Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ашық сабақ. Үй жануарлары және олардың пайдасы

Ашық сабақ. Үй жануарлары және олардың пайдасы



  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Үй жануарлары және олардың пайдасы туралы

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру. Үй жануарларының аттарын атап және олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту. Төлдерінің атын атай білуге үйрету. Тілдік қорын молайту, ой-өрісін дамыту. Төрт түлікті күтіп қамқор болуға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Төрт түліктің, үй жанурларының және олардың төлдерінің суреттері.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Барша жанды құрметтеп ,

Бас иеміз біз!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар.

-Қане атайықшы

-Наурыз,Сәуір,Мамыр.

-Қазір қай ай?

-Сәуір айы.

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір аптада жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бірінші күн. Дүйсенбі.

-Өте жақсы балалар

-Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?

-Жануарлар екіге бөлінеді.Үй жануарлары және жабайы жануарлар.

-Балалар бүгін біз үй жануарлары туралы айтамыз.

-Үй жануарларына нелер жатады?

Сиыр, қой,ешкі, жылқы, түйе, ит, мысық жатады.

Оларды неге үй жануарлары деп айтамыз?

Себебі, олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.

Олар немен қоректенеді?

Жем, шөп, сумен қоректенеді?

Үй жануарларының адамға тигізер пайдасы бар ма?

Иа

Әрине біз олардың сүтін, етін, жүнін пайдаланып, яғни көлік ретінде де пайдаланамыз.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сіздер мұқият тыңдап жауабын шешіп,

әр төлге мінездеме берейік.

Жұмбақ: Аласа ғана бойы бар

Айналдыра киген тоны бар.

(қой)

-Қойдың төлін не деп айтамыз?

-Қозы

-Қойды қайтіп шақырамыз?

-Пұшайт-пұшайт.

-Қойдың пірі кім?

-Шопан ата.

Жұмбақ: Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар?

(Түйе)

-Түйенің төлін не деп айтамыз?

-Бота

-Түйені қайтіп шақырамыз?

-Көс-көс.

-Түйенің пірі кім?

-Ойсылқара.





Жұмбақ: Прензі, ірімшік, құрт берген

Шелек-шелек сүт берген

Айтыңдаршы балалар

Бұл қандай мал кім білген.

(Сиыр)

-Сиырдың төлін не деп айтамыз?

- Бұзау.

-Сиырды не деп шақырамыз?

-Әукім-әукім.

-Сиырдың пірі кім?

- Сексек ата.

Жұмбақ: Баласын құлын дейді

Шабады жүгірмейді.

(Жылқы)

-Жылқының төлін не деп айтамыз?

- Құлын.

-Жылқыны не деп шақырамыз?

-Құрау-құрау.

-Жылқының пірі кім?

-Қамбар ата.

Өте жақсы балалар, енді сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Жақсы, балалар орнымызға отырып «Кім қалай дыбыстайды» ойынын ойнайық.

Балалар, қозылар, құлындар, бұзаулар, боталар болып 4 топқа бөлінеміз.

Әр топ өзінің дыбысын салады, не істейтінін айтады.

Келесі тапсырмамыз «Дастархан жаю» деп аталады.

Дастарханның үстінде сүт өнімдерінен дайындалған тағамдар бар.Сол тағамдарды қай малдан алынатынын айтып беру және не деп аталатынын айту.

Енді айтыңдаршы бүгінгі оқу іс- әрекетімізде не үйрендік?

-Біз бүгін үй жануалары және олардың пайдасы туралы айтып өттік.

-Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіміз ұнады ма?

-Иа.

Сабаққа жақсы қатыстыңдар.



Күтілетін нәтиже:



Білуі керек: Үй жануаларын атап айтып беруі.

Қолынан келуі: Үй жануаларының пайдасы туралы, олардан алынатын тағамдары білуі.










Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров197
Номер материала ДВ-102256
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх