Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ«Отаным менің, байтақ өлкем» дүниетану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ашық сабақ«Отаным менің, байтақ өлкем» дүниетану

библиотека
материалов


Тақырып: «Отаным менің, байтақ өлкем»

Мақсаты: 1. Сынып оқушыларына жаңа тараудың мағынасын түсіндіру. Отан жайлы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының кеңдігімен таныстыру. Мәтіннің негізгі ойын ашып түсіндіру. Қазақстанның табиғат байлықтарымен таныстыру.

2. Сабақ барысында ой өрістерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту. Топпен жұмыс барысында достық қарым қатынастарын арттыру.

3. Қазақстанның байлықтарын бағалай білуге, елжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс барысында жауапкершілікке баулу.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Көрнекілігі: қима-қағаз, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабаққа психологиялық дайындық.

3. Жаңа сабақ(Алматы станциясы).

4.Жібек жолы станциясы.

5. Балқаш станциясы.

6. Тянь-Шань станциясы.

7. Достық станциясы (бекіту).

8. Бағалау.


Ұйымдастыру:







Жаңа сабаққа психологиялық дайындық:











Алматы станциясы:

















Ойын «Жүйесін тап»:













Жібек Жолы станциясы.





































































Балқаш станциясы.



































Ойын «Тиістісін тап»:

Дәптермен жұмыс.

















Тянь-Шань станциясы:









































Ойын «Антонимдер»







Бекіту:

«Лотарея» ойыны.



Бағалау тест.



























Қорыту (сұрақ-жауап арқылы)









Үйге тапсырма:










  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Дүниетану сабағына дайындық жүргіземіз.





  • Балалар біз бүгін пойездбен кең байтақ еліміздің таулы аумағынан бастап, сулы өңірлері арқлы Оңтүстік шығыс Қазақстан өңіріне саяхат шегеміз. Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріп көлікке отырамыз.

  • Отан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Қазақстанда қандай қалалар бар?



  • Ал балалар әр станцияға тоқтап тамашалау үшін сол бекетке қатысты сұрақтарға жауап беруіміз қажет.



  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін атаңдаршы?

-Елімізде қанша ұлт өкілдері бар деп ойлайсыңдар?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап айтып берші?

-Алматы қаласы қандай таудың баурайында орналасқан?

- Дүние жүіне кеңінен тараған апорт алмасының түрі Алматыныда кеңінен танытты.



-Осы ойынның ережесін дұрыс орындау арқылы келесі станцияның атауын табамыз. Алдарыңда тұрған фигураларды жүйелей отырып сөз тіркесін табуымыз қажет.

-әрине ол «Ұлы Жібек Жолы»









-Келесі станциямыз Ұлы Жібек Жолы. Ұлы Жібек Жолы туралы екінші қатардың оқушылары өз ойларын айтып, бізге көп мәлімет бермек.





  • -«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барғанал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.



  • Балқаш көлі тура Бірінші қатар оқушылары не айтады екен?

- Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.



Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.





-Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз.

Оқушылар Балқаш көліне қатысты деректерді сызық арқылы жалғайды.



Балқаш

Суы тұщы ұзындығы 514 км суы ащы



Теңіз көл



Тереңдігі 46 м

Іле өзені құйады Тобыл өзені барып құяды

Тереңдігі 26 м

ұзындығы 614 км



- Ұлы Тянь-Шань тауларының ақ басты шыңдары, көкжиекте күн сәулесімен жарқыраған жаппай қарлы сілемі ес біле бастаған ерте кездерден көптеген Еуропалықтардың көкірек көзін ашып, қиял-шабытына дем берген. Бұл Кеңестік империяның кезіндегі ең алшақ жатқан, көркемдігі көздің жауын алып, ғажайып құпияларына құмарттырған тау болды. Тылсым заңғар, құзар шыңдар, елсіз, жолсыз, жан аяғы баспаған шатқалдар...

Осынау ғажап тауларын «Тәңір тау» деп атаған, осы өлкені ежелден Атамекен етіп, сонда кіндігін кескен байырғы халықтың өмір-тірлігі әлі де бабаларының бағзы салт-тіршілігінің дәстүрінен аумай қалған. Қытайлар «Тәңір таудың» жалпы атын «Тянь-Шань» – «аспанмен тілдескен таулар» деп асқақтатып атаған. 1856 жылы Еуропалықтардың арасынан Тянь-Шаньға алғашқы рет аяқ басқан адам орыстың өткен ғасырдағы атақты зерттеуші-жаһанкездерінің бірі Петр Семенов болды. Ол осы тауда географиялық зоология саласында аса маңызды жаңалық ашты, сол даңқына орай оны орыс географиялық қоғамы «Семенов-Тянь-Шаньский» деп атады. Келесі ғасырдың басында Италия жаһанкезі князь Чезаре Боргезе өзінің екі досымен бірге «Хан Тәңірі» маңына келді.



-Тянь-Шань Қазақстан мен Қытай шекараларында орналасқан. Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тау» деген ұғымды білдіреді.Оны біздің халқымыз ерен қабырғадеп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстікшығысын алып жатыр.



-Аталған сөздердің қарама қарсы мағыналас сөзін атап берулері шарт.

Арам-адал, қас, дұшпан-жолдас, жаңа-ескі, кір-таза, салқын-ыстық, ақ-қара.

-Яғни келесі тоқтайтын станциямыз «Достық» екен.

-Аталмыш станцияда бүгінгі өткен сабақты қорытындылаймыз.



Оқушылыар бүгінгі сабаққа қатысты бір сұрақтан шағын қағазға жазып, ортаға тастайды. Содан соң араластырылған қағаздар қайтадан таратылып беріледі, оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Тест:

1. Ұлы Жібек Жолы қай елден басталады?

А) қазақ жерінен в) қытайдан с) Ресейден

2. Аталмыш жолдың басты тауры.

А) алтын в) күміс с) жібек

3. Қазақстан жер көлемінен әлемде нешінші орында?

А) бірінші в) тоғызыншы с) бесінші

4. Сәліммен әкесі екеуі отырған поезд қай қаладан шықты?

А) Алматыдан в) Қостанайдан с) Астанадан

5. Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді?



А) Үлкен тау в) аспанмен таласқан С) Тәңірі тауы

Кілті:1.в. 2.с. 3.в. 4.а. 5.с.



- Ұлы Жібек Жолы қай елден басталады?

- Аталмыш жолдың басты тауры?

- Қазақстан жер көлемінен әлемде нешінші орында?

-Сәліммен әкесі екеуі отырған поезд қай қаладан шықты?

- Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда қандай мағына береді?



Берілген мәтінді оқып келу және қосымша деректер жинар келу.



































«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ








Дүниетану

Отаным менің, байтақ өлкем







Өткізген: 4 «Г» сынып жетекшісі

Мухамеджанов М.М











Қостанай қаласы

2010-2011 оқу жылы




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров382
Номер материала ДВ-488401
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх