Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық сабақ Жыл мезгідері

Ашық сабақ Жыл мезгідері

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ














ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ

(1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ)

БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ»

БАҒДАРЛАМАСЫ
















АСТАНА 2010

УДК 372.3/.4

ББК 74.102

Н 70


Құрастырушы-авторлар: Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К. Мақсұтова


Рецензенттер:

Л.Т. Искакова - п.ғ.к., доцент, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі

Ш.Н. Ергешбаева - п.ғ.к., доцент, ОҚО ПБАИ директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары


Н 70 Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 126 б.


ISBN 9965-810-47-8


Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне, ата-аналарға, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған.

УДК 372.3/4

ББК 74.102


ISBN 9965-810-47-8

©«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2010


МАЗМҰНЫ


1.

Түсіндірме жазба …........................................................

5

2.

1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың

тіршілік әрекетін ұйымдастыру ....................................


10



3.

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама

Балалардың жас ерекшелік

мүмкіндіктеріне сипаттама ...........................................




16

4.

Күн тәртібінің үлгісі ......................................................

21

5.

«Денсаулық» білім беру саласы …...............................

23

6.

«Қатынас» білім беру саласы …....................................

29

7.

«Таным» білім беру саласы ….......................................

39

8.

«Шығармашылық» білім беру саласы …......................

48

9.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы ….......................

52

10.

Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы ..........................

55

11.

Мерекелер мен ойын-сауықтар .....................................

58



12.

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі І сәбилер тобындағы балаларға арналған бағдарлама

Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама ........................................................................




59

13.

Күн тәртібінің үлгісі ......................................................

63

14.

«Денсаулық» білім беру саласы …................................

65

15.

«Қатынас» білім беру саласы …....................................

70

16.

«Таным» білім беру саласы ….......................................

79

17.

«Шығармашылық» білім беру саласы …......................

88

18.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы ..........................

95

19.

Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы ..........................

97

20.

Баланы қарапайым еңбек іс-әрекетіне қатыстыру ......

101

21.

Мерекелер мен ойын-сауықтар .....................................

103

22.

Ата-аналармен жұмыс …...............................................

104

21

Әдебиеттер ….................................................................

106


23.

Қосымша:

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі

балаларға арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің тақырыптары .....................................




108

24.

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға

арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің тақырыптары ….................................



115


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1.001-2009 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Бір жастан бастап үш жасқа дейінгі ерте балалық шақ - бала өміріндегі ерекше кезең. Баланың ақыл-ойының, денесінің дамуы мен адамгершілік қасиетінің негіздері осы жаста қалыптасатындықтан, ересектердің балаларға тікелей әсер етуі ерекше болады.

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы отандық мектепке дейінгі педагогика және ерте жастаға балаларды тәрбиелеу мен оқыту тісілдері тәжірибесіне негізделеді, сондай-ақ «Балабақшадағы оқыту мен тіәрбиелеудің типтік бағдарламасы» мазмұны мен базалық принципіне сүйенеді.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру ерте жастағы баланың жан-жақты дамуына, олардың денсаулығын сақтауға, келесі жасқа табысты өтуге мүмкіндік туғызады.

Бағдарламада екі-үш жастағы баланың дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуына талдау жасалған, топта балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығын құру бойынша нұсқаулар берілген. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардағы және отбасындағы күн тәртібінің үлгісі мен оларды ұйымдастыру бойынша нұсқаулары ұсынылады.

Бала тілін дамытуға, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыруға басты назар аударылады. Ерте жастағы балаларда заттармен әрекет жасау дағдыларының дамуымен өздік тәжірибесі молаяды, көру, есту және сипап сезу сияқты қабылдау түрлері жетіле түседі. Сондықтан, бағдарламада берілген осы жастағы балаларға арналған күн тәртібі уақытты есепке алу арқылы ғана емес, сондай-ақ жеке тұлғалық және мазмұнды-тәрбиелік бағытты қамтамасыз ету есебінде құрылады. Баланың танымдық іс-әрекеті икемділік, маусымдық, отбасы тәрбиесімен сабақтастық ұстанымдары негізінде құрылуы тиіс.

Маңызды орын бағдарламада оның құрылымдық компоненттері мен мазмұнын тұтастай қамтитын ойын әрекетіне беріледі.

Бағдарлама, ең алдымен, балалардың жеке және біріккен әрекеттерін тиімді үйлестіру барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке даралықты, денені дамытуға, психикасын және эмоционалды жетістігін нығайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, «Алғашқы қадам» бағдарламасындағы білім беру міндеттері бес білім беру салалары: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік ортаның» үйлесімді бірігуі арқылы іске асады, әрқайсысының жеке кіші бөлімдері мен өзінің мақсатты бағыттары бар.

Білім беру салаларының мазмұны:

- денсаулық сақтау;

- коммуникативті-тілдік;

- танымдық;

- шығармашылық;

- әлеуметтік орта құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтиды.

«Денсаулық» білім беру саласында денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайту, бала ағзасының функционалды мүмкіндіктері, дене қасиеттері мен өмірлік маңызды қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге әсер ететін мақсаты, міндеттері мен жұмыстардың мазмұны анықталады.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;

- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы өздік қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Таным» білім беру саласында баланың танымдық құзыреттілігін, сенсорлық эталондар жүйесін, зерттеушілік, заттық әрекетті қалыптастыру, баланың қоршаған ортада бағдарлануын кеңейту және молайту бойынша педагогикалық жұмыстардың мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Қатынас» білім беру саласының мазмұны бала тілін дамытуға, коммуникативті-тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға, белсенді және белсенді емес сөздік қорын, грамматикалық құрылымды, тіл мәдениетін, баланың байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге бағытталған.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Шығармашылық» білім беру саласы бала бойында шығармашылық құзыреттілікті қалыптастырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, классикалық және ұлттық өнер құралдары арқылы көркемдік даму, балалардың көркем шығармашылығының түрлерін кіріктіруді қарастырады.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- желімсіз жапсыру;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы балалардың әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстардың мазмұны мен міндеттерін біртіндеп күрделендіру тізбесінен тұрады. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады және тұлға аралық қарым-қатынастарды құруға мүмкіндік туғызатын эмоциялар мен маңызды себеп түрінде қарастырылады.

Білім беру салаларының барлық бөлімдері бағдарламалық материалдарды меңгеру көрсеткіштері тізімімен аяқталады.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында мектепке дейінгі ұйымдар жұмысының нақты жағдайлары, өңірлік компонентті ескере отыра, педагогикалық үдеріс мазмұнына түзету енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Бағдарлама қосымшасында барлық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыптарының үлгісі берілген. Педагогке топтағы педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға шығармашылықпен қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Базистік оқу жоспарына сәйкес бағдарламада ұзақтығы 7-15 минут болатын 7-9 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) берілген. Ерте жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекеті шағын топтағы ойын түрінде жүргізіледі. Бағдарлама бала әрекетінің барлық түрлерінің психологиялық жайлы болуын қарастырады.

Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың сапалы жаңа жолдарын көрсетеді және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үдерісінде ғана емес күн бойында күнделікті балаларға педагогикалық ықпал жасауды да қамтиды.

«Алғашқы қадам» бағдарламасында тұлғалық-бағдарлы, балаға жекелей қарау, тұлғаның адамгершілік бастамасын, әлеуметтік мінез-құлық және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ескере отыра ұйымдастырылатын ерте жастағы балалардың ойын, қимыл белсенділігін дамытуға басты орын берілген.

Ерте жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «Алғашқы қадам» бағдарламасының мазмұны тәрбиешінің осы бағдарламадағы әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жетістікке жетеді.

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама түсінік хаттан, ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, балалардың жас ерекешелік мүмкіндіктерінің сипаттамасынан, күн тәртібінің үлгісінен, бес білім беру саласының бағдарламалық мазмұнынан, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін іске асыратын базалық мазмұнынан тұрады:

- «Денсаулық» білім беру саласы - дене шынықтыру;

- «Қатынас» білім беру саласы - тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру;

- «Таным» білім беру саласы - сенсорика, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру;

- «Шығармашылық» білім беру саласы - сурет салу, мүсіндеу, желімсіз жапсыру, музыка;

- «Әлеуметтік орта» білім беру саласы - балалардың барлық іс-әрекет түрлері.

1 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына қамқорлық жасау;

- топта тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын құру;

- осы жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

- тәрбиелеу және оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.

Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:

1. ҚР МЖМБС 1.001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

2. Балалардың өмірі мен тәрбиесін күн тізбелік кезеңдерінде, еркін дербес қозғалыс іс-әрекеттерінде, ойында, ересектермен көркем-тілдік іс-әрекетте ұйымдастыру.

Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін тұтастай және оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға, температуралық режимге, жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.

Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет түрлерін орынды кезектестіру қажет.

Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.

Тәрбиеші қызметінің басты бағыттарының бірі - балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Әртүрлі қимыл-қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып, шаршаудың алдын алады, бұлшық етке түсетін күшті кезектестіруді қамтамасыз етеді. Күн бойында (мысалы, серуенде) тәрбиеші бақылау, қимылды немесе дидактикалық ойындар ұйымдастырады. Педагог балалардың жағымды эмоционалды жай-күйін қолдай отырып, дербес ойындар мен мазмұнды іс-әрекеттерге бағыттай келе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білімдерді бекітіп, алған тәжірибесін қолдануға үйретеді.

Ерте жастағы балалар арасында дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуында ерекшеліктер байқалады, сондықтан тәрбиеленушілердің әрекеті мен демалысын ұйымдастыруды саралап қарау маңызды. Ол дәрігерлік-педагогикалық бақылау нәтижесіне, әр баланың денсаулығына және оның жүйке жүйесі мен даму деңгейінің ерекшелігіне байланысты іске асырылады.

Күн тәртібінде балалардың гигиеналық күтіміне маңызды орын беріледі. Сондай-ақ, күнделікті өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, бала дербестігін тәрбиелеу қажеттілігінің артуы сияқты мақсатты түрде педагогикалық әсер ету белгілі бір орын алады. Балаларда өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыра отырып, үнемі көмек көрсету қажет.

1 жас пен 1 жас 6 ай аралығындағы балалар күндіз екі рет, ал 1 жас 6 айдан асқан балалар 1 рет ұйықтайды, сөйтіп, балалар бір топта тәрбиеленгенімен, екі түрлі режимде болады

Таңертеңгі ас балалар оянғаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң беріледі. Балаларды біртіндеп, шағын топтармен, балабақшаға келу уақытына байланысты немесе түнгі ұйқыдан кейінгі гигиеналық шаралардан соң тамақтандырады. Балалардың өздігінен әрекеттерді орындай алмайтындығын және қажетті дағдылар мен іскерліктерді біртіндеп меңгеретінін ескере отырып, бір мезгілде көп дегенде төрт балаға ғана тамақ беріп, жуындыру, киіндіру немесе шешіндіру жүзеге асырылған жөн. Серуенге жиналғанда топтағы балалардың бір жартысын тәрбиеші мен күтуші киіндіреді (балалардың екінші жартысы бұл уақытта ойнап жүреді), серуеннен кейін шешіндірген балалар басқаларын күтпей, топқа кіріп ойнай береді.

Әр шағын топта жасы кіші және әлсіз балаларды бірінші кезекте ұйықтауға жатқызып, ең соңында оятады.

1 жас 6 ай - 1 жас 7 айлық бала күндіз 1 рет ұйықтауға ауыстырылған кезде сылбыр, не мазасыз күйде болса, баланы біраз уақытқа бұрынғы режиміне көшіру қажет. Күндізгі ұйқыдан соң балаларды кезекпен оянуына қарай тамақтандырады.

Қыстыгүні бір жарым жастан асқан балалар таңғы және бесін астан соң күнделікті серуенге шығады. Жазда, қолайлы жағдай болғанда, балалар жақсы жабдықталған көгалдандырылған алаңда ойнайды.

1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс әрекеті шағын топпен күннің бірінші және екінші жартысында жүргізіледі. Ерте жастағы балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру салаларындағы барлық тақырыптар бір ай ішінде білім, білік, дағдыларды жалпылау, бекіту мақсатында 2-3 рет қайталануы мүмкін.

Балалардың дербес іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жақсы көңіл күйге жағдай тудыру ерекше мәнге ие болады. Балалардың жағымды көңіл күйін ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, көңілді тақпақтар оқу, билеу кезінде тудыруға болады.

Балаларға арналған көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылады: билер, жақсы таныс немесе жаттап алуды қажет етпейтін қимылды ойындар (мысалы, айнамен шағылыстырған күн сәулесін, сабын көбіктерін ұстап алу), бұрамалы ойыншықтарды, таныс қуыршақ театрының кейіпкерлерін (доппен ойнайтын, сүт ішетін, киімге тырмысып өрмелейтін мысық) көрсету.

Тәрбиеші іс-әрекет үстінде балалардың барлығын көз алдында ұстағаны, педагог назарын, мейірімін, тілектестігін әр баланың сезгені маңызды.

Жақсы көңіл күй балалардың бір-біріне жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеумен байланысты. Екі жаста балалардың арасында дау-жанжалдар пайда болуы мүмкін, өйткені тілдері нашар дамығандықтан бала толық түсіндіре алмайды, сұрай білмейді. Сондықтан, бірге ойнаған балалардың шаршамауын қадағалау қажет. Балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасына кешкі уақыт қолайлы, себебі тәрбиеші барлық уақытын балалардың дербес әрекетін ұйымдастыруға арнайды, ересек балалардың өзін-өзі ұстауы мен ойын үлгілерін сәбилердің еліктеуі үшін қолданады.

Балалармен жұмыс істеуде тәрбиешіге бірқалыпты, байсалды дауыс ырғағын сақтап, еліктеуге лайықты жағдайға назар аударып, ескертуді бір балаға басқаларға сездіртпей жасау қажет. Белсенді сөйлеудің дамуымен байланысты баланы өзінің қажеттілігін қимылмен емес (тартып алды, ұрып жіберді), сөзбен (сұрау, тәрбиешіден көмек сұрау) білдіруге үйрету қажет.

Бала өзін-өзі ұстау ережелері мен ойыншықтарды сақтау орнын топқа келген күннен бастап білуі тиіс.

Бала үш жаста тұрмыстық процессте, ойында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дербес, ал қозғалыстары үйлесімді бола бастайды.

3 жастағы баланың күн тәртібін құру барысында, ең алдымен, сергіту уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. 2 жастағы балалармен салыстырғанда дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Бұл жастағы балалар тамақты жылдамырақ ішеді, киімін ауыстыруға да аз уақыт жұмсайды, сондықтан сергектік уақыты түрлі күрделірек істермен толықтырылады. Балалар ұзағырақ ойнайды, қоршаған ортаны бақылайды, ересектермен бірге болып, ұзақ серуендей алады. Әлбетте, сергектік сипаттамасы сергіту уақыты ұзағырақ болғандықтан өзгермейді, бұл өзгерістер жалпы дамумен анықталатын баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге байланысты жүзеге асырылады.

Баланың жалпы дамуымен байланысты сергектігіндегі өзгерістерге қарамастан, бала 3 жаста жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелiктеріне сай ұзақ уақыт бiр іспен шұғылдана алмайды: бiрқалыпты іс-әрекеттер мен қимылдар оларды жалықтырады. Сонымен бірге, бала әрдайым өзінің жай-күйін бағалай білмейді, іс-әрекетінің сипатын, енжарлығын өзгерте алмайды. Ол үшін күн тәртібін құру барысында бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектік уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар - тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.

Режимдік процесcтерді ересектердің әңгімелеуімен, түсіндіруімен ұластырған маңызды. 3 жаста сөз жетекші рөл атқара бастайды, сондай-ақ, жаңа қимылдар мен іс-әрекеттерді үйретуде көрсету маңызды тәсілдердің бірі болып қала береді. Сөздің көмегімен ересек адам кейбір әрекет түрлерін баланың есіне салады («Арман, қолыңды жудың ба?»), есіне түсіреді («Әсел, қолыңды жуып болсаң, үстел басына отыр»), түсіндіреді («Бақыт, тәрелкедегі тамақты қолыңмен ұстама, екінші қолыңа нан ал»).

Ақыл-ойдың дамуы, бала тұлғасының дербестік, бастамашылық, шығармашылық жағынан қалыптасуы белсенді іс-әрекет процесінде іске асырылады. Сондықтан, ерте жастағы балалардың режимдік процесстер мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен бос уақыттарының барлығы дербес іс-әрекетпен толықтырылуы қажет. Осы кезеңдегі дербес іс-әрекет әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылдар, бағдарлық-танымдық әрекет, бақылаулар, кітаптар мен суреттер қарастыру, бейнелеу өнері, өзіне-өзі қызмет ету элементтері, ересектердің тапсырмаларын орындау.

Ересектер ерте жастағы балаларды заттар әлеміне енгізеді, олардың қызметімен және неге арналғандығымен таныстырады, қоршаған ортаны тануға бағытталған іс-әрекеттерін ынталандырады. Осыған байланысты, күннің кез келген уақытында өз қалауынша заттармен әрекет етуге, ойнауға, қозғалу мүмкіндігіне ие болатын пәндiк-ойын дамытушылық ортасымен қамтамасыз етілуі қажет. Сол себепті:

- қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойыншықтар және жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, санитарлық өңдеу тәртібін сақтау;

- баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын орналастыру;

- ойын бөлмелерінде өзгертуге жеңіл тақырыптық дамыту орталықтарын жабдықтау: «Өнер», «Сенсорлық-құрылыс», «Көңілді доп», «Табиғат бұрышы», «Құм және су», «Ертегі аралы», «Ас үй», «Сәндену бұрышымен»;

- әрбір орталықта балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын материалдарын іріктеу;

- мектепке дейінгі ұйым мен отбасындағы жағдайларға қойылатын талаптардың бірыңғай болуы маңызды.


1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА


БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА


Бала өмірінде екінші жыл ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп-кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкiндiк туғызады, екiншi сигналдық жүйенiң қалыптасуы бала өмірінің екiншi жылын ерекшелейдi.

Екі жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0—190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. Екі жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0—12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0— 86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергу уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады.

Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады.

2 жаста қарқынды даму бағыттары айқындалады. Бұл ересек адамдардың тілін түсіну және сөйлеу қабілетінің дамуы, сенсорлық даму, заттармен әрекеттің, ойындардың, қимыл-қозғалыстарының, дербестіктің дамуы. Дамудың әр бағыты басқа бағыттармен байланысты дамиды. Мысалы, заттармен әрекет жасаудың және ойынның дамуы қимыл-қозғалыстың дамуымен, ал 1 жас 6 айдан кейін сөздерді түсінуімен тығыз байланысты. Дамудың бұл бағыттары осы жаста ерекше маңызды, өйткені олар едәуір күшті болып табылады және жағымсыз факторлар әсеріне (нашар анамнез, аурушаңдық, педагогикалық әсерлердің жетіспеушілігі және т.б.) аз ұшырайды. Белсенді тілдің дамуы - жағымсыз факторлардың әсеріне едәуір сезімтал жаңа бағыт.

Екі жас — тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сенситивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.

Тілді түсіну біртіндеп болатын процесс. Бұл процесстің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін.

Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді.

Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады.

2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі — қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына жауап бере алады.

Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.

Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, қоршау жасайды, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді.

1 жас 3 айдан бастап, 1 жас 6 айға дейін бала жаңа іс-әрекеттерді орындай бастайды, ересектер мен жасы үлкен балалардың іс-әрекеттеріне қарай отыра, тәрбиешінің қимылын қайталап, көргендерін орындайды. Ол бейнелеу әрекеттері деп аталады, 2 жастың соңына қарай бірізділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, ересектердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.

Ересектер балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға көмектеседі. Өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты сақтауға үйретеді. Белгілі міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды қолдана білу біліктерін қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық заттарды қолдана білу қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын жетілдіруде, тілді меңгеруде және ойын әрекеттерін дамытуға баланың еліктеу қабілеті маңызды орын алады: бір жарым жастан кейін бала ересектердің қимылдарын қайталап қана қоймай, өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.

Екі жаста негізгі қимылдардың барлық түрлері жетіледі, сонда да кейбір анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру мен сыртқы белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.

Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікке бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі — бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды.

Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері жетіледі. Бала таныс заттарды өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.

Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.

Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.


КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ


Үйде

1 жас –

1 жас 6 ай

1 жас 6 ай –

2 жас

Ұйқыдан тұру, таңертеңгі тазалық шаралары

7.40-8.00

7.30-8.00

Мектепке дейінгі ұйымда

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар

8.00-9.00

8.00-9.00

Таңғы ас

9.00-9.50

9.00-9.40

Баланың дербес ойындары

9.50-10.00

Ұйқы

10.00-11.40



Ересектердің жетекшілігімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойын немесе серуен


9.40.- 11.40

Біртіндеп тұру, түскі ас

11.40-12.00


Түскі ас


11.40-12.30

Ұйқы


12.30-15.00

Белсенді сергектік

12.00-12.40


Екінші ұйқы

12.40-15.20


Ұйқыдан біртіндеп тұру, сауықтыру және гигиеналық шаралар

15.20-16.00

15.00-15.40

Бесін ас

16.00-16.40

15.40-16.30

Ересектердің жетекшілігімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойын немесе серуен

16.40-18.00

16.30-18.00

Балалардың үйге қайтуы

18.30-ға дейін

18.30-ға дейін

Үйде

Серуен

Кешкі ас, байсалды ойындар

18.30-19.00

19.00-20.00

18.30-19.30

19.30-20.00

Түнгі ұйқы

20.00-7.40

20.00-7.30


























«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: бала денсаулығын нығайту, оның өсіп келе жатқан ағзасының қызметі мен жүйесін дамыту.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны жүзеге асырылады:

- дене шынықтыру - ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде;

- балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру: дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асырылады.


Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру, қимылдың негізгі түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Жүру және басқа да негізгі қимыл түрлерін (еңбектеу, өрмелеу, допты лақтыру, жүгіру және жоғары секіру және т.б.) жетілдіру, тепе-теңдікті дамыту, дұрыс дене бітімін қалыптастыру.

2. Май табанды болдырмаудың алдын алу шараларын жүзеге асыру және қимыл үйлесімділігін дамыту, басқа балалармен кейбір қимылдарды бірге орындауға үйрету.

Мазмұны:

1 жас — 1 жас 6 ай

Жүру және тепе-теңдік сақтау: белгілі бағытта жолақшамен (клеёнка) жүру, көлбеу тақтай бойымен жоғары көтерілу, төмен түсу, ленталар мен жіптерден, еденде жатқан таяқшалардан аттап жүру. Жәшікке шығу (биіктігі 10-15 см).

Еңбектеу, өрмелеу: үстелдің, жіптің, доғаның астынан еңбектеуге жаттығу.

Бөренеден аттап өту, параллель жатқан жіптердің арасынан төрттағандап құрсаудан еңбектеп өту; орындықтың астынан өту.

Лақтыру, домалату, қағып алу: түрлі көлемдегі доптар мен шарларды, әртүрлі ойыншықтарды жинау, бір орыннан екінші орынға ауыстыру дағдыларын дамыту. Допты бір немесе екі қолмен төменгі жақтан алға лақтыру, себетке салу.

1 жас 6 ай — 2 жас

Жүру және тепе-теңдік сақтау: бір-бірінің қолынан ұстап ересектердің артынан, бірінің артынан бірі, топпен бірге (5-7 адам) жүру;шеңбер бойымен жүру;таяқша мен жіптен аттап жүру;жолақша бойымен, көлбеу тақтай үстімен жүру; гимнастикалық орындықтың үстімен (тәрбиешінің қолынан ұстап) жүру; жәшіктің үстіне (10-15 см) шығып, түсу.

Жүгіру: түзу бағытпен жүгіруге үйрету.

Жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуімен қимылдар жасауға үйрету — қолды жоғары көтеріп, түсіру; қолды алға созу; қолды артқа жасыру; саусақтарды ашып-жұму; еденді тықылдату (тізе бүге отырып); бір-біріне заттарды бере отыра, оңға, солға бұрылуға үйрету.

Еңбектеу, өрмелеу:

Еңбектеп бөренеден асып өту, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өту; құрсау ішінен, орындықтың астынан еңбектеп өту, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеу.

Лақтыру, домалату, қағып алу: допты жоғары лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беру, гимнастикалық орындық пен тартылған жіп (бала көзінің деңгейінде) арқылы түрлі заттарды бір-біріне лақтыру.

Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- белгілі бағыт бойымен жүру: жолмен, көлбеу тақтай бойымен жоғары, төмен жіпті, лентаны, таяқшаны аттап жүруді;

- түзу бағытта жүгіруді;

- бөренеден еңбектеп асып түсуді, параллель жатқан жіптердің арасынан еңбектеп өтуді;

- құрсау ішімен орындықтың астынан еңбектеп өтуді, сатыға (биіктігі 1,5 м) өрмелеуді;

- ересектердің көрсетуімен жалпы дамыту жаттығуларын орындауды;

- допты жоғарыға лақтыру (қағып алмай), екі қолмен домалату, допты бір-біріне беруді;

- гимнастикалық орындық пен тартылған жіп арқылы әртүрлі заттарды бір-біріне лақтыруды білуі тиіс.


Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: балалардың қозғалыс белсенділігін жетілдіру, олардың сергек күйін қолдау және шаршаудың алдын алу, қарапайым өзіне-өзі қызмет ету мен ұқыптылық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балалардың қозғалыс белсенділігін ынталандыруға, қозғалыстың негізгі түрлерін дамытуға мүмкіндік туғызу, қимыл-қозғалыс тәжірибелерін жинақтауға жағдайлар жасау.

2. Балалардың бойында тазалық пен ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін қалыптастыру. Алдын ала меңгерген мәдени-гигиеналық дағдыларды бекіту және жаңа біліктерді қалыптастыру.

Мазмұны:

Мәдени-гигиеналық дағдылар

1 жас - 1 жас 6 ай

Тамақтануда:

- үнемі тамақтану алдында баланың қолын жуу;

- 1 жастан 1 айдан бастап 1 жас 3 айға дейін қасықпен қою тамақты, ал 1 жас 4-5 айдан бастап кез-келген тамақты өз бетімен іше білуге үйрету;

- нанды көже ішу кезінде бірге жеу;

- тамақты өз ыдысынан ғана ішу;

- балаларға арналған орындыққа өз бетімен отыру, ересек адам орындықты үстелге жақындатады, тамақ ішіп болған соң, ересектердің айтуымен, өз орындығын орнына итеріп қою.

Баланы түбекке сұрануға және дұрыс отыруға үйрету.

Баланың қолдарын өз бетімен жууын, киімдерін киюін және шешуін, бәтеңкесінің бауын байлауын, киімінің түймесін ағытуын, бас киімін шешуін мадақтау.

Барлық кір, лас нәрсеге жағымсыз қарым-қатынасты тәрбиелеу: бет-аузының тазалығына назар аударуға, жуынуға, сүртінуге, су болған киімдерін шешуді сұрауға үйрету.

1 жас 6 ай - 2 жас:

Тамақтануда:

- үстел басына қолды жуғаннан кейін отыру;

- орындыққа өзі отырып, тұру;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айту.

Жуынуда:

- қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жуу;

- ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүрту.

Киініп-шешіну барысында:

- бас киімін, шалбарын, түймелері ағытылған жейдесін, бәтеңкесін белгілі ретпен шешуі;

- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкесін киюі.

Баланың түбекке сұрануы, өз түбегінің орнын білуі, өзінің ғана түбегіне отыра білуді бекіту.

Ескерту жасаған соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып, қайтадан салу.

Өз киімдерінің, орамалының орнын, үстел басындағы өз орнын, киіміне арналған шкафты білу, түбекке отыру қажеттілігін уақытында айту.

Дербес қимыл іс-әрекеті:

Балаларды түрлі қозғалыс белсенділігіне ынталандыру. Бөлмеде және серуенде түрлі қимылдарды қолданып, арбалармен, ойыншықтармен дербес ойындарды ұйымдастыру. Қимылды ойындарға қатыстыру, ересектермен жұптасып түрлі қимылдарды орындау.

Салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Медицина қызметкерінің жетекшілігімен ауада және суда шынықтыру шараларын жүргізу.

Ұзақтығы 3-5 минут болатын ауа ванналары киімдерін ауыстыру, массаж, күндізгі ұйқы мен бөлмедегі қалыпты ауа температурасының барысында іске асырылады.

Күнделікті шынықтырудың бір түрі суды ағызып, қолын шынтаққа дейін жуу. Сумен шынықтыру бөлме температурасы +22°С болғанда жалпы немесе жергілікті шаралар түрінде жүргізіледі.

Арнайы шаралар (ұсынылған тәсілдердің біреуі қолданылады):

- беліне дейін және бүкіл денесін дымқыл шүберекпен сүрту. Судың температурасын +36°С бастап +28°С жеткенге дейін біртіндеп төмендету (4-5 күн сайын 2 градусқа төмен). Сүртінуде су температурасын +35°С бастап +23°С дейін (4 күн сайын 2 градусқа төмен) жеткізу.

- қарама-қарсы температурадағы жылы, салқын су құю: су температурасы +36°С бастап +25°С дейін, соңында +38°С бастап +18°С дейін .

Жаз мезгілінде бүкіл режимдік кезеңдер мүмкіндігінше таза ауада ұйымдастырылады.

Жеке бас гигиенасының ережелерін үйрету: қолын аузына салмау, едендегі лас заттарды көтермеу, өз қажеттіліктері туралы уақытында хабарлау.

Балаларға таныс заттардың қасиеттерімен таныстыру (сабын, тарақ, қолорамал, сүлгі, т.б.) және жеке бас гигиенасы мақсатында қолданылатындығын айту. Ересектердің көмегімен балаларды қол орамалды қолдануға, киіміндегі ұқыпсыздықты байқауға және өзін тәртіпке келтіруге үйрету.

Жыл аяғында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- доппен ойнай алуы;

- еңістен жоғары көтеріліп, төмен түсуі;

- сатымен төбешікке көтеріліп, төмен түсуі;

- арба мен ойыншық машиналарды сүйреуі;

- ірі жұмсақ ойыншықтарды көтеру, отырғызу, жатқызуды;

- орындыққа өзі отырып, тұруды;

- тамақты төгіп-шашпай ұқыпты ішу, майлықты қолдануға үйрету (еске түсіру), тамақтан соң алғыс айтуды;

- өзінің қолдарын (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің төменгі жағын алақандарымен жууды;

- ересектердің көмегімен беті-қолдарын сүртуді;

- бас киімін, шалбарды, түймесі ағытылған жейдесін, бәтеңкесін шешуді;

- белгіленген тәртіппен киімдерін дұрыс бүктеп жинауды;

- шалбарын, бас киімі мен бәтеңкелерін киюді;

- түбекке сұрану, өз түбегінің орнын білуі;

- ескертуден соң қол орамалмен мұрнын сүрту, қалтасынан алып қайтадан орнына салуы;

- өзінің орамалы мен заттарын сақтайтын орынды білуі;

- өзінің үстел басындағы орны мен киім ілетін шкафын білуі;

- түбекке отыру қажеттілігі туралы уақытында хабарлауды білуі тиіс.


«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуді дамыту, қоршаған ортамен байланыс құралы ретінде тілдік реакциялардың барлық түрлерін, белсенді сөйлеуді қалыптастыру

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Тіл дамыту

Мақсаты: ересектердің тілін түсіне білуін, баланың бастамашылық және жауап бере білу тілін дамыту.

Міндеттері:

1. Тілдік еліктеу қабілеттілігін және сөйлеу тілін дамыту. Бала тілін дамытуда барлық режимдік және тұрмыстық жағдайларды қолдану.

2. Сөздік қорды толықтыруға, тілдің грамматикалық жақтарын және дауыс сазы мен дыбыстауды жетілдіруге мүмкіндіктер туғызу.

Мазмұны:

Алғашқы жарты жылдықтың маңызды міндеті ересектердің тілін түсінуді дамыту болып табылады. Екінші жарты жылдықта белсенді сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударылады.

1 жас – 1 жас 6 ай

Тілді түсінуді дамыту

Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің атауларын білуі тиіс.

Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру.

Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр - қазір киініп, серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын процесстеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.

Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып, қарапайым тіркестердің және фразалардың мағынасын түсінуге балаларды үйретеді.

Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету («Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші»).

Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, 1-3 көріністен тұратын ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба), тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық заттарды көрсетіп, атын атау.

Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін суреттерді танып-білуге үйрету.

Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау).

Белсенді сөйлеуді дамыту

Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету.

Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.

Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.

1 жас 6 ай - 2 жас

Тілді түсінуін дамыту

Пассив сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту:

- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);

- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.), олардың қимылдары;

- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар);

- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл), заттардың күйі (таза, кір), заттардың орны (мұнда, ана жерде);

- уақыт (қазір, содан кейін) және сандық (біреу, көп) қарым-қатынастар;

- ниет білдірумен байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-әрекеттер;

- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмек, жанашырлық сезімі («Көжек ауырып қалды, емдеу керек» және т.б.);

- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата, әже).

Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлай білуге үйрету.

Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің көмегімен) іскерліктерін бекіту.

Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек, үстел мен орындық, бас киім мен мойын орамал және т.б.) таба білуге үйрету.

Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету. Екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой).

Балаларды (1 жас 7 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр т.б.), кейіннен (1 жас 10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету.

Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану.


Белсенді сөйлеуді дамыту

Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту.

Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету.

Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру.

Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.

Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді.

Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету.

Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.

1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету.

Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау.

Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» - «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»).

Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету.

Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде), кейбір жануарлар мен олардың қимылдарын,ойыншықтарды;

- заттардың белгілері, күйі, орналасқан орнын;

- айналадағы адамдардың жасы мен жынысына сәйкес дене жай-күйі, мезгілдік және сандық қарым-қатынастарды атауды;

- ересектерді мұқият тыңдау, топта өзін-өзі ұстау немесе басқа балалармен қарым-қатынасы туралы нұсқауларын орындауды;

- екі-үш қимылдан тұратын жеңіл тапсырмаларды орындауды;

- сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін түсінуді;

- ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды;

- кейбір есімдіктер (мен, біз, сен, маған) мен үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) қолдануды;

- 300-ге дейін сөзді;

-заттарды айрықша белгілеріне қарай жалпылап, атауды;

- ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды;

- таныс заттар туралы сұрақтарға бір сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап беруді;

- өз өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді;

- дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуі тиіс.


Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен көркем шығармаларға қызығушылықты тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларға шағын, мазмұны түсінікті ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен тақпақтардың тыңдауға, түсіне білуге үйрету.

2. Халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді қалыптастыру.

Мазмұны:

Ең алдымен, тиісті сурет, ойыншық, әрекеттерді көрсете отырып, кейін заттарды көрсетусіз кішігірім, мазмұны қарапайым тақпақ, ертегі, әңгімелерді түсінуді дамыту.

Көркем шығарманы тыңдау және оның мазмұнын белсенді сезіну қабілеттерін дамыту. Мәнерлі сөйлеуді түсінуін дамыту: көркем шығарма мазмұнына қатынасын білдіретін сұраулы, мақұлдайтын, лепті ырғақтарды дамытуды жалғастыру. Қайталап оқу барысында мәтіннің сөздерін айтуға үйрету. Таныс ойындағы өлең жолдарына сәйкес («Қуырмаш», «Санамақ», т.б.) ойын әрекеттеріне үйретуді жалғастыру, оқу немесе әңгімелесу барысында ұлттық шығармалардың, тақпақтар мен әндердің ырғақтығы мен әуезділігіне эмоционалдығын білдіру.

Бала тәжірибесі көрініс тапқан, балалар көрген жануарлар, тұрмыстық және ойын жағдайлары бейнеленген көркем әдебиет шығармаларын оқу.

Екі жастың соңына қарай балаларға түсінікті табиғат құбылыстары: қар, жаңбыр, жел, шалшық т.б., адамдар мен жануарлардың қылықтары бейнеленген шағын әңгіме, ертегі, өлеңдерді тыңдауға және эмоционалды түрде пікірлерін білдіруге үйрету.

Шығарманы оқу және түсінгенін айту барысында шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру, пікірлерін білдіру ниеттерін мадақтау. Кітаптағы суреттерді қарастыруға үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- адамдар мен жануарлардың қылықтары суреттелген, балаларға түсінікті табиғат құбылыстары бейнеленген кішігірім тақпақ, ертегі, әңгімелерді эмоционалды түрде тыңдауды;

- мазмұны қарапайым, қысқа әңгіме, тақпақ, күлдіргі өлеңдерді түсінуді;

- халықтық шығармалар, тақпақтар, өлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды түрде жауап беруді;

- мәтінді қайталап оқығанда сөздерді айта алуды;

- өздеріне таныс күлдіргі өлеңдердің мәтініне сәйкес ойын әрекеттерін орындауды;

- шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды, өз пікірін білдіруді, оқиғаға қатысуға ынта білдіруді;

- кітаптағы суреттерді қарауға үйренуді білуі тиіс.


Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: қоршаған ортада бағдарлауын кеңейту негізінде балалардың тілдік қатынас дағдыларын мақсатты түрде дамыту.

Міндеттері:

1. Жақын адамдарды, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтар мен жануарларды білдіретін сөздермен сөздік қорларын молайту.

2. Ересектердің бүкіл топқа, жеке балаға айтылған сөздеріне назар аударуды, түсіне білуді қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

3. Заттар мен құбылыстардағы ең маңыздысын анықтауға, бақылауға, оларды сөзбен атап, араларындағы қарым-қатынастарды құруға үйрету.

Мазмұны:

Баланың тілін жақын ортада бағдарлай алуын кеңейту үйлесімінде дамыту.

Заттарды, жабдықтарды, ересектер атқаратын кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.

Балалардың белсенді сөздік қорларын кеңейту, таныс сөздерді (айналасындағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстар, іс-әрекеттер, т.б.) айтуға, адамның кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау, т.б.) дұрыс атауға үйрету.

Балаларға таныс кейбір көлік түрлері (автобус, машина, трактор және т.б.) туралы түсінік беру, ойыншық машинаға ұқсастырып, суреттерден таба білуге үйрету. Суреттер мен ойыншықтардан кейбір үй жануарларын тануға және (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапандар және т.б.) атауға ынталандыру; адамдар мен жануарлардың қарым-қатынасын білдіретін көріністерді түсінуге үйрету, көрсету барысында әңгімелей білуге ынталандыру. Жануарлардың ерекшеліктерін қарастыра отырып, ерекше белгілеріне назар аудару: көзі, құлағы, аяқтары, құйрығы және оларды атауға ынталандыру.

Бір жарым жастан асқан балалармен табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атау және кейбір ақпараттарды хабарлау: жаңбыр жауса, жер су болады, серуенге шыға алмайсың; жердегі нәрсені ауызға салуға болмайды - ауырасың, күннің көзі шықса күн жылынады.

Сөздік қорларын толықтыру, көрген-білгендерін атай білуге ынталандыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- балалар пассив сөздік қорындағы сөздерді айтуды (қоршаған ортадағы заттар, олардың қасиеттері, құбылыстары мен қызметтері, т.б.);

- адамдардың кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу, тазалау және т.б.) дұрыс атауды;

- кейбір үй жануарларын (сиыр, жылқы, әтеш, тауық, балапан және т.б.) суреттер мен ойыншықтардан танып, аттарын атауды;

- жануарлар мен адамдардың оларға қарым-қатынасын бейнелейтін көріністерді түсінуі;

- жануарлардың айтарлықтай ерекшеліктері мен белгілерін анықтауды және оларды атауды;

- табиғат құбылыстарын атауды;

- мазмұны бойынша қысқа, қарапайым, әңгімелер, тақпақтар, өлеңдерді түсінуі;

- халық шығармалары, өлеңдері, әндерінің ырғақтығы және әуенділігіне эмоционалды түрде үн қату;

- мәтінді қайталап оқытуда сөздерді атау;

- шығарма кейіпкерлеріне жаны ашу, қатысу,айта білуге ынтасы болу;

- кітаптағы иллюстрацияны қарай білуі тиіс.









«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: қоршаған ортадағы заттардың қызметі мен қасиеттерін іс-жүзінде тануға қызығушылықтарын дамыту, баланың танымдық қызығушылығы мен сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде іске асырылады:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- сенсорика;

- құрастыру .


Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: Балаларды қоршаған заттардың алуан түрлі қызметін айқындауға және олардың адам өмірі, табиғат құбылыстары туралы түсініктерін толықтыру.

Міндеттері:

1. Балаларға жақын қоршаған ортасы туралы түсінік беру, байқағыштығы мен белсенді сөйлеуін жетілдіру.

2. Балаларды қолжетімді табиғат құбылыстарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықтарын қалыптастыру, тіршілік иелеріне оң қарым-қатынасын тәрбиелеу, қарапайым эстетикалық сезімдерін ояту.

Мазмұны:

Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктері

Балаларда өзі, өзінің аты-жөні, сыртқы түрі («Қолың қайда?, «Көзің қайда?», «Мұрның қайда?»), өзінің іс-әрекеті (қолын жуды, жеді, ойнады, шомылды т.б.) ниеттері (қыдыру, ойнау, тамақ жеу т.б.) туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Жақын адамдары мен отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсініктерін бекіту.

Балаларда қоғамдық өмірдің нақты жағдайлары жайлы қарапайым түсініктерін қалыптастыру («тәте - сатушы», «аға -дәрігер», «аға -жүргізуші» т.б.).


Баланы жақын ортадағы заттармен таныстыру

Балаға жақын заттық ортадағы ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, тамақ түрлері, жеке заттары туралы түсініктер беру.

Балаларды заттармен, олардың белгілерімен, қарапайым іс-әрекет түрлерімен (суарады, жейді, киеді) таныстыру. Заттардың негізгі белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырата білуге үйрету. Түсіне қарай заттарды топтастыруға үйрету (қызыл шарды қызыл қорапқа, ал көк шарды көк қорапқа салу).

Балаға жақын ортадағы және суреттегі заттарды тани білуге үйрету.

Табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру

Баланы айналасында өмір сүретін жануарлармен таныстыру.

Әнші құстарға, аквариумдағы балықтарға, құстарға және жануарларға (ит, мысық, көжек, тотықұс) бақылаулар жүргізу. 2 жасқа қарай бірнеше жануарлардың болмысын суреттерден, ойыншықтардан (құс, тауық, мысық, ит) танып көрсетуге, оларды атауға, дауысына еліктеуге үйрету. Осы белгілерімен қатар нақты атауларын беру. Балалармен бірге жануарлардың кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне (басы, құйрығы), қимылына (жүгіреді, ұшады) назарларын аудару.

Бір жарым жастан асқан балалармен бірге табиғат құбылыстарын бақылау, оларды атай білуге ынталандыру, белсенді сөздік қорларын толықтыру.

Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару. Екі жасқа қарай тәрбиешінің нұсқауымен белгілі түстегі гүлді тауып алуға, ересек адамның көмегімен гүлдерді, ағаштар мен шөптерді көрсетуге үйрету.

Балалардың өсімдіктер мен жануарларға қызығушылығын дамыту, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тәрбиешінің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қандай күтім жасайтынына назарын аудару.

Балалардың назарын гүлдейтін бөлме өсімдіктеріне аудару, оларды суаруға үйрету.

Балаларға күнделікті өздері көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін бекіту, оларды болмысынан және суреттерден тануға жаттықтыру.

Су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынады және суға шомылады.

1 жас 6 айдан асқан балаларды құмның қасиетімен таныстыру: құрғақ болса, сусылдайды; ылғал болғанда, пішінді жақсы сақтайды.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- өзі туралы — өзінің аты-жөні, іс-әрекеттері, тілек-ниеттері, жақын адамдары мен отбасы мүшелері туралы;

- заттардың белгілерін (түсі, өлшемі, пішіні) ажырату, қарапайым іс-әрекеттерді;

- заттарды түсі, пішіні мен өлшемі бойынша топтастыруды;

- заттарды өзіне жақын ортадан және суреттерден тануды;

- бірнеше жануарларды табиғи болмысынан, суреттерден танып көрсету және олардың аттарын атау, дауыстарын келтіруді;

- табиғат құбылыстарын атауды;

- ағаштар, гүлдер мен шөптерді ажырату, оларға қамқорлықпен қарауды;

- белгілі түстегі гүлді тауып алу, ересектердің көмегімен гүлдер, ағаштар мен шөптерді көрсетуді;

- балаларға күнделікті көріп, жеуге болатын (жергілікті жағдайды ескеріп) кейбір көкөністер мен жемістерді ажырату, оларды табиғи түрлері мен суреттерден тануды;

- су туралы түсініктерін бекіту: төгіледі, жылы, суық, сумен жуынып, шомылатынын;

- құмның қасиеттерін білу: құрғақ болса сусылдайды, ылғал болғанда пішінді жақсы сақтайтынын білуі тиіс.



Сенсорика

Мақсаты: баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту.

Міндеттері:

1. Баланың талабы мен әуестігін, түрлі заттармен әрекет ету ниеттерін мадақтау.

2. Ұсақ қол қимылдарын, құрал-жабдықты, заттармен іс-әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту.

3. Заттардың түсі, пішіні, өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал-жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Заттық іс-әрекет

1 жас - 1 жас 6 ай

- затты лентасынан, бауынан, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тартуға, жібінен тарта отырып, дыбысын шығаруға (қоңырау) үйрету;

- 1 жас 3 айдан бастап балаларды құрал-жабдықтарды (ауа шарларымен, ұзын тұтқалы арбамен ойындар) қолдануға дайындау мақсатында заттық құралдармен таныстыру;

- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю - жинастыру, алу - салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке ауыстырып салу, кішкентай науалармен домалату;

- заттарды өлшемі (үлкен, кіші) немесе пішіні (шаршы, дөңгелек) бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға үйрету;

- түрлі-түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу (көлемі кіші затты көлемі үлкен заттың ішіне салу), іші қуыс бірдей заттарды (кубтар, конустар, т.б.) мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу;

- алмалы-салмалы ойыншықтарды жинастыру (қораптар, бөшкелер, т.б.);

- 2-3 сақинадан тұратын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыру;

- балаларды заттардың түстерімен таныстыру: қызыл, көк;

- спектрдің алты түсінің біріне қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттармен іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, сезімдік тәжірибені кеңейту;

- балалардың назарын түрлі-түсті (ақ шыныаяқ, кішкентай қара машина, қызыл, көк, сары гүл және т.б.), әртүрлі материалдардан (ағаш, полиэтилен, қағаз, металл, мата) жасалған заттарға аудару;

- балалардың назарын түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарына, сонымен бірге, ақырын, қатты дыбыс шығаратын музыкалық түрлі тембрлі (қоңырау, сылдырауық, сылдырмақ, т.б.) ойыншықтарға аудару.


1 жас 6 ай — 2 жас

- балаларды әрекеттерді орындауға көмектесетін қарапайым зат-құралдарды қолдануға үйрету: ойыншықты таяқпен түртіп жылжыту, түтікшенің ішіндегі затты таяқпен итеріп шығару және т.б.;

- едәуір күрделі зат-құралдармен әрекеттерді қалыптастыру — сақинасы, аулағышы, қарпығышы бар таяқшамен ойыншықтар мен шарларды алу, орындарын ауыстыру;

- балаларды таяқшаның көмегімен түрлі пішіндегі заттарды жақындатуға, сонымен қатар ойыншықтарды мөлдір, кейіннен мөлдір емес түтікшеден (диаметрі 3-4 см, ұзындығы 20-25 см) таяқшамен итеріп шығаруға үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап еңбек құралдарына ұқсас құралдармен және ойыншықтармен мақсатына, пішіндеріне және кеңістіктегі орнына қарай әрекет жасауға үйрету;

- қалақша, қалып, күрек, шелек, т.б ойыншық жабдықтарды қолдануды үйрету;

- құммен, сумен, қармен ойнағанда ойыншық жабдықтарды дұрыс қолдануға ынталандыру;

- балаларды кішігірім қазықтарды ылғал құмға және тесіктері бар арнайы үстелге балғамен қағып кіргізуге үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап үш орындық алмалы-салмалы дидактикалық ойыншықтарды (бауырсақ, бөшкелер т.б.) жинастыра білуін қалыптастыруды жалғастыру;

- заттарды өлшеміне қарай таңдауға және ажыратуға (үлкен, кіші) және өлшемаралық түсініктерді (үлкенірек, кішірек) түсінуге үйрету;

- ересектердің көмегімен конусты және тік негізде бірнеше сақинадан тұратын пирамиданы түсі мен өлшеміне байланысты жинастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап түрлі өлшемдегі cақиналардың 2-3 тобынан тұратын, ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі 4-5 cақинадан тұратын пирамида жинастыру;

- балаларды бір белгісі бойынша (өлшем, пішін), пішіндері әртүрлі (дөңгелек-шаршы, сопақша-үшбұрыш және т.б.), түсі бойынша (қызыл-көк, сары-қара, жасыл-сарғыш, ақ-күлгін) ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету;

- балаларды заттармен әрекетті дәл орындауға ынталандыра отырып, ұсақ қол қимылдарын дамыту (ұсақ алмалы-салмалы заттар, түрлі пішін мен өлшемдегі ойыншықтары бар «ғажайып қалта»); дидактикалық ойындар мен тұрмыста балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастыру;

- түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңырау, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыруды жалғастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап алдымен екі, кейіннен үш бөліктен тұратын сәйкес алмалы-салмалы-бөлшектерді таңдау;

- қораптарға қақпақтарын таңдау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- 1 жас 9 айдан бастап ересек адамдардың айтуымен белгілі бір түсті затты алып әкелуге ынталандыру; тұрмыстық заттар, дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиетке - түс пен өлшем, пішін мен өлшем, пішін мен түске бағдарланған тапсырмаларды орындау;

- 2 жасқа қарай пішіні мен өлшемі бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру, топтастыру біліктерін қалыптастыру;

- заттар туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Түсі мен өлшеміне қарамастан таныс заттарды (доп үлкен, кіші, қызыл, көк т.б.) тануға және көрсетуге үйрету;

- негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуға үйрету, тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдау; шарлар мен сақиналар түстеріне қарай қорапқа салу, үстелге қою. Екі түстен артық түстерді атауға үйрету;

- 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызыл сары, сары - қызыл сары; көк - күлгін, сары - ақ үйлесіміндегі түрлі заттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- іс-әрекеттерді орындауға қажетті қарапайым құрал-жабдықтарды қолдануды;

- еңбек құралдарына ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен әрекет жасауды;

- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастыруды;

- 2-3 топты қарама-қарсы өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыру; үлкендердің көмегімен 4-5 және одан да артық түрлі өлшемдегі cақиналарды пирамидаға жинастыруды;

- бірнеше заттарды бір белгісі (өлшем, пішін) бойынша топтастыруды;

- заттармен іс-әрекеттерді шеберлікпен орындауды, 2 кейіннен 3 бөлшекі іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдауды;

- қораптардың қақпақтарын таңдауды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетуді;

- негізгі төрт түсті ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдауды;

- екіден кем емес түстерді атауды;

- 4 түсті реңктердің қызыл — қызыл сары — сары; сары — қызыл сары - сары, көк-күлгін, сары - ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіруді білуі тиіс.


Құрастыру

Мақсаты: Қарапайым құрастыру жасауға бейімдеу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.

2. Балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған сюжетті ойыншықтармен ойнауға арналған құрастырылымдарды қолдануға үйрету, меңгерген құрастыру дағдыларын дербес ойындарда қолдану.


1 жас — 1 жас 6 ай

Балаларға құрылыс материалының бөліктерін бірінің үстіне бірін қоюға үйрету: текшені текшеге (мұнара), текшеге призманы (үйшік), цилиндрге жарты шарды (саңырауқұлақ) және т.б., бөлшектерді үстел үстіне орналастыру (жол, поезд). Кірпіштерді тігінен бір қатарға қойып, ұзын қабырға (шарбақ), бірінің үстіне бірін қойып биік қабырға (биік шарбақ) жасауға, текше мен кірпіштерді пайдаланып, көрсете отырып, қарапайым құрылымдар (үстел, орындық, диван, кереует) жасауға үйрету.

Пластина үстіне кірпіш пен текше қойып, автомобиль құрастыруға, кірпіштерден кең немесе тар көшелерді жасауға үйрету. Балаларды құрылыс міндеттерін түсінуге, сюжетті пішіндерді қолдана отырып, құрастырылымдармен ойнауға үйрету.


1 жас 6 ай — 2 жас

Балаларды құрылыс материалдарынан күрделі құрастырылымдар жасауға үйрету: екі текше мен пластинадан орындық, қақпа, тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ жасау. Орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде қоршау жасау. Сюжетті ойыншықтармен ойнау үшін құрастырылымдарды қолдануға үйретуді жалғастыру.

1 жас 9 айдан бастап сюжетті ойындар үшін жиһаздар құрастыра білуге үйрету: екі кірпіштен диван, бір кірпішті жатқызып, екі кірпішті жанына қойып кереует жасау; міндеттері мен құрылымы әртүрлі екі зат құрастыру: үстел - орындық, кереует - орындық, текшелер мен кірпіштерден баспалдақ жасау, үш қырлы призма мен төрт кірпіштен сюжетті ойыншықтарға үйшік жасау. Баланың дербес ойынына қажетті сюжетті ойыншық жасауда «сюжетті құрастырулар», құрастырылымдарды жасауды қолдану (адам, жануарлар мен көлік түрлерін бейнелейтін. орнықты пішіндер).

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- екі текше мен пластинадан орындық, қақпа; тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ құрастыруды;

- орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде қоршау жасауды;

- сюжетті ойыншықтармен ойынға арналған құрылыстарды пайдалануды;

- сюжетті ойыншықтармен ойындар үшін жиһаздар жасауды;

- құрылымы және қолданылуымен ерекшеленетін екі түрлі заттарды бір мезгілде құрастыруды білуі тиіс.



«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамының бастауы мен сезімдік-эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен музыкаға қызығушылығын тәрбиелеу.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу мен мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Сурет салу және мүсіндеу

Мақсаты: баланы қолжетімді бейнелеу құралдарына бейімдеу, олардың эксперимент жасау ниеттерін қолдау.

Міндеттері:

1. Түрлі бейнелеу материалдарымен сурет салуға мүмкіндік жасау, олардың қасиеттерімен таныстыру.

2. Сурет салу мен мүсіндеуге қызығушылығын ынталандыру

Мазмұны:

Балалардың назарын сурет салу процесіне аудару, ересектердің сурет салу процесін бақылауға, қағаздағы қарындаш немесе бояудың бедерін байқауға, ересектерге еліктеуге мүмкіндік беру.

Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру.

Балалардың бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынталарын қолдау; қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіру мүмкіндігін ұсыну.

Қағаз бетін қарындашпен тоқылдату, сызықтар жүргізу, не шыққанын баладан сұрау (күн, шарбақ, гүлдер).

Балаларды сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыру, сазбалшықпен тәжірибе жасау ниеттерін мадақтап, көмектесу. Сазбалшықты алақанына алып, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауға үйрету. Жалпақ дөңгелек пішінді «тәрелкелер», «үлкен және жуан шұжықты» мүсіндеуге үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қағаз бетіндегі қарындаш немесе бояудың бедерін байқай білуді, ересектерге еліктеуді;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниетті;

- қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;

- сазбалшықпен тәжірибе жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндеуді білуі тиіс.


Музыка

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.

Міндеттері:

1. Есту қабілеттерін дамыту, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдап түсіну, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білу.

2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.

3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.

Мазмұны:

1 жас — 1 жас 6 ай

Есту қабілеттерін, музыканы тыңдай білуді дамыту. Балаларды сергек және байыпты әндерді, сәйкес қимылдармен сүйемелдей отырып, тыңдауға үйрету; дыбысқа еліктеулерді қайталау, әндегі қайталанатын әуендерді айтуға үйрету.

Балаларды фортепианода 3-4 минуттық үзілістермен, 20-40 секунд үздіксіз орындалатын, сондай-ақ түрлі музыкалық аспаптарда (триола, металлофон, ксилофон, ауызсырнай) орындалатын әуендерді тыңдауға үйрету.

Ересектердің айтқан әнімен жүре білуді қалыптастыру, ойын қимылдарын орындау, би әуендеріне жеңіл қимылдармен көңілді сипат беру: аяқтан аяққа ауысу, аяқты тарсылдату, алақандарын шапалақтау, қол буындарын айналдыру, орнында айналу, музыкаға қосылып сылдырмақпен ойнау, шапалақпен музыканың ақырын және қатты дыбысын белгілеу, ересектерге еліктеп, қарапайым бейнелі қимылдарды көрсету.

Педагогтің артынан топпен жүру іскерліктерін қалыптастыру; үлкендердің көрсетуімен би қимылдарын орындау.

1 жас 6 ай — 2 жас

Әннің әуені мен сөздерін тыңдауға, оларды тануға үйрету.

Көңілді және байыпты сипаттағы әндер мен пьесаларды қолдана отырып, музыкалық шығармаға сәйкес эмоционалдық жай-күй туғызу; музыкалық дыбыстауды ажырата білуді, музыка тыңдауда шоғырлануын арттыра отырып, есту қабілеттерін дамыту.

Домбыра - сыбызғы, барабан - баян музыкалық аспаптарын дыбысталуы арқылы ажырата білуге мүмкіндіктер туғызу.

Балаларды фортепианода, металлофонда, триолада орындалған ұлттық әуендерді тыңдауға үйрету; ересек адамның орындауындағы әндерді тыңдау, қайталап айту, кім туралы айтылғанын сұрау, ересектермен қосылып айту.

Музыкамен жүру, жүгіру, жалаушамен жүру; ересектердің әніне қосылып дабылды соғу; жоғарғы және төменгі дыбыстауды тыңдау, ойын әрекеттерін көрсете білу, тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын (аяқтарымен топылдату, алақандарын шапалақтау, бір қолмен бұлғау, қазақтың және басқа да халықтардың музыкасының ырғағына сәйкес қолмен би қимылдарын) орындау.

Заттармен қарапайым қимылдарды орындауға үйрету: жалаушаны жоғары көтеру, бұлғау, сылдырмақты сылдырлату.

Ойындарға белсенді араласу, жыл соңында 1-2 таныс билерді дербес орындай білуі тиіс.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- әндердің әуені мен сөзін тыңдауды, оларды тануды;

- музыкалық аспаптарды дыбысталуы арқылы ажыратуды;

- ересектердің орындауындағы әндерді тыңдауды, оларға қосылуды;

- музыка әуенімен жүре білуді, жүгіре білуді;

- тәрбиешінің көрсетуімен би қимылдарын орындауды;

- заттармен қарапайым қимылдарды орындауды;

- ойындарға белсенді араласуды;

- 1-2 таныс билерді дербес орындауды білуі тиіс.


«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын, құрбыларымен және ересектермен жағымды қарым-қатынасын қалыптастыру, құрбыларына, ересек адамдарға, барлық тіршілік иелеріне жанашырлық пен қайырымдылықты тәрбиелеу.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны түрлі балалар іс-әрекетінде жүзеге асады.

Міндеттері:

1. Ересектермен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету, ересектердің жағымды әсеріне жағымды эмоциялармен жауап беру.

2. Әлеуметтік ортадағы қарапайым мінез-құлық мәдениетінің ережелері мен нормаларына тәрбиелеу.

3. Балаларды жеке әрекет түрлерінен қатар ойнау әрекетіне, құрбыларымен қысқа мерзімді қимылдарға көшуге үйрету.

Мазмұны:

Адамгершілік нормалар туралы түсініктері

Ненің жақсы, ненің жаман екенін (жанжалдасуға, ойыншықты тартып алуға, жаман сөздер айтуға болмайды) түсіндіру; әрекетті рұқсат еткенде ғана орындау (болады дегенде), тиым салғанда тоқтау (болмайды дегенде). Болмайды, рұқсат, қажет сөздерін түсіну және оның міндеттеріне сәйкес әрекет жасау.

Мінез-құлық мәдениетінің дағдылары

Нормалар мен ережелерге сәйкес балалардың мінез-құлқын қалыптастыру: жаймен сөйлеу, жатын бөлмеде өзін тыныш ұстау, ересектерді мұқият тыңдау және тапсырмаларын орындау. Тәрбиеші топта балалардың әрдайым байсалды, қуанышты көңіл күйін сақтауға жағдай жасау қажет.

Сәлемдесуге, қоштасуға, ересектердің сәлеміне жауап беруге, алғыс айтуға үйрету.

Өсімдіктер мен жануарларды бақылау барысында барлық тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, табиғат бұрышын мекендеушілерге қамқорлық жасауға үйрету.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас

Баланың балабақшаға бейімделуіне жағдай жасау; сәбиге қайырымды және шыдамды болу, анасынан алшақ кетуде, өмірдің жаңа жағдайларына үйренуге көмектесу; баланы барлығы жақсы көріп, оған алаңдайтындарын түсіндіру.

Ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста, заттармен, ойыншықтармен бірлескен әрекетте эмоционалдық елгезектік танытуға ынталандыру. Баланың құрбыларымен аз да болса қарым-қатынасқа түсуін ынталандыру, құрбысына деген қызығушылығын қолдау, қолындағы тәттісімен, ойыншықтарымен бөлісуін мадақтау. Баланың тәрбиешімен бірге немесе өз бетінше басқалардың әрекеттерін бақылауы; олардың қимылдарына еліктеуі; тәрбиешіге өзі және басқа балалар туралы айтып беруі («Сәуле құлап қалып, аяғын ауыртып алды, ал Самат оны аяды»).

Бір-біріне кедергі жасамай ойнауға үйрету. Ойыншықтарды сұрау және бөлісіп, бірге ойнай білуді қалыптастыру. Бала бойында құрбыларымен бірлесіп әрекет жасаудың (қысқа мерзімді әрекет) бастамасын қалау. Алғашқы табыстары мен өзіндік күш салуына рақаттану сезімдерін қолдау.

Ересектердің назарына, қарым-қатынас жасауына қажеттіліктерін қолдау; алғашқы дербес ниеттердің пайда болуын қолдау («келеді», «келмейді»); балада ересек адамды тыңдап, тапсырмасын орындау ниеттерін дамыту («Дамир, пирамиданы алып келші», «Мәншүк, маған текшелерді жинастыруға көмектесші»); балаға жақын әлеуметтік ортада еліктеуге лайықты жағдайларды қолдау («Анаңа көмектес», «Әжеңнің бетінен сүй», «Мысықты аяу керек», «Атаңа газет бер»).

Баланы өзін-өзі таныстыруға, өзінің атын есте сақтауға (бір жарым жастан кейін) жағдайлар жасау; өзін айнадан, суреттерден тануға үйрету, баланың атын атап шақыру.

Өзінің жыныстық ерекшеліктерін (ұл, қыз), сыртқы белгілеріне (киімі, шаш қоюы) қарай анықтауға болатынын, аты-жөні, ұнататын ойыншықтары бойынша түсініктерін қорытындылау.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- ненің жақсы, ненің жаман екендігі жайлы түсініктерінің болуы;

- болмайды, рұқсат, қажет сөздерін түсініп, олардың мағыналарына сәйкес іс-әрекет жасауды;

- жайымен сөйлесуді, ересектерді мұқият тыңдауды, тапсырмаларды орындауды;

- амандасуды, қоштасуды, ересектердің сәлеміне жауап бере білуді, алғыс айтуды;

- барлық тіршілік иелеріне ұқыптылықпен қарауды, табиғат бұрышын мекендеушілерге қамқорлығын білдіруді;

- құрбыларымен қысқа мерзімді қарым-қатынасқа түсуді, құрбысына қызығушылық білдіруді, қолындағы тәттісімен, ойыншықтарымен бөлісуге талпына білуді;

- бір-біріне кедергі жасамай ойнауды;

- ересектерді тыңдап, тапсырмаларын орындауға ниет білдіруді;

- өзінің атын (бір жарым жастан кейін) білу, айнадан, суреттен өзін тани білуі тиіс.


ОЙЫН ІС- ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ


Мақсаты: балалардың танымдық және қозғалыс белсенділіктерін дидактикалық, сюжетті, қимылды және құрылыс ойындары арқылы дамыту. Ойын барысында салмақты, сергек мінез-құлықтары мен балалардың эмоционалдық жай-күйлерін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Балаларды қимылды ойындарға ынталандыру, ойын көмегімен қимылдарды дамыту (жүру, жүгіру, өрмелеу т.б.).

2. Балаларды бір-біріне кедергі жасамай, ойыншықтарды бөлісіп, сюжеттік, дидактикалық ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен, сумен, қармен ойнауға үйрету.

3. Сюжеттік (бейнелі) ойыншықтармен іс-әрекеттерді заттармен әрекет жасаудан ажыратуға қол жеткізу.

Мазмұны:

Тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсету және оларды қолданылуына сәйкес (шыныаяқпен қуыршаққа шай беру, кереуетіне ұйықтауға жатқызу және т.б.) атауға үйрету.

1 жас алты айда балаларды ойынға қажетті заттарды (қонжықты отырғызу үшін арба, қуыршақты орау үшін көрпе, т.б.) таба білуге үйрету.

Балаларды кейбір ойын әрекеттеріне үйрету. Ойын әрекетінің әр түрлі болуы мен ойынды дамытуды қамтамасыз ету: мысалы, қуыршақты балалар тамақтандырады, ұйықтауға жатқызады, арбамен серуендетеді, емдейді. Тәрбиешінің көмегімен меңгерген әрекеттерді бір ойыншықтан екінші ұқсас ойыншыққа (қоян мен қонжықты тамақтандыру, үлкен және кішкентай қуыршақты ұйықтауға жатқызу) ауыстыруға үйрету. Осы тұрмыстық іс-әрекеттерді ойыншық жануарлармен де қайталау, жануарлардың қылықтарына еліктеу: итті үруге «мәжбүрлеу», ойыншық үйректі шиқылдату, т.с.с.

Балалардың ойыншықтармен бірнеше іс-әрекеттерді қатар орындай білуіне қол жеткізу. Қоршаған ортадан үйренгенін іс-әрекеттерінде қайтадан көрсете білуге үйрету.

Күтуші мен ересек балалардың іс-әрекеттерін бақылау; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қорытынды бөлімінде тәрбиеші әрекетін қайталауға балаларды еліктіру, қосымша материал ретінде ойыншықпен тағы не істеуге болатынын көрсету арқылы ойыншықтармен сахналауды енгізу.

Екі жастың соңына қарай қарапайым сюжеттік ойындарды қалыптастыру. Балаларды ойын әрекеттерін өмірлік-қисынды реттілікпен орындауға, ойында нақты заттардың орнына ауыстырғыш заттарды (сабынның орнына текшені, термометрдің орнына таяқшаны) қолдануға үйрету.

Ойын барысында балалардың бір-біріне жақсы ниетін тәрбиелеу, ойыншықтарымен бөлісуге, ауыстыруға, көмек көрсетуге үйрету (ойынға қажетті затты әкелу), тәрбиешінің көмегімен бірнеше әрекетті әрбір баланың орындауы.

Балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныстырған дидактикалық ойыншықтармен өз бетімен ойнауға үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дағдыларын қолдана отырып, түрлі құрылыс жасауға ынталандыру.

Балаларды ойыншықтардың өлшемін, түсін салыстыруға, ойында қолданылатын заттар мен құрылыс материалдарының (текшелер мен кішкентай кірпіштер) кейбір пішіндерін дұрыс атауға ынталандыру. Ойынға қажетті үстел үсті және көлемді құрылыс ойыншықтарының болуы қажет. Құрылыс материалдарының жинағында сюжеттік ойыншықтар болғаны жөн.

