Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық сабақ "1 желтоқсан-Президент күні"

Ашық сабақ "1 жнлтоқсан-Президент күні"

Скачать материал

Бекітемін:_______________                                                          Келісемін:______________

«Қостанай қаласы әкімдігінің                                                      «Қостанай қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №15 орта                                                              білім бөлімінің №15 орта

мектебі» ММ директоры                                                               мектебі» директорды ТІЖ

Д.С.Сапанова                                                                                 орынбасары З.А.Койтбаева

«__»_________2015ж.                                                                    «__»_________2015ж.

 

 

 

 

 

 

 

 «1 желтоқсан- Президент күні!»

сынып сағаты

                                                                                                                                                                                                        

 

Сынып: 8 «ә»

 

 

 

 

 Сынып жетекшісі:Надим Сандуғаш Айбекқызы

 

 

 

 

                                   

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

 

Мұғалім: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Ал, казір Елбасымызға арналған өленді сізге Батыркаирова Диана айтып береді!Өтінем, назарларынызды аударыныз!

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

Чингиз: Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

 

1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.


2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

1 жүргізуші: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

 

2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,

Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

 

1-оқушы (Алаш):

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

2-оқушы (Акмарал):

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

3-оқушы (Аружан):

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 

4-оқушы (Багытжан).

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

 

5-оқушы (Асем).    

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

 

6-оқушы (Шарипа).

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

Мұғалім: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

 

Ән: “Астана – бас қала”

7-оқушы (Гулден):

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

 

1-жүргізуші:

Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

 

2-жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.

«Замандастар көзімен»

Мұғалім:

Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті

-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!

 

Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті

- Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.

 

Кофи Аннан- БҰҰ-ның Бас хатшысы

Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

 

8-оқушы (Тойжан):

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

Барлығы:

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Мұғалім: Казір бірнеше сайыс өткізейік! Бірінші сайысымызда  «Мен президент болсам не істер едім» деген тақырыпта шағын эссе жазасыңдар. Сендер президент болсаңдар елдеріңе қандай пайда әкелер едіңдер сол туралы ойларыңды жеткізесіңдер.

 Келесі сайысымыз «Жылдар сыр шертеді» деп аталады. Бұл сайыста сендерге жылдар беріледі, сендер сол жылдарда қандай оқиға болғанын айтасыңдар. Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сайысымызды бастаймыз.
• 1991ж 1 желтоқсан қай күн ? (Елбасы күні)
• 1995 ж 30 тамыз? (Конситуция күні)
• 2017 жылы Қазақстанда атлып өтетін оқиға? (ЕХРО 2017)
• 1992 жылы 4 маусым ? (рәміздер күні)
• 1993 жылы 12 қараша (Ұлттық теңге күні)
• 1991 ж 16 желтоқсан? (Тәуелсіздік күні)
• 19941 – 19945 жылдар болған оқиға? (Ұлы Отан соғысы)
• ҚР Ассамблиясына биыл неше жыл? (20 жыл)
• 1989 жылы 22 қыркүйек ? (Тілдер күні)
 Жарайсыңдар, балалар. Білімді балалар екенсіңдер.

 

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

 

2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

 

Мұғалім: Елбасы саған мәңгі разымыз,
Үлкен – кіші ағайындар бәріміз.
«Ұлтым елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "1 желтоқсан-Президент күні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 1626
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Надим Сандугаш Айбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Надим Сандугаш Айбеккызы
    Надим Сандугаш Айбеккызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37377
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе