Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Рабочие программы / Ашық сабак "Мангыстау куйлери"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Ашық сабак "Мангыстау куйлери"

библиотека
материалов

МАҢҒЫСТАУ КҮЙЛЕРІН ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ ҚАҒЫС ТЕХНИКАСЫН ДАМЫТУ.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебі,

домбыра сыныбының мұғалімі

Кубегенова Жанар Инирбаевна

Пән аты: Домбыра

Сабақтың мақсаты: Маңғыстау күй өнерінің орындаушылық шеберліктерін үйрету арқылы оқушының күй өнеріне деген қызуғышылығын арттыру.

1.Білімділігі: Маңғыстау күйлерінің ерекшелігімен маңыздылығын және сипатын дәрістей білуге үйрету.

2.Тәрбиелік: Күй өнерін қастерлей білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Маңғыстау күйлерінде кездесетін «Ілме», «Адай» қағыстарын дамытуға жұмыстану.

Сабақтың түрі: Дара сабақ.

Сабақтың әдісі: Жаңадан өтілетін шығарманы аспапта ойнап көрсету, түсіндіру, тыңдау, сұрақ-жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.

Пән аралық байланыс : Теория, музыка әдебиеті.

Сабаққа қажетті құралдар мен кқрнекіліктер: Домбыра аспабы, пульт, буклет, оқулықтар, элэктронды музыкалық қазақ үй, плакаттар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

а) теориялық

б) практикалық

IV. Қорытындылау.

V.Үй тапсырмасы.

VI. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру.

Оқушыны ашық сабаққа дайындау.

а) Сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру.

ә) Аспаптың құлақ күйін келтіріп,дайындау.

II.Ұй тапсырмасын тексеру.

Б.Ысқақов «Эюд» жәй екпінде толық ойнап келу.

М.Әубәкіров «Сюита» белгіленген жерге дейін ойнап келу.

III.Жаңа сабақ: «Маңғыстау күйлерін үйрету арқылы оқушының қағыс техникасын дамыту»

a) Теориялық

Қазақстанның батыс аймағында әсіресе Маңғыстау өңірінде аңыз-әңгімелер мен батырлық жырлар, халық әндері мен күйлері мол сақталған. Маңғыстау күйлерінің басты ерекшелігі, тылсымынан тамыр тартқан бағзылық сипатында екен. Бағзылықтан бастау алған тарихи нақтылығында екен. Мазмұны жағынан ұлан асыр тарихпен ұштасатын эпикалық кең тынысты, әр қайсысы бір-бір дастанға, программалық күйлері мен тыңдаушының көңілін ғана емес, көзін де баурап алатын бай мимикалық, алуан қағысты күрделі техникасымен, өжет пафосымен, өткір темпераментімен ерекше даңққа бөленген. Музыкалық шығармалардың қай түрін болмасын халыққа жеткізе насихаттауда орындаушының атқаратын ролі өте зор. Сол сияқты қазақ халқының қанына сіңген күй өнерін де жұртшылыққа жария етуде біздің күйшілеріміздің қоғамдағы орны ерекше. Қазақтың күй тарихында алуандаған күй орындап жеткізудің шеберлері болды. Батыс күйлерін орындауда Құрманғазы дәстүрін алып келген орындаушы Дина Нұрпейісова, Қали Жантілеуов десек. Дәулеткерей күйлерін орындаушы Махамбет, Науша Бөкейхановтар. Қазаңғап күйлерін орындаушы Жәлекеш Айтпақов, орталық Қазақстан күй дәстүрінің ішінде Тәттімбет күйлерін орындаушы Әбікен Хасенов. Оңтүстік Қазақстан Күйлерін Сүгір дәстүрін орындаушы Төлеген Монбеков десек, Маңғыстау күй дәстүрін орындау арқылы бүкіл Маңғыстау Үстіртке тараған бір домбыра тарту дәстүрін бізге алып келген домбырашы Мұрат Өскенбаев болды. Мұраттың тартысы басқа дәстүрлердің өкілдеріне ұқсамайды. Мұрат адай өрісінің домбырашысы.

Маңғыстау күйлерінің басты өқілдері : Құлшар, Өскенбай, Қоңыр, Қартбай, Балбике, Қарасай, Есір, Есбай, Абыл т.б күйшілері бар. Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбына байланысты Есірдің «Күнтәй» күйін аламыз.

Есір Айшуақұлы (1840-1904)

Есір Айшуақұлы 1840 жылы Маңғыстау өлкесінің Жыңғылды деген жерінде туылып, 1904 жылы осы өңірде дүние салды. Есірдің күйшілік өнері сол кезіндегі Маңғыстау өңіріне кең тараған.Оның күйлерінің тарихи маңыздылығымен ұштасып келеді. Әр күйдің өзіндік тарихы бар. Оның күйлері :«Ақжарма», «Күнтәй», «Тоғыз түйеші», «Қос айырған», «Жалды қара», «Шоқай Төре», «Шалқыма», «Ақжелең», «Әлди бөпем», «Көк төбе», ж/е «Манату» сияқты күйлері бар. Маңғыстау күйшілік өнерінде басқа өңірлердің күйшілеріне ұқсамайтын өзіндік қағыстарымен ерекшеленеді. Есір күйлерінің ішкі сыр-сипатын жете таныту, күйші шығармасынан «Күнтәй» күйіне талдау жасау үшін, күйден үзінді аламыз. Алдымен « Күнтәй » күйінің шығу тарихын туралы айтар болсақ,Есір бірде өзінің рулас ағасы Самның үйіне келеді. Қонып отырғанда ағасының әйелі Күнтәй жеңгесі қайнысынан күй сұрайды. Сонда Есір осы күйді төге жөнеліпті. Күнтәй өнер сүйген адам болса керек. Күйге елтіп, басын шұлғып жібергенде, жаулығы шешіліп, илеп отырған қамырын ошақтағы күлге түсіріп алыпты. Сам тұрып Есірге мына жеңгеңнің есін аударып кеттіңғой, тартқан күйің не күй .Біз естімеген дегенде бұл Күнтәй жеңешеме арнаған күйім деген екен.

б) Практикалық

Күйді үнтаспа арқылы тыңдатып қысқаша талдап көрсетемін. «Күнтай» күйінде бас буын «ре-ля» аймағын толық сипаттамымен бірден орта буынға «ля-фа» аймағы өтеді. Төрт пернені тірек етіп «ля-фа» ноталарына тұрақтау арқылы «ре» ішегінде ойналатын әуен толық берілген.

Адай, ілме, қара қағыстары кездесіп келетін орта буын өлшемдік ырғақ қалыптан тыс сезімге ауысып, басқа бір әлемге сүңгітіп жібергендей күйге түсіреді. Екі ішектегі «ми-ми» нотасын қатар қамту арқылы өрбитін әуен қайтадан «ля-фа» аймағын қамтып барып, «до-ля» аймағында өрістей түседі. Осы жерде Есір регистрлік кеңейтудың ерекше әдісін қолданған. «Ре-фа» аймағынан бірден «ля-до» аймағына ауысып, сәл тыныстағандай болған соң, жаңа леппен «до-соль» аймағында өрбитын күрделі әуен секвенциялық жолмен негізгі әуенге барып тоғысады.

Есірде кездесетін негізгі әуеннің, күйдің бас буынында ойналмай, орта буыннан кейін ойналуы—Маңғыстау күйлеріне тән ортақ ерекшелік. Мұнда әуеннің ,күйдің келесі даму сатысы сағамен жалғасады. Сағада тарту қысқа түрде өтеді және оның кульминациялық аймағы жоқ. «Ре-ля» аймағында өрбитын әуен «ре-ми» нотасында кілт тоқтап қайтадан «ми-ля» интервалы арқылы жалғасып кете береді. Орта буында қолданылған секвенциялық тәсіл арқылы күй қайтадан негізгі әуенмен қауышып барып аяқталады. Күйдің осындай формада құрылуы оны өзгеше ажарландырып, тыңдаушының сезімін бірден баурап алады. Маңғыстау күйлерінің бір тұтас жеке мектеп ретінде дамуына көп тер төккен күйтанушы, ғалым ағамыз Айтберген Жаңбыршиев. А.Жаңбыршиев ағамыздың екі томдық «Нарату», «Нарату-2» атты кітабы түбек күйшілігін түгендеген алғашқы еңбегі болып табылады.

Маңғыстау күйлерін зерттеп кітап етіп шығарушы азаматтар көп. Солардың ішінде Маңғыстау күйлерінің жанашыры Қазақстанның халық артисі, профессор Қаршыға Ахмедьяров, Сержан Шәкірат .

C:\Users\2015\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\080.jpg

IV.Қорытындылау :

Қорытындылай келе,бүгінгі тақырыбымыздың атауы қандай ?

( Маңғыстау күйлерін үйрету арқылы қағыс техникасын дамыту )

Осы тақырыпқа байланысты не түсіндің?

( Маңғыстау күй өнерінің басқа күйлерге қарағанда орындаушылық ерекшелігін түсіндім )

Маңғыстаудың күйшілік мектебінің басты өкілдерінен қандай күйшілерін білесің?

( Құлшар,Есбай,Есір,Абыл,Балбике,Қарасай,Қартбай,Қоңыр,Өскенбай т.б )

Бүгінгі ашық сабағымызға алған күйшінің аты және күйдің атауы қандай.

( күйші Есір Айшуақұлы, «Күнтәй» күйі )

V.Үйге тапсырма :

Жаңа сабаққа байланысты берілген Есрдің «Күнтай» өз бетінше пысықтап, қайталау.



VI. Бағалау:

Оқушының сабаққа қатысу белсенділігін ескере отырып шынайы білімділігін бағалаймын.







Автор
Дата добавления 05.03.2016
Раздел Музыка
Подраздел Рабочие программы
Просмотров152
Номер материала ДВ-505023
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх