Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Видеоуроки / Ашық сабақ: Үйкеліс күші.техникадағы үйкеліс әрекетін ескеру 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Ашық сабақ: Үйкеліс күші.техникадағы үйкеліс әрекетін ескеру 7 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:Үйкеліс күші.Техникадағы үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
ә)Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Есеп шығару тәсілдерін үйрету, практикалық білім беру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,практикалық

Сабақтың түрі: жаңа ақпараттандыру

Сабақтың көрнекілігі: презентация, кеспе қағаздар

Сабақтың пән аралық байланысы: математика
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау;
ІІІ.Жаңа сабақ;
IV.Бекіту;
V. Үйге тапсырма;
VI.
Сабақты қорытындылау (бағалау).
І.Ұйымдастыру (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау

1. Деформация деп нені айтады?

2. Дененің деформациясы қалай пайда болады?

3. Қандай деформация серпімді деп аталады?

4. Пластикалық деформация деген не?

5.Гук заңы қалай тұжырымдалады?

6.Серіппенің қатаңдығы деп нені айтамыз?

7.Серпімділік күшінің формуласы?

8.Тәжірибе көмегімен серіппенің немесе резеңке таспаның қатаңдығын қалай анықтауға болады?

9.Динамометр құрылысы неге негізделген?

10.Неліктен динамометр шкаласы біркелкі болып келеді?

ІІІ.Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:

Оқушыларға өздерінің өмірімен байланысты, күнделікті тұрмыстағы
кездесіп жүрген заңдылықтарға байланысты бірнеше сұрақтар қою.
Шананы қара жолмен сүйрегенен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік-бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді.
Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен.
Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады? Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырылық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады.
Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді.
Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды.

IV.Есептер шығару

18жаттығу

1.Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді.Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05.Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

2. Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?Үйкеліс коэффициенті 0,3

V.Карточкамен жұмыс
IV.Бекіту.

Физикалық диктант

Сабақты қорытындылау
Оқушылар біз бұл себептерде қандай күш туралы айтып отырмыз?
Әрине үйкеліс күші туралы. Сонымен біз бүгін үйкеліс күшінің маңызымен таныса келе мынадай қорытынды жасаймыз.
Қорытынды: Сырғанау үйкеліс күші үйкеліске түсетін денелердің табиғатына тәуелді болады. Сырғанау үйкеліс күшінің модулі қалыпты қысым күшінің модуліне тура пропорционал: Fүйк.=μN
Тәжірибелер үйкеліс коэффициенті жанасушы денелердің аудандарына тәуелсіз, жанасатын денелердің қандай материалдан жасалғанына тәуелді болады. Дененің жылдамдығы аз болса, жылдамдыққа тәуелсіз, ал жылдамдық артқан сайын үйкеліс жылдамдыққа тәуелді артады.
Домалау үйкеліс күші де сол сырғанау үйкеліс күші бағынатын заңға шартты түрде бағынады.

V. Үйге тапсырма: §41,42 оқулық. 18-жаттығу 3 .
VI. Оқушыларды бағалау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Видеоуроки
Просмотров229
Номер материала ДВ-365670
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх