Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ,Әдебиеттік оқу: "Туған ел" 3 сынып

Ашық сабақ,Әдебиеттік оқу: "Туған ел" 3 сынып

Скачать материал

 

 

Әдебиеттік оқу

№ 32 сабақ

Күні: 26.10.2015  жыл

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин   «Туған ел»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
С.Сейфуллина өмірінен мәлімет беру. Туған ел өлеңнің оқыту барысында тақырыбы мен идеясын ашу. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру арқылы өзінше ой түюге баулу.
Дамытушылық: шығармашылықпен жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным түсініктерін сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту, тіл байлығын молайтып ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, байлығын қорғауға, елін халқын құрметтеуге, елжандыққа, әсемдікке жауапкершілікке тәрбиелеу. Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, сызбалар, суреттер, жылжымалы тақта.

Типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

 

Оқушылар тез шеңберге тұрып бір – біріне сиқырлы таяқша беру арқылы сәттілік тілейді.

 

Топқа бөлу: оқушыларға  әр түстегі ұшақ билетін беру арқылы, түс – түспен топқа бөлінеді.

Топ жетекшіні таңдау және оған көк пилотка кигізу

 

II. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Үйге берілген тапсырма  «Үш бақытым»,  «Туған тілім» өлеңін  жатқа айту.
IІІ. Үй тапсырмасын  бекіту:

 Оқушыларға өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар қою

 

- Мұқағали Мақатаевтың   «Үш бақытым»  өлеңін неге теңеген? (Халық, Тіл, Отан)
- Дихан  Әбілевтің өлеңі не туралы?
(туған тіл)
- Екі өлеңнің ұқсатығы  неде?
(Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан

 

 

 

 

 

сүйгіштікке, тілді құрметтеуге  шақырады.)
- Өлеңнің негізгі ойын,  идеясын бір мақалмен қорытындылап көріңдерші. (Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте)

«Сөзжұмбақ» шешу

1.     Рәміз    ( ту )

 

2.     Көрінбейді көзіңе, тіл қатпайды өзіңе,

Жығады ол күн сайын ең  күштінің өзінде.    ( уақыт )

 

3.     Ата - баланың .....    ( қорғаны )

 

4.      Екінің орысшасы  ( два )

 

5.     Ас қорыту мүшесі  ( қарын )

 

6.     Заттардың қимылын, іс – әрекетін  білдіретін сөз табын қалай атаймыз? ( етістік ), (не істеді? қайтті?  не қылды?)

 

7.       5 * 10  ( елу )

 

IV. Жаңа сабақ: - сонымен  біздің шешкен сөзжұмбағымыздан қандай сөз шықты (туған ел)
- Бүгін біз С.Сейфуллин атамыздың «Туған ел» өлеңін өтеміз:

     Туған жерін, елін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз. Сондай бір туған елін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, мемлекеттік қайраткер

С.Сейфуллиннің өмір баянына тоқталып өтейін.


    Сәкен Сейфуллин – 15 қазан 1884 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. 1905 – 1908 жылы Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқып білім алған, 1913 – 1916 жылдары қалалық үш классты училищеде оқыған.  Қазақ жаңа әдебиетінің негізін салушы, мемлекеттік қайраткер.

V. Оқулықпен жұмыс: «Туған ел» (68 бет)
- Мұғалімнің оқуы мәнерлеп;
- 2-3 оқушыға мәнерлеп оқыту;
- Мәтін бойынша сұрақтар:

А) Ақын туған даласын кімге теңейді? (Анаға)

 

 

Ә) Берілген суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр; (Жайқалған туған ел)
В) Табиғат адамға не береді?
(Сән, жылу, нәр, сұлулық)

Суретпен жұмыс:

- Суреттен не көріп тұрмыз?
- Елік, гүл, бұлт, шөп, көбелек, ағаш
.

- Енді осы заттардың атын маған  2  тілде айтып беріңдерші? (Олень, цветы, облака, трава, бабочка, дерево)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Алақанды ұрайық,

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

 

VI. Дәптермен жұмыс: 

 

Қазанның жиырма алтысы
«Туған ел,Отан»  туралы 2-3 сөйлеммен эссе жазу.

 

VII Бекіту: постер құру
-  Ақынның қандай шығарма өлеңдерімен таныстыңдар?
Туған ел, Отанды неге теңейсің? (Анаға, күнге, гүлге,  қамқоршыма)

-  Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?( Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер)


VIII Қорытынды:
    -  Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық?

   - Туған ел өлеңін кім жазған?

   - Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?

 

Үйге тапсырма:
1. «Туған ел» өлеңін жаттау.

Бағалау: Топ жетекші бағалау парақшасы арқылы бағалайды

Рефлекция: Сабақ басында үлестірілген билетке  сабақта не білдім, нені білемін, не білгім келеді кестесін толтырып  вагондарға орналастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

р\с

Оқушының аты

Үй тапсырмасы

Үй тапсыр бекіту

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р\с

Оқушының аты

Үй тапсырмасы

Үй тапсыр бекіту

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р\с

Оқушының аты

Үй тапсырмасы

Үй тапсыр бекіту

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р\с

Оқушының аты

Үй тапсырмасы

Үй тапсыр бекіту

Оқулықпен жұмыс

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Қорытынды

1

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәкен  Сейфуллин

(1894 – 1938)


Сәкен  Сейфуллин

 

 

                           Шығармалар                                             Повес – романдары                    

 

Айша,  Жемістер
Тар жол, тайғақ кешу; Ақсақ киік, Дала дауылпазы
 

 

 

 

 

 

 


                    Өлеңдері                                                    Поэмалары

 

Бақыт жолында, Қызыл сұңқарлар, Қызыл ат, Аққудың айырылуы
Асау тұлпар,  Домбыра, Экспрес,  Тұрмыс толқынында, Көкшетау, Сыр сандық, Асығып тез аттандық, Далада, Кел, жігіттер; Біздің жақта, Сағындым
 

 

 

 

 

 

 

 



 

Біздің жақта

(Сүргінде жүргенде шет елде айтылған өлеңнен үзінді)

 

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,

Ағашты биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын

Меймандос, берекелі елдері бар.

Думанды шалқар көлдері-ай,

Еркін дала белдер-ай.

Каздай қатар мыңғырып,

Тізіліп көшкен елдер-ай.

А-ай, Сарыарқа,

Елің алыс,

Қалды шалыс,

Жат жерде талай елмен болдық таныс.

Жеріне біздің, жақтың лайық ері,

Ер палуан, аңшы-мерген, әншіл, сері.

Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,

Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.

Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,

Жазушы ек қанат сұңқардай,

Асауменен алысып,

Қашағанды құтқармай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер

 

 

 

Шығармалар:  Тар жол, тайғақ кешу; Ақсақ киік, Дала дауылпазы

Өлеңдері: Асау тұлпар,  Домбыра, Экспрес,  Тұрмыс толқынында, Көкшетау, Сыр сандық, Асығып тез аттандық, Далада, Кел, жігіттер; Біздің жақта, Сағындым

 

 

 

(Анаға, күнге, гүлге,  қамқоршыма)

 

 

 


Сағындым

 

(Қамауда, 1918 жыл 23 февраль)

Туғалы қапас көрмеген,

Көкіректе кектер кернеген,

Талпынып құлаш сермеген

Айтайын ішкі сырымды:

Қайрымды қалың елі бар,

Сарыарқа сары белі бар,

Өрісті шалқар көлі бар

Сағындым мен кырымды.

Өзенді, көлді жайлаған,

Кермеге тұлпар байлаған,

Хабарсыз арам ойлардан

Сағындым мен аулымды.

Жібектей шашы оралған,

Қыпша белі кыналған,

Еркесі қырдың бұралған

Сағындым мен сәулемді.

Айналып-толғап өсірген.

Ақ сүтін беріп кешірген,

Тастамайтын есінен

Сағындым ғаріп анамды.

Мал бағып, шауып ойнаған,

Үйреткен асау байлаған...

Көк жасыл шебі жайнаған

Сағындым еркін даламды.

Қымызы бал шараптай,

Жігіті бағлан манаптай,

Тұлпары тарпаң қанатты

Сағындым бейбіт елімді.

Таулары биік қиялы,

Орманы шалғын миялы,

Жылқы, қой, сиыр, түйелі

Сағындым Арқа - жерімді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ,Әдебиеттік оқу: "Туған ел" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 1420
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамедиева Марал Мырзагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42383
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1186 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 564 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе