың өшпес жарқын беттерінің бірі болып саналады.

Негізгі сұраққа жауап:Жоңғар әскері 1680жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жеріне тағы да басып кіріп,қазақ ұлыстарын талқандады.Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай еді.

ҰСМҚ\ұстаным,себеп,мысал,қорытынды\әдісімен сұрақ-жауап:

Тәуке ханның «Билер кеңесін» құрудағы мақсаты қандай болды?

Үлгі: Ұстаным;менің ойымша хандық билікті нығайту үшін өзгерістер ензіуді іске асыру керек болды.

Себеп: Тәуке хан өз билігін күшейту үшін билерге арқа сүйеуге,ал сұлтандардың билігін шектеу қажет еді. Мысал: Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешіп,ел басқаруға тартты.Тәуке хан билердің шығарған үкімінің келесі «Билер кеңесіне» дейін күшін жоймайтынын заңды түрде бекітті. Қорытынды: Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» ролі күшті болды.

«Таза тақта» ойыны .Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы жағдайы 1681-1685жылдар,1573жыл,1694жыл –хронологияны талдап,соңында жауабы бар даталарды тақтадан өшіріп отыру.Соңында таза тақта қалады.

ІІІ.Жаңа сабақ: сабақ тақырыбын ашу үшін ҚР Конституциясы,ҚР бала құқығы туралы Заңы т.б.кітапшаларын көрсетіп не көріп отырғандарын сұрау.Баптарынан үзінді оқып беріп,құқықтарының қалай қорғалатыны туралы сұрау.Заңның әділдік пен тәртіп орнату үшін қажеттілігін түсіндіретін сұрақтармен Тәуке ханның кезінде шығарған заңы қалай аталатынын ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін екенін оқушылардың жауабымен жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. «ЖИГСО»әдісімен түсінулерін ұйымдастыру.

«Ойлан,бірік,бөліс» әдісі Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы не білеміз? Оқушылар ойларына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша білгендерін жазады.\Ойлан\ Одан кейін өз ойларын жұптарымен біріктіреді\бірік\ және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеясын талқылауды бастайды.

«Жұқа» және « қалың» сұрақтар арқылы мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты қалай меңгергенін тексереді. 1.Қазақша «жарғы» сөзі нені білдіреді? 2. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан қазақ билері кімдер? 3.Тәуке хан елдің ішкі және сыртқы жағдайын жақсартуда қандай шараларды қолданды? 4. «Жеті жарғы» бойынша қоғамның даулы мәселелері қалай шешілді? 5.Ұлы билердің қазақ қоғамындағы ролін қалай түсінесің?

«Жеті жарғы» заңында қарастырылатын 7 мәселе.\дәптермен жұмыс\174-беттен жазып алады\ 1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.

Жеті жарғы”заңындағы қылмыстық баптарды 7 мәселемен байланыстырып, мысал келтіру.

1 жарғы: “Көтеріліс жасап бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын” 2 жарғы: “Отбасын бұзған адамдарға өлім жазасы бұйырылсын” 3 жарғы: “Түркі халқының мүддесін сатып елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын” 4 жарғы: “Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендерге өлім жазасына бұйырылсын” 5 жарғы: “Төбелесте мертігудің түріне қарай құн төленсін” 6 жарғы: “Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін 27 есе айып төленсін” 7 жарғы: “Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын”

Жұптық жұмыс: Жұпқа бөліп алу.«Қате тұжырым» ойыны Жұптағы оқушылар 3 тұжырым жазады,оның біреуі «жалған» болуы керек.Оны келесі жұпқа береді.Келесі жұп үш жауаптың қайсысы дұрыс емес екенін табады.

ІУ. Жаңа білімді бекіту

Ғажайып жетілік” (сұрақ –жауап) 1.Тәуке ханның негізгі мақсаты? 2. Тәуке хан саясатының басты бағыттары? 3.” Жеті жарғыда қарастырылған мәселелер? 4. “Жеті жарғы” заңындағы қандай баптарды қолдайсың, қандай баптармен келіспейсің? 5.Ұлы билер қатысып жасаған «Жеті жарғы» заңы қандай негізге сүйене отырып жасалды? 6.»Жеті жарғы» заңының қоғам өміріндегі маңыздылығы неде? 7.Тәуке ханның ел билеген жылдары?

«Білім әлеміне саяхат” 1. Тәуке хан ........................көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. 2. Тәуке ханның негізгі мақсаты- ..............................нығайту. 3. «Жеті жарғы»заңдар жинағының негізі ......................хандардың заңдар жобасы негізінде алынды. 4. «Жеті жарғы» бойынша ---------------------заң шығару құқығы және қазақ қоғамындағы мүшелеріне бұйрық беруге міндетті болды. 5. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне қатысушыға ------------------------------ деген талап қойды.

У.Қорытындылау . Тәуке хан мен ұлы билер атқарған ұлағатты істерді талдай отырып, қазақ хандағын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлғаларға тарихи баға беру. Тәуке хан мемлекеттік құрылыстың негізгі ұстанымдарын анықтайтын «Жеті жарғы» заңын жасады. Тәуке хан хандық билікті нығайтты

«Жеті жарғы»заңы қанды кекті жойып, құн мөлшерін белгіледі. Халқымыздың тарихында атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.

Сергіту сәті: 7 санына байланысты сыныпқа қатысты 7 тәртіп ережесінің баптарын ойлап,табу

УІ.Бағалау. Сабақтың тапсырма орындау кезеңдерінде «үш шапалақ» формативті бағалау әдісімен белсенділіктерін ескеріп отыру.Мадақтау. Оқушылар алған смайликтерін бүгінгі сабақ тақырыбы жазылған дәптер бетіне жабыстырады. Сабақ соңында дәстүрлі баға жиынтығын шығару үшін смайлик көп жинаған оқушыларды анықтап, оқушылармен бірге талдап,бағалау.

УІІ. Үйге: §43. Тест тапсырмасын орындау

Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап беру.

«Венн диаграммасы» Қасым ханның қасқа жолы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»


































































Абуева Гүлжамал Серікбайқызы

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Қордай ауылы

1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназия

Тарих пәнінің мұғалімі






1. Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы);
2. Қылмыс заңы ( кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері);
4. Елшілік жоралары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері жасауыл және т. б.)
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.


1.Әдет- ғұрып ережелеріне жатпайтын жарғы: А) Қасым ханның қасқа жолы; В) Есімханның ескі жолы; С)Жеті жарғы; Д) Қазақ шежіресі.

2. “Жеті жарғы” дегеніміз...... А) Мұсылман заңдар жинағы В)Әдет-ғұрып заңдар жинағы; С) Халық ауыз әдебиетінің шығармасы; Д) Қазақ шежіресінің атауы.

3. “Жеті жарғы” бойынша жауапқа тартылатын жас. А) 18; В)15; С) 13; Д) 20

4. “Жеті жарғы” заңындағы тарау саны: А) 5 ; В) 3, С) 13 ; Д) 7

5. “Жеті жарғы” бойынша жауапқа тартылмайтындар: А) Байлар; В) Саудагерлер; С) Билер; Д)Құлдар

6. Ұрлық жасағандарға қолданған жаза түрі: А)1000 қой құн төлеген; В) 27 есе айып төлеген; С) 500 қой төлеген; Д) Таспен атқан;

7. “Жеті жарғы” бойынша қылмыскердің атауы: А) Қылмыс жасаушы; В) Қылмыскер; С) Құн төлеуші, Д) Күнәһар






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-342257

Похожие материалы