Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ«Достық өлкесінің заңы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ«Достық өлкесінің заңы»

библиотека
материалов

I Сабақтың тақырыбы:

«Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов.


II Сабактың мақсаты: Оқушыларды автордыңөмірімен таныстыру. Өлеңді өмірменбайланыстыра отырып өлең мазмұнын игерту. Өлеңдегі ізгі қасиеттерді тани отырып,оларды өз бойларынан таба білуге үйрету.Оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтыңәдісі түсіндіру, сұрақ - жауап,ой қозғау.

Көрнекілігі: автор суреті, әр-түрлі тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика, музыка.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын

Ізгі әрі нәзік,жарык, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне,жүрегіміздегі осындай жылу мен сабағымызды бастаймыз.

  1. Үйгеберілген тапсырманы сұрау.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйге берілген тапсырма Сапарғали Бегалиннің «Мейірім» әңгімесі. Қане,балалардайынбыз ба?

  • Әңгіме неше бөлімнен тұрады?

  • Үш бөлімнен

  • Әңгімедегі негізгі кейіпкер кім?

  • Шоқан

  • Шоқанныңәкесі кандай кісі болған?

  • Шоқан кімдердің арасындағы ұрысты тоқтатты?

  • Осы ұрысты,жанжалды тоқтатуда Шоқанның қандай қасиетін байқадыңыздар?

  • Адамгершілік,мейірімділік қасиеттерін

  • Шыңғыс баласына не үшін риза болды?

  • Баласының мейірімділігі, жанашырлығы үшін риза болып, егіншілерге баламныңмейірімінен садақа кетсін деп көмек көрсетеді.

Міне, балалар, осындай қасиеттер адамның жүрегіне жылы тиіп басқа адамның дамейірімін оятады. Осыдан барып екі адамның арасында не пайда болады деп,ойлайсындарбалалар?

  • Әрине достық.

  1. Қызығушылықты ояту кезеңі.

- Дос деген кім?

-Дос деген бір-біріне жанашыр адам.

-Дос сөзінен туынды сөз жаса.

-Достық дегенді қалай түсінесің?

-Достық– адамдар арасындағы үлкен сыйластық. Достық адамдардың бір-бірінеадал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі ортақ көз қараста болатын қасиет. Нағыз достық кісігешабыт береді.

Сергіту сәті: сиқырлы сандар ойын арқылы өткізу.

Шарты: көбейту кестесін жылдам орындау арқылы жасырын сөзді табу.

I топ II топ III топ

Д.5х4Ө. 7 х 1 Н. 7 x7

О.5x5 Л. 7x2 І. 7x8

С.5х6 К. 7 х 3 Ң. 7 х 9

Т.5x7 Е. 7 х 4 З. 8 х 2

Ы.5х8 С. 7 х 5 А. 8 х 3

К.5х9 I. 7 х 6 Ң. 8 х 4

Ы.8 х 5

* Қандай жасырын сөз шықты?


  1. Жаңа сабақ.

Достық өлкесінің заңы. Олай болса, балалар оқулығымыздағы М. Шахановтың осыөлеңімен танысамыз. Балалар ақын жазушыларымыз, бала кезінгі өз достары жайлыкөптеген өлең, әңгімелерін жазған. Осындай бір өлеңді жырлаған ақынымыз МұхтарШаханов пен оныңөлеңімен оқып танысамыз.


Автор жөнінде мәлімет беру.




Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы,Шілікауылында туған. Әкесі Досболов Шахан Мұхтардың 9 жасында қаза болады. Әкесі өлгеннен кейін анасы Ұмсын екеуін нағашысы Ыскақ өз қолына көшіріп алады. МұхтарШаханов нағашысының қолында тәрбиеленеді.


Ол Республикалық «Жалын журналынын бас редакторы» Мемлекеттік тіл коғамдықкозғалысының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы,ақын,сазгер,қоғам қайраткері.М.Шаханов шығармаларының тақырыптары Отан, Табиғат, Тарих. Достыққа құрылған.Бүгін, біз осы достыққа құрылған, «Достық өлкесінің заңы»өлеңімен танысамыз.Оқулыкпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Түсініксіз сөздер бойынша сөздікпен жұмыс жүргізу.


Сөздікпен жұмыс

Сүттей аппақ– таза

Көңіліміздің айдынында күнжүзді – қуану, шаттану

Өлке – адамның туған жері жәнеөсіп-өнген аймағы

Заң- орындалуға тиісті ережелер.


Сүттей аппақ – таза

Көңіліміздің айдынында күн жүзді – қуану, шаттану

Өлке – адамның туған жері және өсіп-өнген аймағы

Заң - орындалуға тиісті ережелер жинағы.

Өлеңді 2 минут іштей оқыту. Өлеңді оқушыларға тізбектей мәнерлеп оқыту.Сұрақтармен жұмыс

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Өлең кімнің атынан баяндалған?

  • Мұхтар мен досы әжесінен неге қатты қорықты?

  • Әжесі немересін неге жазалаусыз қалдырды?

  • Нағашысы жиенін қалай қорғады?

  • Осы өлеңдегі ақынның достығы қандай достық деп ойлайсың?

  • Достың басқа қандай түрлерін білесіңдер?

  • Адал және амал достық


  • Дұрыс айтасыңдар.

  1. Ой толғау.

Осыдан сіздер қай қасиетті үлгі тұтасыңдар?

  • Адал досты

  • Әйтімбет шешен соңғы сөзінде былай деген:

Адал достық өмірлік нұсқа болады,

Амал достыктың өмірі кысқа болады деген екен.

Қимас досың сұраса, қимасыңды бересің.

  • Бұл не?

  • Мақал. Бұл мақалдың бүгінгі тақырыпқа қатысы бар ма?

  • Мағынасын қалай түсінеміз?

Дәптермен жұмыс.

Жоқ сөзді тап.

1. Жүз _____ болғанша,

Жүз _____болсын.

2.Досы_____жау алмайды.

Ақылы _____дау алмайды.

3.Жаман_____ аяғым артық,

Жаман_____таяғым артық.


Жоқ сөзді тап

1. Жүз _____ болғанша,

Жүз _____ болсын.

2. Досы _____ жау алмайды.

Ақылы _____ дау алмайды.

3. Жаман _____ аяғым артық,

Жаман _____ таяғым артық.


Iтопқа

Осы өлеңнің ішіндегі туыстық атауларды атау.

ІІ топ

Осы туыстарды ажырытып айтқызу.

ІІІ топ

Өлеңді сахналау.

* Өте жақсы балалар, өлеңді жақсы түсініпсіңдер.

Енді, сіздерге осы ақынның адал достығын тілей отырып, сабағымызды «Дос болайық»әнімен аяқтаймыз.

  1. Сабақты қорытындылау.

Балалар, өленнің мазмұнын аша алдық па?

Өлеңде ақын бізді неге шақырып отыр?

Достыққа

Бағалау.

  1. Үйге тапсырма

1. Өлеңді мәнерлеп оқып келу.

2. Менің досым тақырыбына әңгіме жазу.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров238
Номер материала ДВ-430233
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх