Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "В дыбысы мен әріпі"

Ашық сабақ "В дыбысы мен әріпі"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

35-САБАҚ

Тақырыбы: "Екі лақ" ертегіні суретпен сипаттау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды суретшілер — көркем-творчествасымен таныстыру. Балалар кітаптарының безендендірілу негізін түсіндіру, халық ертегілерінің мазмұнына суретті туындата білдіру.

Міндеті: 1) Сезім әрекетін тәрбиелеу.

2) Саналы түрде қабылдау (Білімдік).

3) Практикалық - әрекетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың түрі: Кіріктіру.

Сабақ формасы: Диалог.

Сабактың әдісі: Көрнекілік, репродуктивтік, сюжетті (әдеби іс-әрекет), сөздік, суретпен сипаттау әдісі.

Музыкалық материал: Көңілді балалар әні.

Көркем әдебиет шығарма материалдар: "Екі лақ" ертегісінен үзінді.

Көркем-сурет материал: Жан-жануарлар суреті, әдемі безендірілген балалар кітапшалары, суретшілердің халық ертегілер тақырыбына салынған шығармалары, ертегі кейіпкерлерінің бейнелері.

Жабдықтары: үнтаспа, бейнекассеталар.

Сабақтың барысы.

Сабақ басталар алдында әсем безендірілген ертегі кітаптарды жайып қою. Оқушыларға кітаптардың безендірілуіне көңіл аударуын талап ету. Мүғалім балаларға анық, әсем суреттелген кітапты көрсету. Өздеріне таныс жақсы көретін ертегіні естеріне түсіру барысында сүрақ қою.

- Неге бұл ертегілер халық ертегісі деп аталады?

- Сендердің ең жақсы көретін ертегілерің?

- Ертегіде не, кім жайында айтылады?

- Ертегі біздің өмірімізде қандай орын алады?

Жауап алған соң мүғалім кітаптардың безендірілуі туралы әңгімелейді. Кітаптарды суретші - көркемдеушілер суретпен сипаттайды, Олар кітаптарды анық, қызықты, әдемі етіп жасауға тырысады. Ол үшін олар кітаптың қабын жөне бірнеше беттерін көркемдеп суреттейді. Олар бізге кітаптың негізгі мазмұнын, басты кейіпкерлердің, іс-әрекетін ашып көрсетеді.

Мүғалім ертегіден үзінді оқиды.

Екі лақ келіп түсті көпірге

Біреуі әрі, бірі бері өтуге

Көпірдің дәл ортасында килігіп,

Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.

Шайқасып бас, бірінің тілін бірі алмай,

Сүзіспекке кірісті қарап тұра алмай,

Тап көпірдің секірісті үстінен,

Бірінен-бірі қояр ма, сірә, кек алмай!

Екеуі де суға құлап тыныш тапты,

(Жігіттік қып көпірді тез босатты),

Ерегістің нәтижесі осы дағы,

Таласқандар мұнан артық не тапты?!

- Балалар, қалай ойлайсындар лақтар неге көпірден құлады?

Практикалық жұмыс.

Балалар өздерінің ойьшша ертегінің мазмұнын бейнелеу керек.

Алдыңғы қатарға екі жағалауды салуды ұсынуға болады. Онда жай қалған жасыл шөп, ортасында сылдыраған бүлақ. Бұлақ үстінен көпір тартылған. Көпір үстінде сүзіскен екі лақ.

Мұғалім жұмыс барысында лақтардың суретін геометриялық фигуралардың көмегімен салдыруды көрсету.

Балалар суретті акварель бояумен соңынан тушьпен немесе жіңішке қара фломастермен салады.

Жұмыс біткеннен кейін балалар салған жүмыстарын аяқтағаннан кейін суреттерін ағаш рамаға салады.

Қорытынды. Бағалау.

Сұрақ-жауап. Көрме ұйымдастыру.

  • Сау болыңыз, сабақ аяқталды!


Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров145
Номер материала ДВ-133036
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх