Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Жүннен бұйым жасау"

Ашық сабақ "Жүннен бұйым жасау"


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтық тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйымдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жүннен жасалатын бұйымдар туралы толық мағлұмат беру,

Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.

Сабақтық көрнекілігі: Дайын жүннен жасалатын бұйымдар түрлері.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін;

Оқушыларды түгендеймін;

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.


II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.


III. Жаңа сабақ

Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой Жүні көп өндіріледі.


Қой Жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой Жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді. Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2 – 25мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1 – 35мкм. Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады.


Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі Жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді. Түйе Жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы Жүндерінен киіз, қоян Жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит Жүні емдік мақсатта қолданылады

Жүннен жасалатын бұйымдар

Арқандар

Ат арқан.

Белдеу арқан.

Жел арқан.

Желі арқан.

Қом арқан

Қосарқан.

Матау арқан.

Сүйретпе арқан.

Тарту арқан.

Жіптер

Бас жіп.

Бауыр жіп.

Бұғалық жіп.

Жан жіп.

Керме жіп.

Күрде жіп.

Ноқта жіп.

Өре жіп.

Тең жіп.

Киіз үй жабдықтары

Ақ басқұр.

Ала басқұр.

Бас бау.

Босаға.

Дөдеге.

Кереге бау.

Таңғыш.

Түндік бау.

Уық бау.

Үзік бау.

Киім-кешектер

Жабағы күпі.

Жадағай шапан.

Жүн қолғап.

Жүн шұлық.

Түйе жүн далбағай.

Түйе жүн кеудеше.

Шекпен.

Шидем шекпен.

Мал әбзелдері

Айыл.

Асмалдық.

Бұйда.

Жел бұйда.

Жүген. Арқандар

Құр айыл.

Ноқта.

Түйе ноқта.

Шылбыр.

Төсеніштер

Алаша.

Бөстек.

Кілем.

Шаруашылық бұйымдар

Дорба.

Қанар.

Қап.

Сабақты қорытындылау

Оқушылар бүгін біз жүннен жасалатын бұйымдар туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен

Жүн дегеніміз не?

Жүндер неше түрге бөлінеді?

Жүннен жасалған киім-кешектерді атаңдар?

Жүннен жасалған шаруашылық бұйымдарын атаңдар?

VI. Оқушы білімін бағалау.

Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.


VII. Үй тапсырмасы. Оқып келу


Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров324
Номер материала ДВ-141030
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх