Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Жорық кезінде аспалы өткелді құру және жинау" (колледж)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "Жорық кезінде аспалы өткелді құру және жинау" (колледж)

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ











Ашық сабақ

Жорық кезінде аспалы өткелді өз бетімен құру және жинау ережелері



Өндірістік оқыту шебері:

Хатимуллина Бибина Турарбековна





















Бағдарлама жоспары: Жаяу туризмнің техникасы мен тактикасы

Сабақ тақырыбы: Жорық кезінде аспалы өткелді өз бетімен дайындау және өту

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: теориялық алған білімдерін практикалықтүрде орындап үйрету

туристік қызметтің белсенділігін арттыру

Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік-спорттық

дайындықтарын, икемділіктерін дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім

қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: - Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен

тактикасы

  • Туристік-спорттық дайындық

  • Дене тәрбиесі

Оқыту әдісі: Жаяу туризм барысында кездесетін кедергілердің бірі кездейсоқ

өзеннен аспалы өткелді өз беттерімен дайындап өтуді меңгерту

Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:

  • Акт

  • Топшамалар

  • Туристік сақтандыру системасы

  • Карабиндер

  • Пруссик

  • Негізгі және көмекші арқандар


I. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен амандасы

2. Жоқ оқушыларды белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру


ІІ. Кіріспе нұсқау

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)

  1. Жаяу туризм дегеніміз не?

  2. Жаяу туризм барысында кездесетін қандай табиғи кедергілерді меңгеру операцияларын білесіз?

  3. Сақтандыру системасында қандай байлаулар орындалады?

  4. Жумар дегеніміз не?

  5. Дюльфер дегеніміз не?

  6. Негізгі арқан неше диаметрлі болуы қажет?

  7. Секгіздік байлауы қандай мақсатта орындалады?

  8. Бөрене арқылы өткенде арқан бөренеге қандай байлау арқылы бекітіледі?




(АКТ. Оқушылар операциялар көрсетілген суреттерді таңдау арқылы жасырылған сұрақтарға жауап береді)

  1. Кедергіден тірек ағашына (шест) сүйене отырып адымдап секіру қалай орындалады?

  2. Батпақтан (жерди) бөренешіктер арқылы өту барысында соңғы және алғашқы қатысушының міндеті қандай?

  3. Батпақты сордан (кочки) тастарды басу арқылы секіріп өткенде қандай ережені есте сақтаған жөн?

  4. Жаяу туризм барысында гаризонтальді маятниктен өтетін қатысушы жеке сақтандыруды қалай орындайды?

  5. Паралельді өткелден өту барысында соңғы қатысушы қалай өтеді?

  6. Вертикальді маятникпен кедергіден өту барысында жеке сақтандыру қалай орындалады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

hello_html_m2f93be80.jpg

Жорық кезінде аспалы өткелді өз бетімен дайындау және өту.

Қатысушылардың жаяу туризм барысында кездесетін кедергілерден аспалы өткелді өз бетімен дайындап құру арқылы өтуді және өткеннен кейінгі өткелді арқандарды жерге тигізбей жинау әдісін үйрету.




Жаңа тақырыпты баяндау (конспект)

Аспалы өткел дегеніміз - туристік жорық барысында туристік арқандарды пайдалана отырып табиғи кедергілерден қауіпсіз өту операциясы.

Аспалы өткелдер негізгі және көмекші арқандарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өткел әдетте батпақтан өту , сол сияқты өзен арқылы өту кезінде дайындалады. Өткелді дайындау үшін оны ұйымдастыру орнын таңдаудың маңызы зор болып табылады. Аспалы өткел операциядан соң өз бетімен оңай жиналуы қажет.

Өткел дайындау үшін мынадай туристік құралдар қолданылады:

  1. Туристік сақтандыру системасы

  2. Карабиндер –бекіту құралдары

  3. Пруссик

  4. Туристік арқандар – негізгі және көмекші


Аспалы өткелді құру барысында пайдаланылатын туристік байлаулар: hello_html_2c9746e7.jpghello_html_m28363b7e.jpghello_html_1e997552.jpg

hello_html_m78daec84.jpghello_html_m33fe371b.jpghello_html_13794e6e.jpg

  1. Түзу байлау (прямой) –бұл байлау сақтандыру жилеті мен белдігін өзара бекіту үшін орындалады.

  2. Бақылау байлауы (контрольный) - бұл байлау бүрі прямой байлауының беріктілігін арттыру мақсатында соңына орындалады

  3. Жылан байлауы (удава) – бұл байлаудың ерекшелігі операциядан соң оңай ажыратылады

  4. Сегіздік байлауы (восьмерка) – Туризмнің қай түрінде болмасын жиі орындалатын сенімді әмбебап байлау түрі

  5. Арқанды маркировкалау – жорық барысында кез-келген операциядан соң міндетті түрде орындалуы қажет. Бұл жорық барысында алып жүруге және келесі кедергіден өту барысында жұмысқа қолайлы болып табылады.

Аспалы өткелден өту операциясын мынадай кезеңдерге бөліп түсіндіруге болады.

Сурет.

а-жағалауы


Өткелді ұйымдастыруға дайындық,

1- ші қатысушының өтуі

2.

ІІ – кезең

б-жағалауы

негізгі және көмекші арқандарды, терек таңдап байлау

3.

ІІІ - кезең

а-жағалауы

негізгі арқанды 2 - пруссик арқылы кере тарту, екінші пруссикті ағытып сегіздік байлауын салу (өткел дайын)

4.

ІV- кезең

а-б жағалауы

Қатысушылардың өткелден өтуі

5.

V - кезең

а-б жағалауы

Соңғы қатысушының өткелден өтуге дайындығы, өткелден өту

І-кезең. (а-жағалауы) Өткелді ұйымдастыруға дайындық hello_html_56829d3f.png

  1. Сақтандыру системесын кию

  2. Өткелді дайындау орнын таңдау

  3. Көмекші арқаннан топтық сақтандыру арқанын дайындау

  4. Негізгі және көмекші арқандарды сегіздік байлауына карабин бекіту арқылы 1-ші қатысушыға бекіту

  5. Топтық сақтандыруды ұйымдастыру

  6. 1-ші қатысушының тірек ағашын ағысқа қарсы тірей отырып (б) жағалауына өтуі.

ІІ – кезең. (б-жағалауы) негізгі және көмекші арқандарды терекке бекіту.

  1. Сақтандыру арқанан терекке айналдыра карабин арқылы бекіту

  2. Негізгі арқанды терекке «жылан» байлауы арқылы бекіту

ІІІ – кезең. (а-жағалауы) Негізгі арқанды кере тарту

  1. Негізгі арқанды терекке айналдыра қарама-қарсы бағытта пруссик салу

  2. Негізгі арқанды күшке сала отырып кере тарту, арқанның өткелге дайындығын тексеру

  3. Арқанға екінші салынған пруссикті ағытып алу

  4. Арқанның бос бөлігін теректен айналдырып сақтандыру мақсатында сегіздік байлауын салу арқылы карабинмен бекіту

  5. Көмекші арқанның ортасына екі жағалауға да еркін жылжып отыратынына көңіл аудара отырып сегіздік байлауын салып карабин бекіту. Яғни, тасымалдама арқанын дайындау.

ІV – кезең. (б-жағалауы) Қалған қатысушылардың өтуі

  1. Топтағы қалған қатысушылардың өтуі

  2. Жеке сақтандыруды сақтандыру белдігіндегі карабин арқылы орындау, карабинді негізгі арқанға бекіту

  3. Топтық сақтандыруды тасымалдама арқаны арқылы ұйымдастыру

Қатысушылардың сақтандыру белдігіндегі карабинге бекіту



V – кезең. (а-жағалауы) Соңғы қатысушының өткелден өтуі, өткелді жинау

hello_html_m7fa6aaad.jpghello_html_m4b8f6e5c.jpghello_html_m6ff504a6.jpg

  1. Соңғы қатысушының сақтандыру арқанын ағытуы

  2. Сақтандыру арқанындағы карабинді негізгі арқандағы екі карабинді біріктіре отырып бекіту

  3. Көмекші арқанның ортасындағы тасымалдама карабинін сақтандыру белдігіндегі карабинге бекіту

  4. Топтық сақтандыруды тасымалдама арқаны арқылы ұйымдастыру

  5. Өзеннен өткел арқылы өту

  6. Негізгі арқандағы «Жылан» байлауын ағыту және арқан ағытылып

а-жағалауын айналып келу барысында жерге, суға тигізбеу мақсатында шеткі бөлігіне қарапайым жіңішке кендір жіпті ағытылмастай сенімді байлау

  1. Көмекші арқанды негізгі арқанды ағыту мақсатында күшке сала тарту

  2. Өткелді жинау

  3. Арқандарды маркировкалау

Жаңа сабақтың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту

Тапсырмалар: 1-Тапсырма. Оқушылардың карточка арқылы аспалы

өткелден өту кезеңдерін белгілеуі


2-Тапсырма: Номерленген батырмаларды таңдау арқылы жаңа

тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру


  1. Аспалы өткел дайындауға қажетті құралдар?

  2. Өткел дайындауда пруссик не үшін қажет?

  3. Өткелден өту операциясында 1-ші қатысушы қалай өтеді?

  4. 1-ші қатысушы б-жағалауына өткен соң қандай байлауларды орындайды?

  5. Екінші және қалған қатысушылар өткелден қалай өтеді?

  6. Негізгі арқанға бекітілген екінші пруссикті не себептен ағытып алу қажет?

  7. Соңғы қатысушы өткелден өтер алдында өткел жиналу үшін қандай жұмыс атқарады?

  8. Пруссик негізгі арқанға қандай байлау арқылы бекітіледі?

  9. Өткел дайындау барысында негізгі арқанға салынған 2-ші пруссик ағытылғаннан кейін негізгі арқанның өзінде сегіздік байлауы не себептен орындалады?

Қауіпсіздік ережелері

  1. Сақтандыру системасын дұрыс кимеу қатысушыға қандай қауіп төндіреді?

  2. Жеке сақтандыру дегеніміз не?

  3. Топтық сақтандыру дегеніміз не?

  4. «Бақылау аймағы» дегенніміз не?

  5. Дюльфер арқылы сақтандыру қандай қауіптің алдын алады?

  6. Операция соңында қарапайым жінішке жіп не үшін қолданылады?

  7. Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?

  8. «Бақылау» байлауы қандай мақсатта орындалады?

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!

ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін топтарға бөлініп орындайды. 1-ші қатысушының, соңғы қатысушының жұмыстарын әр қайсысы жеке орындайды. Аспалы өткелді өз беттерімен құрады, өтеді және жинау әдісін көрсетеді.

  • Оқушыларды топтарға бөлу

  • Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу

  • Тапсырмалар бөлу

  • Жұмысты орындау тәсілін әр кезең бойынша көрсету

  • Өз беттерімен жұмыстану

  • Әрбір оқушыны жекелей қадағалау

Жұмыс орнын қарап өткенде:

  1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру

  1. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау

  2. Технологиялық процестің орындалуын бақылау

  3. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау

  4. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

ІV. Қорытынды нұсқау.

  1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту

  2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту

  3. Оқушылардың бағаларын хабарлау

  4. Жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды жинастыру



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-087646

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"