Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Өзен" (3 - сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Өзен" (3 - сынып)

библиотека
материалов

Ы. АЛТЫНСАРИН. ӨЗЕН

Рысбиби АБИЛОВА,

Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың мақсаты. Білімділік: Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, ақын тіліне деген көзқарасын білу, өлеңнің эстетикалық мәнін түсінуге, өзіндік талдау жасауға , өз ойларын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік: Адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге , оны қорғауға , қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу. Табиғатты сүюге, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, карта, сдайд.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, ой қозғау.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Психалогиялық дайындық: Бал – бұл жанған гүл шағында,

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында,

Білім алу ұранымыз.

Бағалау түрімен таныстыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Масатыдай құлпырар жердің жүзі » бөлімін қайталап еске түсіру яғни бөлімді қайталау.

Бекіту сұрақтары: 1. Суретте қай жыл мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың?

2. Сәуір болса күн күркірер, Күн күркіресе көк дүркірер – деген жолдарды қалай түсіндің?

3. Көктемгі еңбек түрлерін ата?

4. Абайдың «Жазғытұры» өлеңіндегі көркем сөздерді ата?

5. Көктем сәні не екен?

6. Қ . Аманжоловтың «Көктем» өлеңіндегі көркем сөздерді ата?

III. Жаңа сабақ: Өзен Ы . Алтынсарин

а ) мақсат қою ә) топқа бөлу

Ы. Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы педагог, жазушы, этнограф , қоғам қайраткері. Қазақтың ағартушылық тарихына және ұлттық мектептің қалыптасуына өз үлесін қосқан; өзіндік із қалдырған .

Ыбырай шығармаларын сабағымыздың соңында Ыбырай бәйтерегіне топтастырамыз.

1841 - 1889

Ақын , жазушы Ұстаз, ағартушы

Ы. Алтынсарин



Қостанай облысында Оқулық жазған

туған Мектеп ашқан


Өзен - табиғи жолмен жасалған, белгілі бір арна арқылы ағатын су. Өлеңдегі «арқыраған», «жарқыраған», «сарқыраған» - бұл өзен.

Өзен таудан құлап сарқырап ағады. Ол тастан - тасқа соғылып, жер көкті аралайды. Өзен суы таза, мөлдір болады.

Өзен ағып жатады. Сондықтан қанша мал айдап өтсең де лай болмайды. Тасыған судың нәтижесінде көк шалғын шөп шығады. Көк шалғын шөп малға жайлы қоныс болады.

Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қасиетті өлке Қазақстанның тұла бойы тұнып тұрған сұлулық. Шалқыған көлдер, тасыған өзен , сылдырап аққан бұлақтар, шыңдары аспанмен таласқан асқар таулар бәрі – бәрі табиғат ананың сізбен бізге берген тамаша тартуы.

Қазақстанда 85 мыңдай үлкенді - кішілі өзен бар. Өзен суы тұщы судың бір көзі. Соның ішінде мың шақырымнан асатын үлкендері Ертіс, Сырдария, Есіл , Жайық, Тобыл, Іле, Шу.

Ұзындығы жағынан ескерсек ең көлемді суы мол өзен - Ертіс өзені. Оның ұзындығ;ы - 1700 км. Екінші орында Сырдария өзені . Оның ұзындығы - 1400 км. Үшінші орында Іле . Ұзындығы – 1001 км.

Өзеннің пайдасы: өзен суын ішеміз, балығын жейміз. Кеме арқылы жүк тасымалдаймыз. Электр энергиясын өндіреміз.

Сөзіміз нақты болу үшін кезекті бейнебаянға берейік.

IV. Дәптермен жұмыс: өксіген - шөлдеген
қынарда - жағасында
жай - орын
жанабында - маңайында
V. Топтық жұмыс: 1- топ Берілген сөздерден сөз тіркесін жаса. 2- топ Өзен – көлдерге байланысты мақал – мәтелдер айт. 3- топ «Табиғат және адам» тақырыбында шығарма жаз.

VI. Кітаппен жұмыс:

VII. Бекіту сұрақтары: 1 Суретте не бейнеленген? 2 Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл – күй туғызды? 3 Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар? 4 Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай , қандай пайдасы бар? 5 Адамдар неліктен суды құрметтейді? 6 Өзің білетін өзен – көлдерді ата?

Не үйрендім? Не білдім?

Ыбырай бәйтерегіне өткен шығармаларын атап ілу.

VIII. Қорытынды: Табиғат біздің өз үйіміз. Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушымыз, қорғаушымыз десек те болады. Ата - бабамыз «жер - қазына , су - алтын, мал - байлық» деп санаған. Ендеше табиғат ананы аялай білейік.

Бейнеу ауданы

Маңғыстау облысы






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-000969

Похожие материалы