Құммен, сумен, қармен ойын барысында заттың қасиеттері туралы білімдерін бекіту. Құммен және қармен ойындарда қалақша мен күрекшені дұрыс қолдануға үйрету, кішкентай шелек пен қалыпшаға құмды салу, ылғал құмнан пішіндер жасау. Құммен ұқыпты ойнауға үйрету (жәшіктегі құмды шашпау, киімді былғамау).

Қимылды ойындарда негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) дамытуға мүмкіндік туғызу. Әр баланың жеткілікті қозғалуын қадағалау. Балаларды қимылды ойындарға (арбаны сүйрелеу, доппен ойнау, төбешік-басқыштарға шығып-түсу, жолмен жүгіру, пластмасса кеглилерді жеңіл доппен соғып құлату, т.б.) ынталандыру.

Бұрамалы ойыншықтарды көрсету, ойын-сауықтар жүргізу.

Балалар оқу жылының соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде:

- тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсетуді;

- оларды қолданылуына сәйкес атап, пайдалануды;

- тәрбиешінің көмегімен меңгерген әрекеттерді бір ойыншықтан екінші ойыншыққа ауыстыруды;

- бір-бірімен қарым-қатынас барысында өмірлік-қисынды бірізділікті ойын жағдайында жүргізуді;

- нақты заттардың үлгілерін ойында қолдануды;

- ойыншықтармен бір-бірімен бөлісіп, ауыстыруды;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде таныс болған дидактикалық ойыншықтармен ойнауды;

- ойыншықтарды өлшемін, түсін салыстыру, ойында қолданылатын кейбір заттар мен құрылыс материалдарының пішіндерін дұрыс атауды;

- қармен, құммен ойнауда қалақшаны, күрекшені дұрыс қолдануды;

- қимылды ойындарға белсене араласуды білуі тиіс.



МЕРКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР


Балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыру ұсынылады.

Ертеңгілік барысында қуыршақ театрының көрінісі, таныс ойындар мен билер орындалады. Балаларда мерекелік көңіл күй құру.

Жыл бойы ауық-ауық ойын-сауықтар өткізу. Оның барысында бұрамалы ойыншықтарды, қуыршақтар театрын қолдана отырып, балалар жазушыларының шығармалары бойынша шағын көріністер көрсету.

Қозғалмалы және қызықты ойыншықтарға, олардың қозғалыстары мен тәрбиешінің әрекеттерін бақылауға деген ниетті, қызықты ойын жағдайларын балалардың эмоционалды қабылдауын тудыру.

Балаларды шағын көріністерді көруге, ойын-сауықтарға қатысуға, жүргізушінің тапсырмаларын қарапайым қимыл түрінде орындап (қоянды қуып жету, атпен шабу, т.б.), жауап бере білуге үйрету.


2 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ

І СӘБИЛЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА


БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА


Бала өмірінің үшінші жылында дене дамуы әлі де қарқынды жүреді, алайда өткен жылмен салыстырғанда бұл процесс баяу өтеді. Бұл кезеңде балалардың жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, осыған байланысты белсенді сергектік уақыты (6 сағ. - 6,5 сағ. дейін) ұзарады. Бұл жастағы балаларда өзін дұрыс ұстау дағдылары жеңіл қалыптасады, себебі ол аз уақыт өз тілектері мен әрекеттерін тежей алады. Алайда, 3 жастағы баланың тез әсерленіп, тез шаршайтынын естен шығармау керек.

Бала өмірінің үшінші жылында жүйке жүйесінің де дамуы қарқынды өтеді. Сәби психикасындағы үлкен өзгерістер тілдің ары қарай дамуы және оның әсерінен ақыл-ойдың дамуымен байланысты. Осы жастағы балалардың сөздік қоры сан және сапасы жағынан өткен кезеңмен салыстырғанда, 3-4 есе артады. Сөздердің жеңілдетілген формалары ғана емес, сонымен қатар дұрыс айтылмайтын сөздер мүлде жоғалады; балалар барлық сөз таптарын қолдана бастайды. Баланың қалыптасқан ойлау қабілеті тілдің грамматикалық құрылымында білінеді, ол жайылма және құрамалас сөйлемдерді қолданады. Бұл жастағы балалар неге? неліктен? қайда? қашан? сұрақтарын көптеп қояды. Бұл сұрақтар дамыған танымдық қажеттілікті білдіреді.

Балалардың түрлі сөз таптарын қолдануы мен бала тілінде бағыныңқы сөйлемдер мен сұрақтардың пайда болуы ойлау қабілетінің дамуын сипаттайды; балалардың қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды жеке-жеке емес, олардың арасында байланыс құра отырып, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін түсініп, салыстыра, теңестіре отырып қабылдайтындығын көрсетеді.

Баланың айналасындағы адамдардың тілін түсінуде де елеулі өзгерістер болады. Бала өзінің айналасындағы өзіне, жан-дүниесіне тікелей байланысты сөздердің мағынасын түсінеді. Баламен тек осы уақыт туралы ғана емес, сонымен қатар өтіп кеткен уақыт жайлы да, келешек туралы да әңгімелесуге болады; мысалы, ол қайда барады, серуенде не істейді, кеше серуенде не болды, шыршаны қандай ойыншықтармен безендіруге болады, жазда орманда не жинайды т.б. Едәуір күрделі жалпылау түрлері пайда болады, мысалы, ойыншықтар, киім сөзімен бала әртүрлі, бірақ қызметтері ұқсас заттарды жалпылайды. Жалпыланған мағынаны заттың қасиеттерін білдіретін сөздер де иеленеді.

Бала өз көзімен көрмеген оқиғалар мен құбылыстар туралы ересектердің әңгімелерін түсіне алады, бірақ әңгімеде қолданылатын сөздер оларға түсінікті болуы тиіс

3 жасқа қараған бала тілінің тәрбиелік мағынасы айтарлықтай өзгереді. Үйрету барысында көрсету әлі де жетекші әдіс болғанымен, тілдің үйрету мен тәрбиелеу құралы ретінде рөлі едәуір артады. Сөзбен баланың қандай да бір әрекетін тыюға, теріс қылықтарының алдын алуға, өткенді еске түсіруге, жаңа әрекеттерге үйретуге, пайымдаулары мен түсініктерін қалыптастыруға болады. Бірақ, тілді дамытудағы жетістіктерге қарамастан, балалар тілдің грамматикалық құрылымын меңгермегендіктен, тәжірибелері әлі де жеткіліксіз болғандықтан, олардың тілдері ерекше болып келеді.

3 жаста баланың дыбыстарды дұрыс айтылуы бекітілмеген, бірақ автоматтандырылған болады. Көптеген дыбыстар жұмсақ айтылады, бір сөз тіркесінде дыбыстар дұрыс айтылса, енді біреуінде қате айтылады. Бұл жастағы барлық балалар бірдей «р, л, с, ш, з» дыбыстарын дұрыс айта бермейді, айтуға тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырып айтады немесе тастап кетеді, орнын ауыстырады. Бірақ тіліндегі кемшіліктерге қарамастан бала басқа балалардың тіліндегі кемшіліктерді байқап, оларды жөндейді. Бұл балалардың тіл дыбыстарын қабылдауы дыбыстарды айта білуінен гөрі айтарлықтай жетілгендігімен түсіндіріледі.

3 жаста балада өзін қоршаған орта туралы түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады. Бала тұрмыстық заттардың қасиеттері мен қолданылуын біледі, оларды ажыратып қана қоймай, түрін, түсін, өлшемін атайды, негізгі кеңістіктік және уақыттық қатынастарда бағдарлана алады. Балада сан (көп, аз, артық, кем, бір) туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Балалардың ұғымдары мен түсініктері әлі де жеткіліксіз, сондықтан қате қорытындылар жиі кездеседі.

Сенсорлық дамуы ары қарай жүзеге асады, бағдарлық-танымдық қызметте айтарлықтай өзгерістер болады. Баланың негізгі әрекетінің бірі бақылау болып табылады, оған ерекше назар аударған жөн, себебі ол сенсорлық дамудың маңызды құралы болып табылады. Егер ересектер баламен бірге бақыласа, бала сұрақтарды көп қояды, сондықтан зейінді болған жөн. Баланың қоятын сұрақтары қоршаған ортаны танып-білуге бағытталады.

Бала өмірінің үшінші жылында іс-әрекет күрделенеді және түрленеді. Оның келесі түрлері бар: заттық іс-әрекет (пирамида, мозаика, алмалы-салмалы ойыншықтармен айналысу); сюжеттік ойындар (қуыршақпен ойнау); бақылаулар; суреттер мен кітаптарды қарастыру; еңбек әрекетінің элементтері (дербес тамақтану, киіну, ойыншықтарын жинастыру); құрылыс материалдарымен ойындар; бейнелеу өнерінің бастауы (мүсіндеу мен сурет салу). Іс-әрекет түрлерінің сәбидің ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызы бар. Баланың қалыпты дамуы бұл іс-әрекеттерсіз мүмкін емес.

Көптеген іс-әрекеттердің ішінде сюжетті ойындар ерекше орынды иеленеді, оның сипаты 2 жастағы баланың ойынымен салыстырғанда күрделірек болып табылады. Бала, ойнай отырып, айналасындағы адамдардың көптеген әрекеттерін бейнелей алады («жұмысқа барады», «түскі ас дайындайды», «науқас адамды емдейді»). Бала әрекеттердің бірізділігі мен өзара байланысын бейнелеп қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін болады. Мысалы, қуыршақпен ойнай отырып, қайырымды болады, қамқорлық жасайды немесе оған ренжиді, ескертулер жасайды, жазалайды. Рөлдік ойындардың элементтері пайда болады.

Бала өмірінің үшінші жылында дамудағы жаңалық қандай да бір істі бастамас бұрын мақсатын анықтай білу болып табылады: «Мен үй саламын», «Мен қуыршақты емдеймін». Жоспарлау элементтерінің пайда болуы — бала әрекетінде маңызды. Бұл жаста бала құрылыс материалдарымен айналысқанды жақсы көреді. Ол өзі күрделі құрылыстарды жасай алады (мысалы, гараж, оған баратын жол, шарбақтар) және олармен ойнайды.

Іс-әрекеттің жаңа түрлері: мүсіндеу мен сурет салу пайда болады. Бала қарындаш, ермексаздың көмегімен бір нәрсені бейнелеуге, үш жастың соңына қарай жол, жауын, кішкентай сақиналардың суреттерін салып, таяқша, сақина, шелпекті илеп жасауды, бірнеше таяқшалар мен сақиналардан тұратын саңырауқұлақ пен пирамидаларды мүсіндеуге болатынын түсіне бастайды.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас барысында балада айналасындағы адамдар мен құбылыстарға белгілі қарым-қатынасы, соған сәйкес мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Жағымды мінез-құлықтың барлық түрлерін осы жастағы балаларда қалыптастыра бастау қажет. Осы кезеңдегі балалардың сезімдері де әртүрлі болып келеді. Олар рақаттану, қуану, өкіну, қорқу, ұялу, бауыр басу, өкпелеу сезімдерін білдіреді.

3 жас — бала дербестігінің қарқынды даму кезеңі. Дербестік баланың іс-әрекеттері мен өмірінің барлық жағында көрінеді: өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, қарапайым еңбек әрекеттері әбден жетіледі. Бала бойында құрбыларына оң қарым-қатынастарын білдіруі қалыптасады: жақсы көру, көмектесу, бірге жасау, қызықты затты бақылау. Дербестігінің артуына байланысты бала өзінің «Мен»-ін түсіне бастайды және ересектерге ұқсағысы келеді, сондай тәуелсіз, дербес болғысы келеді. Артық қамқорлық жасағанда, тәрбиелік тәсілдерді орынсыз қиындату салдарынан «мінез-құлық дағдарысы»: баланың мінез-құлқында жағымсыз жайттар — ерегесу, қыңырлық, еркелiк пайда болуы мүмкін.

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ



Үйде

Ұйқыдан ояну, таңертеңгі шаралар

6.30-7 30

Мектепке дейінгі ұйымда

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика

7.00-8.00

Таңғы ас

8.00-8.00

Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындық

8.30-9.00

Шағын топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

9.00-9.15

9.15-9.30


Серуенге дайындық

9.30-9.50

Серуен

9.50-11.30

Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар

11.30-11.50

Түскі ас

11.50-12.30

Күндізгі ұйқы

12.30-15.00

Ұйқыдан ояну, сауықтыру шаралары

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00

Шағын топпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

16.00-16.50

Серуендеу, қимылды ойындар

16.50-17.40

Серуеннен оралу

17.40--18.00

Кешкі ас

18.00-18.20

Балалардың үйге қайтуы

18.20-19.00

Үйде

Серуен

19.00-19.50

Сабырлы ойындар, гигиеналық шаралар

19.50-20.20

Түнгі ұйқы

20.20-6.30 (7.30)




























«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын меңгеруге саналы қатынасын, салауатты өмір салты әдеттерін қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- ұйымдастырылатын оқу іс-әрекеті – дене шынықтыру;

- балалардың өмірін ұйымдастыру мен тәрбиелеу арқылы – өздігінен қозғалу әрекеті, мәдени-гигиеналық дағдылар, салауатты өмір салты мен сауықтыру-шынықтыру шаралары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Дене шынықтыру

Мақсаты: балалардың дене сапасы мен қозғалу дағдыларының негізгі қимылдарын дамыту.

Міндеттері:

1. Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды жалғастыру, шамадан тыс шаршаудың алдын алу. Баланың балабақшада және отбасында физиологиялық және психикалық жай-күйінің қолайлы болуын қамтамасыз ету.

2. Дене шынықтыру сабағында және ертеңгілік жаттығуларды орындау барысында негізгі қимылдарды жетілдіру.

3. Ересек адамның көрсетуімен дене жаттығуларын орындауға үйрету.

Мазмұны:

Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары: ересектердің көрсетуі мен ауызша айтуына сәйкес дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шар, сақина, гантель және т.б.) қолдануға үйрету.

Негізгі қимылдар: бір уақытта үш негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.

Жүру және жүгіру. Топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүру.

Топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта (бірін-бірі итермей), бірінің соңынан бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан жүгіру.

Доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін Еңбектеу.

Ауданы 50х50 см, биіктігі 10 см мінбеге, саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

50-60 см арақшықтыққа доптарды (диаметрі 10-15 см) екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан лақтыру. Тәрбиеші лақтырған допты қағып алу.

Кішкентай доптарды, қапшықтарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанға дәлдеп лақтыру.

Бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ересектердің ауызша айтуы немесе көрсетуімен дене жаттығуларын орындауды;

- гимнастикалық атрибуттарды (жалауша, шарлар, сақина, гантель және т.б.) қолдануды;

- топқа бөлініп және бүкіл топпен жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше жүруді, аяқтың ұшымен, жіптен, қырлы бөренеден, кубиктен аттап жүруді;

- топқа бөлініп және бүкіл топпен түзу бағытта, әр түрлі бағытта, бірінің соңынан бірі, бір қатармен тәрбиешінің соңынан жүгіруді;

- доғадан, орындықпен, жолмен нысанаға дейін төрт тағандап еңбектей білуді;

- саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеуді;

- допты екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан, алысқа лақтыру, тәрбиешінің лақтырған добын қағып алуды;

- кішкентай доптарды, қапшықтарды дәлдеп лақтыруды;

- бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіруді білуі тиіс.


Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу

Мақсаты: тұрмыстағы мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет ету дағыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салтына жағдай туғызу.

Міндеттері:

1. Қимылды ойындар мен шынықтыру шараларын қолдана отырып, бала денсаулығын нығайту.

2. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімін тәрбиелеу, ересектердің нұсқауларына зейінді болуға үйрету.

Мазмұны:

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Қолды дұрыс жууға (көбіктенгенше сабындау), құрғатып сүртуге, өз бетімен сүлгісін алып, қайта ілуге, таза және ұқыпты тамақтануға; қасық, кесе, сүлгіні дұрыс және орынды қолдануға және тамақтану кезінде аузын жауып жеуге үйрету.

Тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын сумен шайқауды үйрету.

Өздігінен киіну және шешіну дағдыларын қалыптастыру. 2 жас 3-4 айдан бастап балалар өздігінен және белгіленген тәртіп бойынша түймесіз киімдерін, аяқ киімдерін киіп және шешіп, түймелей және бауларын байлап, шеше білулері қажет, ал 2,5 жастан кейін өздері түймелерді ағытып, қайта түймелей алады, бәтеңкесінің бауын байлап, қайта шеше алады, белгіленген тәртіппен киімдерді ұқыпты бүктеп, аяқ киімдерін орнына қояды. Балаларға өздерінің жеке заттарын: сүлгі, беторамал, тарақ, ауыз шаятын ыдысты қолдану керек екенін түсіндіру. Өздігінен (ескертусіз) мұрнын сүрту, қолының, бетінің ластығын, киіміндегі олқылықты байқау, серуеннен келген соң аяқты сүрту, кіре беріс жерге аяқ киімін шешу; ретке келтіріп ұстау – еденде жатқан затты жоғары көтеріп қою, ойнап болған соң ойыншықты орнына жинау және т.б.

Өздігінен қозғалу белсенділігі

Балаларды кеңістікте орын ауыстыруын қамтамасыз ететін қимылдарды жетілдіруге, жүру кезінде орнықты қалыпты сақтай білуге, ептілік көрсетуге мүмкіндік туғызу. Қозғалыс бағытын сақтауға, өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруге үйрету. Әрекет жағдайына лайықты әрекет етуге үйрету. Балалардың дербес ойынында қимыл белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу.

Ересектер мен құрдастарына еліктей отырып, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерінің бейнесі мен қимылдарын жасайды.

Салауатты өмір салты және сауықтыру-шынықтыру шаралары

Балаларды шынықтыру таңертеңгілік серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су процедураларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы процедуралар қолданылады.

Баланы шынықтыру қолайлы физиологиялық және психикалық жағдайда ғана жүргізіледі. Балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С болғанда, 3-4 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады.

Ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2-3 минуттан 6-10 минутқа дейін. Ауа және сумен шынықтыру алдыңғы топта жүргізілгендей түрде өтеді.

Сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді. Су температурасы +34°С, +35°С-тан +23°С, +22°С-қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа процедураларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- кеңістікте орнын ауыстырып жүру кезінде орнықты қалыпты сақтауды;

- қозғалыс бағытын сақтап, өз қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруді;

- қолды дұрыс жууды (көбіктенгенше сабындау), құрғатып сүртуді;

- өздігінен сүлгісін алып, қайта ілуді;

- өздігінен ұқыпты тамақтануды;

- қасық, кесе, сүлгілерді дұрыс және орынды қолдануды;

- тамақтану кезінде аузын жауып жеуді;

- әрбір тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын сумен шаюды;

- өздігінен киіну және шешінуді, аяқ киімдерін киіп және шешіп, киімдерін түймесін ағыту, қайта түймелеу және бәтеңкесінің бауын байлап, шешуді;

- белгіленген тәртіппен киімдерді ұқыпты бүктеп, аяқ киімдерін орнына қоюды;

- өздерінің жеке заттарын: сүлгі, беторамал, тарақ, ауыз шаятын ыдысты қолдануды;

- өздігінен (ескертусіз) мұрнын сүрту, қолының, бетінің ластығын, киіміндегі олқылықты байқауды, серуеннен келген соң аяқты сүртуді, кіре беріс жерге аяқ киімін шешуді білуі тиіс.


«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықтарын дамыту.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Тіл дамыту

Мақсаты: балалардың жалпыға ортақ зат есім, етістік, үстеу, сын есім және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерін кеңейту, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Баланың өз айналасындағы адамдарды көрнекіліксіз түсіну қабілеттілігін дамытуды жалғастыру, пассив сөздікті кеңейту.

2. Балалардың өзіндік тілін жандандыру, белсенді сөздікті қалыптастыру.

3. Балаға түсінікті сөйлей білуін мадақтау, сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу интоннациясын қалыптастыру.

4. Сөйлемді қолдануға, оны грамматикалық жағынан дұрыс құруға үйрету.

Мазмұны

Тілдің дыбыстық мәдениеті

Балаларды ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету, дауыс аппаратын дамыту.

Бала тілінің түсінікті, анық, асықпай, жеткілікті дауыста айтылуын қадағалау керек. Балалардың назарын дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді анық айтуға, сөйлеу қарқыны, дауыс күші мен биіктігіне аудару. Бала айналасындағы адамдардың сөзін естуге және тыңдауға, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді үйренуі керек.

Бұрын меңгерген буындағы, сөздегі дыбыстарды: дауысты дыбыстар (а, у, и, о) мен айтылуы қарапайым дауыссыз дыбыстардың (м, п, б, ф, в) дұрыс айтылуын анықтау және бекіту.

Қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.

Түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеушілікке (бақ-бақ, тық-тық, з-з-з) жаттықтыру. Балалардың дыбысты анық айтып қана қоймай, сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағын сақтауына талпыну.

Дыбыстар мен сөздерді сөз тіркестерінде бекітуді ары қарай жалғастыру. Сөйлемдегі сөздерді анық айтуға үйрету.

Сөздік қорын қалыптастыру

Баланың сөздік қорын молайту және жандандыру. 2 жастағы баланың сөздік қоры орта есеппен 250-280 сөзді құрайды. 3 жасқа қарағанда сөздік қор 3-3,5 есе артады. Өзінің киімдерін атауға үйрету – мойынорағыш, кеудеше, пальто, қолғап, жейде, көйлек, кофта, камзол, шалбар, шұлық. Бас киім – бөрік, орамал. Аяқ киім – бәтеңке, етік, туфли. Ыдыс-аяқ – шыныаяқ, табақ, қасық, шайнек, қазан, құмыра, кесе. Тамақтың аттарын дұрыс атау: сорпа, ботқа, шырын, кеспе, бауырсақ; азық-түлік: сүзбе, сүт, ірімшік, қаймақ, айран, қымыз, балық, ет, жұмыртқа, күріш, картоп, макарон, бұршақ, қарақұмық. Сөйлемде зат есіммен (доп, мысық, ыдыс) бірге әрекетті білдіретін (доп домалады, мысық ұйықтап жатыр, ыдыс сынды) сын есімді қолдануларын жетілдіру. Сын есімді қолдана отырып, затты сипаттау (үлкен үй, жақсы бала). Ересек адам өз сөзінде сөз таптарының барлық түрін қолданып, үлгі көрсете білуі керек.

Балаларда отбасында және балабақшада тілдік қарым-қатынас жасауға қажеттілікті тудыру. Ересектерге өтініш жасауға және сұрақ қоюға ынталандыру. Балалардың сөйлеу тілін дамыту: тілдік қатынастың әр түріне қатыстыру (ересектермен және құрдастарымен әңгімелесуін қолдау, сұраққа жауап беруге, сұрақ қоя білуге үйрету); тек бүгін көргендерін айтып қана қоймай, сонымен бірге жақында көшеде, учаскеде, музыка залында және т.б. жерде көргендерін екі-үш сөйлеммен айтып беруге үйрету.

Белсенді сөздікте заттардың сапасы және олармен әрекет жасаудың атауларын бекіту. Тілдегі жинақтық зат есімдерді, тілдің жалпылау қызметін меңгеруге көмектесу.

Балаларға күнделікті әрекетте ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды, түрлі сөз табын, заттардың белгілерін, жануарлар мен олардың төлдері, көкөніс, жеміс, өсімдік, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолданып, жауап беретіндей сұрақтар қою. Заттар туралы қойылатын сұрақтар қарапайым болады: «Бұл кім?», «Бұл не?» (қозы, орындық) және күрделірек «Не жүгірді?» (ит), «Мысық қайда ұйықтайды?» (кілем үстінде).

Тілдің грамматикалық құрылымы

Тәрбиешінің сөйлеуін түсінуге, қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйретуді жалғастыру.

Балаларды зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сын есімді өткен шақ түрінде зат есіммен және етістікпен үйлестіруге, сөз тіркестерінде сөздің жалғауына (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) назар аударуға үйрету.

Сөз қосымшаларын қолдана білуге үйрету. Дауыс екпіні көмегімен мақсатты жеткізе білу (баяндау, іздену, сұрақ қою және т.б.). 2,5 жастағы балалар құрамы үш сөзден көп сөйлемдерді айтады, ал 3 жаста өз сөзінде күрделі сөйлемдерді қолданады.

Үш жастың соңына қарай бала тілдің барлық грамматикалық түрін, құрылымдарын қолдану, бағыныңқы құрмалас сөйлем, бірнеше сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.

Байланыстырып сөйлеу

Заттар мен құбылыстардың маңыздысын бақылауға, қарастыруға, бөліп көрсетуге, олардың арасындағы қатынасты орнатуға, сөзбен белгілеуге үйрету.

Диалогты (кейінірек монологты сөйлеу), байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиешінің бүкіл топқа бағытталған сөзін балалардың мұқият тыңдауына назар аудару. Ересектермен және құрдастарымен тілдік қатынас жасауды дамыту.

Балаларды ертегі айтуға белсенді қатысуға үйрету: бір-екі сөзбен немесе тіркесті толық айту, әңгімеге қатысу, сұраққа жауап беруге үйрету.

Балалардың пікір білдіруін мадақтау, түсініксіз жерін түсіндіру, бөліктерді анықтау және балалардың барлық сұрақтарына жауап беру. Сөз мағынасын кеңейте отырып (балаға түсінікті етіп), қарапайым пікір айта білуге үйрету.

Жыл соңында суреттегі бейне жайлы, серуен кезінде көргендері туралы 2-4 сөйлеммен айтып беруге, сөзінде жақын арада болған оқиғаны айтып беруге, осы шақтағы сөйлемдерді қолдануға, болашақты қарапайым түрде бағдарлай білуін көрсетуге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді асықпай, анық айтуды;

- айналасындағы адамдардың сөзін естуді және тыңдауды, түрлі дыбыстарды, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажыратуды, тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап беруді;

- белсенді сөздікте барлық сөз таптарын пайдалануды;

- құрамы үш сөзден тұратын сөйлемді айтуды, өз сөзінде күрделі сөйлемдер қолдануды;

- заттар мен құбылыстардың маңыздысын бөліп көрсетуді, олардың арасындағы қатынас орнатуды, сөзбен белгілеуді;

- көргендері жайлы 2-4 сөйлеммен айта білуі тиіс.


Көркем әдебиет

Мақсаты: көркемсөзге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, шығармалардың мазмұнын түсінуге көмектесу.

Міндеттері:

1. Балаларды тақпақтарды, ертегілер мен әңгімелерді қабылдауға, әрекеттің дамуын қадағалап, мазмұнын түсінуге үйрету.

2. Тілдің эмоционалды мәнерлілігін дамыту, балаларды тақпақтарды айтуға, кітаптағы суреттерді қарауға, суреттері жайлы айта білуге үйрету.

3. Тәрбиешінің қарапайым сұрақтарына жауап бере білуді дамыту.

Мазмұны:

Балаларды жыл бойы қазақ және басқа халықтардың қарапайым мазмұнды ертегілерімен, фольклормен, қазақ және басқа халықтардың балалар шығармаларымен жазушыларымен, жазушы-классиктерімен таныстыру.

Ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуге тәрбиелеу. Балаларды өздеріне таныс күлдіргі тақпақтарды, қысқа өлең жолдарын асықпай, анық қайталауға ынталандыру.

Балалардың көркем сөзді біртұтас қабылдауын қалыптастыру: эмоционалды елгезектік, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұны мен кейіпкерлерін түсіну. Ертегідегі, қысқа әңгімедегі оқиғаларда, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуын байқау, драмалық жағдайларда кейіпкерлерге жаны ашу, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуана білуді бекіту.

Айналасындағы адамдардың сөзін көрнекіліксіз тыңдау қабілетін дамытуды жалғастыру, тұрмыстық («Айжан мысық тауып алды») немесе ертегі («Назгүлдің құсы ұшып кете жаздады», «Қыңыр мысық табанын күйдіріп алды») тақырыптарына байланысты әңгімелер тыңдау.

Шығарма мазмұнына эмоционалды түрде үн қата білу, түрлі дауыс екпінін байқай білу қабілеттілігі, болған жағдайға жанашырлық білдіру, кейіпкерлер бейнесіне (тауық, әтеш, мысық) ене білу қабілеттерін дамыту. Өздеріне таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсете білуге үйрету.

Кітаптағы суреттерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ертегі, әңгіме, күлдіргі тақпақтарды зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруді;

- ертегідегі, қысқа мазмұнды әңгімедегі болып жатқан оқиғаларды, шығармаларда жаңа кейіпкерлердің пайда болуы мен олардың қарым-қатынасын байқауды;

- драмалық оқиға кейіпкерлеріне жанашырлық білдіруді, өзіне таныс кейіпкерлермен кездескенде қуануды;

- таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап көрсетуді;

- кітаптағы суреттерді қарап, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере білуі тиіс.



Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: баланың қоршаған ортада бағдарлануға үйрету, ересектердің айтқан сөзін түсінуін, көрнекі-әрекетті ойлау және тілді пайымдаудың қарапайым түрлерін дамыту.

Міндеттері:

1. Қоршаған ортаны баланың тілі мен ойлауын қалыптастыратын, сөздік қорын жандандырып, толықтыратын, байланыстырып сөйлеуін дамытатын, дыбыстауды қалыптастыратын, қоршаған орта туралы тілді пайымдаудың қарапайым түрлерімен таныстыратын маңызды құрал ретінде қолдану.

2. Барлық балаға арналған тәрбиешінің сөзін тыңдауды және түсінуді, заттарды бақылау мен суреттер қарау кезінде мұқият болуды дамыту.

3. Балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс қайталауға: заттардың аттары, қимыл-әрекеттер, түстер; бұл сөздерді өз сөзінде қолдана білуге үйрету.

Мазмұны:

Баланың қоршаған ортада бағдарлана білуін кеңейту негізінде сөздік қорын жандандыру мен тілді түсінулерін дамыту. Табиғат құбылыстары мен алуан түрлі заттар туралы алғашқы түсініктерін дамыту, заттар және құбылыстар арасындағы қарапайым байланыстарды орната білуді қалыптастыру, балаларды көрнекіліксіз қоршаған ортадағы адамдардың тілін түсінуге үйрету.

Балаларды педагогтің ауызша сөзбен көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып әкелуге («Қызыл кубикті алып кел», «Кішкентай қонжыққа ән айтып берші»), олардың орналасқан жерін ажыратуға («Ойыншық жоғары сөреде (биікте) тұр», «Жанына қой», адамдардың әрекеттері мен жануарлардың қимылына еліктеуге («Суды қалай құятынын көрсет», «Қонжыққа ұқсап жүр»).

Балалардың сөздік қорын:

- транспорт құралдары (машина, автобус), автомобиль бөліктері (кабина, рөл, дөңгелек), өсімдіктер (ағаш, шөп, гүл), жемістер (алма, алмұрт), көкөністер (сәбіз, қызанақ, қияр), үй жануарлары (қой, ешкі, тауық) мен олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімдермен;

- кейбір еңбек әрекеттерін (жуу, сүрту, үтіктеу, емдеу), өзара қарым-қатынасты (беру, көмектесу, жаны ашу) білдіретін етістікпен;

- заттардың көлемін, түсін, дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, ащы) білдіретін сын есіммен;

- үстеумен (қазір, жақын, алыс, төмен, жоғары, жылдам, баяу, қараңғы) молайту.

Балаларды осы сөздерді қолдануға үйрету.

Балаларды суреттің мазмұны бойынша, серуенде көргендері туралы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруге, тақпақтар айтуға, салынған суреттер туралы әңгімелеуге, кітаптағы суреттерді қарауға, ол жайында (екі-үш сөйлеммен) әңгімелеуге үйрету.

Суреттегі үй жануарлары (қой, сиыр, тауық және т.б.) мен оның төлдерін (қой — қозы, сиыр — бұзау, тауық — балапан) танып, атауға үйрету. Өсімдіктерді (шөп, ағаш, гүл) ажыратып, дұрыс атауға және гүлдің, шөптің, жапырақтарының түсін атауға, сыртқы түріне қарай ажыратуға, кейбір жемістер мен көкөністердің (сәбіз, қияр, алма, алмұрт және т.б.) дәміне қарай атауға үйрету. Балаларды отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересек адамдардың кейбір еңбек әрекеттерімен таныстырып, оларды атау (күтуші ыдыс-аяқтарды жуып, сүртеді, анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді, аспазшы асханада ас әзірлейді, дәрігер балаларды емдейді, шашатаразшы шаш үлгісін жасайды, жүргізуші көлік жүргізеді және т.б.).

Айналадағы кейбір транспорт түрлерін (жеңіл және жүк автомобильдері, автобус, трамвай, троллейбус) сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.

Тәрбиеші балалармен бірге объектіні қарап, заттың бөлшектерінің (бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды. Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және олардың қолданылуын (төсекте ұйықтайды, үстел басында тамақтанады және сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде — кітаптар мен ойыншықтар орналасады, тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу керек.

Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың кеңістікте орналасуын (биік — аласа, алыс — жақын, астында, үстінде, жанында), қозғалу бағыттарын (алға — артқа) сипаттай білуді жетілдіру. Өз тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- педагогтің ауызша көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне қарай тауып, олардың орналасқан жерін ажыратуды;

- транспорт құралдары, автомобиль бөліктері, өсімдіктер, жемістер, көкөністер, үй жануарлары және олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат есімді қолдануды;

- кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін етістікті, заттың көлемін, түсін, дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;

- сурет мазмұны бойынша, серуенде көргендері жайлы тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере білуді;

- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу, өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі ересектердің кейбір еңбек әрекеттерін атауды;

- айналадағы кейбір транспорт түрлерін сыртқы түріне қарап және бөлшектерін ажыратуды;

- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің көмекшісін атымен және әкесінің атымен атай білуі тиіс.






«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: заттар, табиғат, адамдар әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сенсорика;

- құрастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Сенсорика

Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.

Міндеттері:

1. Балаларды заттардың сенсорлық қасиеттеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру.

2. Балалардың өздеріне жақсы таныс нысаналардың ерекшеліктерін жеткізе алуы үшін заттардың белгілерін өз еріктерімен қолдануларын бекіту.

3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Мазмұны:

Заттық іс-әрекет

Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру; арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну; еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану.

Өз әрекеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын және сенсомоторлық кеңістіктік «көз – қол» үйлесімділігін дамыту.

Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.

Балалар жылдың басында көлемі (үлкен – кіші), пішіні (шаршы – дөңгелек, үшбұрыш – сопақша және т.б.), түсі (қызыл – көк, сары – қара, қызыл сары – күлгін және т.б.) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек – сопақша, тік төртбұрыш – шаршы), түсі (қызыл – қызыл сары, көк – күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.

Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.

Заттың 2-3 қасиетіне бір мезгілде бағдарлану арқылы алдымен бір түсті, кейіннен әр түсті 4-5 және одан да көп сақиналардан тұратын пирамидаларды өлшемі жағынан кему ретімен орналастырып жинау әрекеттерін мадақтау; 3 бір түсті біртіндеп кішірейетін алмалы-салмалы бөлшектерден (куб, конус, цилиндр) тұратын мұнара құрастыру.

3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыру, заттың көлемін, түсі мен пішіінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту.

Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамиданы жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруға үйрету.

Жыл соңында әртекті заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша салыстыра келе, 3-4 сенсорлық қасиетті таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту.

Бейнелеу өнері, құрастыру әрекеті түрлерінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруге, заттар мен құбылыстардың сенсорлық қасиеті мен сапасын вариативті түрде қолдана білуге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сенсорлық белгілері бойынша біркелкі заттарды топтастыруды;

- 8 негізгі түсті заттарды топтастыруды;

- екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бар затты таңдауды;

- 3 және саны біртіндеп азаятын бөлшектерден түрлі түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыруды;

- екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамида жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруды;

- 3-4 сенсорлық қасиеті бар заттарды таңдауды, түсі, түрі, көлемі бойынша сәйкестендіруді;

- іс-әрекеттер әр түрінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескере білуі тиіс.


Құрастыру

Мақсаты: балаларды құрылыс материалдарының негізгі түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру іскерліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі құрылыс материалдары, жеке құрылыс материалдар бөлшектерінің пішіні, көлемі, олардың құрастыру қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Кеңістікті бағдарлау, қарапайым құрылыс салу, оларды қалпына келтіре білуді дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан және «Лего» тәрізді ірі құрылыс бөлшектерінен құрастыру.

Балаларды түрлі түстегі және түрдегі геометриялық пішіндері (куб, призма, пластина, кірпіштер) бар ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының жиынтығымен таныстыру.

Құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерді атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үйдің, машинаның, жиһаздардың құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білуге үйрету.

Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер), олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға (мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық, диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау. Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және «қысқа — ұзын», «жіңішке — жуан» кеңістіктік белгілерді ескере отырып, біріктіруге үйрету.

Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау. Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою, жанына қою.

Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау.

Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру

Балаларға қағазбен жұмыс істеудің жұмарлау және жұлу тәсілдерін көрсету. Оларға кесектеліп жұмарланған және жыртылған қағаздан «бейне» (ит, бауырсақ, құс және т.б.) көре алуға көмектесу.

Балалармен бірге қарапайым құрастыру жасау (мысалы, балалар жасыл шөпті қағазды жырту арқылы жасайды және оған бақбақ гүлін (қағазды кесектеп), құстарды орналастырады.

Тәрбиеші мен балалардың жасаған паноларын топ бөлмесін безендіруде қолдану.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- құрылыс материалдарының негізгі түрлерін (текшелер, кірпіштер, пластиналар) ажыратуды;

- кірпіштерді көлденеңінен бірінің үстіне бірін қоюды;

- қарапайым құрылысты атауды, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнауды;

- құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты сала білуі тиіс.


Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балалардың қоршаған орта, табиғат, заттар мен олардың маңызы және олармен әрекеттесуі туралы білімдерін кеңейту және қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды қоғамдық өмір құбылыстарымен және ересек адамдардың кейбір мамандықтарымен таныстыру.

2. Заттардың қасиеті мен кеңістіктік ортаны бағдарлау негізінде танымдық-тәжірибелік дербестікті (өзіндік «Мен»-ін) дамыту.

3. Балалардың барлық тіршілік иелеріне адамгершілік сезімдерін, мейірімділігін және қамқорлықтарын дамыту.

Мазмұны:

Қоғамдық өмір құбылыстары

Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту. Балада айналасына жақын адамдардың үйдегі және балабақшадағы еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Жекелеген еңбек әрекеттерін (анам киім тігеді, кір жуады, үтіктейді; медбике градусник қояды, ине салады; күтуші ыдыс-аяқ жуады; дәрігер емдейді; жүргізуші машина жүргізеді; аспазшы ас пісіреді және т.б.) тануға және атай білуге жаттықтыру.

Балалардың жекелеген еңбек процесстері туралы ұғымдарын тереңдету, оларды еңбек нәтижесін көруге, әрекеттерді белгілі бір бірізділікпен орындауға және бұл үшін еңбекке қажетті құралдар, материалдардың бар екенін түсінуге үйрету.

Автокөлікті басқару туралы қарапайым мәлімет, транспорт құралы және оның маңыздылығы туралы ұғым беру, оларды танып, атауға (жүк және жеңіл автомобильдер, автобус, трамвай, троллейбус, поезд), сонымен қатар жүк автомобилінің негізгі бөліктерін атап, ажырата білуге үйрету. Автобус, жеңіл автокөлік, трамвайға адамдар отырады, ал жүк машинасымен жүк (балабақшаға азық-түліктер) тасиды.

Адам:

- оның сыртқы денесінің ерекшеліктері (әр адамның басы, қолдары, аяқтары, беті; бетінде – көзі, мұрны, аузы бар);

- оның дене және эмоционалдық жағдайы (қарны ашты – тойды – шаршады – дем алды; ауырды – емделді; қайғырды – қуанды; жылады – күлді және т.б.);

- балаға жақын адамдардың әрекеттері («Анам тамақ пісірді», «Әжем шұлық тоқыды», «Атам газет оқыды», «Ағам сурет салды», «Әкем сағат жөндеді» және т.б.) туралы білімдерін бекіту.

Қоршаған ортадағы заттар

Баланың заттарды, объектілерді және айналасындағы құбылыстарды зерттеу ниетіне қолдау көрсету, заттардың қолданылуымен және олармен әрекет жасаумен таныстыру.

Үй тұрмысына қажетті заттарды (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б.), ойыншықтарды, еңбек құралдарын (сыпыртқы, сыпырғыш, күрек, су сепкіш, шелек және т.б.) қарауды ұйымдастыру. Балаларды үй тұрмысына қажетті заттарды бағдарлауға: заттарды және олардың қасиетін – қарапайым түрдегі пішінін, құрылысын, ашық түсін, көлемін танып, атауға; заттарды пішініне, түсіне, көлеміне, қолданылуына байланысты іріктеп алып, топтастыруға; қарама-қарсы белгілері бойынша (үлкен-кіші, қатты-жұмсақ) олардың арасындағы қатынасын орнатуға; бүтінді және бөлшекті (матрешкалар, қима суреттер), заттармен, материалдармен әрекет жасауды атауға, қарама-қарсы әрекеттерді (киіну – шешіну, ағыту - түймелеу) ажыратуға үйрету.

Заттарды қолдану белгілері бойынша (ас ішуге және шайға арналған ыдыс-аяқтар, қуыршаққа арналған киімдер) топқа біріктіруге үйрету.

Табиғат ортасы

Өсімдіктер әлемі. Балаларды қияр, қызанақ, сәбіз, шалқан, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануға үйрету.

Ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атай білуді қалыптастыру. Балалардың зейінін ағаштың негізгі бөліктеріне (діңі, бұтағы, жапырағы) аудару, жапырақтардың түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажыратуға жаттықтыру. Өсімдіктердің бөліктері (сабағы, жапырағы, гүлі), суару туралы ұғым беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға ынталандыру.

Жануарлар әлемі. Үй жануарлары (сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, жылқы, ит, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін (бота, бұзау, лақ, қозы, құлын, күшік, балапан және т.б) атау және ажырату.

Орман мекендеушілерін (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап, ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсету (әтештің әдемі айдары бар, қоянның ұзын құлақтары бар, аю үлкен, оның құлақтары кішкентай, әтештің шақыруы, мысық пен күшіктің шығарған дыбыстарын тыңдату).

Кейбір жануарлардың денесінің бөліктерін (басы, құйрығы, аяқтары) ажыратып атауға үйрету.

Құстарға және олардың іс-қылықтарына (ән салады, ұшады, шоқиды, су ішеді) бақылау жасау. Балаларды балықтарға (аквариумдағы), құстарға жем шашуды үйрету.

Табиғат құбылыстары

Табиғат құбылыстарына қызығушылығы мен зейінділігін арттыру.

Табиғатта жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) ауысуын және олардың ерекшеліктерін (қыста суық, қар; жазда ыстық, күн жарқырайды, көктемде сүңгілер ериді, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, күзде жел тұрады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі) байқау. Жыл мезгілін сыртқы белгілері бойынша ажырату және оларды атау.

Ауа райындағы және табиғаттағы ерекшелік өзгерістерді байқау. Ауа райы құбылысы мен оған адамдардың қатынасы (жаңбыр – дымқыл, сырт киімсіз және етіксіз қыдыруға болмайды, жаздың ыстық күнінде бас киім киеді, қыста адамдар тон, мойын орауыш, жылы етік, аң терісінен жасалған тымақ киеді және т.б.).

Тұрмыстағы су (сұйық, жылы-суық, суға шомылады, жуынады, кір жуады және т.б.), табиғаттағы су (жылғалардан ағады, сүңгілер ериді, өзен, тоған) туралы білу.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ересектердің жекелеген еңбек әрекеттерін танып атауды;

- балаға жақын адамдардың әрекеттері туралы;

- транспорт құралдары мен олардың маңызы туралы;

-ойыншықтар, жиһаз, киім, ыдыс-аяқтар, кейбір жемістерді атап ажыратуды;

- оларды қолдану белгілері бойынша топқа біріктіруді;

- үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, ешкі, қой, түйе, шошқа, әтеш, тауық, қаз және т.б.) мен оның төлдерін атап, ажыратуды;

- орман мекендеушілерді (түлкі, қоян, аю, қасқыр, тиін және т.б.); құстарды (торғай, қарға, кептер және т.б.) атап ажырату және оларға тән ерекшеліктерді атап көрсетуді;

- жануарлардың дене бөліктерін атап, ажыратуды;

- қияр, қызанақ, сәбіз, шалғам, алма, алмұрттың сыртқы түріне, түсіне қарай атап, тануды;

- ағаштарды (1-2 түрі), шөпті, гүлді (учаскедегі, бөлмедегі гүлдейтін өсімдік) атау және ажырату, учаскедегі гүлдердің, шөптердің түстерін атауды;

- жыл мезгілін сыртқы белгісі бойынша ажыратуды және оларды атауды білуі тиіс.


















«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: балаларды сурет салуға, мүсіндеуге, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға қызығушылықтарын арттыру; әсемдікті түсінуді, балалардың эмоционалдық әлемін дыбыстармен, бояулармен, пішіндермен молайтуды қалыптастыру.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу

- желімсіз жапсыру;

- мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.


Сурет салу

Мақсаты: баланы сурет салуға, мүсіндеуге ынталандыру және жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру.

2. Түс, сызық, дақтарды қолдана отырып, қоршаған ортадағы нақты шындық құбылыстарын бейнелеу жолдарына үйрету.

3. Сурет салуға арналған материалдар туралы ұғымдарын толықтыру.

Мазмұны

Балалардың бейнелу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, сурет салуда, мүсіндеуде түрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін бекіту. «жаңбыр тамшылайды», «жапырақтар жерге түсті», «қар жауып тұр», «ормандағы аңдар» және т.б. құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтарға назар аударту.

Таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын (Сәуле шай ішіп отыр) түсіну.

Қол қимылдарын дамыту. Түрлі-түсті қарындаштар және бояулармен (гуашь) сурет салуға үйрету.

Қарындаш пен қылқаламды үш саусақпен, қатты қысып ұстамай, түзу, тұйық сызықтарды сурет салудың қарапайым элементі ретінде қағаз бетіне жеңіл түрде түсіру. Қарындаш немесе қылқалам ұстаған қол қимылын бақылау. Қағаз бетінде сурет салу қимылдарын реттеу, бұл қимылдарды ырғақты түрде қайталау, қарындаш пен қылқаламды қысып ұстау күшін реттеу (қағаз бетінен қолды үзбеу, қарындашты қатты қысып ұстамау, қылқаламның түгіне салмақ салмай жүргізу), қылқаламның түгін бояуға сулап алу, артығын ыдыстың шетіне жағу, қылқаламды суға жуу, оны шүберекпен кептіру.

Сурет салуға өз жұмысының нәтижесі ретінде қарауға баулу.

Балаларды қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген кесе, табақтарын қарап, өз пікірлерін айтуға үйрету.

Ашық түсті бояуларға эмоционалды пікірлерін білдіру. Қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, бейнелерді бере білуге үйрету («Үйдің терезесіндегі жарық», «Шыршадағы шамдар»). Дақтарды қағаз бетіне жағу.

Қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуға үйрету. Қалыптан тыс тәсілмен сурет салуға үйрету: қағазды екіге бүктеп, бір бетіне бояу жағып, екінші жартысына түсіру.

Балалардың қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелей білуін бекіту. Сызықтардың мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін («Күн жарқырайды», «Гүл басын иді» және т.б.) байқауға үйрету. Қағаз бетін, қуыршаққа арналған көйлектің кескінін сызықтармен, жағыстармен әсемдеуге үйрету.

Балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру. Өз еркімен бояудың түсін, қағаз бетінің түсін таңдауға ынталандыру. Бояулармен, қарындаштармен эксперимент жүргізуге ниеттендіру.

Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын мадақтау. Балалардың жұмысын қарау және талдау. Таныс заттар мен кейіпкерлерді табу. Кеңістікті бағдарлауға («Аспанда күн жарқырап тұр», «Үйдің жанында шырша өсіп тұр» және т.б.) үйрету.

Белгілі бір ережелерді орындауға үйрету: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, бояуды ұқыпты қолдану, оған қылқаламның түгін ғана батыру, сабақ аяқталған соң материалдарды жинау.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тануды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінуді;

- түрлі-түсті қарындаштармен және бояулармен (гуашь) сурет салуды;

- қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуды;

- қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелеуді, сызықтардың мәнерлілігін, бояу жағудың үйлесімділігін байқауды,

- сурет салудың белгілі бір ережелерін орындауды білуі тиіс.


Желімсіз жапсыру

Мақсаты: қарапайым жапсыру әрекеттерінде тәжірибе жинақтауға көмектесу.

Міндеттері:

1. Ересектермен бірлесіп, затты желімсіз жапсыруды түсінуге және құрылымына қарай жеке бөліктерден бейнелер құрастыруға үйрету.

2. Жапсыру барысында фланелеграф, қағаздың бетін дұрыс қолдануға үйрету.

3. 2-3 бөліктен тұратын түрлі заттарды құруға үйрету.

Мазмұны:

Балаларды дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауға, қарапайым композиция құруға үйрету.

Фланелеграфқа қарама-қарсы түстегі («Мерекелік от шашу») дайын пішіндерді орналастыру, заттың бейнесін құрастыру («Күн мен шырша», «Үй мен қақпа», «Өрістегі қойлар»).

Бөліктердің орналасу ретіне көңіл бөлу, фланелеграфты біресе алаңқайға, біресе аспанға, т.б. айналдырып, қолдануға үйрету.

Мәнерлілік құралы ретінде және мазмұнды байыту мақсатында сурет салу мен жапсыруды кіріктіру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- дайын пішіннен жасалған, фланелеграфта бейнеленген таныс заттарды атауды, қарапайым композиция құруды;

- қарапайып композиция құрастыра білуі тиіс.


Мүсіндеу

Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылықтарын арттыру, сазбалшықпен жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Бейнелеу материалы ретінде сазбалшықтың сапасы туралы ұғым беру.

2. Ересектердің көрсетуі мен есінде сақтағаны бойынша илеуде қарапайым заттар мен құбылыстарды бере білуге үйрету. Сазбалшықпен жұмыс жасаудың қарапайым техникалық дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиетімен (жұмсақ, кесектерге бөлуге, ойып жасауға, илеуге болады) таныстыру. Сазбалшықты дұрыс пайдалануға, ұқыпты жұмыс істеуге, тақтайша үстінде илеуге үйрету. Сондай-ақ техникалық тәсілдерге үйрету: үлкен кесектен кішкене кесегін бөліп алу, тақтайша үстінде домалату, алақан арасына салып, домалақтау, бөліктерді бір-бірінің үстіне, жанына қою, ұсақ бөліктерін шымшып алу (дәмді бауырсақтар). Қарапайым заттарды илеп жасауға үйрету: таяқша, діңгек, шұжық, шар, содан соң қалаш, дөңгелек және одан күрделісі – пирамида, саңырауқұлақ.

Балаларды шыныаяқ, табақты илеп жасауда сазбалшық кесегін саусақпен басып, тереңдетуге, заттардың ұқсастықтарын табуға, кесектерді (мұнара) біріктіруге үйрету.

Илеуге арналған материалдарды қолдану ережелерімен (арнайы тақтайша үстінде илеу, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, үстел үстіне материалды жинау) таныстыру.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сазбалшықтың қасиетін;

- сазбалшықты ұқыпты қолдануды, тақтайшада илеуді;

- үлкен кесектен кішкене кесегін бөліп алуды, алдымен тақтайша үстінде, содан соң алақан арасына салып домалақтауды;

- домалақтауды, бөліктерді бірінің жанына бірін, бірінің үстіне бірін қойып, ұсақ бөліктерін шымшып алуды;

- қарапайым пішінді заттарды илеуді білуі тиіс.


Музыка

Мақсаты: музыкаға қызығушылықтарын және оның бейнелі мазмұнын ажырату қабілеттіліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Музыкаға эмоционалды сезімдерін тәрбиелеуді жалғастыру, мазмұнына назар аударту, зейін қойып тыңдау, жеке шығармаларды айыра білуді тәрбиелеуді жалғастыру.

2. Балалардың, сенсорлық қабілеттерін, ән айта білуін, қимылдардың қарапайым ырғағын қалыптастыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау. Музыка тыңдауға қызығушылық тудыру. Балаларды түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдауға үйрету. Музыкалық шығармаларды шын көңілімен, алаңдамай тыңдауға, әнді, музыкалық пьесаны аяғына дейін тыңдауға, оларды есіне сақтап, тануға үйрету. Әнде не жайлы айтылғанын түсіну. Қоңыраудың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты ажыратуға үйрету. Әр түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдауды ұйымдастыру, бұл әуендерді тануға үйрету. Домбыра мен сырнайдың, сыбызғы мен дабылдың дыбыстарын ажырату.

Бірінші жарты жылдықта балалар әнді 2-4 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Екінші жарты жылдықта 4-5 минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Үзіліссіз орындалатын музыканың ұзақтығы жыл басында 50 секундты, екінші жарты жылдықта 1-1,5 минутты құрайды.

Жыл бойында 10-12 пьеса, 3-4 ән тыңдау және музыка сүйемелдеуімен 2-3 әңгіме айту ұсынылады.

Ән айту. Ән айтуға қызығушылықтарын тәрбиелеу. Тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, ән сөздері мен жеке буындарды айтуға үйрету. Аспаптардың шығаратын дыбысына және әннің сазына келтіріп, ересектерге қосылып ән айту. Қысылмай, өз дауысымен ән айтуға, бірге бастап, бірге аяқтауға, басталуы мен аяқталуын тыңдауға үйрету. Әнді жеке және топпен айтуға көмектесу; әннің сөзін есіне сақтау.

Жыл бойында 10-12 ән ұсынылады.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар. Музыка сипатына (марш – би) сай қимылдауға үйрету. Екі бөлімді пьесадағы қимылдардың, дыбысталу күшінің (қатты – баяу) өзгеруін, оның басталу мен аяқталуын сезіну.

Музыкалық сүйемелдеумен биде және ойындарда қол ұстасып, жұптасып, қарапайым би қозғалыстарын орындау: шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу, әнді сахналауда («Құс ұшып барады», «Мысықтар ұйқыда» және т.б.) қимылдардың жеке элементтерін қолданып жүру және жүгіру. Күрделі емес қимылдар бірізділігін естерінде сақтау.

Сылдырауық, сылдырмақпен бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, заттармен қимыл жасауға үйрету. Би билеуде шеңбер құруға, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруге, әннің мәтіні бойынша түрлі қимылдар орындауға үйрету.

Жыл бойында айналып, жұптасып немесе еркін сапқа тұратын 10-ға жуық би ұсынылады. Әнмен немесе музыкалық аспаптармен сүйемелденетін ойындарға емін-еркін қатысу («Қуаласпақ», «Жасырынбақ», «Соқыр теке»).

Жыл бойына 7-ге жуық сипаты бойынша түрлі жаттығулар (атрибуттармен және атрибуттарсыз) ұсынылады.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- түрлі сипаттағы ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьеса сияқты музыкалық шығармаларды тыңдауды;

- музыкалық аспаптар домбыра, сылдырауық, сылдырмақтарды;

- әннің не жайлы екенін;

- әндегі сөздерді тәрбиешімен бірге айтуды;

- музыка сипатына сай қимыл жасауды, қимылды музыкамен бастауды;

- би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, қолдың басын айналдыруды орындай білуі тиіс.









«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ


Мақсаты: әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстау ережелері мен дағдыларын меңгеруге көмектесу. Балалар мен ересектер, құрдастар арасындағы тілектестік қатынастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әлеуметтік норма мен ережелерге сай балалардың мінез-құлқын қалыптастыруды жалғастыру. «Жақсы деген немене, жаман деген немене» туралы ұғымдарын қалыптастыру.

2. Балалардың жақын адамдарына және құрдастарына сенімділік танытуын, ересектерді тыңдауға талпынуларын дамыту.

Мазмұны:

Мінез-құлық дағдылары

Балаларды ересектермен, құрдастарымен сәлемдесуге, қоштасуға, өтініш пен алғыс білдіретін сөздерді (рақмет, өтінемін) қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Көшеде және бөлмеде өзін-өзі ұстау мәдениетінің қарапайым ережелерін орындау іскерліктеріне тәрбиелеу: отырғызылған жасыл шөпті таптамау, қоқысты арнаулы орындарға тастау, дәретхана мен қол жуғышты ұқыпты қолдану, тамақты тауыспай жатып үстел басынан тұрып кетпеу, тамақтанып болған соң «рақмет» айту, ойын кезінде, үстел басында, жатын бөлмеде, киініп-шешіну барысында бір-біріне кедергі жасамау, айқайламау керек. Заттары мен ойыншықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Балаларды тәрбиешілері мен тәрбиешінің көмекшілерінің аты-жөнін және өзінің атын атауға үйрету.

Ересектер және құрдастармен өзара іс-әрекеті

Балабақшаға жаңадан келген баланы жақындарынан бөлініп қалуды басынан өткізу кезінде өзгерген өмір жағдайларына ойдағыдай бейімделуіне көмектесуді, балабақша педагогтері мен ата-аналар жағынан эмоционалды қолдау көрсетулерін (мейірім, мақұлдау), мейірімділікпен қарау және қамқор болуларын қамтамасыз ету.

Құрдастарына жанашырлықпен қарап, көңіл қоя білу (ойыншықтарын бөлісу, орын беру), өтініштеріне құлақ асу, оларға көмектесу іскерліктерін бекіту. Дөрекі, қызғаншақ болмауға тәрбиелеу.

Құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге көмектесу, балаларды бір-бірімен ойын кезінде бірге ойнауға, қарапайым қатынасу тәсілдеріне, өтініш жасау, басқа балалармен ойыншықтарын айырбастау іскерліктерін үйрету.

Балаларды құрдастарымен бірге ортақ жұмыста (екеулеп қуыршақты қолына ұстап серуенге алып шығу, еденде отырып допты бір-біріне домалату, құрдасын жұбату) қатынас жасау қызығушылықтарына ынталандыру.

Педагогтермен және құрдастарымен бірлесіп әрекет ету үшін жағдай тудыру: ойындар, ертегілерді, тақпақ, өлеңдерді сахналау, музыка әуеніне байланысты қимылдар жасау және т.б.

Баланың заттармен, ойыншықтармен қимыл-әрекет жасау кезінде ересектерді тыңдауға және естуге талпындыру, ересектердің өтініштеріне әлі жететін тапсырмаларды орындауда (шкафқа киімдерін жинау, жерде жатқан затты жоғары көтеріп қою, т.б.) ересектермен бірге әрекет ету мен қатынас жасау қажеттілігін қолдау және дамыту.

Баланың жақын адамдарының, құрдастарының түрлі жағдайларын (қуану, қайғыру, ашулану) эмоционалды сезіну және көру қабілеттерін дамыту.

Баланы басқа адамдар (ересектер, құрдастар) өкпелі, көңілсіз, ренжулі болса, оларға жаны ашу сезімдерін оятып, баланың әрбір мейірімділік сезімдеріне қолдау көрсетіп, қатынаста болып мадақтап отыру көзделеді.

Бала өзін «Мен сурет саламын», «Мен серуендеуге шығамын» деп бірінші жақта айтуға, сыртқы келбеті бойынша (киімі, шашы), өзінің жынысын ажыратып («Мен — ұл баламын!», «Мен — қыз баламын!») айтуға мүмкіндік туғызу.

Бала өзін жақсы көрсетуге талпынуға байланысты және жарқын эмоционалды бояумен, жалпы өзін-өзі жоғары бағалауын; баланың әрекеті мен қылықтарын оң бағалауын; өз бетімен әрекет жасауын қолдауды; дербестік қажеттілігін («Мен өзім!»), өзіне , өзінің күшіне сенуді («Менің қолымнан келеді!», «Мен жақсымын!») дамыту.

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Қарапайым әлеуметтік ережелер мен талаптарды меңгеру негізінде үлкендермен және құрдастармен өзара қарым-қатынасын түсінуге қалыптастыру. Балаларды бір-бірінің әрекеттеріне қатысты өнегелі баға беретін қарапайым пікірлерін айтуға үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- бір-бірінің әрекеттеріне байланысты өнегелі баға беруде қарапайым пікірлерін айтуды;

- ересектермен, құрдастарымен сәлемдесуге, қоштасуға, өтініш пен алғыс білдіретін сөздерді қолдануды;

- көшеде және бөлмеде өзін-өзі ұстау мәдениетінің қарапайым ережелерін орындауды;

- тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің аты-жөнін және өзінің атын атауды;

- құрдастарына жанашырлықпен қарап, көңіл қоя білу (ойыншықтарын бөлісу, орын беру), өтініштеріне құлақ асу, оларға көмектесуді,

- заттармен, ойыншықтармен қимыл әрекет жасау кезінде ересектерді тыңдауға және естуге талпындыру, ересектердің өтініштеріне әлі жететін тапсырмаларды орындауда ересектермен бірге әрекет етуді;

- жақын адамдар мен құрдастарының түрлі жағдайларын эмоционалды сезініп, көре білуі тиіс.



ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ


Мақсаты: балалардың ойын әрекеттерін үнемі байыту. Балаларды ойын барысында белгілі рөлді орындауға бағыттап, сюжетін дамыту. Сюжетті-рөлдік ойындардың алғышарттарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды сергек, көңілді күйге бөлеу, тыныш және өздігінен ойнауға үйрету.

2. Ойын барысында балалардың сенсорлық қабілеттерін, ересектермен және бір-бірімен тілдік қарым-қатынасты дамыту.

3. Ойында жолдасының көңілін аулау, тілектес болу сезімдерін, бірге ойнау, ойыншықтарды бірлесіп қолдана білуді дамыту.

Мазмұны:

Тәрбиешімен бірлескен ойында балалардың заттар және ойыншықтармен әрекет жасау біліктерін бекіту. Ойын әрекеттерін қалыптастыру, оларды қарапайым сюжеттерге («Анасы баласын тамақтандырады», «Күтуші бөлмені жинады», «Жүргізуші көлік жүргізеді») біріктіруге үйрету. Рөлдік ойындарда балалардың мінез-құлық мәдениетінің қарапайым түрлерін қалыптастыру: белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындыру (ана, жүргізуші, дәрігер). Баланың жас ерекшелігіне сай келетін ойыншықтар, атрибуттар ұсына отырып, екі-үш бөлімдік ойын әрекеттерін қалыптастыру. Әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 бірізді эпизодты орындауға үйретуді жалғастыру («Қуыршақ ұйықтап жатыр, серуендеп жүр, тамақтанып отыр»).

Ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуға, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануға үйрету. Рөлдік ойынға ауысқанда, әрекетті тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге серіктес ойыншығы үшін де бейнелеуге, әңгіме жүргізе білуге үйрету.

Балалардың бастамасы бойынша туындаған ойынды қолдау. Ойында орынбасар-заттар қолдануға, бірлесіп, бірігіп ойнауға (2-3 баладан) ынталандыру.

Ойында балалар қатар отырып қана ойнамай, сонымен бірге басқа балалармен де бірге ойнай білу, жолдастарына мейірбанды болу: бірге ойнай білу, басқа балаға кедергі жасамау керектігін түсіну біліктерін қалыптастыру. Балалардың бір-бірімен жағымды эмоционалды қатынасын дамыту. Тәрбиешінің ұйымдастырған қарапайым бірлескен ойындарына қатысуды үйрету.

Тәрбиеші еліктеуге құрылған (ересектерге, жануарларға) қуыршақтармен театрландырылған ойындарды қолдауы тиіс.

Балалардың ойындарын қуыршақтармен сахналау көмегімен (отбасы, балабақша) байыту. Балаларды осындай ойындарға және ойыншықтармен сахналауға белсенді қатысуға: тәрбиешінің тапсырмасы бойынша белгілі әрекеттерді орындауға, сұрақтарға жауап беруге, әңгімелеуге үйрету. Қарапайым ертегілерді драмалау ойындарына («Шұбар тауық», «Қолғап») үйрету. Осы ойындарды қолдау, бастама көтеру, балаға театрландырылған, драмалау ойын тәжірибесін өздері ойлап шығаратын ойындарға ауыстыруға көмектесу.

Балалардың белсенділігіне сүйене отырып, бөлме, жиһаз, үй құрастыратын құрылыс ойындарына қатыстыру. Балаларды ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан (кірпіштер, кубиктер, пластиналар) құрылыс салуға ниеттендіру. Балаға орынбасар зат ретінде қолданатын материалдарды пайдалануға беру. Пікір айтуларын мадақтау.

Балаларды тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындар ойнауға қызығушылығын тудыру. Оларды түрлі ойын жаттығуларының көмегімен жандандыру. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шағын топпен, содан соң барлық балаларды қатыстырып, ойнауға үйрету. Біртіндеп ережесі күрделірек және қимыл түрлерін алмастыратын, рөлдерді орындайтын ойындар енгізу.

Қимылдарды жетілдіретін (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) ойындарды қолдау. Балаларды кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелі әрекетін (қоян сияқты секіру, балапан сияқты дән шоқу, су ішу және т.б.) көрсете білуге үйрету.

Балалардың дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру. Балалардың зейінін, ойлау қабілетін, толық түрде қабылдауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін және заттардың түсін, түрін, көлемін бағдарлауын дамытуға арналған ойындар жүргізу қажет.

Заттарды түсі мен көлеміне қарай (6 түсті үлкен, кіші шарлар) таңдауға және салыстыруға, шарды сол түстес, сол шамалы қақпаға домалатуға (үлкен шарды биік қақпаға, кіші шарды аласа қақпаға, қызыл шарды — қызыл қақпадан және т.с.с); мұнараға сақиналарды кему ретімен 2-3 түсті кезектестіре отырып жинау. Зат құралдармен әрекет жасай білуді бекіту.

Құммен, сумен, қармен ойнауда балалардың осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- екі-үш бөліктен тұратын ойын әрекеттерін орындауды, оларды күрделі емес сюжетпен біріктіруді;

- қарапайым рөлдерді орындауды;

- әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 бірізді эпизодты орындауды;

- ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуды, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануды;

- ойында орынбасар затты қолдануды, бірлескен ойынға қатысуды, өздігінен ойнау үшін (2-3 баладан) бірігуді;

- ойында тек балалардың жанында емес, сонымен қатар басқа балалармен бірге ойнап, құрдастарына мейірбанды болуды;

- ойыншықтармен сахналау және ойындарға белсенді қатысуды;

- ойынның сюжетін дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс салуды;

- тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындарды;

- кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекетін бере алуды;

- дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын көрсете білуі керек.

БАЛАНЫ ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫРУ


Мақсаты: балаларды ересектермен бірге және өздігінен еңбек әрекеттеріне қатысуға тәрбиелеу, өзіне-өзі қызмет ету және қоршаған ортада тәртіп сақтаудың қарапайым дағыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Ересектердің тапсырмаларын орындауға қызығушылықты, тілегін, белсенділікті қалыптастыру.

2. Қиындықты жеңе білуді дамыту, дербестікті тәрбиелеу.

3. Ересектердің еңбек әрекеттеріне қызығушылығын, көмектесе білу ниетін тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балаларды киіну, шешіну, жуыну процестерінде дербестікке ынталандыру. Балаларды киінуге, шешінуге, ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге (түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешу), шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету.

Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.

Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке қатыстыру. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстел мен орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соң ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстарға арналған астаушаларды жуу, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс жасау.

Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.

Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік түріндегі ынтымақтастық процесінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді (қалақшамен құм алу, тарақпен шаш тарау) орындауға үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуді;

- шешкен киімдерін бүктеуді, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюді;

- киімдеріндегі олқылықтарды байқауды, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіруді;

- үстел мен орындықтарды қоюды;

- үстел үстіне қасықтарды қоюды;

- нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қоюды;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта және т.б. қоюды;

- ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыруды, құстарға арналған астаушаларды жууды, құстар мен балықтарға жем шашуды;

- өсімдіктерді суаруды;

- тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығаруды, телімді жинастыруға қатысуды (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс тұрғызуды;

- тапсырманы орындаудың басы мен соңындағы нәтиже арасында байланыс орнатуды білуі тиіс.



МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР


Республика күні, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз жалпы халықтық мереке күндері балаларға арналып ертеңгіліктер өткізіледі. Ертеңгілікті өткізу барысында балалардың мерекелік, қуанышты көңіл күйлерін көтеріп, көшелердегі әдемі безендірулерді көрсету және бөлмедегі әшекейлерге көңіл бөлдіру керек. Балаларға жалаушалар, жұлдызшалар, әуе шарларын көрсете отырып, оларды сап түзеп жүретін, ән айтатын, қызықты қуыршақ театрын, ересек топ балаларының орындауларын көретін, мерекемен байланыстыру.

Балалардың дербестік әрекеттерін белсендіретін қызықты сахналау мен ойын кезеңдері бар жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастыру.

Жыл бойына кезекті ойын-сауықтар өткізу, үстел үсті, көлеңкелі және қуыршақ театрын, шағын сахналауды көрсету ұйымдастырылады. Сахналауды көңіл қойып қарауға, қарапайым дыбысқа еліктеуді орындауға үйрету (иттің үруі, жылқының кісінеуі, қойдың маңырауы).

Көңілді ойындар, ермектер ұйымдастыру, тәрбиешінің ұсынысына эмоционалды (қол шапалақтау, шақыру, тығылу және т.б.) үн қатып және оларды шын көңілмен орындауға үйрету. Алдымен еліктеу арқылы, содан соң ауызша айту бойынша қарапайым драмаланған қимылдарды («қоян секіреді», «қоян ұйықтап жатыр», «балапан дән шоқиды» және т.б.) тәрбиешімен бірлесіп орындау.


АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС


Бағдарлама мазмұнын іске асырудың маңызды шарттарының бірі - мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының балаларға қоятын талаптарының бірлігі.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық отбасының тәрбиелеу әлеуетін тиімді қолдану негізінде құрылады.

Міндеттер:

1. Балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасының күшін балаларды жан-жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге біріктіру.

2. Бала мүддесіне сай тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын орнату.

3. Ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын, педагогикалық құзыреттілік деңгейін ескере отыра, ағартушылық-кеңестік жұмысты іске асыру.

Жұмыс түрлері:

1. баланы отбасында тәрбиелеу жайлы сауалнама жүргізу;

2. баланың ата-аналармен және отбасы мүшелерімен балабақшадағы және отбасындағы қарым-қатынасын бақылау;

3. ата-аналар үшін электронды және қағаз түріндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер;

4. балалардың тілін, саусақ моторикасын, қимыл белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынылатын парақшалар;

5. ата-аналардың барлық білім беру салалары бойынша дербес және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысуы.

Ата-аналармен өзара сыйластыққа жағдай жасау: әрбір ата-ананың аты-жөнін білу, тыңдай білу, қызықтыратын сұрақтарға жауап беру, шын ниетін, тiлектестiгін білдіру. Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынас жасау түрлерін анықтау (беделімен басымдылық көрсету, дербестігіне қысым жасау), жеке қабілеттерін көрсету арқылы баланың табиғи мүмкіндіктерін көрсету. Отбасы тәрбиесінің бес білім беру саласының мазмұнына сәйкес болуына әсер ету:

- «Денсаулық» білім беру саласының мазмұнын іске асыру мектепке дейінгі ұйым және отбасының күн тәртібіне сәйкес гигиеналық дағдыларды қалыптастырып, денсаулықты шынықтыру мен дамытуға жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады.

- Қатынас» білім беру саласы ана тілінде қарым-қатынас жасау, халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін құруға көзделеді.

- «Таным» білім беру саласы ата-аналарға бірлескен ойын, практикалық іс-әрекеттер арқылы балалардың танымдық қызығушылығы мен әуесқойлығын қанағаттандыру бойынша кеңестер беруге, ата-аналарды отбасы жағдайында баланың шығармашылық өсуіне мүмкіндік құруға үйретуге, заттарды қолданып музыканы тыңдау жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады.

- «Әлеуметтік орта» білім беру саласы ересектермен қарым-қатынас барысында өзін-өзі көрсете білуге жағдайлар құруға, өзін бағалай білуін қалыптастыруға бағытталған.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. РҚ МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

2. Типовая программа воспитания и обучения в детском саду. Алма-Ата: «Мектеп». 1988.

3. Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова және т.б. Балбөбек. Қазақ балабақшаларына арналған бағдарлама. Алматы, 2006.

4. Г.Г. Григорьева, Н.П. Кочетова, Д.В. Сергеева и др. – 4-е изд., перераб. – М.: Просвещение, 2001.-253 с.

5. Визель. Т.Г.. Аномалии речевого развития ребенка. – М.:1995.

6. Григорьева Г.Г., Кочетова Н.П., Сергеева Д.В. и др. – 4-е изд.,перераб. – М.: Просвещение, 2001.-253 с.

7. Григорьева Г.Г., Груба Г.В. и др. Педагогика раннего возраста. – М.: 1998.

8. Доман Г.И. и др. Как развить интеллект ребенка. – М.: 1998.

9. Богина Т.Л., Казакова Т.Г., Тимофеева Е.А. и др. под ред. Годиной Г.Н., Пилюгиной Э.Г.. М.: 1987. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста.

10. Васильева М.А. Программа воспитания и обучения в детском саду М.: 1985

11. Гербова В.В., Казакова Р.Г., Кононова И.М.и др., Под ред. Г.М. Ляминой. Воспитание и развитие детей раннего возраста. М. 1981.

12. К.Л. Печора, Г.В. Пантюхина, Л.Г. Голубева. Дети раннего возраста в дошкольных учреждениях. – М.: Просвещение, 1986.

13. Жукова О.С. Как вырастить умного ребенка. СПб.: Издательский дом «Нева», 2004.

14. С. Кенжеахметұлы. Традиции и обряды казахского народа. Алматы: 2004.

15. Козырева Л.М.. Развитие речи детей до 5 лет. Ярославль. Академия Развития.

16. Ковригина М.Д. Сестра-воспитательница яслей и младших групп детских садов. М.: Медицина. 1977.

17. Панько Е.А., Поздеева Т.В.. Дошкольное учреждение – семья: вместе развиваем способности и одарённость ребёнка. - М.: Издательство «Белый ветер», 2004.

18. Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи и мышления. – М.: 2000.

19. Шишкина В.А., Дедулевич М.Н.. Двигательное развитие детей раннего возраста. –– 2006.

20. Тонкова-Ямпольская Р.В., Фрухт Э.Л., Голубева Л.Г., Печора К.Л., Пантюхина Г.В. Оздоровительная и воспитательная работа в доме ребенка. М.1990.

21. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. - Алматы, 2002.

22. Е. Дүйсенбай. Санамақ. - Алматы, 1996.


ҚОСЫМША


1 ЖАСТАН БАСТАП 2 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


«Денсаулық» білім беру саласы

Дене шынықтыру

Жүру, жүгіру, тепе-теңдікке арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Түзу бағытта, жол бойымен (ені 30-25 см, ұзындығы 2-3 м), линолеумнен жасалған жол бойымен (ені 30 см, ұзындығы 3-5 м), гимнастикалық тақтайтың үстімен (ені 30-25 см) нысанаға жету, ересектердің көмегімен және көмегінсіз жәшікке көтеріліп (биіктігі 10-15 см), одан қайта түсу; еденде жатқан лентадан (жіптен, таяқтан) аттау.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Орындықтар, кубиктер, кеглилер арасымен, кубиктерден, кеглилерден, құрсаулардан, таяқшалардан (еденнен 5, 10, 15 см биік) құрсаудан құрсауға аттау; еңкіш тақтай үстімен жоғары, төмен, тәрбиешімен бірге гимнастикалық орындық үстімен жүру; қолына зат ұстап, бағытты өзгертіп жүру, доптың соңынан (домалатып жібергеннен кейін) жүру, жәшікке немесе гимнастикалық орындыққа (биіктігі 20 см) шығу, түсу; еліктеп жүру (солдат, тышқан, ит, құс, аю сияқты).

Ойындар: «Ойыншықты бері әкел», «Жол бойымен жүріп өт», «Аяқты жоғары көтер», «Итті қуып жет», «Тез, маған қарай жүгіріңдер», «Допты қуып жет», «Құлап қалмай жет», «Біз көңілдіміз».

Еңбектеу мен өрмелеуге арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Төрт тағандап жіптің, таяқшаның, доғаның, орындықтың астынан (биіктігі 50 см) түзу бағытта еңбектеу; бөренеден асып түсіп еңбектеу; параллель қойылған екі жіптің арасынан (жол бойымен) еңбектеу. Арақашықтығы 2 м-ге дейін еңбектеу. Шығыршықтың ішіне еңбектеп өту. Баспалдақ сатыға жоғары, төмен өрмелеу (биіктігі 1 м).


1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Еңбектеп келе жатып гимнастикалық орындықтың үстінен асып түсу және оның астынан еңбектеп өту; домалап бара жатқан доптың артынан еңбектеу, еңкіш тақтай, гимнастикалық орындық бойымен жоғары еңбектеу. Диаметрі 15-20 см бөренеден өрмелеу, 35-40 см биіктікке керілген жіптің астынан еңбектеу. Өкшені өкшеге қойып баспалдаққа (биіктігі 1-1,5) жоғары, төмен өрмелеу.

Ойындар: «Сылдырмаққа дейін еңбектеу», «Құрсауға еңбектеу», «Көпір бойымен еңбектеу», «Сақиналарды жина», «Жіпті қуып жет».

Лақтыру мен домалатуға арналған жаттығулар үлгісі

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Допты бір қолмен және қос қолдап ұстау; мөлшері әр түрлі доптар мен шарларды жинап, оларды себетке (жәшікке) салу; шарларды домалату; допты екі қолмен алға лақтыру. Допты алға қарай домалату (отырып, тұрып). Допты төменге, алысқа лақтыру.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Допты (құм толтырылған қапшықты) гимнастикалық орындықтан (лентадан) баланың кеуде тұсынан бір қолмен және қос қолдап асыра лақтыру; допты қос қолдап домалату; допты тәрбиешімен бірге жұптасып (диаметрі 20-25 см) домалату; белгіленген жерге допты салу; допты көлденеңінен нысанаға (50-60 см арақашықтықта, диаметрі 50 см кем емес) дәлдеп лақтыру; оң және сол қолмен допты (диаметрі 6-8 см) алысқа лақтыру.

Биік емес төбешіктен допты домалату, допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, баланың кеуде тұсынан келетін керілген жіптен асыра лақтыру.

Ойындар. «кім алысқа лақтырады?», «Төбешіктен домалат», «Допты бер», «Алысқа лақтыр», «Допты лақтыр да, қуып жет».

Жалпы дамыту жаттығулары: қолды жоғары көтеріп, төмен түсіру; қолды алға созу, қолды арқаға алып бару, бүгу және қайта жазу; қолдың саусақтарын сермеу, айналдыру; алақандарын жоғары төмен бұру; қолдың саусақтарын бүгу, ашу, саусақтарды жұмып, ашу, ұсақ заттарды саусақтарымен іліп алу; заттарды бір-біріне беру арқылы отырып және тұрып оңға, солға қарай бұрылу, алға еңкейіп және түзулену; сүйемелдеу арқылы тізені бүгіп жүру.

Балалардың өз еріктерімен түрлі қимылдарды қолданып арбалармен, машиналармен ойналатын ойындар.

Қимылды ойындар: «Құстар қанаттарын қағады», «Кіші және үлкен», «Ағаштар тербеледі», «Фонарлар жанады», «Қуырмаш», «Көбік», «Қонжық орманда қыдырды», «Жасырынбақ», «Кім қалай жүреді?».



«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту мен қоршаған ортамен таныстыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұн үлгілері

Жан-жануарлар: итке, мысыққа, балапанға, аквариумдағы балықтарға, тордағы құстарға; қозғалыстағы көліктер: автокөлікке, трамвайға ұйымдастырылған бақылау жасау.

Ойыншық-заттарды атай отырып, көрсету, қимыл үстіндегі заттарды көрсету, сахналау, ойыншықтарды жасырып, оларды табу.

Заттардың бейнесі салынған суреттерді кубтың жан-жағына, бірнеше суреттердің арасынан қарау: алдымен заттардың, қимыл үстіндегі заттардың жеке салынған суреттермен, ал бір жарым жасында қарапайым сюжеттермен таныстырады.

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Заттарды атай отырып, көрсету («Сиқырлы қапшық», «Мына үйде кім тұрады?»; қапшықтағы немесе себеттегі заттарды жасыру және оларды іздеп тауып, атау.

Заттар және олардың қимылдарын көрсету: қуыршақ (қуыршақты тамақтандыру, ұйықтату, шомылдыру, машинада қыдырту, қуыршақ Сәуле өлең айтып, билейді), әтеш (жүреді, ән айтады, дән шоқиды), күшіктер (жүгіреді, үреді, тістейді, қантты қағып алады), мысықтар (жеңіл жүреді, пырылдайды, тырнайды, сүт ішеді, шармен ойнайды), қоян (секіреді, қорқады, сәбізді кеміреді), құстар (ұшады, дән шоқиды, шырылдайды), жүзетін ойыншықтар (балық, үйрек, қайық және т.б.).

Ойындар: «Қуыршақтың көйлегін жуамыз», «Мен жасырынамын, сен мені тап», «Атын атап, шақыр». Сахналау ойыны: «Қонжық үйіне келді, ал құстар ұшып кетті»

«Кім не істеп жатыр?», «Мысық бізге қонаққа келді», «Қуыршақ Сәуле және мен», «Қуыршақты шомылдырамыз», «Кім қалай шақырады?» «Ғажайып суреттер» көрсету.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Сюжетті көрсетілім: «Қоянның үйі», «Айнұр мен балапан», «Мысықтың баласы мен қағаз», «Айгүл мен әтеш», «Қуыршақ Сәуленің туған күні», «Мысық пен күшікке арнап үй салу» (ірі құрылыс материалдарынан), «Қонжық науқастанып қалды», «Қуыршақ науқастанып қалды», «Қуыршақтың көйлегін жуып, үтіктейміз» және т.б.

Тірі жан-жануарларды көрсету: тордағы құстарға, аквариумдағы балықтарға бақылау жасау.

Бақылау: балабақша теліміне мақсатты серуен («Не көргенімізді атайық» ойыны, көліктер мен құстарға бақылау жасау); топқа «саяхат», топтағы макеттерді, ойыншықтарды, суреттерді және т.б. қарау.

Кітаптар көрсету.

Тапсырмаларды орындау.

Дыбыстарға, сөздерге, сөйлемдерге еліктеу: а) «Кім қалай шақырады?» (аңдардың дыбыстарына еліктеу); ә) «Келесіге жеткіз» (айт та, қайтала); б) тақпақтар айту («Қуырмаш», «Қазым-қазым қаңқылда» және т.б.).

Көп мәрте көргендері туралы әңгімелеу.

Ойындар. «Жасырынбақ», «Бізге біреулер қонаққа келді», «Тауық пен балапандары», «Атқа мініп қыдырамыз».


Тақпақтар, өлеңдер, ертегілер тізімінің үлгісі

(тәрбиешінің қалауы бойынша)

Халық тақпақтары: «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди, әлди-ай» (үзінді), «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй».

Қазақ жазушыларының өлеңдері: Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», «Құлын», «Жаңбыр», Ш. Смаханұлы «Шыбық ектім аулаға», А. Торғаев «Шөжелерім», Р. Қунақова «Күн күркірегенде», М. Әлімбаев «Қозы», Қ. Толыбаев «Сені өсірген баптап кім?», А. Сопыбеков «Қораз», Т. Шаханов «Түйе».

Ертегі мен әңгімелер: «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра» және т.б.


«Таным» білім беру саласы

1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар: «Сақинаға қолыңды жеткіз», «Қап, қармағым», «Сыңғырла қоңырау», «Шарға қолыңды жеткіз», «Балғамен шегені соқ», «Қуыршақты қыдырту».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

- бір көлемдегі сақиналарды пирамидағы өткізу.

- қарама-қарсы екі өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

- қарама-қарсы үш өлшемдегі сақиналарды пирамидаға өткізу.

- 4-5 сақиналарды пирамидаға өткізу.

- астаушадан шарларды (6-8 шар) домалату.

- тесікке тығынды салу және суырып алу.

- салынған цилиндр қорабын ашып, жабу.

Заттардың түрін, көлемін ажыратуға арналған дидактикалық ойындар:

- пирамидалар;

- қарама-қарсы екі түрдегі заттарды бағдарлау: шар, куб;

- қарама-қарсы үш-төрт өлшемдегі заттарды бағдарлау: шар, куб, кірпіштер, призма


Суреттермен ойын-сабақтар:

«Сенің сүйікті ойыншықтарың», «Бұл не?», «Қонжықтарға арналған суреттер».

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезең

Көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар:

«Түтікте не жатыр?», «Қуыршақ қонаққа келді», «От шашу», «Үлкен және кіші доптар», «Күшікті машинамен қыдыртамыз».

Қол қимылдарының үйлесімділігін дамыту:

- екі орындық дидактикалық ойыншықтарды жинау;

- көлемі жағынан кему бойынша заттарды жинау;

- үш көлемдегі заттарды іріктеу.

Түстерді, түрлерді ажыратуға арналған дидактикалық ойындар:

- пішіндері ұқсас заттарды бағдарлау.

- заттардың пішіндерін тесіктердің пішіндеріне сәйкестендіру;

- жалпақ пішіндер және тесіктерді, жапсыру, суреттерді сәйкестендіру.

Есту зейінділіктерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар: «Не естіледі, тыңдайық», «Кім шақырды, тап».

Құммен, сумен ойындар.

Суреттермен ойын-сабақтар: «Қуыршақ Сәуле өзінің киімін көрсетеді», «Бұл ненің дауысы?».


«Шығармашылық» білім беру саласы

Музыкалық репертуар

Әуендер: «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Бипыл» халық әні және т.б.

Әндер: «Тәй-тәй» әні Т. Әдбіқадырованыкі, «Тұсау кесу» халық әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Әтеш» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Анашым» Ө. Байділдаевтікі, «Төлдер» Б. Ғизатовтікі, «Кел балақай» әні «Сылдырмақ» әні А. Тоқсанбаевтікі, К. Қуатбековтікі, «Аламойнақ» әні Б. Байкенжеевтікі, «Ерке күн-ау, ерке күн» әні Шілдебаевтікі, «Құс және оның балапандары» әні Е. Тиличееванікі, «Әлди-әлди» қазақтың халық әні және т.б.

Ойын жаттығулары, ойындар: «Қуырмаш», «Топ-топ» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Добым менің» сөзі Ж. Смановтікі, т.б.

Билер: «Топ-топ», «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі, «Бала, бала, баламыз» Б. Қадірбекованікі, «Сылдырмақтар» әні М. Раухвергердікі, «Еркем-ай» қазақ халық әні, «Епті аяқтар» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Ойыншықтар» И. Нүсіпбаевтікі және т.б.


2 ЖАСТАН БАСТАП 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


«Денсаулық» білім беру саласы

Дене шынықтыру

Бағытты өзгерте отырып, шашырап, заттарды айналып, алған жан-жаққа жанама қадаммен жүру.

Түзу бағытта, түрлі бағытта (итермелемей), 30-40 с аралығында (тоқтамай) баяу, қарқынды өзгерте отырып жүгіру.

Төрт тағандап, түзу (арақашықтығы 3-4 м), тақтай үстінде, еденде жатып, еңкіш тақтай үстімен, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу). Қақпаның, арқанның астынан еңбектеп өту (биіктігі 40-30 см).

Бала өзіне ыңғайлы тәсілмен бөренеден асып өту, баспалдақ сатыға, гимнастикалық қабырғаға жоғары, төмен өрмелеу.

Сырғанау, лақтыру, сермеп лақтыру. Бір және екі қолмен тәрбиешіге, бір-біріне, доғаның астынан, тұрып немесе отырып (арақашықтығы 50-100 см) допты домалату. Допты екі қолмен төменнен, кеудеден, басынан асырып, жіптен, арақашықтығы 1-1,5 м болтын баланың кеуде тұсына, баланың бойына сай керілген жіптен лақтыру.

Допты, толтырылған қапшықты, шырша жаңғақтарын оң және сол қолмен алысқа; арақашықтығы 1 м екі қолмен, оң және сол қолмен көлденеңінен нысанаға дәлдеп лақтыру.

Тәрбиешінің 50-100 см арақашықтықтан лақтырған добын тосу.

Секіру. Бір орында жаймен алға жылжи отырып, жіптен қос аяқтап (сызықтан), екі параллель сызықтан (10-30 см) қос аяқтап секіру. 10-15 см биіктікте орналасқан затқа жоғары секіріп, қолын тигізу.

Тепе-теңдік жаттығулары. Жіптің, сызықтың арасымен (арақашықтығы 25-30 см) жүгіру, түзу жолдың (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) бойымен, заттарды аттай отырып (биіктігі 10-15 см) түзі бағытта, тақтай, гимнастикалық орындықтың, тегіс бөрененің (ені 20-25 см), төрт аяқты гимнастикалық орындықтың, бір басы 20-30 см биіктікке аздап жоғары көтерілген еңкіш тақтай үстімен жүру. Баяу қарқынмен айналу (қолға зат ұстап).

Саптағы жаттығулар. Бір қатарға (тәрбиешінің көмегімен), екеуден (жұптасып), шеңбер болып тұру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Иыққа және қолға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары, жан-жаққа созу; оны кеудеге айқастыру және жан-жаққа ажырату. Қолды артқа, арқаға апару; қолды бүгу және қайта жазу. Қолды алдында, басынан асыра шапалақтау, алға-артқа, жоғары-төмен қолды құлаштап сермеу.

Денеге арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) балаға затты беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және жан-жаққа еңкею. Еденде отырып аяқты кезекпен бүгу және жазу. Еденде арқасымен жатып аяқты жоғары көтеріп, түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшесіне отырып, қайта тұру. Аяққа арналған жаттығулар. Бір орында жүру. Бастапқы түрегеп тұрған қалыптан аяқты тізеден (таянышқа сүйеніп) бүгу.

Сүйеніштен ұстап тізені бүгіп отыру, аяқтың ұшын көтеріп тартылу. Бір аяқты алға созып өкшесімен қою. Аяқтың саусақтарын қимылдату (отырып).

Қимылды ойындар

Жүріп және жүгіріп: «Қуыршақта қонақта», «Допты қуып жет», «Жол бойында», «Арықтан аттап», «Кім баяу?», «Таяқтан аттап өт», «Мені қуып жетіңдер», «Торғайлар мен автомобиль», «Күн мен жаңбыр», «Құстар ұшып барады», «Затты әкел», «Көбік», «Поезд», «Ұшақтар», «Итті қуып жет», «Автомобиль».

Еңбектеп: «Сылдырмаққа дейін еңбекте», «Қақпаға», «Сызықты басып кетпе», «Сақ бол», «Маймылдар».

Лақтырып, тосып алу: «Доп ортада», «Допты домалат», «Допты тосып ал», «Қақпаға дәлде», «Дәл тигіз», «Себетке түсіру».

Секіріп: «Менің көңілді добым», «Ақ қоян отыр», «Құс ұясында», «Арықтан аттап», «Алақанды қойып секір», «Қоңырауды сылдырлат», «Доп сияқты секір», «Жүгіріп-секіру», «Сұр қоян жуынады».

Кеңістікті бағдарлау: «Қай жерден дыбыс шығады?», «Жалаушаны тап».

Әр түрлі қимылдармен және әндермен: «Поезд», «Қоян», «Жалауша».

Сырғанау: ересектер балаларды мұз жолдарымен сырғанатады. Биік емес мұз төбешіктен ересектердің көмегімен қатырма қағазбен, жұқа тақтаймен, клеенка төсенішпен сырғанату.

Шанамен сырғанату: ересектердің балаларды сырғанатуы. Шанаға отырғызып төбешіктен сырғанату. Шанамен ойыншықтарды сырғанату. Ересектердің көмегімен бірін-бірі сырғанату әрекеті.

Велосипедпен жүру: ересектердің көмегімен және көмегінсіз үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, одан қайтып түсіру. Балалардың велосипедті жүргізу және рөлге ие болу әрекеттеріне қолдау көрсету.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ойындар ұйымдастыру: «Қуыршақты жуындырайық» - жеке бас гигиенасына қажетті заттарды қолдануға үйрету сулық, сүлгі, сабын, тарақ және т.б. таныстыру. «Қуыршақты ұйықтатайық» ойыны – төсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.

Дербес қимыл-қозғалыс әрекет

Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған ойындар: «Дыбыс арқылы тап», «Шарға дейін созыл», «Кедергілерден өт», «Затты ал», «Күн мен түн».


«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:

1. Бақшаға мақсатты серуен

2. Дидактикалық ойын: «Тапсырма»

3. Дидактикалық жаттығу: «Жоғары-төмен»

4. Дидактикалық ойын: «Кім не істейді?»

5. «Шалқан» ертегісін әңгімелеу

6. Дидактикалық жаттығулар: «Кім не жейді?», «А деп айт»

7. Балалар бақшаға барғаны туралы ұжым болып әңгіме құрастыру

8. Дидактикалық ойын: «Қандай?»

9. Заттардың түстерін атау және ажырату

10. Дидактикалық жаттығу: «Паровоз»

11. Дыбыстарды айту мен есту зейінділігін дамытуға арналған жаттығулар («Бұл ненің дыбысы, тап?»)

12. «Сылдырлайды мөлдір су» өлеңін оқу

13. Заттармен тәжірибе жасау: батады, батпайды, жүзеді

14. Ш. Смаханұлы «Добым менің» өлеңін оқу

Қоянды бақылау

15. О. Бегалин «Қазым, қазым, қаңқылда» шығармасын оқу

16. Дидактикалық ойындар: «Таны да ата», «Тап та, ата»

17. М. Төрежанов «Бесік жыры»

18. Автомашина, автобус, трамвай (ойыншықтар) қарау

19. Дидактикалық ойын: «Осыларды жаса», «Құлыншақ»

20. Дидактикалық жаттығулар: «Бөпенің тісі ауырады», «Қошақан»

21. Сюжетті суреттер қарау

22. А. Барто «Жалауша» өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығу: «Қонақ». Тәрбиешінің сиыр мен мысық туралы әңгімесі

23. Бөлме өсімдіктерін қарау

24. С. Қалиев «Ұры мысық» өлең шумағын оқу

24. Сәуле қуыршағының киімдерін қарау

25. Қуыршақты серуенге киіндіру

26. Дидактикалық ойын: «Сәулеге киімін шешуді үйретеміз»

27. Дидактикалық жаттығу: «Машиналар»

28. Дидактикалық ойын: «Бұл қандай пішін?»

29. Дыбыстарды айтуға арналған жаттығулар

30. Дидактикалық ойын. «Бізге кім келгенін тап»

31. Дидактикалық ойын: «Шешуін тап та, ата»

32. Дидактикалық жаттығулар «Ботақан»

33. Дидактикалық ойын: «Алыс-жақын»

34. Дидактикалық жаттығу «Бақа, бақа балпақ»

35. Дидактикалық ойын. «Мамық жүнді балапан»

36. А. Бартоның «Қар» өлеңін оқу

37. Дидактикалық ойын «Қар түйіршіктері»

38. Ж. Карбозиннің «Жасаймын шана» шығармасын оқу

39. Дидактикалық ойын: «Биік — аласа»

40. Дидактикалық жаттығулар: «Ненің дауысы?», «Атқа мініп шабайық»

41. Б. Данабековтің «Бұзау» шығармасын оқу

42. «Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу

43. Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз»

44. Дидактикалық жаттығу: «Қар бүршіктері»

45. Дидактикалық ойын «Қонжықтың бөлмесі»

46. Сахналау-ойыны. «Қаз бен құлыншақ»

47. Ә. Дүйсенбиевтің «Мысық» өлеңін оқу

48. Балықтарды бақылау

49. Ұ. Есдәулетовтің «Тәй-тәй, қуыршақ» өлеңі

50. Ертегі, әңгімелерді кейіптендіру

51. Құстарға бақылау жасау

52. «Құстарды біз қалай қоректендірдік?» тақырыбына (тәрбиеші балалармен бірге) әңгіме

53. Дидактикалық ойын: Не жоқ?

54. Қуыршақ Сәулені шомылдыру

55. Дидактикалық ойын: «Үйректің балапандары»

56. О. Бегалиннің «Қаз бен балалары» шығармасын оқып, әңгімелеп беру

57. Дидактикалық ойын: «Нені қайда қоямыз?»

58. «Ешкі мен қасқыр» ертегісін әңгімелеу

59. Заттардың қасиеттерімен таныстыру

60. Дидактикалық жаттығу: «Кеме»

61. Дидактикалық жаттығу: «Кішкентай күн сәулесі»

62. Балықтарға бақылау жасау. «Балалар балықтарға жем шашады» тақырыбында суреттер қарау

63. Дидактикалық жаттығулар: «Ғажайып қорап», «Шешуін тап», «Қанша?»

64. Е. Өтетілеуов «Көктемде» шығармасын оқу

65. С. Қалиевтің «Ұры мысық» өлеңін оқу

66. Дидактикалық жаттығулар: «Кім не істеп жатыр?», «Су»

67. Бөлме өсімдіктерін қарау

68. С. Сауытбековтың «Лақтың кеңесі» шығармасын оқу

69. Дидактикалық жаттығу: «Маса»

70. А. Бартоның «Ойыншықтар» топтамасынан үзінді оқу

71. Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

72. Дидактикалық ойын: «Кім не жейді?»

73. «Айсұлу мысықтың баласын тауып алды» тақырыбына әңгімелеу (көрсетусіз)

74. «Балалар тауықтар мен балапандарға жем шашады» тақырыбында сурет қарау

75. Дидактикалық жаттығу: «Балапанды шақыр»

76. Сиыр мен бұзауды, ешкі мен лақты салыстыру

Дидактикалық ойын: «Не жоқ?»

77. Ұ. Есдаулетовтың «Құлын» өлеңін оқу

78. Дидактикалық жаттығулар: «Бұл не, тап», «Не қайда отыр?»

79. Бақбақ гүлін қарау

80. Фонематикалық ойындар: «Кім қалай шақырады?», «Кім шақырды?», «Не, қандай дыбыс шығарады?»

81. Тыныс алу жаттығулар: «Үлпілдек жүнге үрле», «Көбікке үрле»

82. Ересектердің көмегімен ойналатын дидактикалық ойын: «Төлдерін тап та, ата»

83. «Дүкен», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй жануарлары және жабайы аңдар», «Үй құстары», «Гүлдер», «Жәндіктер: құмырсқа, көбелек, аралар» тақырыптарына кітапшалар карау.

Балалармен фонематикалық ойындар «Кім қалай шақырады?», «Кім шақырғанын тап?», «Қай аспапта ойнағанын тап?», дем алу жаттығулары «Мамыққа үрле», «Шар үрле»

Ересектердің көмегімен дидактикалық ойындар «Малдың төлдерін тауып, оларды ата». Балаларға арналған кітаптарды қарау: «Дүкен», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй және жабайы жануарлар, олардың төлдері», «Үй құстары», «Гүлдер», «Жәндіктер: құмырсқалар, көбелектер, аралар».

Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет шығармалары

Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрі: «Қуыр-қуыр-қуырмаш», «Санамақ», «Әлди-әлди», «Түлкі, түлкі, түлкішек»

Поэзия: А. Торғаев «Шөжелерім», Т. Ерғабылов «Бөбек тілегі», Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», М. Әлімбаев «Кішкентай баланың тақпағы», М. Төрежанов «Бесік жыры», «Қуыршақ» және т.б.

Проза: Б. Данабекова «Бұзау», О. Бегалин «Қаз бен балапандары», «Әке мен бала және ескі құмыра» ертегісі, Ж. Қуанышбекова «Сыйлық», Ә. Шынбатыров «Бал мен мұз», Ж. Карбозин «Жасаймын шана», Қ. Сарыбаев «Ақ мақта», Е. Ашықбаев «Балабақшада» (үзінді), А. Меңжанова «Тазалықтың досы» (үзінді), А. Шаяхметов «Бүлдірген», С. Сауытбеков «Лақтың кеңесі», К. Оразбекұлы «Кім ойнайды?», Т. Молдағалиев «Жазда», Е. Өтетілеуов «Көктемде», «Бауырсақ», «Шалқан» (орыс халық ертегілері) т.б.

Педагог бұл тізімді өзгертіп, оны аймақтың салт-дәстүрге байланысты шығармалармен толықтыруына болады.

Мәнерлеп оқу. Қазақ және басқа халық ақындарының өлеңдерінен үзінділер оқуға үйрету: С. Қалиев «Ұры мысық», Ж. Сарсенбаев «Ақ лақ». «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Қу түлкі», «Шырша», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр».

Түрлі халық ертегілерін тыңдау және сахналау. «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» (қазақ ертегісі), «Бауырсақ», «Шалқан», «Түлкі мен әтеш», «Үш аю» (орыс ертегілері), «Қияр мен капуста» (неміс ертегісі).



«Таным» білім беру саласы

Сенсорика

Түрлі пішіндер мен пирамидаларды құрастыру. Саңырауқұлақ, түрлі пішінді дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштардың жапсырмаларын қолдану. Қораптағы тиісті саңлауларға заттарды орналастыру. Ұсақ қол қимылдарына арналған материалдармен жұмыс жасау. Үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинауға, шашуға, өткізуге, тізуге, салуға, алуға арналған ойындар.

Ситуациялық ойындар: «Жіпке аяқ киім үлгілерін тізу», «Панноға түстерін таңдай отырып гүлдерді ілу».

Ойындар: «Үй саламыз», «Саңырауқұлақ терейік», «Әркімге өз үйі», «Қуыршаққа таспа сатып әперейік», «Жасырынған қоянды тап».

Құрастыру

Ересектердің көмегімен және өздігінен түрлі пішіндегі шығыршықтардан көліктерге арнап көпір, ұсақ және ірі қуыршақтарға арнап жиһаз (үстел, орындық, диван), қақпа, дуал, сәкі, төбе, кішкене көпір, әр түрлі жолдар, трамвай бағыты, поезд, үш-төрт кубиктерден құстарға арналған үйшіктері бар мұнара, алты кубиктерден немесе кірпіштерден саты құрастыру.

Қоршаған ортаны тану

Дидактикалық ойындар: «Жұбын тап», «Қай ағаштың жемісі», «Түстерді таңдап ал», «Ұқсас ыдысты, киімді, ойыншықты тап», «Ауа-райына, мезгілге қарай қуыршақты киіндір», «Ас үй», «Емхана», «Құстар мен жануарларды күту», «Сәулені тамақтандырамыз», «Жауабын тап та, ата», «Қуыршақтың ыдыс-аяғын жуамыз», «Ойыншықтарды жуу», «Нені қайда қоямыз?», «Біздің ыдыс-аяғымыз», «Адамдар қандай көлікпен жүреді?».

Табиғи материалдармен ойын: «Ғажайып қалта», «Гүлді осы түстегі вазаға сал», «Дәміне қарай тап», «Түсіне қарай тап».

Бақылау: аула сыпырушы жұмысына (ауланы қардан тазарту), транспорт қозғалысын.

Суреттер қарау: заттар мен қимылдардың, қарапайым сюжеттердің жеке салынған суреттерін, жалпы сюжеттерге біріктірілген бірнеше суреттер қарау.

Ойыншықтардың көмегімен қарапайым сюжеттерді сахналау (мысалы, сотқар мысықтың табанын күйдіріп алғаны сияқты және т.б.).


«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу

Қарындашпен сурет салу: Ұзын жолдар. Әртүрлі түстегі қақпалар. Жіп орамы. Мерекелік отшашу. Күн терезеге күлімдейді. Алтын күн аспаны. Әр түрлі түстегі сақиналар. Сүңгі-мұздар. Бауырсақ жол бойында домалайды. Түрлі-түсті жіптер. Шөптер. Табақтағы құрт. Вазадағы шиелер. Егістіктегі бақ-бақтар. Қуыршақтың көрпесіндегі ою. Күртедегі түймелер.

Бояумен және қылқаламмен сурет салу: Жау-жау жаңбыр. Аспан. Су. Біз серуендеп жүрміз. Орамалды безендіру. Сағат. Машинаның дөңгелектері. Түрлі-түсті моншақтар. Жапырақтар түсуде. Қызыл-сары жапырақтар. Топ-топ басайық. Ақ ұлпа қар. Жапалақтап қар жауды. Үйдің терезесіндегі жарықтар. Жарқыраған шамдар. Шыршаның шамдарын жағамыз. Маймақ маң-маң басады. Қоян секіреді. Қуыршақ Сәуленің көйлегін безендіреміз. Ормандағы аңдар. Пияз. Қар кесегі. Балықтар жүзеді. Шағылысқан күн сәулесі.

Әуе шарлары. Жаңбыр мен күн. Гүлдер өседі. Шөптегі қоңыздар. Бояумен өз еріктерінмен сурет алу.

Саусақпен сурет салу: құмның бетіне доптар мен адамның бейнесін салу. Қағазға жүзімнің бұтағын, үлкен қарбыз бен апельсиндердің суретін салу.

Мүсіндеу

Құстарды қоректендіреміз немесе тышқанға ін жасаймыз. Қуыршақтың тәттілері. Құймақ. Тиіннің жаңғақтары. Шарлар. Дәмді бауырсақтар.

Үйшіктің бөренелері. Кесектер. Қуыршаққа, қоянға арналған сый-сияпат. Әтешке арналған бұршақ. Ұшақ. Дуалдың бағанасы. Дуал. Саты. Сылдырмақ. Аққала. Балапан. Құс. Шырша. Түрлі жидектер. Үлкен-кіші доптар.

Қуыршақтың әшекейлері: білезік, жүзік, қол сағаты. Тұрмыстық заттар: шыбықтардан тоқылған себет. Жиһаздар: орындық, үстел, диван.

Анама тоқаш пісіремін. Итке арналған табақ. Мұнара. Бауырсақ. Тәрелкедегі алма. Тәтті тоқаш. Саңырауқұлақтар. Қоңыздар. Өз еріктерімен мүсіндеу.

Желімсіз жапсыру

Көлікті, үйді, ұшақты, гүлдерді (түймедақ пен бақбақ гүлдері), қазақтың ұлттық бас киімдерді (бөрік пен тақия) геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш) құрастыру.

Мысық (күшік) доппен ойнайды. Ұшақ. Аққала. Мерекелік отшашу. Өрістегі қойлар.

Пирамидалар, паровоз бен вагондар, бесік арба, қараторғай үйшігі.

Дайын пішіндерден пирамиданы, вагондары бар паровозды, түрлі пішіндегі машиналарды, арбаны, құстың ұясын, анама арналған орамалға «Құс тұмсық», «Көз» симметриялы оюларын, жаңа жылдық шыршаны, үлкен және кіші жалаушаларды, ыдыстағы жемістерден әзірленген сусынды, қазақтың «құрақ» ұлттық ою-өрнегімен безендірілген алашаны, алаңқайдағы балапандарды құрастыруға үйрету.


Музыкалық репертуар

Тыңдау: Қ. Ыдырысовтың сөзіне жазылған А. Нұрымұлының «Топ-топ» әні, Т. Сопиеваның сөзіне жазылған С. Оспанованың «Сәби» әні, Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған «Таң» әні, В. Моцарт «Қоңыраулар үні», Л. Хамиди «Маршы», Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған «Алғашқы вальсі», сөзі мен әуені А.Әубәкірованың «Менің мысығым» әні, М. Оразбаеваның халық әуеніне жазылған «Әлди» әні. «Ұшақ», «Құлыншақ», «Саңырауқұлақ» әні М. Раухвергердікі, «Машина» әні К. Қуатбаевтікі, «Тәтті бала» әні Г. Сопиеваныкі, «Қыс» әні В. Карасеваныкі, «Балдырған» әні Ж. Меймандосовтікі, «Ақ тайлақ», «Бәйге» әні Б. Құсайыновтікі, «Ана әлдиі» әні А. Меңжанова, «Анашым», «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Келді мамыр», «Құлыншақ» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Қамажай» қазақтың халық әні, өңдеген К. Қуатбаев.

Ән айту және әнге қосылу: музыкалық репертуарлар: Бердияровтың сөзіне жазылған «Сұр қоян» әні, Б. Жүсіпәлиевтің әуеніне жазылған «Ойна сәби» әні, Л. Абельянның әуеніне О. Ақынбековтың сөзіне жазылған «Доп» әні, Т. Вилкорейскийдің әуеніне жазылған Б. Жақыпованың «Менің ойыншықтарым» әні, Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған «Күннің көзі қыздырады» әні, Л. Фасхутдинованың «Жаз» әні, Балящеваның сөзіне жазылған «Күзгі ән», М. Еремееваның «Етік» әні, Е. Шаломонованың «Шырша туралы әні», А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған «Күзгі жапырақтар биі» әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған «Бақалар әні» әні, қазақтың ұлттық әні «Айгөлек», М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні «Алма» әні, И. Нүсіпбаеваның әуеніне жазылған Ж. Смақовтың «Қызыл ту» әні және К. Қуатбаевтың «Поезд», «Топ-топ» әні.

Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары «шапалақ ұру». Аяқ қимылдары «Топ-топ». Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.

Ырғақтық қозғалыстарға арналған музыкалық репертуарлар: К. Козырев пен Е. Өтетілеуовтың «Бота мен бұзау» әні, Б. Дәлденбаеваның «Қызық мысық» әні. Степаненконың әуеніне жазылған «Айнал», Вилькорейскийдің әуеніне жазылған «Достас», Г. Вихареваның «Күнді мен саламын» және «Біздің аяғымыз не істей алады?» әндері, Л. Антюфееваның «Жаңбыр» әуені, Р. Шуманның «Көбелек» әуен, А. Петрованың «Қуыршақтарға арналған әлди» әні, әні мен сөзі А. Меңжанованың «Не қайда?» әні, Н. Әлімқұлов пен А. Матменнің «Ойыншықтар» әні, А. Нұрымұлы мен У. Есдәулетованың «Топ-топ қуыршақ» әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Серуендеп, би билейміз» әні Э. Раухвергердікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі.

Жаттығулар мен музыкалық ойындар: «Жасырынбақ», орыс халық әні «Зығыр», ойынның авторы Т. Бабаджан; «Сылдырмақтар» М. Раухвергердің музыкасы, ойынның авторы Т. Бабаджан; «Көңілді жасырынбақ» В. Петрованың музыкасы, ойынның авторы Н. Кругляк және В. Петрова; «Қояндар» орыс халық әні, «Көжек» өңдеген М. Красева, «Көжегім» өңдеген Н. Римский-Корсаков, Т. Бабаджанның ойыны, «Көңілді қаздар» орыс халық әні, ойынның авторы Н. Комиссарова мен В. Петрова; «Марш» Э. Царлованың музыкасы, «Бубен, сылдырмақ» украин халық әуені; «Жүреміз-жүгіреміз», «Епті қолдар» Е. Тиличееваның музыкасы, «Шарлар» И. Кишконың музыкасы, «Барабаншылар» В. Ребикованың музыкасы, «Қуыршақтар ұйықтайды және билейді» Я. Степанованың музыкасы.

Би билеу. «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Полька» әні Ә. Бестібаевтікі, «Жайдарман» қазақтың халық әні – өңдеген К. Қуатбаев, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Арша» Б. Қыдырбекованікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Бипыл» қазақтың халық әні.

Мерекелік ойын-сауықтар мен ермектер: «Күз сыйы», «Жаңа жылдық шыршаның кереметтері», «Анамызға гүл сыйлаймыз», «Жазғы ермектер».






















Б.Ж. Ноғайбекова, И.А. Тирская, Г.К. Мақсұтова



ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» БАҒДАРЛАМАСЫ


Басуға 7.04.2010 ж. қол қойылды

Пішімі 60х90/16

Қаріп түрі «Times New Roman»

Шартты баспа табағы 7,9 Таралымы 1000 дана


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы

010009, Астана қ-сы, VIP – қалашығы, 3 коттедж

Тел.: 8 (7172) 29-56-59, факс 8 (7172) 29-56-29


128

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ Жыл мезгідері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 403 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 3356
    • DOCX 476 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ДУБИРБАЕВА Жангуль Какимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6762
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы системы профилактики безнадзорности и правонарушений несовершеннолетних в соответствии с федеральным законодательством

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 171 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое обеспечение родительской компетентности в процессе взаимодействия ДОУ с семьей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Менеджмент и управление проектами в ДОУ в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе