Инфоурок / Биология / Конспекты / Ашық сабақ"Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері"

Ашық сабақ"Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


Күні 21.11.15

Биология

21- сабақ

7- сынып

Сабақтың тақырыбы

§45 Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сілтемелер

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Әдістемелік нұсқау .

Биология журналы

Сабақтың мақсаттары

hello_html_m45f672f2.gifhello_html_m55c591fa.gifhello_html_8a721a0.gif

Бауыраяқты 80 мың Қосжақтаулы – 20 мың Басаяқты- 800

1. Ұлулар типіне жалпы сипаттама беру , осы типке жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін оқытып үйрету.

2. Логикалық ойлау қабілетін,тапсырма арқылы өз бетінше дайындала білуге дағдыландыру, білім, біліктілігтерін дамыту.

3. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, комуникативтілікке,   өз-өзіне сенуге,  тиянақтылық пен ұқыптылыққа, ақпараттық   мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

1. Оқушы оқулықпен жұмыс істеп, жаңа материалды меңгере алады.

2. Топпен бірігіп, ұжымдасып жұмыс жасауға талпынады.

3.Өзін және басқаны сыни тұрғыдан бағалай біледі.

4.Қорытынды жасауға үйренеді..

Құрал - жабдықтар

Ақ қағаз , түрлі – түсті қаламсаптар, дәптер

Оқыту әдістері

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік әдіс

Интерактивті әдіс

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Түйінді идеялар

Топтық жұмыста жылдамдыққа үйренеді. Диалогқа еркін түсе алады. Тіл байлығы молаяды.

Тапсырма көздері

Топқа негізгі сұрақтар үлестіру, талқылау

Блум таксономиясын пайдалану

Рефлекция

Психологиялық ахуалын қалыптастыруды ұйымдастыру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау, сыныпты түгендеу , өткен сабақты еске түсіру


Оқушылар назар аударып тыңдайды.

Тапсырма беру

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Оқушыларға ұлулар типін түсіндіру, жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін баяндап,білім , біліктерін нығайту .

  1. Ұлулар типіне жалпы сипаттама беру

  2. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшелігін түсіндіру

  3. Асқорыту жүйесіндегі ерекшелігіне тоқталу

  4. Қантарату жүйесіндегі жаңа түзіліс

  5. Тыныс алу ерекшеліктері

  6. Зәршығару жүйесіндегі ерекшелігі

  7. Көбеюі

  8. Жүйке жүйесі

  9. Қозғалуы, мекен ету ортасы туралы айту

hello_html_m65fddcf.gif



Оқыған, білетін жаңа ақпараттарын топ кезектесіп ортаға салады. Толықтырады, түзетеді. Бірін- бірі бағалайды.

Топтық тапсырма

Жалпы сипаттама, сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, кластары , тіршілігі туралы дайындалу

Біліміңді тексер- оқулықтағы сұрақтарды талдау, дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма:§45оқу

Оқушылар көңіл- күйлерін айтады.

Оқушылар топтық, бірін- бірі бағалайды , қосымша сұрақтар беру.


Тексерген








Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.

Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде (қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.

Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.

І. топ Бауыраяқты ұлулар класы

Тіршілік ортасы: Теңізде ,құрлықта,көлдерде, тоғандарда,суқоймаларда кездеседі.

Түрлері: Түйіртек, жұмырлақ(көлден, тоғаннан)

Шалшық ұлуы, тоспаұлу,қошқармүйіз (баяу ағатын су қоймаларда). Жүзім ұлуын(жүзімдіктен)

Жалаңаш шырышты ( бау- бақшадан)кездестіре аламыз. 80 мыңға жуық түрлері бар.

Денесі:әр түрлі пішінді бақалшақпен қапталған, денелері жұмсақ, бас- тұлға- аяқ деп жіктеуге болады.

Дененің астыңғы бөлігіндегі аяғы, бауырын толық қамтитындықтан бұл топқа жататын жәндіктерді бауыраяқтылар деп атаған.

ІІ. топ Қосжақтаулы ұлулар класы

Тіршілік ортасы: мұхитта, теңізде, тұщы су қоймаларында, өзендерде кездеседі.

Түрлері: Айқұлақ. Ғаламшарда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді.

Денесі: Бұлардын бас бөлігі жойылып кеткен. Сондықтан денесі тек тұлға, аяқтан құралады.Бақалшағы ашылып- жабылатын екі жақтаудан тұрады. Ауызы аяғының қасында орналасады. Бұларда тілі де , жұтқыншағы да жоқ.

Қорегі: ауыз- өңеш- қарын-ішекке барады.

Денесі ашылып- жабылып тұратын бақалшақтан құралғандықтан қосжақтаулы ұлулар деп аталған.

ІІІ.топ Басаяқты ұлулар класы

Тіршілік ортасы: Суы тұзды, оңтүстіктегі мұхиттарда, теңіздерде өмір сүреді.

Түрлері: кальмар, каракатица, сегізаяқ

Денесі: басаяқты ұлулар -өте ірі жәндіктер. Денесі бастан және тұлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8-10 қармалауыштары болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар.

Аяғы басында болғандықтан басаяқты ұлулар деп аталған.

Тексерген

Алматы облысы Алакөл ауданы

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



hello_html_8a721a0.gif

Басаяқты

Ұ Л У Л А Р Т И П І

(жаңа сабақ)

hello_html_m45f672f2.gifhello_html_m55c591fa.gif

Бауыраяқты Қосжақтаулы







Пән мұғалімі: Мейрманова А.А.




3

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-034895
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>