Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ жоспары Қ.Бекхожин "Ақсақ Темір мен ақын"

Ашық сабақ жоспары Қ.Бекхожин "Ақсақ Темір мен ақын"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ әдебиеті 9-сынып

Сабақ тақырыбы:

Қ.Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»

Сілтеме

Оқулық, мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаты

Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының поэтикалық тілін аша отырып, ақынның Ақсақ Темір мен ақынды қалай суреттегенін талдап, Темірді жеңген алып күш турасында әңгімелеу. Кейіпкерге талдау, балладаның поэтикалық тілін ашу, баллададағы жер-су атаулары мен ғұлама, батырларды тауып талдау, мәселе сұрақ беру, ұйқас табу ойыны арқылы өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, топпен еңбектенуге, білімділікке, отансүйгіштікке, әдебиетті сүюге, ақындыққа, өнерге, батылдыққа, тарихты бағалауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Әңгіме мазмұнын білу, ынтымақтаса топта жұмыс істеу

Негізгі мақсаты

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, топпен жұмысты ұйымдастыру

Тапсырмалар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

1. Қалижан Бекхожин қай жердің тумасы?

2. Ақынның білім алған орындары

3. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?

4. Баллада дегеніміз не?

Сабақ тақырыбын айту, мақсатын айқындау.

Тақырыпты түсінгендерін анықтау

1-топ Ақсақ Темірді ақын қалай бейнеледі?

2-топ Хафиз қандай тілді ақын?

3-топ Балладада кездесетін жер-су атаулары, ғұламалар мен батырлар

Ортақ сауал

Дүние жүзін қан сасытып, адам басын таспен қалап сарай салған әміншінің Хафизге жасаған рақымшылығының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Таныстырылым «Ақсақ Темір» «Аңыз адам» журналынан мәлімет беру

Таныстырылым «Хафиз ақын»

Сергіту сәті

Ұйқас тауып көрейік
Жорықтар жасап небір,
Тарихта қалды ..........
Талайға жасап қастандық,
Ақынға берді .................
Темірге долы күш берген,
Ақынға ........ ...... берген.
шығармашылық жұмыс. Эссе «Білекті күшті ме, білімді күшті ме?»

Үйге тапсырма: Композициялық құрылысына талдау жасау

Кері байланыс


Бағалау

Формативті критерийлері бар бағалау парағы

Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы

Шағын топтарда зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың дамуына мүмкіндік беру, постермен жұмыс.

Негізі дерек көзі

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, А.Әлімов “ЖОО-да интербелсенді әдістерді қолдану мәселелері”



Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров584
Номер материала ДВ-349623
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх