Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ Өз құқығымызды білеміз бе?

Ашық сабақ Өз құқығымызды білеміз бе?

Скачать материал

« Өз құқығымызды білеміз бе?»

Ашық тәрбие сағаты

6-сынып

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге, саяси сауаттылыққа баулу; құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу; оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.

Көрнекіліктер: Конституция және Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы заңдар бүктемелері, Абай, үш кемеңгер суреттері, рәміздер бүктемесі, заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, баптар жазылған парақшалар.

Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Тренинг: «Психологиялық жаттығулар»
  3. Әдеби-музыкалық монтаж.
  4. Қорытынды

Өту барысы:

1.      Кіріспе

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 6-сынып оқушылары дайындаған «Өз құқығымызды білеміз бе?» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Сонымен, заң дегеніміз не?

Асылхан:Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі. Қоғам дегеніміз мына біздер. Ата Заңымыз – еліміздің рәміздерінің бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін, еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

Аружан: Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің де заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олай болмағанда дүние астан-кестеңі шығып, былық-шылық, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды, міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады, не істей алады?» деген сұрақтар туындай бастады. Міне осы кезде әр елдің заңы, ережелері шыға бастады.

Марат: Б.з.д. Рим құқығы ІХ – VІІ ғасырда

Б.з.д. 5-ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде

Шыңғыс ханның «Ұлы жасысы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік, тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға, әдет-ғұрпынның сақталуына, қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз. /үш бидің суреттерін көрсетеді

Ерасыл: Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей  декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген, Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт.Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау, 53 – баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау – біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдында парызымыз.

 

Эльмира: Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшеген

Заңымыз бар негізгі.

Бас иетін бар адам,

Әрбір сөзі салмақты.

Қорғар пәле жаладан

Ата Заң бұл ардақты.

 

Ермахан: «Ата Заңым»

Өмір сүргің келе ме, өмір сүргің?

Өмір – қызық, өмір – ой, өмір сүргін

Мемлекеттік билікке бастау болған,

Халқым, Ата Заңыңды жет білгін.

 

Айшагүл: Конституция – ол сенің бас қорғаушың,

Іңгәләп туған күні-ақ көмектескен.

Адамнан болса-дағы хас қолдаушың,

Құқыңды бап-бабымен елеп шешкін.

 

Эльмира: Конституция – ол сенің Ата Заңың,

Жүрмейді оған тілек, бата, зарың.

Сақтау үшін қадір-қасиетіңді

Заңды біліп тағдырдың тартпа азабын.

 

Айшагүл: Ата Заңым қымбатты, ол – Ата Заңың,

Онсыз басқан қадамың қайырлы емес.

Темірдей тәртіп күші Ата Заңның,

Ардақтай білетіндер жалындап өс.

 

  Аружан: 1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажет болды. 1995 жылы 30-тамызда Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата Заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазіргі таңда заңға бірнеше мәрте толықтырулар мен өзгертулер енгізілген.

 

Ерасыл: «Оқы да, білім ал деген»,
«От бол да, мәңгі жан» деген –
Ата заңым менің.
«Еңбек ет, еркін жүр» деген,
«Асыр сап, ойнап күл» деген,
Ата заңым менің.
Қорғасын аспан күнімді,
Қолдасын бостандығымды,
Ата заңым менің.
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын –
Ата заңым менің.
Тәуелсіз еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата заңым менің.
Санама құйған таң нұрын,
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата заңым менің!

Асылхан: Бақыт құсы қонған күн

Тойла-тойла, қазағым, мерекеңді,

Қуанышқа кенеген бейбіт елді

Құтты болсын туған күні Ата Заңның,

Мерейлі мерекесі, берекелі.

Бақыттысың, қазағым, бақыттысың,

Көк әлемге ұшыршы бақыт құсын.

Мерекелі күнінде Ата Заңның

Ел тірегін әлемге алып ұшсын.

Заң ортасы орнаған Астанаң бар,

Көрген жанды көркімен таңқалдырар.

Ертеңді ойлап салдырған Елағасы,

Игілігін көрсін деп жас ұрпақтар.

Тірегі игілікті тірлігіңнің,

Кепілі бұзылмастай бірлігіңнің,

Орныққан тұғырына бекем болып,

Қазағым, Ата Заңың нұрлы бүгін.

 

Марат: Конституция – ерікті елдің құқы

Конституция – ерікті елдің құқы,

Адам құқы, алдымен ердің құқы,

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,

Конституция – алтын заң, елдің құты.

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.

Ол бойынша сайлаймын, сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бір ордада.

Тең құқылы барлығы айналам да.

Қалауымша оқимын, білім алам,

Еңбек етем, қартайсам тыным алам .

Емделемін ауырсам заңды түрде,

Конституциям бекіткен мұны маған.

Өз елімде қастерлі, құрметтімін.

Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,

Заң алдында жауапқа міндеттімін.

Баға жетпес бүгінде құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары,

Елтаңбалы жығылмас туым бары –

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.

 

Аружан

Әділдікпен басталсын деп атқан таң,

Ата-бабам келе жатыр сақтап Заң,

«Қасым ханның қасқа жолы» бас болып,

Тәуке ханның жарғылары сақталған.

Билер шешіп ақ пен қара арасын,

Жапқызбаған жамандықтың жаласын.

Заң деген бар біздегі асыл қасиет,

Әділ шешіп ақтай білген бағасын.

Ата Заңым таң нұрындай таралған,

Ақиқаттың арманынан жаралған,

Өткір тілмен шындық шешіп әр ісін

Адалдықтың ақ сүтінен нәр алған.

Егемендік алып елім теңдігін,

Жиырма жыл  бұрын кескен заңның кіндігін.

Шаңырақтың ашқан тұрып түндігін,

Жиырмаға  толдың, Ата Заңым, сен бүгін.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Мұғалім: Балалар, әнді әуелете шырқадыңдар! Қазақстанның болашағы – бүгінгі білімді балалар! «ҚР Бала құқығы туралы» заңында бала деп кімді айтамыз?

Ерасыл:  Бала – 18 жасқа толмаған адам.

/1-тарау, 1-бап/

Ермахан: Баланың тұрмыс деңгейіне құқығы. Әрбір баланың дұрыс дене бітімінің, психикасының  толымды дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар.  /3-тарау, 12-бап/

Эльмира:  Әрбір бала өз жасына, денсаулығына және қажетіне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. Оның дұрыс ұйымдастырылуын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар қолдап отырады.

/3-тарау, 19-бап/ 

Айшагүл; Ата-ананың және олардың орындарындағы адамдардың міндеті – балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. /9-тарау, 51 – бап/

Жүргізуші: Бүгінгі «Заң және заман» бағдарламасының қонағы – мектебіміздің тарих-құқық пәндерінің оқытушысы Ихсанов Мәдениет Хайырұлы

  Қош келіпсіз, бағдарламаның негізгі тақырыбы «Бала, құқық, тәртіп» жөнінде. Оқушыларымызға осы жөнінде бір-екі ауыз сөз айтып жіберсеңіз...

Сұхбат беруші: ХХІ ғасыр адам құқықтары мен бостандығын бірінші орынға қойды. Әрбір еркін мемлекет адам құқығын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндетті. Адам құқықтарын халықаралық деңгейде қамтамасыз ету халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Балалар құқықтары мен бала құқығын қорғау туралы халықаралық Конвенция болашаққа бағытталған, өйткені онда әлем халықтарының жартысына жуығын құрайтын балаларға әділ, ізгілікті, әлеуметтік тәртіпті орнату ісі жүктелген және оның барлық халықтар үшін маңызы зор. Біздің елімізде бала құқығы  толық қорғалған.

Жүргізуші: Рахмет! Енді көрермендеріміздің сұрақтарына жауап берейік.

Айшагүл: Кейбір сауда орындарынан, дүкендерден 6-7 жастағы балалардың ішімдік, сыра, шылым сатып алғанын көремін. Білейін дегенім: Сатушы да, жұмсаған ата-ана да кінәлі болмай ма, заңға қайшы емес пе? /Жауап. 37-бап/

Ермахан: Менің есімім – Ермахан: 6-сыныпта оқимын. Анашым жеке дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Менің сабақтан бос уақытта анамның қасына көмекші болып жұмысқа тұруыма бола ма? /Жауап. 16-бап /

Эльмира: Мектеп ішінде кейбір кездері бұзақылық жағдайлар орын алып отырады. Мысалға кейбір оқушылар көрнекіліктерді, суреттерді жыртып, бүлдіріп жатады. Осының өзі баланың өз құқығын білмеуінен туындайтын секілді. Заңдағы бала құқығы жөнінде айтсаңыз /Жауап: 20 – бап   Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті. /                 

 

1        -  көрініс.

/Үш бала асық ойнап отырады/

-          Ермахан, сен бізбен ойнамайсың.

-           Неге? /жыламсырайды/

-           Сенің киімдерің жыртық, анаң еден жуады, әкең жұмыссыз. Сендерді жұрт оралмандар дейді.

-           Менің әке-шешем  - бастық. Бізде ақша көп. Мен ойнаймын ғой.

-           Менің үйімде де ақша көп, әкем бизнесмен, мектепке машинамен келемін.

Заң: Тоқтат! Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық бала тең құқыққа ие. /3-тарау, 4-бап/

        2 - көрініс.

 Үзіліс мезгілі, сыныпта үш қыз бала отырады. Аружан әдемі қаламмен жазу жазып болып, қаламын үстел үстіне қойып шығып кетеді.

 Айшагүл: Эльмира, Аружанның  қаламы әдемі екен, көрдің бе?

Эльмира: Иә, әдемі екен, бірақ бізге бермейді ғой.

Айшагүл: Мен оны былай аламын да тығып қоям, көрсетпей жазам. Сен айтпа. /Аружан келіп іздей бастайды/

Заң /кіріп келіп/:

Тоқтат! Әрбір баланың жеке өмір сүруіне, жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғуға, ұрлық-қарлыққа араластыруға, рұқсатсыз біреудің затын алуға ешкімнің құқы жоқ. /3-тарау, 10-бап/

    Сонымен, біз өз құқығымыз жөнінде бүгінгі тәрбие сағатымызда біраз нәрсе ойымызға түйген секілдіміз. Кезегімізді ойынға берейік, құпия сурет/ батыр қалқаны және Ата Заңды оқып тұрған екі бала/.

Сурет жөнінде ойларын айту.

Қорытынды: Батырдың қорғаны қалқан болса, біздің қорғанымыз – Ата Заңымыз. Бауыржан Момышұлы «Азамат жолы – ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ Өз құқығымызды білеміз бе?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по охране окружающей среды

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 536 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 2590
    • DOCX 24.5 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нықмұқанова Ақтолқын Мұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12243
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой