Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Өзіңді де, өзгені де аяла"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Өзіңді де, өзгені де аяла"

библиотека
материалов



Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі













Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді де,өзгені де аяла»










Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: А.К.Кезенбаева














Тақырып- «Өзіңді де,өзгені де аяла»

Құндылық сүйіспеншілік

Қасиеттер: сұлулық ,адамгершілік, мейірімділік.

Мақсаты: Оқушыларға өзінде, өзгелерді де аялай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

1.Оқушыларға «аялау» сөзінің мәнін түсіндіру.

2. Қоршаған ортаны аялай білуге баулу.

3. Балаларды өз өміріне, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар,

мәліметтер)

слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

  • Сынып оқушыларын түгендеу.

  • Оқушылар сыпайылық,ризашылық,қайырымдылық,

  • мейірімділік топтарына бөлемін.

  • «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).

Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.


Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу 2-3 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Жанашыр» әңгімесін оқу. 43-45 бет

Бірге оқитын құрбыларымен доп ойнап шаршаған Дастан үйіне қайтып келе жатты.Кенет ол көшенің бұрылысында кедір-бұдыр жолға қайта-қайта сүрініп-жығылып,сенделіп жүрген қыз баланы көрді. «Соқыр ма өзі, машина басып кетеді-ау» деп ойлады Дастан. Жүгіріп қыздың қасына келді.

-Жолдан былай шық,-деді Дастан, қыздың қолынан ұстай алып,

-Әне, машина келе жатыр.Өзің неғып жүрсің ?

-А-а-дасып кеттім!-деді қыз бала өксіп.

-Қайда тұрушы едің?

-Көзі жоқ балалар үйінде.Сен кімсің?

-Мен Дастанмын.Қорықпа,үйіңе апарып саламын.

Ақбөпе жетім еді.Ол зағип балалар үйінде тұратын.Сонда оқиды.Өзі ән салады.Дауысы қандай әдемі,күміс қоңырау сияқты.Ақбөпе ән шырқаса,достары ұйып тыңдайды.Мана Ақбөпе аулада асыр салып ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін өзі де аңғармаған. Артынан достары:

-Ақбөпе,Ақбөпе!-деп шарқ ұрып іздеп,айқайлағанымен таба алмай қойған болатын.

Дастаннан әуелде сескеніп қалған Ақбөпенің бірте-бірте бойы үйренді.Енді ол қолын созып, жаңа досының қайратты кекілін,таңқы танауын,қалқиған құлағын сипады.Сонан соң жақындап,иығымен түйістіріп,бойын өлшеді.Екеуінің бойы бірдей екен.Екеуі әңгімелесіп,зағип балалар үйіне келе жатты.

-Мен ғарышкер боламын,-деп қояды Дастан мұрнын маңыздана тартып.

-Мен әнші болғым келеді,-дейді Ақбөпе,ұяла сөйлеп,жымиып.

Міне, олар Ақбөпенің үйіне келіп те қалды.Ақбөпенің келгенін сезген балалар қатты қуанды.Ақбөпені де, Дастанды да құшақтап,орталарына алды.Бірі билеп, бірі сырнай тартты.Шаршағанын ұмытып,Дастан үйіне ерекше көңілмен қайтты.

-Дастан,Дастан,келіп тұр!-деп көпке дейін қол бұлғап қалды,оның жаңа достары.

1.Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Сендерді кімдер аялайды?

3.Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады ?

4.Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар ?

5.Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады ?

Сонымен, балалар ,бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Өзіңді де,өзгені де аяла» деп аталады.

43-45 бет мәтінді оқу

3. Дәйексөз.

Аялауды табиғаттан үйрен”

Халық даналығы

1.Біз аяулауды неден үйренуіміз керек?

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Дәйексөзді былай тұжырымдаймыз:

-табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық,бәрі де адамдарды аялайды.Мысалы:нұрын төгеді,суын береді,ауасымен дем алдырады және олар осы жақсылығын міндет етпейді.Сондай-ақ адамдарды бөлмейді,бар жақсылығын бәріне бірдей көрсетеді.Адамдар да дәл солай жасауы тиіс.Сондықтан да халық «Аялауды табиғаттан үйрен» дейді.


Дәйексөзді дәптерге жазу

4. Оқиғаны айту. Әңгіме айту

Балауыздың арманы

Қашаннан бері жатқаны белгісіз, балауыздың сөреде жатқанына көп болды. Ешкім оны керек етпейді. Жарқыраған электр жарығы бар. Бірақ, балауыз ешқашан да үмітін үзген емес. Осы үйдегі адамдардың тіршілігін сырттай бақылап, кәдеге жарар күнін сабырмен күтіп жата берді.

Бұл үйдің де жандары өзге отбасылар секілді, күндіз ата-анасы жұмыста, балалары сабақта болатын. Кешке бәрінің басы жиналғанда, кешкі астарын іше салып, балалары компьютер алдына, үлкендер жағы демалатын бөлмедегі үлкен теледидар алдына жиналатын. Осылайша бірқалыпты күндер өтіп жатты. Даңғарадай үйдегі адамдар бір-бірімен сырласып, сөйлесуден қалды. Әркім өзімен-өзі әуре. Отбасылық жылу жоғалып бара жатқандай. Осының бәрін көріп жүрген балауыздың адамдарға жаны ашып, сөніп бара жатқан жылуды қалай жандыру керектігін ойлайтын. Оларға шынымен де көмектескісі келді.

Бір күні, қатты боран соқты. Қаттылығы сонша, электр желілері үзіліп, бүкіл қала жарықсыз қалды. Электр қуатын тұтынатын құрылғының бәрінің басына үнсіздік туды. Дәл сол сәтте сөреде жатқан балауыздың арманы орындалды.

Аналары:

- Осы сөрелердің бірінде бір балауыз болған. Қане, іздейікші, - деп ұялы телефондарының жарығымен барлығы жабылып, ұмыт қалған балауызды іздей бастады. Ақыры тапты-ау. Балауыздың табылуын күткендей, ұялы телефондардың да қуат көзі таусылып қалды. Оның астына кішкене ыдыс қойып, тұтатқаны сол еді, тас қараңғы үйге нұр себілгендей болды. Үйдегі жалғыз жарық - ұмыт қалған балауыздың сәулесі. Отбасының барлық жандары балауыз тұрған үстелдің басына жиналды. Олар бір-бірін танымайтын, ортақ әңгімелері жоқ адамдардай біраз үнсіз отырысып қалды. Кенет отағасы:

- Балалар, осылай үнсіз отырамыз ба? Мен сендерге балалық шағымдағы қызықты бір оқиғаны айтып берейін, - деп, ең алғаш атқа мініп үйренгендегі қызықтары жайлы майын тамызып тұрып әңгімелеп берді. Содан кейін аналары да, өзіне көйлек тігемін деп, үлкен матаны қалай кескілеп тастағанын айтып, бәрін бір күлдіріп алды. Балалар да мектептегі қызықтарын айтып, ата-аналарын біраз таң-тамаша қылды. Ал балауыз болса, өзінің арманының орындалғанына төбесі көкке жеткендей болып, маздап жана берді, жана берді. Қуанышы қойнына сыймай, осы бір мейірім, жақындық ұшқыны қайта орнаған отбасының жылуын сөндіріп алмас үшін, нұрын аямай төкті. Шаттанғаннан соңғы рет лап-лап жанды да, баяулап сөне бастады. Сол сәтте электр жарығы да самалдай жарқырап кетті. Бірақ, бұған ешкім де қуана қоймады. Олар әлі де болса біраз отыра тұрғысы келген еді.

Осылайша, ұмыт қалған балауыз өз арманына жетіп, бір отбасының адамдарының жүрегіне бір-біріне деген шынайы, аналық, әкелік және балалық махаббатты оятыпты. Сол кештен кейін үлкен әсер алған отбасы, кей күндері бүкіл жарықты сөндіріп, балауыз жағып қойып, қызықты әңгімелерін айтып, ақын жырларын оқып, пікір таластыратын болыпты.

1.Неге ертегі «Балауыздың арманы» деп аталады ?

2.Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым- қатынасы қандай?

3.Әңгіме сен үшін қалай аяқталды деп ойлайсың ?

4.Отбасында сүйіспеншілік болу үшін не керек ?




6. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс .



1топ

Табиғатқа деген сүйіспеншілік суретін салу

2. топ

Әңгіме құрастыру. «Анаға деген аяушылық»

3.топ

Жағдаятты шешу

Мұхит сабақтан келе жатып,шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды.Қараса,кіп-кішкентай мысық,үсті-басы су-су.Мұхитқа аянышты көзбен қарап,мияулап тұр.Мұхит мысықты аяп,үйіне алып келді.Оны орап,пештің жанына жатқызды.Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті.Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырады.Ашса,көршісі Асылхан екен.Ол мысығын жоғалтып,таппай Мұхитқа келген еді.Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп,Мұхитқа күдікті көзбен қарап,

мысығын құшақтап шығып кетті.

1.Сендер Асылханның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2. Мұхиттың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?


10 минут

7.Топпен ән айту

Аяулы анашым.

Әділет Саматұлы

1.Кішкентайдан мені мәпелеп өсірген
Осы күнге мені енбекпен жеткізген
Осы күнге мені ұйқысыз жеткізген
Аяулы анашым.
қ-сы
Аяулы анашым ак сүт берген маған,
Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам.
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам,
Аяулы анашым.
2.Міне, менде өстім
Осы жаска келдім.
Анамның ақ сүтін,
Ақтар жасқа келдім.
Ұлым өссе егер
Бір қайтарар деген
Аяулы анашым.

Қ-сы
Аяулы анашым ак сүт берген маған,
Бұл өмірде жоқ қой сеннен артық адам.
Анам бар деп мәңгі ән айтып мақтанам,
Аяулы анашым.





Ән айту

8. Үй тапсырмасы

48беттегі «Сүйіспеншілік» мәтінің оқып келу.




Оқулық

43 бет

9. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік.

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет. Көздеріңізді ашуға болады.




Жағымды әуен қосу 2-3 мин










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-534682

Похожие материалы