Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Ашық сабақ жоспары тақырыбы "Қазақтың ұлттық ою-өрнектері" Арнайы 7-сынып

Ашық сабақ жоспары тақырыбы "Қазақтың ұлттық ою-өрнектері" Арнайы 7-сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:



Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Бейнеу селосы

«Абай атындағы орта мектебі» ММ







Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»









Арнайы 7-сынып мұғалімі:

Амалбаева Раушан Қанатқызы











2016 жыл

Пәні: Кәсіби еңбекке баулу Күні: 15.11.2016ж

Сыныбы: Арнайы 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.  Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихы, түрлері, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету. 
Дамытушылық: Оқушылардың ою-өрнектерді атау,көрсету, ою, қию, жапсыру, тігу жұмыстары арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру. 
Тәрбиелік: Ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.  Сабақ типі: Жаңа оқу материалын меңгерту. 
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру. 
Сабақ көрнекілігі: Слайд, ою-өрнек үлгілері, қазақы нақыштағы ою-өрнектермен бейнеленген заттар, перфокарта, бейнебаян, еңбек құралдары, смайликтер, қима қағаздар.

Жаңа сөздер: Орнамент

Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 

Қане, барлығымыз бері қараймыз! – Оқушылар, біздің бүгінгі өткелі отырған сабағымыз күндегіден ерекше, себебі сабағымызға қонақтар келген екен, ендеше қонақтарға қонақжайлылық көрсетейік. – Сабағымыздың жақсы өтуі үшін балалар қане, бір-бірлеріңе күліп қарап, қолдарыңнан ұстап, іштей жақсы тілек айтыңдар. Оқушыларды сабаққа даярлау. 
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.  – Бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға мен мынандай смайликтер беріп отырамын. Сонымен бірге бұл смайликтер әр түрлі бағаны көрсетеді, олар міне «5» hello_html_4d52cc5e.jpg, «4» hello_html_m6c1cf6ee.jpg, «3» hello_html_mf3990fe.jpg. Ал, олай болса сабағымызды бастаймыз, кім көп смайлик жинаса сол оқушы «ең озық оқушы» саналады.

Үй тапсырмасын тексеру

(Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру, сұрақтар беру, бағалау)

- Балалар, үй тапсырмасын кім айтады? - Оқушылар барлығымыз слайдқа назар аударайық, қане не көріп отырсыңдар? - Қане, кім айтады, қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер? - Сәукеле, камзол, бешбет,тақия, кебіс (суреттерін бояу, сипаттау) - Ал, осы киімдерді нелермен әшекейленген екен?



hello_html_49c8917.jpghello_html_m20a2eace.jpghello_html_m2063642b.jpghello_html_mc86c055.jpghello_html_m59fa2b16.jpg
Жаңа сабақ. 

- Алдарың берілген қима қағаздарды құрастырып қарайықшы, ал, оқушылар құрастырып болсақ айта қойыңдар кім не құрастырды? (оюлар)(Адай күйін жіберу)

hello_html_27eef53c.jpg

  • Не құратырдыңдар?

  • Олай болса, жаңа тақырыбымыз «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері». 

Сабақ тақырыбын баяндау.  (тақтаға жазу) (дәптерге жазу)

Түсіндіру.
Ою-өрнек – қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.
 
Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек.
 
Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру дгене сөзі. Мысал ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.
 
Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.
 
Ою түрлері 4 топқа бөлінеді:

Жануар Өсімдік өрнектері Геометриялық Космогониялық тектес

hello_html_65b75527.jpg

ВИДЕО ҚАРАУ)

Жаңа сабақты бекіту

Перфокарта





























Сергіту сәті

(қара жорға биін билеу)

Ою қиып үйренейік

(түрлі түсті қағаздардан ою қию, атын атау)

Ойын – «тапқырлық» 

Жұмбақ шешу, осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атау.

Дүниеде бір молда

Уақытында азан оқиды.

Мезгілінде айқайлап,

Қайтып кеп, жер шоқиды.
Жауабы: қораз

Осы жұмбаққа байланысты ою түрлері: құсқанаты, қазмойын, құстұмсық,


қарғатұяқ, қазтабан, т.б.

Таптым, таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға.
Жауабы: түйе

Оюлар: түйетабан, ботагөз, өркеш, т.б


Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.
Жауабы: сиыр

Оюлар: сыңармүйіз, сынықмүйіз, қосмүйіз, т.
б

Қорытынды

- Оқушылар бүгін сабақта қандай тақырып өттік?

- Сендердің естеріңде қандай оюлар қалды?

- Сендерге сабақ ұнады ма?

- Өте жақсы, сендерге де рахмет!

Бағалау Мадақтау









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.11.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров10
Номер материала ДБ-365957
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх