Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Үй жануарлары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық сабақ "Үй жануарлары"

библиотека
материалов


hello_html_59933965.jpg



Қордай ауданы Жамбыл ауылы

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна





Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.(Үй жануарлары.).

Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін толықтырып,

олардың төлдерін дұрыс атауға,оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Үй жануарлары туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу арқылы тіл байлығын,ақыл-ойын дамыту.Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге,үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:Дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтай отырып,ана тіліміздегі дауыссыз төл дыбыстарды ажырата білуге,дауыссыз дыбыстардың өздігінен дыбысталмайтынын түсіндіру арқылы сөздердегі дауыссыз дыбыс әріптерін таба білуге дағдыландыру,шапшаң,таза,көркем жазуға төселдіру.

Сөздік қоры:бәсіре.

Билингвалды компоненттер:Домашние животные.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар,суреттер.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,слайдтар,буклеттер,суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар.

-Бізге қонаққа жайлаудан әже келіпті.Әжені қарсы алайық.

Сәлеметсіз бе дейік әжеге.

Әже:Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен сендерге жайлаудан келдім.Сендермен бірге менің немерем осы мектепте оқиды.Жайлауда төрт түлік малдың бәрі жайылып жүр.Оларды біз атаң екеуміз жайып, жем беріп, су беріп қамқор болудамыз.Аталарың мені сендерге үй жануарлары туралы не білетіндеріңді көріп, естіп келуге жіберді.

-Бүгін сабақта үй жануарлары туралы әңгімелейміз.

Сөздікпен жұмыс.Үй жануарлары-домашние животные.Төрт түлік мал деп те атаймыз.

Үй жануарлары адамның жанында өмір сүреді.Үй жануарларын адам жазда жайлауда,қыста қыстауда бағады.Жемін,шөбін береді,үй жануарларына қамқор болады.Үй жануарлары:түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.Домашние живоные-domestic animals.

Дид.ойын:Үй жануарлары».Ойын шарты:Үй жануарлары туралы тақпақ айту,сол сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау,дауыссыз дыбыстарды атау.Текшеден сөз құрау.

Қой-ешкі бір түлікпіз

Бірге өстік еш күдіксіз

Еті тәтті,сүтібал

Қой ешкі ең құнды ма

ҚОЙ-қ,й-дауыссыз дыбыстар

hello_html_48716898.jpghello_html_m5014069e.jpg


hello_html_m3a5b2a4c.jpghello_html_319b8bd4.jpg

hello_html_m7b33abfe.jpg


hello_html_m23a570bc.jpg


Қ-дауыссыз дыбыс

О-дауысты дыбыс

Й-дауыссыз дыбыс


Арғымақ тұлпар жылқымын

Мақтанышы жұртымның

Қай түлік келер маған тең


Жыл-қы ж,л,қ-дауыссыз дыбыстар


Ж-дауыссыз дыбыс

Ы-дауысты дыбыс

Л-дауыссыз дыбыс

Қ-дауыссыз дыбыс

Ы-даысты дыбыс


Мінезім жәйлі сиырмын

Байлығымын бір үйдің

Етім дәмді, сүтім бал

Сырымды менің ұғып ал.


Си-ыр с,р-дауыссыз дыбыстар


С-дауыссыз дыбыс

И-дауысты дыбыс

Ы-дауысты дыбыс

Р-дауыссыз дыбыс


Ең зор түлік түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң сүтім шұбат

Дертке дауа,жанға қуат.


Тү-йе т,й-дауыссыз дыбыстар


Т-дауыссыз дыбыс

Ү-дауысты дыбыс

Й-дауыссыз дыбыс

Е-дауысты дыбы

Сергіту сәті:

Шөре-шөре лағым

Ұзын екен құлағың,

Секең-секең етесің

Тауға шығып кетесің


Төрт түлік малды бәледен ,аурудан жаманшылықтан қорғап жүретін пірлері бар деген ұғым қазақ халқында бар,себебі қазақ халқының өмірі төрт-түлік малмен байланысты.Төрт түлік малдың пірлері.


Түйенің пірі-Ойсыл қара

Жылқының пірі-Қамбар ата

Сиырдың пірі-Зеңгі баба

Қойдың пірі-Шопан ата

Ешкінің пірі-Шекшек ата

-Балалар қазір кай жыл мезгілі?

-Көктем .

-Көктем айларын атайық.

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Көктемде малдар не істейді?

-Төлдейді.

-Қане, «Төлдер»ойын ойнайық.

«Төлдер» диактикалық ойыны. Ойын шарты:Төлдерді атап,олар туралы тақпақ айтып,сөздерді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау.


Құлын.Құлыным-ау,құлыным

Неден сұлу тұлымың

Сіміріп су тұнығын

Содан сұлу тұлымың

Құ-лын


Қ-дауыссыз дыбыс

Ұ-дауысты

Л-дауыссыз

Ы-дауысты

Н-дауыссыз


Қозы.Қошақаным қоңырым

Мыңқ етпейтін момыным

Түрі неткен әдемі

Бұйра-бұйра тоны.


Қо-зы қ,з-дауыссыз дыбыстар.

Қ-дауыссыз дыбыс

О-дауысты дыбыс

З-дауыссыз дыбыс


Бота. Ботақан-ау ботақан

Неден болдың момақан

Мен өзіңдей балақан

Момындықты жаратам

Бо-та б,т-дауыссыз дыбыстар


Б-дауыссыз дыбыс

О-дауысты дыбыс

Т-дауыссыз дыбыс

А-дауысты дыбыс


Бұзау.Торпаң-торпаң торпағым

Шошаладан қорқағым

Сүзісуге батырым

Жарысуға шорқағым


.бұ-зау б,з,у-дауыссыз дыбыстар

Б-дауыссыз дыбыс

Ұ-дауысты дыбыс

З-дауыссыз дыбыс

А-дауысты дыбыс

У-дауыссыз дыбыс


Лақ Шөре-шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секектеме дәмді ал

Селтеңдемей құлағың


Лақ л,қ-дауыссыз дыбыстар

Л-дауыссыз дыбыс

А-дауысты дыбыс

Қ-дауыссыз дыбыс


Дәптермен жұмыс.Дауыссыз дыбыстарды жазу:Б.п,л,н,к,г,ш,щ,з,х,ф,в,д,ж,ч,м,т.Түйе,қой.

Тыныштық сәті: музыка тыңдау.

Жұмбақ шешу.


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар(қой.).


Үстінде екі тауы бар,

Кезікті бір жануар.(түйе.)



-Балалар үй жануарлары туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?


Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.


Ат адамның қанаты

Ас-адамның қуаты


Малды бақсаң ,сиыр бақ

Сүт ктпейді шарадан.


Түйе байлық.

Қой мырзалық.

Жылқы сәндік.


Дид.ойын:Үй жануарлары мен жабайы жануарлар».

Ойын шарты:Үй жануарларын үйге,жабайы жануарларды тауға жинау.


Дид. ойын:Сүт тағамдары».Ойын шарты:Сүт тағамдарын атау,буынға бөлу.

СҮТ,АЙ-РАН ,ҚАЙ-МАҚ,І-РІМ-ШІК,ҚЫ-МЫЗ,ШҰБАТ.


-Қандай сүттен жасалатын сусындарды білесіңдер?


Қымыз,шұбат.


Сабақты қорытындылау:Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасын айтып беріңдерші. Мінсе- көлік,ішсе-сусын,жесе-ас болған үй жануарлары-төрт түлік малдың адамға пайдасы көп.Дауыссыз дыбыстарды қайталау.

Әже:-Балалар қазақ халқы ежелден төрт түлік малмен байланысты сондықтан адамдар амандасқанда: мал-жаның аман ба?-деп амандасқан.Балалар сендерді әжелерің қалай еркелетеді?












-Қошақаным,ботам,құлыным,қозым.Бүгін сендер маған үй жануарлары туралы тақпақ, өлең,мақал-мәтелдер айтып бердіңдер сендерге рахмет,мен сендерге БӘСІРЕ-берем.Бәсіре деген кішкентай балаларға ата-әжелері малдың төлінен беретін сыйлық,себебі қазақ халқы төрт түлік малды құрметтеп,дәріптеген.Бәсіре тарату.


Автор
Дата добавления 22.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров149
Номер материала ДБ-094278
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх