Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Ашық сабақ: "1986ж. желтоқсан оқиғасы"

Ашық сабақ: "1986ж. желтоқсан оқиғасы"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән: Қазақстан тарихы

Күні:11.12.2015, уақыты:

Сынып: 9«б»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: § 44 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Эпиграфы:
“1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.”
Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын стратегиялар: Оқытудағы жаңа тәсілдер сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбашылық.

Сабақтың мақсаты: 1986жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар ойларын жүйелі жеткізе біледі, терминдермен, даталармен жұмыс істеу қабілеттерін дамиды. Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.

Сабақта қолданылатын ресурстар: Қазақстан тарихы 9-сынып оқулығы, электронды оқулық, сұрақ жауап, үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, парақшалар, кестелер.

АКТ мүмкіндіктері: Интербелсенді тақта, слайдтар және тапсырмалар

Бағалау түрі: Топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауі.

Сыныпты ұйымдастыру. Сәлемдесу және зейіндерін бір ортаға тоғыстыру.

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Оқушының рөлі

7 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Түрлі түсті парақшалар арқылы сыныпты 3 топқа бөлу. «Жүрек жылуын сыйлау»(сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасау).

Сыныпты топқа бөлу



Сабақ басында және сабақ соңында өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.

5 мин


Үй тапсырмасын тексеру:

«Доп лақтыру»


Үй тапсырмасын формативті бағалау арқылы мұғалім оқушыны, оқушы оқушыны бағалайды.

Өткен тақырып бойынша үш топ берілген сұрақтарға жауап береді

5мин

«Ой қозғау» стратегиясы:

hello_html_m68f3c21.jpg hello_html_7edd348b.png

Бұл кім?

Карточкалық сұрақтар беру

«Империя»

«Отар»

«Тәуелсіздік»

«Отан»

«Бейбітшілік»

«Еркіндік»

Топ басшылары сұрақтарға жауап береді

2 мин

ІІІ. Жаңа сабақ:

І топ. «Жас ұлан»

1980жж әлеуметтік және саяси жағдайы


ІІ топ. «Алау».

Желтоқсан оқиғасының басталуы,сипаты.

ІІІ топ. «Жас тұлпар».

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.

Тапсырманы беру.

Оқушылар өз топтарында сурақты оқып, талқылайды

Постерге түсіреді

10мин

Постер құрастыру, қорғау

Эксперт

Постер арқылы қорғайды

5

мин

ІІІ. 1. «Ғылыми зерттеулерге жол ашық»:

І топ:

Желтоқсан қозғалысының себептерін сарала (сызба арқылы)

ІІ топ:

Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын 1916ж. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи Маңызымен салыстыр (Венн диаграммасы)

ІІІ топ:

1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған оқиғаны әңгімелеп, Бұрқасын-86 операциясын түсіндір

Тапсырма беру

Әр топ өз деңгейлерін көрсетеді

Дарынды және талантты оқушы

тапсырманы да орындайды (дәлелдейді)

3

мин

ІҮ.Бекіту: тест түрлері арқылы сабақты бекітеміз.

І топ: Толықтыру тесті

1.______________ таза басым бар,
Жиырма _______ жасым бар,
Бозторғайдай жаным ___________, 
Алам ________ алыңдар,
_______ деген атым бар, 
_______ затым бар,
“_______ тоқты құрбандық”, 
Атам _______ атыңдар
Қайрат Рысқұлбеков
2. “Өсер _____ қай кезде де ______ қалауы,
Лаула, лаула _______ мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей_________ бар елдің,
Ешқашанда ________ тиісті емес ______”.
Мұхтар Шаханов

ІІ топ: Баламалы тесті
Сұрақтардың жауабын “иә” немесе “жоқ” сөздері арқылы белгілеу
1. Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма? “иә” немесе “жоқ”
2. Д.А.Қонаевқа “ұлтшылдық” деген айып тағылды ма?
«иә» немесе «жоқ»
3. КСРО халық депутаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновска обкомының І хатшысы етіп тағайындады ма? “иә” немесе “жоқ”
4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма? “иә” немесе “жоқ”
5. “Менің уақытым туралы” атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев “иә” немесе “жоқ”


ІІІ топ: Семантикалық карта
Тәуелсіздік шежіресі ------1991ж ------1995ж ------1993ж ------1998ж ------1992ж
Ата заң 
Тәуелсіздік жылы 
Президент сайлауы 
Валюта 
Астана 

Тест тапсырмалары:

1. 1986ж. Желтоқсан оқиғасының болу себебі: 
А) орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қайшылықтар 
Ә) республика басшылығының өзгеруі 
Б) ел экономикасының төмендеуі 
В) Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделінің төмендеуі 
2. Д.Қонаевтан кейінгі Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы қызметін атқарушы: 
А) Л.И.Мирзоян Б) Н.Ә.Назарбаев 
Ә) Г.В.Колбин В) М.Шаханов 
3. Қ.Рысқұлбековке қандай айып тағылды? 
А) Алаңға жастарды бастап апарды 
Ә) Ұлтшыл 
Б) Жасақшы Савицкийді өлтірді 
В) Жауаптардың барлығы дұрыс 
4. Желтоқсаншыларды жазалау үшін Орталық Комитет қандай жоспар құрды? 
А) Бұрқасын-86 Б) Шөлдегі боран 
Ә) Дауыл-86 В) Желтоқсан-86 
5. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы: 
А) партиялық басшылық қатесін түзетті 
Ә) қоғамдағы экономикалық дағдарыс жойылды 
Б) Колбин республика басшылығы қызметінен алынды 
В) қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты 
6. Желтоқсан батыры Қ.Рысқұлбековке кешірім жасап, ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыруға қашан ауыстырылды? 
А) 1988 ж. Б) 1987 ж. 
Ә) 1989 ж. В) 1986 ж. 
7. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қанша адам сотталды? 
А) 99 Ә) 102 Б) 95 В) 150 
8. 1989 ж. КСРО халық депутаттарының І съезінде Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етіп сөз сөйлеген: 
А) Ш.Мұртаза 
Ә) М.Шаханов 
Б) О.Сулейменов 
В) М.Мағауин 







Тапсырманы беру







Әр оқушы тест тапсырмаларын өздері орындайды

3мин

Ү. Бағалау 1топ-2топты, 2топ-3топты,

1топты-3топ

Формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды.


Формативті бағалаудың жиынтығын санап бағаланады.

1мин

ҮІ.Қорытынды: Пікірталас.

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

Оқушылар өз ойларын жеткізеді

Мұғалімнің қорытынды сөзі


1мин

VІІ. Үйге тапсырма: §44 оқу. Эссе жазу. 

Тақырыбы: «Құйынның құрығына түскен құрбандық»



2мин

ҮІІІ. Кері байланыс:

1.Не аса маңызды болды?

2.Мен үшін жаңалық неде болды?

3.Мен не сезіндім?


hello_html_272b5449.jpghello_html_16d46c43.jpg


hello_html_cbaaeee.jpghello_html_m5306b17b.jpg



Стикер тарату

Оқушылар әрекеті



































«Парасат» мектеп-лицейі















Lesson Study

Тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер»

6 «в» сынып

























Пән мұғалімі: С.А.Әділбекова









































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров490
Номер материала ДВ-309567
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх