337948
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыАшық сабақ жоспары "Химиялық қару"

Ашық сабақ жоспары "Химиялық қару"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Мақсаттары:

Білімділік:моқушыларға жаппай жою қаруларының,оның ішінде химиялық қарудың жойқын күші мен орны толмас зардаптарға ұшырататынан түсіндіру;

Дамытушылық: әскери кәсіптілікті үнемі меңгеруге,жетілдіруге,өзіне берілген қару,техиканы,мүлікті меңгеріп,сақтай білуге,жарамды ұстауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Отан қорғауға дайын болуға,патриоттық сезімге,түрлі қиыншылықтарға табандылықпен төзе бідуге тәрбиелеу;

Өтетін орны: әскери дайындық кабинеті;

Көрнекіліктер: плакаттар, слайдтар, оқулық, жеке қобдиша,химиялық жеке пакет,газтұмылдырықтар.

Пәнаралық байланыс: физика, химия, тарих география.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: взводтың сапқа туруы,командир рапорты,сәлемдесу,сырт келбеттерін тексеру,түгендеу,отырғызу.

Сабақ бөлімдері:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,сұрақ-жауап.

ІІІ. Жаңа сабақ;

  1. Химиялық қару сипаттамасы.

  2. Улағыш заттарды топтасыру,қысқаша сипаттамалары.

  3. Химиялық қарудың пайда болу себептері.

  4. Тарихи анықтама.

  5. Химиялық қару қолдану қағидалары.

ІV. Сабақты қорытындылау.

V. Үйге тапсырмасы

VI. Бағалау

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Азаматтық қорғаныс деген не?

  2. Нысандардағы (объектілер) АҚ құрылымы.

  3. АҚ құрамаларын ата?

  4. Жаппай жою қару түрлері қандай?

  5. Ядролық қару қандай қару?

  6. Ядролық жарылыс түрлері?

  7. Ядролық қарудың зақымдау факторлері қандай?

  8. Соққы толқыны деген не?

  9. Жарық сәулелену туралы не білесіздер?

  10. Өткір радиация қалай әсер етеді?

  11. Радиоактивті зақымдану деген не? Оның әсер ету аймақтары қандай?

  12. Электромагнттік импульс деген не,ол қалай әсер етеді?

  13. Ядролық зақымдану ошақтары сипаттамасы?



Жаңа сабақ. Химиялық қару сипаттамасы.

Химиялық қару-ұрыстың улы химиялық заттарды қолдануға негізделген жаппай жою қаруларының бірі.

Улағыш заттар зақымдану әрекетінің басталу жылдамдығына қарай өлтіретін, саптан уақытша шығаратын және қысқа уақытқа саптан шығаратын болып бөлінеді.

У3 ұрыстың қолдану сәтінде бу (газ) аэрозоль (түтін,тұиан,сіркіреу) не сұйық-тамшы түрінде болуы мүмкін.

Химиялық оқ-дәрілерді қолдану сәтінде пайда болған бу мен аэрозоль бұлты зақымданған ауаның бастапқы бұлты деп аталады.

У3 әсерінің ішінде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының шығыны болған аумақ химиялық зақымдану ошағы (ХЗО) деп аталады.

ХЗО және зақымдалған ауа бұлты жайылған аумақ химиялық зақымдалған аймақ деп аталады.

Улағыш заттарды топтастыру және қысқаша сипаттамалары.

Адам ағзасына әсеріне қарай улағыш заттар төмендегідей болып бөлінеді.

1)Жүйкені жансыздандырғыш У3: VX (ви-икс),зарин,заман.

Зарин-түссіз не сарғыш сұйық.Исі жоқ,қыста қатпайды. Қай қатынаста да болсын сумен,органикалық еріткіштермен араласады,майларда жақсы ериді.

Вик-икс ұшпалы емес түссіз сұйық,исі жоқ,қыста қатпайды.Суда біршама ал органикалық еріткіштер мен майда жжақсы ериді.Ашық су қоймаларын өте ұзақ мерзім 6 айға дейін зақымдайды,негізгі ұрыстың күйі ірі дисперсті аэрозоль.

Заман қасиеттері жағынан зарин мен ВХ аралығында.Ағазаға қалай түссе де зақымдайды.

Зақымдау белгілері: түкірік тоқтамау,қарашықтың тарылуы,тыныстың қиындауы,жүрек айну,ққұсу,іш өту,паралич,қорқыныш пен естен тану сезімі,бірнеше сағат сіңірлерінің тартылуы.

2)тері іріңдеткіш У3: иприт,люизит.

Иприт-аздап сарғыш не қара қоңыр,сарымсақ не кыша иісі шығып тұраиын,органикалық еріткіштерде жақсы,муда нашар еритін сұйық.Судан ауыр-140 С температурада қатады.Жазда төңіректі 2 тәулікке дейін,қыста 2-3 апта зақымдай алады.Жасырын кезеңі болады.

Зақымдау белгілері: тері қызарады,ұсақ күлдірегендер шығып кейін жарылады да,жазылуы қиын жараға айналады.Тыныс жолы құрғақшып ашиды.одан әрі кілегей қабық өқатты ісіп,іріңдейді.Қатты уланғанда өкпе қабынады да 3-4 кейін адам тұншығып өледі.Көз қабаты ісініп қатты былшықтанады.Асқазанға түскенде ауырады,түкірік көбейеді,жүрек айниды,құстырады,іш өтеді.

Люизит-қазтамақ жапырағының исі бар қара-қоңыр майлы сұйық.Улылығы жөнінен иприттен 3 есе асып түседі.Ағзаға түскеннен соң 2-5 минуттан кейі зақымдау кейін зақымдау белгілері білінеді:жөтелтеді,түшкіртеді,мұрыннан су ағады,жүрек айниды,бас ауырады,дауыс шықпай қалады,құстырады,әл құриды.Көзге тисе 7-10 тәуліктен кейін көрмей қалады,иері күйеді.Люизитпен қатты уланған адам өледі.Әскеридер оны (өлім шығы) деп атайды.Тері іріңдеткіш У3 қолданғанда газтұмылдырық,қорғаныш киім кию және панада юолу керек.

3.Тұншықтырғыш У3:фосген,дифосген.

Фосген-түссіз газ,ауадан 3,5 есе ауыр,қызған шөп не шіріген жеміс исі шығып тұрады.Суда нашар ериді және онда тез ыдырайды.Ұрыстық күйі бу.Төңіректегі тұрақтылығы 30-50 мин.Сай-жыраларда 2-3 сағат тұрып қалуы мүмкін.Ағзаны оның буымен демалғанда зақымдайды:көздің кілегей қабығы тітіркенеді,жас ағады,ауыз жылымшы татиды,аздап бас айналлады,әл құриды,жөтелтеді,кеуде қысылады,жүрек айниды (құстырады).

Зақым ошағынан шыққаннан кейін бұл белгілер жоғалып зардап шегуші адам 4-5 с ағат ештеңе болмағандай сезінеді.Жасырын әрекет басталып,өкпе қабынады,тыныс тарылады,қызу көтеріледі,су ағып,жөтеледі,бас ауырады,ентікпе байқалып жүрек соғуы жиілейді.

Зардап шегушігеи противогаз кигізеді,зақымданған ауданнан шығарып,жылы қымтап тыныш жатқызып қояды.(жасанды дем алдыруға болмайды).Қорғаныш,противогаз,пана.

4. Жалпы улы әрекетті У3:көгерткіш қышқылы,хлорциан.

Көгерткіш қышқылы-түссіз,тез буланатын,ащы бадам иісті сұйық, -140 С-та қатады,сондықтан хлорциан не басқа араластырып қолданады.Ірі калибрлі авиабомбалармен қолданады.

Оның буымен зақымдалған ауамен демалғанда ауыз темір тартып ашиды,тілдің ұшы ұйиды,көздің тұсы шаншиды,тамақты қырнайды,әл құрып,бас айналады.Одан әрі қорқыныш сезім пайда болады,қарашық үлкейеді,тамыр соғуы сиреп,тыныс алу біркелкі болмайды.Зақымданған адам есінен танып,сіңірлері тарталады,паралич басталады,дем алу тоқтап,адам өледі.

Хлорциан-көгерткіш қышқылдан көрі ұшпа,түссіз,исі мүңкіген сұйық.Токсиндік қасиеттері жағынан көгерткіш қышқылға ұқсас,өзгешелігі жоғарытыныс жолдары мен көзді тітіркендіреді.

Қорғаныш: противогаз,пана,антидот.

5.Тітіркендіргіш әрекеті У3:CS(си-эс),CR(си-ар).

Си-эс-ақ,қатты,онша ұшпа емес кристалды зат,бұрыш исі болады.Суда нашар ериді,спиртте біршама,ацетонда,хлороформда жақсы ериді.

Аз концентрацияда көзге,жоғары тыныс органдарынатітіркендіргіш әрекеті бар,ал көп концентрациядв терінің ашық жерлерін күйдіреді,кейде тыныс алу тоқтап,жүрек параличне соқтырып,өлімге душар етеді.Көз кеуде қатты ашып ауырады,жас парлайды,көз жұмыла береді,түшкіртеді,мұрын бітеді,ауыз,мұрын жолы,жоғары тыныс жолдары ашиды,жөтеледі.

Си-ар-сары түсті кристалл зат,суда нашар ериді,органикалық еріткіштерде жақсы ериді.Токсиндік әрекеті си-эске ұқсас.Қорғаныш: противогаз, пана

6. Психохимиялық әрекетті УЗ: BZ (би-зет)- иіссіз, ақ кристалл зат,суда ерімейді,хлороформда,дихлорэтанда және қышқылданған суда жақсы ериді.Негізі ұрыстық күйі-аэрозоль.

Зақымдау белгілері: зақымдалған ауамен дем алғанда, тамақ пен су тұтынғанда 0,5-3 сағаттан кейін білінеді.Аз концентрацияда ұйқы басады, өмірлік қарекеттер бәсеңсиді,ал көп концентрацияда жүрек соғуы жиілейді, терінің ауыздың құрғақсуы пайда болып, қарашық үлкейеді.Келесі 8 сағаттың ішінде мелшиіп,тіл күрмелеу басталады.Бұдан әрі өрекпеу кезеңі келіп, 4 тәуелікке дейін созылады.

Қорғаныш: противогаз, пана.















Тарихи анықтама



Жылдар

Қандай жиын

Қандай

Қандай мақсатта

1899ж

І Халықаралық конференция

Гаага

Улағыш заттарды әскери мақсатта қолдануға тыйым салу туралы

1907ж

ІІ Халықаралық конференция

Гаага

-

17.06.1952 ж

37 мемлекет өкілдері жиыны

Женева

Соғыста тұншықтыратын улы немесе басқа да газ тәрізді бактерия- логиялық заттарды қолдануға тыйым салу туралы келісім (АҚШ, Жапония мақұлдаудан бас тартты).

1927ж

Кеңес одағы

-

Хаттамаға қол қойды.

1928ж

Кеңес одағы

-

Келсімді мақұлдады.

1975ж

АҚШ

-

Бірнеше ұсыныстармен мақұлдауға мәжбүр болды.

1993ж

Халақаралық жиын

Париж

Химиялық қаруды жасауға тыйым салу және құрту туралы конвенция.



УЗ қолдануға тыйым салу туралы келсімді бұзған елдер



Жылдар

Қандай ел

Қай елге қарсы

Қандай зардаптары болады?

25.04.1915ж

Германия

Францияға

15 мың адам зақымдалып,6 мың адам өлді.

1915 мамыр

Германия

Ресейге

9000 адам уланып,1200 адам қаза болды.

1916ж

Франция

Германияға

Көгерткіш қышқылды қолданды.

1935ж

Италия

Эфиопияға

19 рет жасалған химиялық шабулдан 760 әсер, тұрғындардың 30% қаза болды.

1951-52 ж

АҚШ

Кореяға

Химиялық қару қолданды.




1914-1918 жылдары 180 мың тоннадай әр түрлі УЗ шығарылды, оның 125 мың тоннаға жуығы ұрыс алаңдарында қолданылды. Тек Германияның өзінде 34 млн- дай химиялық снарядтар дайындалды.Дүниежүзілік соғыстарда УЗ-мен зақымданғандардың жалпы саны 1 млн.300 мыңдай адам болды



Қорытындылау:

1.Химиялық қару қандай қару?

2.Химиялық улағыш заттар қалай топтасады?

3.Химиялық қарудың пайда болу себептері?

4.Химиялық қаруды қолданбау туралы қандай халықаралық келісімдер?

5.Осы келісімдерді қандай елдер бұзды?

6.Химиялық қару қолдану қағидалары?

7.Химиялық қарудан қорғанудың дәрежелері және олардың сипаттамалары?





Бағалау.

Үйге тапсырма: БӘД оқулығы § 4

Общая информация

Номер материала: ДВ-520745

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.