Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ жоспары: "Натурал сандарды жазу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Ашық сабақ жоспары: "Натурал сандарды жазу"

библиотека
материалов

Сабақ № 1 Натурал сандарды жазу

Пән мұғалімі: Айдарова Сабира Пердебаевна

Сынып: 5

Сабақ тақырыбы: Натурал сандарды жазу

Мақсаттары:

Білімділік:  Натурал сандардың жазылуын, ретін, қатарын естеріне түсіріп қайталау. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен  іске асыра білу.

Дамытушылық:  Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау. Оқушыларды дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, өз бетімен есеп шығаруда қажетті білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:  Алған білімдеріне жауапкершілікпен  қарауға,  өз мүмкіндігіне  сенуге, үлкен жетістікке  ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Сабақ жүргізе отырып, оқушыларда өз еліне, ұлтына, Отанына деген патриоттық сезімдерді ояту, жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, болашақта жақсы тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.


Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.  

Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік , есептер шығару , дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар.

Сабақ барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,

ІІ. Өткенді қайталап, естеріне түсіру:

1.     Натурал сан дегеніміз не?

2.     Натурал сан қатары дегеніміз не?

ІІІ. Негізгі кезең: Оқушылардың ауызша есептеудің жылдамдығын арттыратын есептер тапсырмалар беру.

Кім жылдам!


1) 5) 9)

2) 6) 10)

3) 7) 11)

4) 8) 12)

Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады.

     Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатардынемесе натурал сандар қатарын құрайды.

     1 саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды.

    Әрбір натурал саннан кейін алдынғысынан бір санға артық тағы бір натурал сан келеді.

     Нөл натурал сан емес

Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады.

    0, 2, 4, 6, 8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.

    1, 3, 5, 6, 7, 9 цифрлары тақ цифрлар деп аталады.

     Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады

    Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп,бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады.

   Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді.

    Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы,одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді.

ІҮ. Білімді бекіту:

1.     Әрбір натурал сан үшін 1) кейінгі натурал санды; 2) алдыңғы натурал санды атауға бола ма?

2.     Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер қалай аталады?

3.     Кез келген натурал санның жоғарғы разрядтарда қандай цифр жазылмайды?

Сыныпта: № 1 (2 баған), № 2 (1,4), № 5, № 7

ΙV. Үйге тапсырма беру кезеңі: Үйге: № 1 (1 баған), № 2 (2,3), № 3, № 4

V. Қорытындылау кезеңі. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау.

1) 28 қыз доп ойнады. Олар ұлдардан 4 есе көп болды. Қанша бала доп ойнады? (35 бала)

2) Самат пен Арман – құрдастар. Егер Арман 7 – де болса, Самат неше жаста? (7 жаста)

3) 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина 4 сағатта қанша км жүреді? (320 км)

4) Отбасында 6 ұл бар. Әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар. Отбасында қанша бала бар? (6)

5) Немересі 20 жаста, ал атасы одан 60 жас үлкен. Атасы неше жаста? (80 жас)

VΙ. Бағалау кезеңі: Оқушыларға білім деңгейіне сай баға қою.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров80
Номер материала ДБ-357285
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх