Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Ашық сабақ "Өзін-өзі тану әлемі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Ашық сабақ "Өзін-өзі тану әлемі"

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы

«Ертөре» ересектер тобы

Білімдік сала: «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Өзін -өзі тану

Тақырыбы: Өзін-өзі тану әлемі

Мақсаты: Балалардың «Өзің-өзі тану» пәнімен таныстыру; сабақтың негізгі кезеңдерімен таныстыру: «Шаттық шеңбері» , «Әңгімелесейік», «Армандайық», «Тыңдайық –ойланайық» , «Ойнайық», «Қорытындылайық», «Жүректен-жүрекке» шеңбері; «Өзін-өзі тану» пәніне деген қызығушылықты ояту.

Әдістер: сұхбат, түсіндіру, әңгіме, ойын, жаттығу.

Құрал- жабдықтарм: хрестоматия , «Өзін-өзі тану» альбомы, қораптағы ойыншықтар, түрлі-түсті ленталар, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасы, «Табиғат үндері» сериясынан аудиожазба.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

- Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

- Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді,


Жеткізсін жылу мен шаттық.


Бөліскен жақсы ғой өмірде,


Қуаныш, мейрім, бақытты.



Шаттық шеңберіне тұрады.




Тыңдайды.




Өлеңге сай қимыл – қозғалыс жасайды.













Қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады.

Қолдарын жүректерінің тұсына қояды.

Қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты.

Қолдарын екі жаққа созады.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Әңгімелесейік

- Балалар, бүгінгі күн біз үшін ерекше басталып отыр. Себебі «Өзін өзі тану» әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғажайып әлемге жету үшін алдымен саяхаттың ережелерімен танысып алайық!

Біздің саяхатымыз осы бөлмеде өтеді. Бұл бөлмеге келген адамның көңілі таза, жүрегі адал, мейірімді болып шығады. Балалар саяхатта бір-бірімен дос болуға, үлкендерге көмек көрсетуге, жаныңдағы адамдарға, табиғатқа жақсылық жасауға үйренеді.

Саяхатымыз «Шаттық», «Достық» шеңберінен басталып, «Жүректен - жүрекке» шеңберімен аяқталады.

«Өзін-өзі тану» әлемі бізге

әңгімелесуді үйретеді, әртүрлі ертегі,

өлең, тақпақтармен таныстырады. Ол

үшін саяхатымызда «Әңгімелесейік»

деген ерекше бөлінген уақытымыз

болады.

Әңгімелесу үшін алдымен тыңдай

білу керек. Біз саяхатта бір -

бірімізді, үлкендердің оқыған

әңгімесін тыңдап, ойланып сөйлеуге

үйренеміз!

«Тындайық-ойланайық» деген кезде

ғажайып әлемде тыныштық сақтап,

әдепті бала боламыз!

«Өзін-өзі тану» әлемі бізге бір тағы бір

құпиясын ашады. Үлкендер айтпақшы,

әр баланың, әр адамның аңсаған

арманы болады. Армандауға бізге

тағы ерекше уақыт бөлініп отыр.

«Армандайық» деген кезде әр бала

көзінің алдында өзінің ең жақсы

арманын елестетіп көре алады.

Саяхатымызда әртүрлі ойындармен

танысамыз! Қай бала ойынды жақсы

көрмейді! Сол үшін «Ойнайық»,

«Сергіту сәті» деген кездесулеріміз

болады.

«Өзін өзі тану» әлемі бізге қызықты

тапсырмалар береді. Саяхатымыздың

соңында біз жылулық шеңберге жиналып,

естіген, көрген, білген нәрселерімізді

қорытындылап, шын жүректен жақсы, жылы

тілектер айтып, қоштасамыз.

Жүректен шыққан сөздер әр адамның

жүрегіне барып қонады! Сондықтан бұл

шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп

аталады.

Балалар, бүгін біз бір сөзді өте көп,

жиі-жиі қайталап айтып отырмыз. Ол

ғажайып «Өзін-өзі тану» әлемінің ең

сүйікті «жақсы», «жақсылық» деген

сиқырлы сөзі екен. Бұл сөзді түсініп,

есіне сақтап жүретін бала жаман

болмайды.

Біз саяхатымызда жақсы бала, жақсы

адам болуға үйренеміз!

Ойнайық

«Жақсылықтың жолдары» ойыны

Тәрбиеші балалармен «Жақсылықтың

жолдары» деген ойын ойнайды.

Әдемі қорапта әртүрлі ойыншықтар,

түрлі-түсті ленталар «ғажайып

жолдар» бар. Тәрбиеші әрбір жолға

белгілі бір сапалық-құндылық атау

қояды. Мысалы:біреуі-Қуаныш,

екінші-Бақыт жолы,

үшіншісі-Достық жолы Денсаулық,

Бейбітшілік жолы т.б әр лента-

жолдың соңында бір-бір ойыншық

орналасады.

Тәрбиеші топтағы әр баланың

«жолы» ретін еденге ленталарды

жаяды.

Әр бала ойыншықты таңдап алып, өз

жолдарының басына келіп , лента-

жолдың бойымен серуенге шығады.

- Алдымен былай келісіп алайық,

Арманның жолың «Бақыт» деп

атайық

Ал, Әсемнің жолы-«Қуаныш».

Сендердің ойыншықтарыңа апаратын

«лента-жолдың» қайда орналасқанын

аңғарындар.

«Соқпақты біз табамыз» деген сөзді

ести салысымен өздеріңнің

жолдарыңмен ойыншыққа қарай

жүгіріңдер, оны қолдарыңа алып,

жоғары көтеріңдер.

Қыдыруға барамыз,

Соқпақ іздеп табамыз.

Бір, екі, үш деп санайық!

Соқпақты іздеп қарайық!

Қуанамыз, ойнаймыз!

Жолды таппай қоймаймыз!

Бір, екі, үш деп санайық!

Соқпақты іздеп табайық!

Балалар лентаның бойымен ойыншықтарға қарай жүгіреді де, оларға жетісімен ойыншықты қолына алып, жоғары көтереді.

- Балалар, сендердің жолдарыңды

қалай атаған едік, естеріңе түсіріндерші?

Арман! Сенің жолың қалай аталады? Бақыт?!Тамаша!Ал, енді, Арманжан,

менің айтқанымды қайтала:

Жолмен келе жаттым,

Бақытымды таптым.

- Жарайсың! Ал, Әсемнің жолы қалай аталады? Қуаныш?! Тамаша! Ал енді менің айтқанымды қайтала:

Жолмен келе жаттым,

Көп қуаныш таптым.

Ойын балалардың бәрі айтып болғанша жалғаса береді.

- Маған бұл көңілді ойын өте ұнады. Біз Махаббат, Достық, Мейірім, Денсаулық, Қуаныш, Бақыт, Бейбітшілік деген сөздерді енді еске сақтап қаламыз.

Мен сендерге осындай тамаша «Жақсылықтың жолдарын» өмірлеріңде де тауып, достарыңмен осы жолдарда бірге, қол ұстасып жүріп өтулеріңді тілеймін!

Тыңдайық-ойнайық

Ө.Ақыпбековтың «Өзінді тану» өлең жолдарын өқып, мазмұнымен таныстыру және әңгімелесу.

- Балалар, бүгін біз «Өзін өзі тану» деп аталатын ғажайып әлемге саяхатқа аттандық.

Бұл сендер үшін «өзін» және «тану» деген сөз тіркесінен құралған жаңа ұғым.

«Өзін-өзі тану» дегеніміз-адам өзінің ішкі болмысын танып білуі деген ұғымды білдіреді. Бұл сөзді естеріңе сақтандар!

Кәнеки, осы ғажап сөзді барлығымыз бірге дауыстап айтайықшы: «Ө-зін- ө-зі-та-ну».

- Балалар, «Өзін өзі тану әлемінің» картасына қарандаршы.

(Карта бояумен әдемі безендірілген , кабинеттің қабырғасында қолдануға болады, онда балалардың қабылдауына түсінікті және қызықты болады).

- Адам осы әлемге саяхатта жүргенде өзі туралы, табиғат туралы және өзге адамдар туралы көптеген қызықты нәрселерді таниды.

Ал осы керемет әлемді бізге тану Махаббат періштесі көмектеседі.

-Сендер періштенің кім екенің білесіңдер ме?

- Махаббат періштесі-ертегі сиқыршысы. Ол сендердің қайырымды, ақылды, қамқаршыл, бақытты, еңбексүйгіш болып өсулеріңді қалайды.

«Өзін өзі тану» әлемінде біз өзіміздің достарымызды, қоршаған әлемді терең түсінуді үйренеміз. Біз бір-бірімізбен дос болуды және бізді қоршаған ортаның қызығына қуана білуді үйренеміз.

Өзіміздің Отанымыз - Қазақстан Республикасын сүйіп, құрметтеуді үйренеміз.

Армандайық

- Балалар, армандауды ұнатасыңдар ма? Ыңғайланып отырындар. Кәнеки, бірге армандайық!

- Біз тып-тыныш отырып, қоршаған әлем үнін тындайық және бір жақсы, мейірімді нәрсені елестетейік.

Біз керемет құс болып, жер шарын көру үшін биік аспанға самғап ұшып жүргенімізді елестейік, болмаса, күннің нұрына қуанып, әдемілеп қанат қаққан көбелек болғанымызды елестетейік.

(«Табиғат үндері» сериясынан кез-келген үзінді ойналады)

- Өзінің не туралы армандағанын кім айтып бергісі келеді?

- Тамаша! Сендердің жауаптарың өте қызықты. Мен әрбір адам жақсылықты армандаса, оның арманы міндетті түрде орындалатынын білемін!

Шығармашылық тапсырма

- Балалар, Махаббат періштесі сендерге «Өзін өзі тану» сабақтарына арналған альбом сыйлады.

Бұл альбом сендерге, достарыңа және жақын адамдарыңа да пайдалы көп қызықтар бар.











Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап отырды.

















Өзін – өзі танудың бөлімдерімен танысты.










































Қызығушылық танытады.














Өздері қалаған ойыншықтарына апаратын жолды қарады.




Тәрбиешінің айтқанын бұлжытпай орындады.










Ойын кезінде қызығушылық танытты.



Өз жолдарының атауын атады.


Жолмен келе жаттым,

Бақытымды таптым.





Жолмен келе жаттым,

Көп қуаныш таптым.


Махаббат, Достық, Мейірім, Денсаулық, Қуаныш, Бақыт, Бейбітшілік деген сөздерді естерінде сақтады.



Алғыстарын білдірді.








Тыңдап отырды.





Бәрі бірге: «Ө-зін- ө-зі-та-ну» деп қайталап айтты.













Тәрбиешінің айтқанының бәрін мұқият тыңдап отырды.















Тәрбиешінің айтуы бойынша көз алдарына елестетті.




Балалар тыңдап отырады

- Өздерінің не туралы армандағандарын айтты.









Қуанғандарын білдіреді.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытындылайық

- Балалар, біз сабағымызды қорытындылаймыз. Ең алдымен қай елге саяхат жасағанымызды есімізге түсірейік?

-«Өзін өзі тану» елінде өмір сүретін періштенің аты кім?

«Өзін-өзі тану әлеміндегі» Махаббат Періштесінің үлкен арманы бар екен. Ол барлық балалар мен үлкендер тату-тәтті әрі бақытты өмір сүрсе, қуанса және бір-бірін жақсы көрсе деп армандайды. Періште балаларды да, үлкендерді де жақсы іске үйретеді. Ол сендердің мейірбан, тату, батыл, сүйікті және бақытты болуларыңды қарайды.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында біз ойнайтын, армандайтын боламыз, адамның кім екенін, оның жер бетінде не үшін өмір сүріп жатқанын және жақсы адам болу үшін не істеу керек екенін түсіндіретін өлендер мен ертегілер тыңдаймыз.

«Жүректен жүрекке» шеңбері

-«Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір-бірін тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше. «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.

- Сендер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсындар?

- Шеңбердің бір жақсы жері- онда бұрыш, болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейрімді адамдарға келеді:

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

- Бүгін-тамаша-күн. Біздің көңіл - күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа, өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен - жүрекке»» деп аталады.

Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

- Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге жақын туыстарымызға, мейірімді, сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

- Рахмет, балалар!Сау болындар!


Берілген сұрақтарға жауап береді.


-«Өзін өзі тану» елінде өмір сүретін періштенің аты – Махаббат.









Қуанғандарын білдірді..










Өз ойларын білдірді.







Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!








Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын,ризамын,ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын,ризамын қазірге!


- Алғыстарын білдірді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Өзін – өзі тану» пәні туралы.

Игереді: «Өзін – өзі тану» пәнінен ҰОӘ әр кезеңінде нені білетіндерін.

Меңгереді: өзіне және өзгелерге риза бола білуді.



















Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров193
Номер материала ДБ-047800
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх